Кіріспе. 1.1. Депозиттiк операциялар .6-15
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..........................................................................................3-6
І бөлім. БАНКТЕРДIҢ ҚАРЖЫ КӨЗI РЕТIНДЕГI
ДЕПОЗИТТЕР..............................................................................................6-15
1.1. Депозиттiк операциялар ......................................................................6-15
1.2 Жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесінің қызметін талдау............................................................................................................15-20
1.3 Коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы операцияларын талдау............................................................................................................22-24
ІІ бөлім. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ.............................................................................24-37
2.1 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттерді жетілдірудегі маңызы ..........................................................24-37
2.2 Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму болашағы.............................................................................................37-42
ІІІ бөлім. БАНКТЕРДIҢ ДЕПОЗИТТIК САЯСАТЫН ДАМЫТУДЫҢ КЕЛЕШЕГI.................................................................................................42-46
3.1. Депозиттiк негiз жасаудағы әлемдiк тәжiрибе.................................42-46
3.2. Депозиттер тарту саласындағы бәсекелестiк....................................46-50
3.3. Интернет-банкинг - депозит саясатындағы жаңа кiрiспе................50-55
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................55-57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI.............................................61-62
Қосымшалар........................................................................................... 59-62
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі болып депозиттік операциялардың қазіргі нарық экономика кезеңіндегі банктік ресурстарды қалыптастыру көзі болып табылады. Депозиттік операциялардың қазіргі жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру өндіріс тиімділігін арттыруға, егеменді ел – Қазақстан Республикасының экономикасымен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша массасының негізсіз өнімді қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатып ұлттық валюта – теңгенің нығаюына негізделген. Сондықтан диплом жұмыс тақырыбы өзектіболып табылады.
Жұмыстың мақсаты –нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикадағы депозит саясатының теориялық негізіне сипаттама бере отырып, депозит саясатының тәжірибелік қызметтерін талдаудың негізінде, болашақта депозит саясатын дамытуға байланысты нақты ұсыныстар беру.
Зерттеудің обьектісі –Қазақстан Республикасының коммерциялық банк жүйесіндегі депозит саясатының даму барысының нақты іс-тәжірибесі.
Депозиттер дегенiмiз – бұл клиенттердің банктегі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын, белгілі мерзімде қолдана алатын қаражаттары. Депозитттер былайша түзiледi: ақшалай құжат чек, облигациялық купон және т.с.с. түрiнде төленуi тиiс қолма-қол ақша түрiнде немесе банктiң клиенттердi несиелеу процесiндегi жұмсақ салымдары арқылы.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қызмет етуі тұрақталды десек те, кейбір банктердің кенеттен жабылып қалып, өз салымшыларының алдындағы міндеттемелерін орындай алмауы әлі де болса бұл жүйенің қызмет етуінде кемшіліктердің бар екендігін көрсетеді. Бұл кемшілік тек қана осы банкротқа ұшыраған банктің менеджметінде ғана емес, сонымен бірге осы жүйенің бас буыны Ұлттық банк тарапынан да кетіп отыр деп ұғуға болады. Өйткені, Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге қолданатын өз реттеушілік құқықтарын дұрыс пайдаланып қадағалау жүргізуінде қателіктерге жол беріп отыр. Сондықтан банк жүйесінің қызмет етуі әр уақытта тәуекелмен байланысты болып отырғандығын дәлелдеудің қажеті жоқ, ол әлемдік банк тәжірибесінде әлдеқашан дәлелденген.
Банк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген кемшіліктердің бар екендігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған кемшіліктер Қазақстанның нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола қоймағандығымен түсіндіріледі. Ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі – ол банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни, депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр.
Коммерциялық банктердің негізгі қызметі – салымдарды тартумен байланысты депозиттік операциялар болғандықтан, осы операцияларды жүргізуде банктер өз кәсіби шеберліктерін, заңдық, әдістемелік, техникалық негіздерін және т.б. тұстарды әр уақытта жетілдіріп отыруы қажет.
