Аграрлық заңдар. жалпы сипаттамасы
Аграрлық құқықтың қайнар көздері дегеніміз аграрлық құқықтық қатынастарды
реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық келісім
шарттардың жиынтығы болып табылады.
Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің мынадай ерекшеліктері бар:
1. Кодекс түрінде жүйеленген арнайы заңдардың жоқтығы.
2. Əдет ғұрып ережелері мен сот ережелері аграрлық құқықтың қайнар көздері
ретінде танылмайды.
3. Аграрлық қатынастарды реттеуде басқа құқық салаларының заңнамалары
қосымша қолданылып отырады. Мысалы, жер, азаматтық, т.б.
4. Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің ішінде халықаралық келісім шарттар
маңызды орын алады. Себебі дүниежүзілік азық түлікті қамтамасыз ету үшін əр мемлекет
ат салысуда.
Аграрлық құқықтың қайнар көздерін анықтау бірқатар қиындықтарға əкеп
соқтырады, ол əр түрлі деңгейде көптеген нормативтік құқықтық актілердің
шығарылуымен байланысты. Осы қиыншылықтардан шығу үшін оларды жіктеу
ұсынылады. Жіктеудің негіздері төмендегідей:
Заңдық күшіне байланысты:
А) Заңдар - ҚР Парламентімен қабылданған нормативтік актілер.
Б) Заңға сəйкес актілер - қалған барлық нормативтік актілер. Яғни, ҚР Президетімен,
Парламентімен, өкілді жəне атқарушы билік органдарымен, министрліктермен жəне
ведомстволармен, жергілікті өзін өзі басқару органдарымен қабылданған актілер.
Қолданылатын аумақтық кеңістігіне байланысты:
А) Республикалық - Республиканың барлық аймағына таралатын, заңда белгіленген
тəртіппен қабылданған нормативтік актілер. Мысалы: ҚР Жер Кодексі.
Б) Жергілікті немесе локальды - жергілікті атқарушы, жергілікті өкілді жəне басқа да
органдармен қабылданып, белгіленген жерде əрекет ететін нормативтік актілер. Бұл
актілер ауыл шаруашылық кəсіпорындарының нарықтық аграрлық қатынастарға өтуімен
агралық құқықта құқықтың қайнар көзі ретінде ерекшеленеді. Ауыл шаруашылық
кооперативтерінің, акционерлік қоғамның, серіктестіктің жəне тағы басқа
ауылшаруашылық кəсіпорындарының аграрлық кəсіпкерлік еркіндігін, өз мүлкің еркін
басқару құқығын нақты жүзеге асырылын қамтамасыз ететін локальді актілердің ролі
артуда. Ауыл шаруашылық кəсіпорындарының локальдық нормативтік актілерді
қабылдауы ішкі шаруашылық қатынастарды реттеу үшін бекітілген ережелер бойынша
жүзеге асырылады.
Локальді нормативтік актілердің пəні ауыл шаруашылық кəсіпорындарының ішкі
шаруашылықтың əр түрлі қатынастары негізінде туындайтын еңбектік, мүліктік,
ұйымдастырушылық басқарушылық жəне тағы да басқа қоғамдық қатынастар.бір
локальдық нормалар бүкіл еңбек ұжымына, ал басқа нормалар еңбеккерлердің басқа
санаттарына таралады. Олардың қолдану мерзімі белгісіз, кейбіреулер белгілі бір уақыт
өлшемімен шектелген.
Локальдық нормативтік актілер қолданыстағы заңдармен бекітілген шеңберде жер
мен мүліктік операциялары, оларды сату сатып алу, басқа пай иелерімен немесе үшінші
тұлғалармен ауыстыру операцияларын реттейді.
Реттейтін қатынастың түріне байланысты:
А)Унификация - аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу интеграциясы нəтижесəнде
бірыңғай заңдық мазмұнға ие, салалық нормативтік актілердің біртектес органикалық
жүйесін құру үшін негізгі нормативтік материал болып табылатын бірегейлендірілген
нормативтік акт.
Бірегей нормативтік құқықтық актілер ауыл шаруашылық заңдарының ядросы
болып табылады.
Аграрлық экономиканың нарықтық басқару моделіне ауысу механизмін құратын
маңызды бірегей нормативтік қайнар көздердің қатарына агроөнеркəсіптік кешенді
мемлекеттік реттеуге жəне ауылды əлеуметтік қайта құруға бағытталған актілер жатады.
Олардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:
- 2005 жылғы 8-шілдедегі «Қазақстан Республикасының агроөнеркəсіптік кешенді жəне
ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы;
- ҚР Президентінің 2003 жылғы 10-шілдедегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
- «ҚР-ның 2010 жылға дейінгі ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясы туралы» жəне
«2010 жылға дейінгі Ауыл шаруашылығы стратегиясын тарату бойынша шаралардың
айқын жоспары туралы» Үкіметтің Қаулысы.
2003 жылғы 20 маусымдағы ҚР Жер Кодексі аграрлық құқықтың бірегей қайнар көзі
болып табылады., оның заңдық мəні жерге билік ету бойынша мемлекеттік биліктің
атқару органдарының жəне жергілікті өзін өзі басқару органдарының рөлін жəне
функциясын арттырумен байланысты маңызды бірқатар маңызды сұрақтарды қозғау жəне
шешуден көрініс табады. Кодекс ауыл шаруашылық ұйымдарының, шаруа (фермер)
қожалықтарының жерге меншік иесі, жер пайдаланушы ретіндегі құқықтарына кепілдікті
бекітті. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді өздігінше санатқа бөле отырып,
олардың айрықшалығын жəне құқықтық реттеу ерекшелігін анықтады.
Б)Дифференциация - унификацияға қарама қарсы мағынаны, яғни актінің сол саланың бір
тармағына қарай бағытталғандығын білдіреді.
Аграрлық заңдардың дифференциациялық актілер нарықтық жағдайларда меншік
жəне шаруашылық нысанының көптігіне негізделетін өндірістік қатынастардың жаңа
жүйесін құрумен шартталған аграрлық құқықтың нормаларының заңдық қайнар көзі жəне
нысанының көрінісі.
Аграрлық заңдардың дифференциациялық актілеріне мыналар жатады:
- ҚР- ның 1998 жылғы 31 наурыздағы «Шаруа (фермер) қожалықтары туралы» Заңы;
- 1999 жылғы 21 шілдедегі «Ауыл ашрушылық тұтыну кооперациясы туралы» Заңы;
- 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Ауыл шаруашылық серіктестіктері жəне олардың
ассоциациялары (одақтары) туралы» Заңы;
- 2003 жылғы 8 сəуірдегі «Су пайдаланушылардың ауыл шаруашылық тұтыну коопертиві
туралы» Заңы жəне т.б.
Аграрлық құқықтағы дифференциациялық үрдістері ауыл шаруашылық
кооперативінің, акционерлік қоғамдардың жəне серіктестіктердің құрылтай құжаттарын
енгізу бойынша Азаматтық кодекстің талаптарына сəйкес ерекше айқын көрінеді.
ҚР Конституциясы аграрлық құқықтың қайнар көзі ретінде.
ҚР Конституциясы барлық аграрлық заңдардың дамуы үшін құқықтық база болып
табылады. Конституцияда ҚР аграрлық доктринасы бекітілген жəне мемлекеттің аграрлық
саясаты көзделген, сонымен қатар аграрлық құқықтық қатынастарды реттеудің тəртібін,
əдістерін жəне нысандарын бекітетін бастапқы алғышарттар, қағидалар көрініс тапқан.
Мəселен, ҚР Конституциясының 26- бабына сəйкес: «Əркімнің кəсіпкерлік қызмет
еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кəсіпкерлік қызметі үшін еркін пайдалануға
құқығы бар».
Кəсіпкерлік меншік түріне қарамастан азматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға,
жұмысқа, қызметке сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған,
жеке меншікке немесе мемлекеттік кəсіпорынды шаруашылық басқару құқығына
негіздеоген ынталы қызмет. Сондықтан ҚР Конституциясында қарастырылған кəсіпкерлік
қызмет үшін өз қабілеті мен мүлкін еркін пайдалануға құқық аграрлық қатынастарды
құқықтық реттеуде негізгі мəнге ие.
ҚР Конституциясында ҚР Президентінің өеілеттілігі, Парламентінің өкілеттілігі,
Үкіметтің өкілеттілігі жəне басқа да орталық атқару органдарының ауыл шаруашылық
қатынастарын реттеу саласына қатысты бөлігіндегі де өкілеттіктері көрсетілген.
Конституцияда басқа да мемлекеттің аграрлық саясатының негізін құрайтын
нормалар бар.