Бейбіт және соғыс уақытында инженерлік қорғау

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Қорғаныс ғимараттары-ол инженерлік құрылыс. Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті, мақсаты, орналасу, салыну мерзімі, қорғайтын деңгейі бойынша бөлінеді.

1 Қорғау қасиеті бойынша: панахана, радиациядан қорғау орындары, қарапайым жасыру орындары.

2 Мақсаты бойынша: халықты жасырып сақтау үшін, басқару және байланыс тораптарын орналастыру үшін.

3 Орналастыру бойынша: үй-астында, ғимараттан бөлек орнату.

4 Салыну мерзімі бойынша: алдын ала бейбіт уақытта салынған, қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылған.

5 Панаханалар қорғайтын деңгейі 4 сыныпқа бөлінеді.

1-шы сынып А-І, DDPф=500 кПа, К3=5000, ерекше тапсырыс бойынша салынады (Үкіметті басқару нүктелері).

2-шы сынып А-ІІ, DDPф=300 кПа, К3=3000, аса маңызды және АҚ бойынша 1 топтағы қалаларда салынады.

3-шы сынып А-ІІІ, DDPф=200 кПа, К3=2000, АҚ бойынша 1 мен ІІ топтағы қалаларда салынады.

4-шы сынып А-ІV, DDPф=100 кПа, К3=1000, категорияланған қалалардың шетінде орналасқан аса маңызды объектілерде салынады. Мұнда А-(І, ІІ, ІІІ, ІV) - панахана сыныбын білдіреді, DDPф - соңғы толқынының майданындағы артық қысымды тежейді - кПа. К3-ионданушы сәулелену радиация дозасын әлсірету коэффициенті (дозаны қанша рет әлсіретеді).

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериялық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Панахалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5м кем болмауға тиіс.

Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус) орындардың жиынымен анықталады. Шағын - 300 адамға дейін, орта - 300… 600 адам, үлкен - 600 ден астам адам.

Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге жатады: жасырынуға арналған бөлме, басқару нүктесіне арналған бөлме, санитарлық нүкте (медпункт). Қосалқы бөлмелерге жатады: желдеткіш бөлме, санитарлық тораптар, қорғалған дизель электрстанция, азық-түлік сақтайтын бөлме, қорғалған кіреберістер мен шығаберістер, тамбур-шлюз, тамбур.

Панахананың ішкі бөлімдері (дизель электростанцияларын, тамбур-шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5м2 кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5м2 және үш ярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Бөлменің биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда жабынның маңдайынан еденің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15м … 3,5м болуға тиіс (шект жол берілетін биіктік кемінде 1,85м).

Жатуға арналған орын нар екі ярусты болып орналасқанда панаханада жалпы орының 20%-ін, ал үш ярусты орналасқан кезде 30%-ін құрауға тиіс.

Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (І режим) және сүзгілік желдетккіш (ІІ режим). Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.

Жылу орталығынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі).

Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады.

Қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауы тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Сыртқы қабырғасына қорғаныш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады.

Жылдам тұрғызылатын панаханалар дер кезінде салынған панаханалдың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпті кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (15 тәуліктен 1 айға дейін) темір бетон жиналмалы құрылғысынан сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) - 50… 200 адам.

Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. РҚО-ын сыйымдылығы 10-15 адам, кейбір жағдайда 100-500 адам. Екі тәулік бойында жасырынған адамдар үздіксіз болады. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі.

Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.

Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.

РҚО-да табиғи желдеткіш немесе механикалық желдеткіш қарастырылады. Табиғи желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталар арқылы жұмыс істейді, келетін ауаны беруге арналған санылау бөлменің төменгі жағына, ал сорғыш санылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жерден кемінде 2м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады.

Панаханалардағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады. РҚО-ны ауыз су қорымен жабдықтау ортақ су құбырынан жүргізіледі.

РҚО құрылысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуы тиіс.

Қарапайым үлгідегі панаханалар (ҚП)

Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт ең қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым панахана-қуыстарды (ашық және жабық) салады.

Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамтамасыздандыруда аралық кезең болып табылады.

Олар халықты ядролық жарылыстан соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды, шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималды 2,3 есеге азаяды.

Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесімен толық қорғануға болады, соққы толқыннан қорғану 2,5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады. Қуыстарды жабу, сонымен қатар, киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, сондай-ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.

Қуыс ашық немесе жабдық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін2-3 есеге, жабық-40… 50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның тереңдігі 180-200см, жоғарыдағы ені 110-120см және төмендегі ені - 80см болады.

Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50…60 есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10-15 адам, ал үлкен қуыстардың сыйымдылығы 50 адам.

Ашық қуыстарды салу жау шабуылы қауіпі туындаған сәттен бастап қысқа мерзімді аяқталуға тиіс. Бұдан кейін қуыстар жабылады. Бұдан кейін қуыстан қорғаныс қабілеті өсіп РҚО деңгейіне жеткізілуі тиіс.

Наши рекомендации