Оооооооооооооооооооооооооооооооооооо 6 страница

Салық механизмі - салықтың ұйымдық—құқықтық нормалары мен басқару әдістерінің жиынтығы, бұған әр түрлі салықтық реттеу құралдары да (салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері және т.б.) енеді. Мемлекет өзінің салық механизміне салық заңдылықтары арқылы құқықтық нысан беріп, оны реттеп отырады. Салық механизмі практикалық салық іс-қимылдарының жиынтығы, яғни салық заңдары ережелерін практикада жүзеге асырудың шарттары мен тәртіптерінің жиынтығы. Объективті негізгі бағытталмаған кез-келген салықтық іс-қимыл ұдайы өндіріс процесіне субъективтік қол сұғу ретінде қарастырылады және олардың нысанының өзгеруіне әкеледі. Салық механизмі салық салуды басқарудың негізі болып табылатын салықтық құқыққа сүйеніп, салық қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді.

Салық механизмі – бұл ұйымдық-экономикалық категория ретінде осы ұғымды түсіндіретін салық теориясының аясы, сәйкесінше, ұлттық табыстың бөлігінде өндірісте жасалынған бөлігін қоғамдастыру кезінде қалыптасатын қайта бөлу қатынасы кезіндегі объективті қажетті басқару процесі. Салық салу механизмі салықтарды белгілеудің принциптерінен, нысандары мен әдістерінен, оларды өзгерту мен күшін жоюдан, оларды төлеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардан тұрады.

Бұл процесте қалыптасатын қатынастың барлық саласын үш қосалқы жүйемен шектеуге болады: салықтық жоспарлау, салықтық реттеу және салықтық бақылау.

Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде жүзеге асырады.

Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпыұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық саясаты дискрециялық (лауазымды адамның қайсыбір мәселені өз қалауынша шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі мүмкін.Дискрециялық негіз өзгеріп отыратын экономикалық жағдайға сәйкес салық заңнамасына түзетулер енгізуді: салық мөлшерлемесін өзгертуді, салық жеңілдіктерін енгізуді немесе алып тастауды, т.б. шараларды көздейді. Ол мемлекетке реттеу құралдарын кең көлемде таңдау мүмкіндігін береді. Алайда бұл мемлекеттің экономикалық үдерісті немесе жағдаятты танып-білуіне, шешім қабылдауына және ықпал етуіне теріс әсерін тигізеді. Бейдискрециялық салық саясаты негізінен орта мерзімдік циклді кезеңділікті реттеуге бағытталған реттеуіштер элементтері болып табылады. Саясаттың бұл түрінің негізі — жеке табыс салығында және корпорациялардың пайдасына салынатын салықта үдемелі табыс салығын салу: экономикалық өрлеу кезеңінде — шаруашылық субъектілерінің табысынан бюджетке алу нормасын арттыру, дағдарыс пен тұралау кезеңінде — осы норманы төмендету. Сөйтіп, өрлеу кезеңінде жиынтық сұранымның мөлшеріне тиісінше ықпал ету есебіненэкономикалық өсу тежеледі және дағдарыс кезеңінде ынталандырылады. Бейдискрециялық салық саясатында жоғарыда аталған кешеуілдеулер болмайды, бірақ мұнда мемлекеттіңқолында реттеуші құралдардың саны аз болады. Түрлі елдердің салық саясаты түрлі элементтердің ұштастырылуымен сипатталады: тікелей салықтар бөлігінде табыстарды өздігінен реттеу жағдайларын жасау үшін үдемелі шекілдер пайдаланылады, жанама салықтар бөлігінде дискрец. саясат қолданылады. Инфляциялық үдерістер кезінде бейдискрециялық салық саясатының пәрменділігі төмен: табыстың ұдайы өсуіне қарай инфляция салдарынан салық салу нормасы да ұдайы жоғарылап отырады. Қазақстанда жаңа салық жүйесі қатаң саяси,экономикалық және құрылымдық өзгерістер жағдайында қалыптасты. Салық жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол, жалпы мемлекеттік мүдде мен жеке меншік мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық қызметті жандандыруға, еліміздің ұлттық байлығын молайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, салықтың санын азайтуға және жалпы салық ауыртпалығын азайтуға септігін тигізетін ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған.

