Азақ халқының ою - өрнек элементтерін қолдана отырып әйелдер киімінің топтамасын дайындау
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті
Дизайн» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
азақ халқының ою - өрнек элементтерін қолдана отырып әйелдер киімінің топтамасын дайындау
Орындаушы:
4 курс 5В072600 «ЖӨБМжКБ» мамандығының студенті
Жантурған Л.Е. _________________ «_____» ______________ 2015 ж. (қолы)
Жетекші:
аға оқытушы
Таласпаева А.А. ______________ «_____» ______________ 2015 ж. (қолы)
Қорғауға жіберілді:
«Дизайн» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.
Нарибаева Э.К. _________________ «_____» _____________ 2015 ж.
(қолы)
ЖӨжДФ деканы, т.ғ.д.
Жилисбаева Р.О. ________________ «_____» _____________ 2015 ж.
(қолы)
Алматы, 2015
Мазмұны
Бөлімнің атауы Бет
8.1 Кіріспе (1-2 бет)
8.2 Жобалық-композициялық бөлім
8.2.1 Шығармашылық көзді зерттеу (10-15 бет)
8.2.2 Сән бағытын талдау (5-10 бет)
8.2.3 Топтаманың көркем бейнесін дайындау (2-3 бет)
8.2.4 Модельдің техникалық эскизі (1 бет)
8.2.5 Модельдің сыртқы көрінісін сипаттау (1 бет)
8.2.6 Материалдарды конфекционирлеу (2-5 бет)
8.3 Конструкторлық бөлім (15-20 бет)
8.3.1 Құрастыру тәсілін таңдау және негіздеу
8.3.2 Сызбаны тұрғызу үшін керек пішіннің өлшем нышандарын таңдау және негіздеу
8.3.3 Кеңдікке берілген қосымшаларды таңдау және негіздеу
8.3.4 Бұйым конструкциясының негізгі сызбасын жетілдіру
- Сызба торын алдын-ала есептеу
- Конструкция сызбасын тұрғызуын есептеу
- Конструкция сызбасын тұрғызу
- Лекалдарды техникалық үлгілеудің әдісін таңдау және негіздеу, конструкцияның сызбасына үлгі ерекшеліктерін енгізу
8.3.5 Негізгі, астарлық, аралық және көмекші лекал сызбаларын тұрғызу
8.4 Технологиялық бөлім
8.4.1 Құрал-жабдықтарды таңдау (4-8 бет)
8.4.2 Өңдеу әдісін таңдау (3-6 бет)
- Түйіндерді өңдеу
8.5 Бұйымды өңдеуінің технологиялқ бірізділігі
8.6 Матада үлгіні орындау
8.7 Экономикалық бөлім
8.8 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережесі
8.9 Қорытынды
8.10 Қолданылған әдебиет тізімі
Қосымшалар
Аннотация
Бұл дипломдық жобада « Қазақ халқының ою - өрнек элементтерін қолдана отырып әйелдер киімінің топтамасының » жобалық-конструкторлық құжаттамасы дайындалды. Қазақ халқының ұлттық ою - өрнек шығармашылығының таусылмас қайнар көзі зерттелді. Біртұтас ассортимент қазіргі заманға сай сән бағыты зерттелді. Коллекцияға композициялық, конструкторлық және техникалық талдау жүргізілді және оның көмегімен негізгі модель таңдалды. Базалық және модельдеу конструкциясы орындалды. Өңдеу әдісі мен құрал-жабдықтар таңдалып, бұйымды өңдеудің технологиялық бірізділігі жүргізілді. Белгіленген үлгіге рентабельді экономикалық есептеулер жүргізілді.
Аннотация
В данном дипломном проекте разработана проектно – композиционная документация на коллекции женской одежды с элементами казахского национального орнамента. Изучены современные направления моде аналогичного ассортимента. Проведен композиционный, конструкторский и технический анализ моделей аналогов, с помощью которых была выброна основная модель. На нее разработано базовая и модельная конструкция. Выбрана методика обработки и оборудование, провели серию переработки продуктов. Проведены экономические расчеты рентабельности выпуска данной модели.
Annotation
In this thesis project developed design - composite documentation of women's clothing collection with elements of the Kazakh national ornament. Studied modern directions of a fashion similar range. Spend composite, design and technical analysis models analogues in which the basic model was chosen. At its base is developed and the model design. Selected methods of processing and equipment, conducted a series of processed products. Conducted economic calculations of profitability of manufacture of this model.
Дипломдық жоба Қазақ халқының ою - өрнек элементтерін қолдана отырып әйелдер киімінің топтамасын дайындау тақырыбына арналған. Сондықтан қытай халқының ұлттық ерлер костюмінің шығу тарихын, пішіндерін, безендіру элементтерін, қолданылатын маталарын және дәстүрлерін зерделеу қажет.