Қазіргі кезде бұрынғыша негізгі дәстүрлі қызметтерге салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Экономистердің есептеуінше бүгінгі күні халық қолында банк жүйесіне тартылмаған, қолма-қол түрде сақталып отырған едәуір қаражат бар деген болжамдар айтылуда. Ол қаражат мөлшері бірде 500 млн. доллардан асады деп айтылса, бірде 1млрд. доллардан астам ақшалай қаражат бар деп есептейді.
Егер банк жүйесіне салым ретінде салынған 1000 теңгенің мультипликациялануы нәтижесінде 20 000 теңгеге дейін артатынын ескерсек, онда халық қолындағы экономикаға тартылмай отырған қаражаттардың біз үшін қаншалықты маңызының бар екенін көруге болады. Бұл қаражат иелерінің өз қолдарындағы ақша қорларын тиімсіз сақтап отыруы ол банк жүйесінің 90-жылдардың басындағы және ХХІ-ші ғасырдың алып дүние жүзілік қаржылық дағдарысына байланысты халық сенімінен шығып қалуының салдарынан болып отыр.
Қалай болған жағдайда да банк жүйесіне деген ел сенімін арттырып, олардың мүдделерін жан-жақты қорғап, экономикаға қызмет етпей, бос жатқан ақшалай қаражаттарын тарту әрбір атқан күннің басты ауқымды мәселесі.
Банктік ресурстарды қалыптастырудағы депозиттік операциялардың теориялық негіздерін алу, сондай-ақ, депозиттік опреациялар үшін маңызды “Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру) Қорының” қызметін талдау болып табылады.
Клиенттер арасында сауалнама жүргiзу нарықтық стратегияны жоспарлау кезiндегi дайындық шараларының бiр бөлiгi болып табылатын – банктердiң халықпен бірге жұмыс iстеу үлгiлерiнiң бiрi. Сауалнамадан басқа банктер өздерiнiң клиенттерi үшiн семинарлар, лекциялар ұйымдастырады. Тұрғындар мен банк клиенттерiнiң ой-өрiсiне банктердiң әртүрлi қоғамдық iс-шаралар мен мерекелерге демеушi ретiнде қатысуы айтарлықтай ықпал етедi. Ақырында, банк өзiнiң жауапты қызметкерлерiнiң клиенттермен жеке қарым-қатынасын кеңейтедi, бiрiншiден, клиенттермен банк бөлiмшелерiнде қарым-қатынас жасау арқылы, екiншiден, байланыс құралдарының көмегiмен, оның ішіндет қазіргі заманға сай ғаламдық тор арқылы тимді.
Қазiргi кезде салымдардағы банк қаражаттарының көзi әрқилы. Олардың негiзгi бөлiгiн депозиттер, контрагенттік және корреспонденттiк шоттар түрiнде тартылған қаражаттар құрайды.
Коммерциялық банк депозиттік саясаттың субъектілері құрамына банктің клиенттері, коммерциялық банктер және мемлекеттік мекемелер кіреді. Ал депозиттік саясат объектілеріне банктің тартқан қаражаттары және банктің қосымша қызметтері жатады.
Зерттеудің әдістемелік негізі–жалпы экономикалық талдау, логикалық әдіс, салыстырмалы әдіс, көлденең талдау әдістері.
Зерттеудің теориялық негізі –шетел және отандық ғалымдардың ғылыми жұмыстары; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің мәліметтері, ақпараттық агентстволардың, қаржы және банк аналитиктердің жұмыстары.
Зерттеудің міндеттері:
– депозиттiк операциялардың бағыты мен маңыздылығын көрсету;
–жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесінің қызметін
талдау;
– коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы операцияларын
талдау;
– депозит саясатының құқықтық-мемлекеттік реттелуіне баға беру;
– Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму болашағын анықтау;
– депозиттiк негiз жасаудағы әлемдiк тәжiрибені және оның отандық банктерге маңыздылығы көрсету;
–коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттерді жетілдірудегі маңызын анықтау;
Дипломдық жұмыстың құрылымы- дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.