Мемлекеттің салық саясатының мақсаты мен міндеттері, тұрпаттары
Салықтар – мемлекет егемендігін көрсетудің бір формасы. Салықтар осы ерекшелігімен мемлекеттік мүлік пен займдардан (қарыз) түскен табыстардан айрықшаланады. Салықтарды жинау құқығы әрқашан мемлекеттің егемендік құқығының бірі болып табылады. Салықтар біржақты тәртіпте белгіленеді.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық кезеңдерге көшуі басқарудың экономикалық әдістерін қоғамдық өндіріске пайдалануды талап етті, кәсіпорыннан бюджетке түсетін кіріс түсімдерінің жүйесі толық өзгерді. Енді ол – салық төлемдері базасында құрыла бастады; кәсіпорынның бюджетке салықтық формадағы қарым – қатынасы заңмен реттелетін құқықтық негізге көшірілді. Бұл экономикалық процесті макродеңгейде реттеуде салықтарды пайдалану концепциясын әзірлеу қажеттілігіне әкелді.
Сонымен, қаржы саясатының дербес саласы болып салық саясаты бөлініп шықты.
Салық саясаты – мемлекеттің салық салу аясындағы жүргізіп отырған шараларының жүйесі.
Салық саясатының мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік–экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады.
Салық саясатының мақсаты мемлекет қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысының бір бөлігі жалпымемлекеттік шығыстарды жабуға тартылады, яғни салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысы реттеледі. Сонымен қатар салық саясаты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Бұл ұлттық табыс көлеміндегі салықтардың үлесін, салық салудың шегін белгілеуді білдіреді.
ҚР–да салық саясатын жүргізудегі басты мақсат – отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, шетел инвестициясын тартуда кедергілердің алдын алу, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап–тілегін ортақтастыру.
Экономикалық негізделген салық саясаты қаржыны салық жүйесі арқылы орталықтандыруды оңтайландыру мақсатын көздейді.
Батыс экономистері салық саясатын бөлек алып қарастырмайды және салықтардың іс–әрекетін мемлекеттің шығыстарының жағдайын зерттеп білмей, қарастырмайды. Оны салықтардың ең алдымен мемлекеттің өз функциялары мен міндеттерін шешуге қызмет етуін қамтамасыз ететіндігімен түсіндіреді.
Жоғары дамыған нарықтық қатынастар жағдайында салық саясатын мемлекет өндіріс құрылымын өзгерту, аумақты экономикалық дамыту, халықтың табыстылық деңгейін көтеру мақсатында ұлттық табысты қайта бөлу үшін пайдаланады.
Салық саясатының міндеттеріне мыналар жатады:
– мемлекетті өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
– жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау;
– нарықтық қатынас процесінде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңсіздікті деңгейлестіру (тегістеу).
Салық саясатында мемлекетті салыстырмалы дербестігі көрінеді. Салық механизмі арқылы салық саясатын өзгерте отырып, мемлекет экономикалық дамуды ынталандыруға немесе оны ырықтандыруға мүмкіндік алады. Салықтық реттеу елдің шаруашылық өмірін қамтиды, өйткені салықтық шаралар базистік қарым-қатынасты қондырмаға ықпал ететін басты әмбебап құрал болып табылады. Мұндай реттеудің мақсаты-компанияның ішкі және сыртқы, әсіресе инвестициялық қызметі үшін жалпы салықтық ахуалды жасау және капитал қозғалысының басыңқы салалық және аумақтық бағыттарын ынталандыру үшін пұрсаттылықты салық жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.

Салық жүйесіндегі салық салудың қағидаттарыСалық механизімінің қызметі белгілі қағидаттарға сүйеніп іске асырылады. ҚР ның салық кодексі салық ісін мынадай қағидаларға негізделіп жүргізуін талап етеді:1)Міндеттілік қағидасы бойынша салық төлеуші салықтық міндетті толық және бекітілген мерзімде орындауы тиіс; 2)Нақтылық қағидасы бойынша ҚР дағы бюджетке төленетн төлемдер мен салықтар нақты болуы керек; 3)әділеттілік қағидасы бойынша ҚР дағы салық салу жалпыға бірдей және міндетті болады, жеке түрдегі жеңілдік жасауға рұқсат етілмейді; 4)Біртұтастылық қағидасыбойынша ҚР аумағында жалпыға бірдей салық жүйесі қолданылады; 5)Жариялылық қағидасы бойынша салықты реттеуші нормативтік құқықтық келісімдер ресми басылымдарда жарық көруі керек.Салық жүйесін тиімді ұйымдастыру мақсатында салықтарды белгілі топтарға бөліп жіктейміз:1)Салық салу объектісіне қарай;2)Қолданылуына қарай;3)Салық салу органына байланысты;4)Экономикалық ерекшелігне байланысты;5)Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.Тарихта А. Смиттің ұсынылған қағидалары қазіргі кезде салық жүйесінің қызмет ету қағидаттарының негізін қалайды, 19 ғ. Прициптердің ашық, жан жақты жүйесін А.Вагнер ұсынған. Вагнер қағидаттарының ерекшелігі сонда, мұнда азаматтардың мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асыратын «ұжымдық қажеттілік» теориясын басшылыққа ала отырып, салықтың жалпы пайдалылығын өсуіне алып келетін мемлекеттің қызмет ету сферасын кеңейтуді жақтайды. Вагнер ұсынған қағидаттар жүйесі төрт топқа негізделіп тоғыз қағидаттан тұрады.1.«ұжымдық қажеттілік» теориясымен анықталған салық салуды ұйымдастырудың қаржылық принциптері:-Салық салудың жеткіліктілігі; -Салық салудың икемділігі. 2.халықаралық шаруашылық принциптері:-салық салу көзінің дұрыс таңдалуы; -әр түрлі салықты бір жүйеге біріктіруі(жүйелілігі).3.этикалық(әділеттілік) принциптері:-салық салудың жалпылылығы; -салық салудың бірқалыптылығы. 4.әкімшілік техникалық принциптер н/се салықтық басқару принциптері:-салық салудың анықтылығы;-салық төлеудің ыңғайлылығы;-салықтарды өндіріп алу шығындарының минималды болуы.

