Айналым қаражатына кәсіпорынның қажеттілігін анықтау
Айналым қаражатын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Айналым қаражаттарының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің қарқынына әкеліп соғады. Осының салдарынан өндіріс көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының жоғарғы мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Өз меншігіндегі айналым құралдарына кәсіпорынның қажеттілігін анықтау мөлшерлеу үрдісі арқылы іске асады, яғни айналым құралдарының мөлшерін анықтау.
Мөлшерлеудің мақсаты болып белгілі бір мерзімге өндіріс саласы мен айналыс аясына аударылған қаражаттарының рационалды мөлшерін анықтау.
Мөлшерлеуді реттеу. Кәсіпорын үшін айналым қаражатына қажеттілік қаржылық жоспарды жасу кезінде анықталады.
Мөлшерлеудің көлемі тұрақты болу міндетті емес. Меншіктегі айналым қаражатының мөлшері өндірістің көлеміне, жабдықталу мен өткізілу жағдайына, өндірілген өнімнің ассортиментіне және есеп беру түрлерінің қолданылуына байланысты.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығындарының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, т.б. шаруашылық және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет. Тәжірибеде көбінесе меншікті айналым қаражатына қажеттілік кәсіпорынның тек негізгі қызметін есепке алады, бұл қажеттілікті төмендетеді.
Айналым қаражаттарын мөлшерлеу ақша шағылымда іске асады. Қажеттілікті анықтау негізіне жоспарланған кезеңде өнімді өндіруге кеткен (жұмыс, қызмет көрсету) шығындар сметасы кіреді. Маусымдық емес кәсіпорындар үшін есптеу негізі ретінде IV тоқсанның мәліметтерін алған дұрыс өйткені, ереже бойынша өнім өндірісі жылдық бағдарлама бойынша неғұрлым жоғары; ал маусымдық кәсіпорындар үшін тоқсанның мәліметтері өндірістің ең аз мөлшердегі көлемі, өйткені маусымдық қажеттілікті қосымша айналым қаражаттарында қысқа мерзімді банк қарыздары қамтамасыз етеді.
Мөлшерді анықтау үшін назарға мөлшерленетін элементтердің ақша көрсеткішіндегі орташа тәуліктік шығын алынады. Өндірістік қорға байланысты орташа тәуліктік шығын өндірістегі шығын сметасына сәйкес тармақта саналса; аяқталмаған өндіріс жағдайында – жалпы және тауарлық өнімнің өзіндік құнына сйкес болса; дайын өнімде – тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік құнын негізге алады.
Мөлшерлеу үрдісі бірнеше жүйелі кезеңнен тұрады. Алдымен айналым қаражаттары мөлшерленентін әр элементтер бойынша қор мөлшері жасалады.
Норма – бұл айналым қаражатының әрбір элементінің қор көлеміне сәйкес салыстырмалы шама. Анықтама сәйкес мөлшер берілген түрімен материалдық құндылықтарды қаматамасыз ететін қор күнмен орнатылады және кезеңнің ұзақтығын білдіреді. Мысалы, қор мөлшері 24 күнді білдіреді. Онда осыған сәйкес, қордың мөлшері 24 күн бойы өндірісті қамтамасыз етумен тепе-тең болуы қажет.
Қор мөлшері пайыз немесенақты базада анықталған ақшалай көрсеткіште белгіленуі мүмкін.
Бұдан кейін, қор мөлшері мен берілген түрдегі тауарлы-материалдық құндылықтың шығыны айналым қаражаттарының әрбір түріне қажетті қорлар мөлшерін құру үшін айналым қаражаттарының қосындысымен анықталады. Осылай жекеше мөлшерлеу анықталады.
Жекеше мөлшерлеуге өндірістік қордағы айналым қаражаттарының мөлшері жатады, олар: шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, жинақтаушы бұйымдар, отын, аяқталмаған өндірістегі және өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар, болашақ кезеңдегі шығындар, дайын өнімдер.
Айналым қаражатының жеке элементінің мөлшері келесі формуламен есептеледі:
Н=O/T*Hз
мұндағы, Н – айналым қаражатының элемент бойынша мөлшері
О – берілгенэлементтің кезең бойынша айналымы (шығын, шығарылым)
Hз – берілген элемнт бойынша айналым қаражаттарының қор мөлшері.
Сонымен жиынтық мөлшер жекеше мөлшерлерді қосу арқылы анықталады. Сондықтан, айналым қаражаттарын мөлшерлеу кәсіпорынның шаруашылық қызметін ең аз мөлшерлеу үшін қажетті жоспарланған тауарлы-материалдық құндылықтар қорының ақшалай көрсеткішін білдіреді.