Дəріс тақырыбы 6: Өндірістік діріл мен шудың адам ағзасына əсері

Мақсаты: Діріл- акустикалық факторлар- шу, ультрадыбыс, инфра дыбыс, діріл, олардың табиғаты бірдей жəне толқын тəрізді,серіппелі ортада механикалық тербелістегі қозғалыста таралады. Діріл деп- материалдық денелер мен машианлардың жұмысы кезінде пайда болатын тербелісті айтамыз. Дірілдің себебі- бір қалыпты емес күштік əсері

Негізгі терминдер амплитуда,діріл изоляциясы,инфрадыбыс,тұрақты шу,тербелмелі үзілмелі шу,Гц,тұрақты діріл,октавалы жолақ,тоналды дыбыс жолақты дыбыс.

Негізгі сұрақтар

1 Шудың физикалық сипаттамасы.

2 Шу көздерінің сипаттамасы.

3 Дірілдің шығу себептері мен физикалық сипаттамасы.

Дəрістің конспектісі: Діріл. Діріл- акустикалық факторлар- шу, ультрадыбыс, инфра дыбыс, діріл, олардың табиғаты бірдей жəне толқын тəрізді,серіппелі ортада механикалық тербелістегі қозғалыста таралады. Діріл деп- материалдық денелер мен машианлардың жұмысы кезінде пайда болатын тербелісті айтамыз. Дірілдің себебі- бір қалыпты емес күштік əсері.

Дірілді сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: жиілік (Гц), бірігу амплитудасы (м), жылдамдық (м/с), жылдамдату (м/с2). Дірілдің адамға əсерін, адамның физиологиялық қасиетімен, жиілік спекторымен анықтайды. Өте қауіпті діріл, 6....9 Гц диапазонында жатыр, ол адамның өзінің ішкі мүшелерінің тербеліс жиілігімен сəйкес келетіндіктен, əсіресе бас миының α- ырғағымен сəйкес келеді, соның салдарынан психологиялық жəне органикалық бұзылуларға алып келетін қабілеті бар,резонанс пайда болуы мүмкін. Көру күштілігінің бұзылуы 10.....25 Гц жиілікті диапазондағы діріл əсері кезінде бақыланады.

Сонымен қатар, діріл технологиялық қондырғыларға жəне бақылау өлшегіш аспаптарға жəне құрылыстық конструкцияларға өте қауіпті, ол қондырғы бөліктерінің тозуына, конструкциялардың деформацияға ұшырауына, аспаптардың қызмет ету мерзімін қысқартуға жəне олардың дəл өлшеуін төмендетуге, өз кезегінде авариялық жағдайларға алып келеді.

Діріл əсерін түгелдей жою мен төмендетудің негізгі шаралары жұмысшыға – автоматтандырылған жəне жоғары механикаландырылған өндірістерді енгізу, цехтан мен жоғары механикаландырылған өндірістерді енгізу, цехтар мен учаскелерін дистанциалы басқару. Дірілмен күресудің негізгі шаралары:

- машиналар конструкциялар мен технологиялық үдірістерді жетілдіру

(механизмдерді ауыстыру;

- дірілді демпфирлеу (дірілді жұту)- үлкен ішкі үйкелісті, материалдыконструкцияларды қолдану;

- дірілдейтін бетке, серпімді тұтқырлы материалдар қабатын енгізу(пластмасса, ағаш, резеңке);Қол құралдарымен жұмыс істеген кезде (электрлік, пневматикалық) дірілдің əсерінен жеке қорғаныс құралдары қолдналыды (қолғап). Суық мезгілдерде, діріл ауруы пайда болмас үшін, жылу қолғаптармен қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге дірілге қарсы белбеулер, асталар, діріл жұтатын кілемшелер, діріл жұтатын аяқ киімдерді қолдануға болады.

ДІРІЛ.Діріл ол өндірістік зиянды қозғалыс ретінде адамның денесіне беріледі. Дененің айналасында діріл жалпы жəне жергілікті деп 2-ге бөлінеді. Жалпы тербеліс адам ағзасында зақым шақырады. Діріл зиянды жəне пайдалы болады. Пайдалы тербеліс ол құрылыста, машина жасауда, медицинада қолданылады. Зиянды тербеліс көлік орталығында қолданылады. Дірілмен күресу шаралары. Дірілмен күрес адамның денсаулығына мынандай жолдармен беріледі.

- технологиялық əдіс

Рал жабдықтың қоршалуы.

Діріл изоляциясы.

Дистанциондық гигеналық əдіспен басқарылуы. Технологиялық наряд бойынша техникалық ұйым, медициналық ұйым, медициналық қорғану жұмысы жасалынады. Жүмысшыға ультрафиолетовый сəуле түсіру, массаж жасау, суға түсу, витаминдер беріледі. Ауруды емдеу демалыс үйіне жəне санаторийге жіберіледі.

Шу.

Шу деп əртүлі күштер мен жиіліктері бар дыбыстардың кездейсоқ тоғысуын айтады. Шудың ұзақ уақыт əсер етуі орталық жүйке жүйесі мен есту катализаторын зақымдап, эндогендік жүйенің қызметіне өзгерістер енгізеді, соынмен қатар адамның еңбек қабілеттерін төмендетіп жарақаттар мен кəсіби аурудың себептерінің бірі болып есептелінеді. Шудың адам ағзасына тигізетін зияндарының дəрежесіне төмендегі негізгі

факторларымен анықталады:

1. Шудың деңгейі мен дыбыстың күші немесе қарқынылығы

Наши рекомендации