Салық механизмі және оның элементтері . Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салық механизмінің көмегімен мемлекет оның элементтерін біртұтастыра отырып, екі қарама - қарсы түсінік бастауларын біріктіреді. Олар: бір жағынан мемлекет басқаратын орталықтандырылған экономика болса, екінші жағынан нарықтық және өркениеттік қатынастар болып табылады.

Салық механизмі мемлекет қолындағы ең күшті құрал. Осы құрал арқылы орталықтандырылған экономикалық саясатты еркін бәсекелестік және кәсіпкерлік жағдайында қоғамның экономикалық дамуының нақты алға қойған мақсатына сәйкес, экономикалық және қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық бағдарламаларын ұсынады.

Салық механизмінің функцияларының басты мақсаты болып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының игеріміне қатаң түрде қарау және осының негізінде жалпы ішкі өнімнің, ұлттық табыстың бір қалыпты өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл, ставка және салық дифференциясы, салықтық жеңілдіктер мен салықтарды пайдалану және т.б.

Салық механизмінің құрылымы келесі элементтерден тұрады:

- салық түрлерінің жиынтығы (салық жүйесі);

- салықтық төлемдерді жоспарлау және болжамдау;

- салықтық құқық және салықтық заңдылықтар;

- салық салу қағидалары;

- салықтарды басқару жүйесі;

салық элементтері;

- салықты төлеу қабілеттілігі және реттілігі;

- салықтық федерализм;

- салықтық бақылау;

- ақпараттық қамсыздандыру;

- салықтық есеп қисаптар.

Көрініп тұрғандай салық механизмі салықтарды басқарудан бастап, салықтық есеп қисаптарға дейінгі барлық жиынтық ережелері, формалары, салық салу қабілеттілігінің барлығын өз құрамына кіргізіп отыр. Ол кім, қашан, қалай, қандай көлемде, қайда салық төлейтінін анықтап, салық салуға не жатады және салықтың қайнар көзі неде, оның объектісінің өлшем бірлігін, қандай айыппүлдар салық қүқығын бүзушылар үшін, және басқа дасалықтық түсімдермен алымдардың теориялық және практикалық сұрақтарынан тұрады.

Салық нысандары: түрлері және арналымы Салықтық нысандар салық есептілігін, салықтық өтінішті және салық тіркелімдерін қамтиды. Салық төлеуші салықтық нысандарға қағаз және электрондық жеткізгіштер мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасайды. Қағаз жектізгіште жасалған салықтық нысандарға салық төлуші не оның өкілі қол қоюға, сондай ақ олар салық төлеушінің не оның Қ.Р.заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауыжазылған мөрі мен өкілінің мөрімен куәландыруға тиіс. Салық тіркелімдерін қоспағанда, электрондық жеткізгіште жасалған салықтық нысандар салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыруға тиіс.Салықтық нысандар талап қою мерзімі ішінде салық төлеушіде сақталады. Салық төлеушіні,салық агенті заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның салықтық нысандарын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына жүктеледі.Салықтық есептілігі- салық төлеушінің Кодеске белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер туралы, сондайақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәлеметтерді қамтитын құжаты.Салықтық өтініш Кодексте белгіленген жағадйларда салық төлеушінің өз құқықтарын іске асыруға және міндеттерін орындацу мақсатында салық қызметі органына табыс ететінқұжаты. Салықтық өініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.Салық тіркелімі салық төлеушінің салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді қамтитын құжаты. Салықтық тіркелімдер көрсетілген салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшін ақпарат жинақтау мен жүйелеуге арналған. Салықтық тіркелімдер арнаулы нысандар түрінде жүргізіледі.