Қытай көп ұлты мемлекет болғандықтан, киім түрлері де, пішіндері де, әрлеу элементтері әр түрлі болып келеді. Қытайдың қазіргі дамуы мен реформа ырғағын сезіну арқылы костюм мәдениетінің эволюция ұзақтығын байқауға болады. Ұрпақтан ұрпаққа қытайдың киім шеберлері сәндік – қолданбалы өнер бағытына өз үлестерін қосуда. Өзіндік қытай киім барлық ұлттар мәдениетінің маңызды бір бөлігіне айналды, сонымен біртіндеп әлемдегі барлық адамдар көптеп вернисаждармен, фильмдермен, көркемдік альбомдармен танысуда.
Ежелгі қытай костюмі едәуір толығырақ б.э.д 1 мың жылдықтың II–жартысынан бастап, яғни Соғыс патшалығынан бастап Чжоу дәуіріне дейінгі аралықта белгілі бола бастады. Ұлттық киім туралы мағлұматтар жазба ескерткіштерінде (ақындық шығармаларда), мүсіндермен толықтырылды (жерлеу пластикасы) және графикалық (жібектегі ең ежелгі суреттер), сонымен қатар, шынайы киімдермен киінген адамдар (шапандар, кофталар, белдемшелер) бейнеленген.
Қытай халқының киімдері әр түрлі және тұратын жеріне, жыл мезгіліне, қоғамдағы жағдайына байланысты бөлінген, сонымен бірге сән ықпалына түсіп өзгермей, өзінің тұрақты пішінін жоғалтпады. Ежелгі қытайлықтар бірнеше қабат киім киген, өйткені солтүстікте климат қатал болды, ал оңтүстікте шыжыған ыстық пен суық кезектесті. Б.з.д. екі мың жыл бұрын қытайлар түрлі түсті жібек маталарды сорадан және мақтадан жіңішке маталарды дайындай білген.
Қытай костюмінің типтік ерекшелігі, Цин дәуірінде де, оның дамуы тарихында ескішіл, жинақ іріктелген, сонымен қатар жыныс белгісі бойынша дифференцияның айқындылығы жоқтығынан, ерлер және әйелдер киімдерінде ылғи бір элементтерді қолданған.
Халықтың әлеуметтік экономикалық даму ерекшелігі және оның табиғаты философиялық тұрғыда танып білуі нәтижесінде, оның қытай костюмінде ою – өрнектер арқылы белгіленді. Ғасырлар бойы әсемдік жөніндегі пікірлер түрліше қалыптасты.
Зерттеудің өзектілігі, тек Қытай халқының дәстүрлі ерлер костюмін қолдану ерекшеліктеріне тоқталмай, сонымен қатар тарихы мен мәдениетін, дәстүрін зерттеу негізінде киімнің эстетикалық және көркемдік ерекшеліктерін ашу.
Жұмыстың мақсаты – Қытай халқының ұлттық костюмінің жасау технологиясы мен конструкциясы негізінде ұлттық ерлер костюмінің коллекциясын жетілдіру.
Зерттеуде осы мақсатқа жету үшін – келесі міндеттерді ашу қажет:
қытай халқының дәстүрлі ұлттық ерлер костюмінің ерекшеліктерін сипаттау және негізгі түрлерін жүйелеу;
ұлттық костюмді жасаудың дәстүрлі өндіріс технологиясын анықтау;
ұлттық костюмдерде қолданылатын контрукциясы мен пішімдерді зерттеу;
дәстүрлі киім үлгілерін және қандай маталар қолданылатындығын зерттеу;
ұлттық дәстүрлі костюмдегі ою – өрнектерді зерттеу.
Осы жобада зерттеу нысаны көп ұлтты Қытай халқының ұлттық дәстүрлі костюмінің үлгілері болды.
Дипломдық жобада бейнелік дерек көзі ретінде көптеген суреттер алынды, және олар ғасырлар бойынша кезеңдерге бөлініп қарастырылды. Ұлттық киімнің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін диломдық жобада көптеген кітаптардағы, журналдардағы және интернет қорларындағы мәліметтер мен суреттер алынды.
Мәліметтерді мазмұндаудың негізгі әдістемелік құралы бойынша Қытай халқының ұлттық ерлер костюмінің тарихы мен символикасын нақты дәуірдің көркемдік бейнесі және киімді жасау технологиясының даму деңгейіне байланысты зерттеу. Зерттеу шекарасы хронологиялық кезеңдер шеңберінде анықталады, өте ерте кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейін. Зерттеудің географиялық шеңбері Қытай аумағымен шектеледі.
Автор келесідей ғылыми жағдайларды қорғауға шығарады:
- Дәстүрлі ұлттық костюм өзіндік ұлттық ерекшеліктерді және Қытай халқының ғасырлық дәстүрлерін бейнелейді;
- Ұлттық костюмның түрлері киімнің әлеуметтік функциясы және этникалық таңбалары негізінде орындалған, ол киім түрлерінің әртүрлі ерекшеліктерін анықтайды;
- Ұлттық костюмды үлгілеуде сәнді элементтерді қолдану.