Салық саласындағы ақпараттық жүйе және оның салықтық қатынастарды дамытудағы алатын орны. Салық жүйесінің тиімді қызмет етуі тек қана заманға сай компьютерлік техникаға негізделген алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолданған жағдайда ғана мүмкін. Осы мақсатта, салық қызметінің органдарында бюджет пен бюджеттен тыс қорларға салық пен одан да басқа міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыздандыратын салық қызметтерінің барлық деңгейлеріне арналатын , салық туралы мәліметтерді кешенді жедел анализін жасауға, басқару органдары мен сәйкес деңгейлі салық қызметтерін сенімді ақпаратпен қамтамасыздандыруға мүмкіндік беретін авторматтандырылған ақпараттық жүйе құрылуда. Салық комитеттерінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру үшін әрбір басқару деңгейіне қандай қызметтер сәйкес және ол деңгейлер арасында әрекеттесу қалай жүзеге асырылатынын білу керек. ҚР-ның салық салуды басқару жүйесінің құрамы мен құрылымы оның әкімшілік-территориалдық бөлінуіне сай. Салықтық қызмет мақсаттардың бірегейлігіне негізделіп құрылған, мұндай жағдайда, бір деңгейдегі жеке басқару жүйелері бірдей сызбанұсқа бойынша жұмыс істеп, мәліметтерді өңдеудің алдын ала әзірленген әдістемелері мен технологиялары бойынша бірдей есептерді шешеді.
Салық органдарын басқару жүйесінде қажетті беренелерді орындау үшін «Салық» атты автоматандырылған ақпараттық жүйе құрылды. «Салық» атты автоматандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, мәліметтерді өңдеудің жаңа құралдары мен әдістерін пайдалануға негізделген салық органдарын ұйымдастырушылық басқару формасы болып табылады. «Салық» ААЖ шешілетін мәселелер шеңберін кеңейтуге, талдамалылықты жоғарылатуға, қабылданылып отырған шешімдердің негізделген және уақытылы болуына, салық органдарының басқарушылық әрекетін экономико-математикалық әдістерді, есептеуіш техника мен байланыс қралдарын қолдану, ақпарат ағымын реттеу арқылы оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Салық жүйесіндегі автоматтандырылған ақпараттық технология (ААТ) дегеніміз – ақпараттық ресурсты қолдану үрдісін жеңілдету және олардың сенімділігі мен жеделділігін арыттыру мақсатында, ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату және көрсетуді қамтамасыздандыратын технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, ақпараттық үрдістер мен программалық-техникалық құралдар жиынтығы. Ақпараттық ресурстар деп пішінделген ойлар мен білім, түрлі мәліметтер, оларды жинақтау, сақтау, мәліметтер көзі мен тұтынушылар арасындағы ақпарат алмасу әдістері мен құралдарын атауға болады. Салық органдарының басымды мәселелерінің бірі болып пішіндеу саналады, себебі, ол ақпараттық технологияларды қолданып, ақпараттық жүйелерді тұрғызу мүмкіншілігі. Салық қызметінің ААЖ-ң құрылымы, салық органдарының құрылымы сияқты көпдеңгейлі. Елімізде әрекет етуші салық комитетінің жүйесі коптеген элементтерден тұрады. Бүкіл жүйе және әрбір элемент көлемді ішкі және сыртқы байланыстарға ие болады. Жүйенің дұрыс әрекет етуі үшін жеке элементті (комитет) басқару қалай жүзеге асырылса, бүкіл жүйені түгелімен де басқаруға болады. Салық жүйесінде басқару үрдісі ақпараттық үрдіс болып табылады. Әрбір экономикалық жүйе секілді, салықтық қызметтің ААЖ-сі де стандартты құрылымда атқарымдық және қамтамасыздандырушы, сонымен бірге, ШҚҚЖ (Шешім қабылдауды қолдау жүйесі) бөліктерінен тұрады.
Салық органдарының алдында тұрған мәселенің шешімі, негізінде қағаз құжат түрінде берілетін үлкен көлемдегі ақпаратты қолдану мен талдауға байланысты. Есептік период кезінде ірі аудандар мен қалалардың аймақтық комитеттерінде құжат айналымы күніне он мың құжатқа дейін жетуі мүмкін. Бұл құжаттарды көпнұсқалы және күрделі өңдеу, компьютерлік техниканы қолдануға негізделген алдыңғы қатарлы, заманға сай техниканы қолданусыз мүмкін емес. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді сәйкесінше ақпараттық технологиялар (АТ) жүзеге асырады.

Наши рекомендации