ХХ ғасырдың басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің маңыздылығын анықтаңыз.
.«Айқап» — қазақтың тұңғыш қоғамдықсаяси, әдеби журналы. 1911—1915 ж. аралығында Ресейдің Троицк қаласында бастапқыдаайына бір рет, кейін екі рет шықты. Барлығы 88 саны жарық көрген. Редакторы — қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, М. Сералин. «Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті ділгір мәселелерді өткір көтерді. Журналда Ш. Құдайбердіұлының «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912, № 5), «Сөз таласы» (1915, № 6), «Біздің мұқтаждарымыз». «Басқармаға келген хаттар» (1912, № 4.) мақала, хабарлары жарияланды. Оларда Ш. Құдайбердіұлының философиялық ойтолғамдары, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелеріне қатысты көзқарасы көрініс тапқан. «Айқап» журналында Ш. Құдайбердіұлының жарық көрген кітаптары, өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер де берілген. «Жаңа шыққан кітаптар» хабарламаларында Ш. Құдайбердіұлының «Мұсылмандық кітабы», «Түрік, қырғызқазақ һәм хандар шежіресі» (1912, № 7), «Қалқаман—Мамыр» кітаптары басылып шыққаны хабарланса (1912, № 13), М. Сералин «Шаһар Троицк» мақаласында «Айқап» журналы шыға бастаған кезеңнен бері «Маса», «Бақытсыз Жамал», «Өрнек», «Тумыш», «Шаир», «Көксілдер», «Шежіре», «Мұсылмандық кітабы», «Топжарған» кітаптарымен қатар Ш. Құдайбердіұлының «Қалқаман—Мамыр» кітабы шыққанына тоқталады (1913, № 1) Ал С. Ғаббасовтың «Тарих қазақ жайынан» (1916, № 6) мақаласында «Құнанбай мырза менен Абай марқұмды жұрттың жадына қадірлі ақсақал Шәкәрім Құдайберді баласы да түсіреді. «Қазақ» — ұлттық қоғамдық, саяси және әдеби газет. 1913.2.II—1918.26.IX жылдар аралығында Ресейдің Орынбор қаласында Алаш санаткерлерінің күшқайраты, ұлт қайраткері А. Байтұрсынұлы редакторлығымен шықты. Барлығы 264 саны жарық көрді. «Қазақ» — XX ғ. басындағы ұлттық санаға елдік қасиеттер сіңірді.Саяси және рухани ояну ұранын көтеріп, отаршылдық қысымдағы ұлттың азаттық мұраттарын темірқазық етіп ұстанды. «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты атын» иемденген газет «ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет» және де «қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ, осы ғасырдың ғылым жарығында қазақ көзін ашып, өзінің қазақшылығын жоғалтпас және өзіміздің әдетғұрыпқа сай «қазақ мәдениетін» (казахская культура) құрып, бір жағынан «қазақ әдебиетін» (казахская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы» деп осы жолда тарихи ерен қызмет атқарды. Сол биік мұрат мақсат биігінен табылуда қаны мен жанын жанпида еткен Алаш ардақтыларының бірі Ш. Құдайбердіұлы болды. Басылым тұсауын кескенде «Қазақ» құтты болсын!» жүрекжарды өлеңін арнады.
15. Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендеру ерекшеліктерін талдаңызКеңес өкіметі Қазақстан аумағында бір кезеңде орнамады. Бұл көптеген объективті жағдайларға байланысты болды.Барлық демократиялық ұйымдар мен жұмысшы, шаруа және солдат, қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалисттік партиялардың, қала Думаларының 1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте өткен өлкелік съезі Түркістан өлкесінде жаңа үкімет- Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің адамдық құрамы жарияланды. Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ.1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі байтақ Ресейге өз билігін орнатып үлгерді. Қазақ даласында Кеңес билігін алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылғы қазанда жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Перовск (Қызылорда) Кеңесі өкімет билігін өз қолына алды. Сол жылы қарашада билік Әулиеата, Черняев қалаларында Кеңестің қолына көшті. Орынборда атаман А.Дутов басқарған қазақтардың офицерлер корпусы, Ә.Бөкейханов басқарған Алашорда үкіметі, эсерлер және меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті.1917 жылғы желтоқсанда Балтық теңізшілері азық-түлік отрядының қолдауымен Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін өз қолына алған болатын. 1918 жылғы қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. 1918 жылдың басында Ақтөбеде, Орынборда және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады.Ақмола даласы мен Есіл бойындағы Атбасар, Қызылжар (Петропавл), Көкшетау қалаларында кеңес өкіметі орнауына Батыс Сібірдің Уақытша Революциалық Комитеті ықпал жасады. Батыс Сібір Кеңестерінің 3-съезі барлық жерде-Атбасар, Қызылжар және Көкшетауда өкімет билігінің Кеңестер қолына көшкені туралы қаулы қабылданды. Ақмола ревкомы Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құлатылып, Кеңес өкіметі орнатылғанын хабарлады. Қызыл гвардия отрядның қолдауымен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Павлодар Кеңесі де 1918 жылдың қаңтарында өкімет билігін өз қолына алды.Өкімет билігі үшін тайталасқа түскен күштердің арақатынасын ескере отырып, Семей большевиктеріне көмекке Новониколаевскіден (Новосібір) өкілдер келді. Ревкомның басшылығымен қызыл гвардия отрядтары құрылып, Кеңеске қайта сайлау өткізілді. 1918 жылғы ақпанның 16-сынан 17-сіне қараған түні Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына көшті, мұның өзі Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елді-мекендері мен ауылдарында Кеңес өкіметінің орнатылуын қамтамасыз етті.11918 жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі күшпен орнатылды. Қазақтардың офицерлер мен кулактадан тұратын әулетті тобы, Жымпитыдағы Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесі, Төменгі Еділде жинақталған күштердің қалған бөлігі большевиктерге қарсы шықты. 1918 жылғы наурыз айында қалада жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңестерінің обылыстық съезі болып, онда Орал обылысында өкімет билігінің обылыстық Кеңес атқару комитетінің қолына көшкені, казатардың әскери үкіметі мен Алашорда үкіметінің таратылғаны туралы шешім қабылданды. Алайда қарулы күштердің болмауынан Орал Кеңесі бұл шешімді орындай алмады. Наурыздың 28-інен 29-ына қараған түні контрреволюциялық күштер төңкеріс жасады. Атқару комитетінің 60-қа жуық мүшесі қамауға алынып, олардың көпшілігі ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты. Кеңес өкіметі Оралда азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Астрахан губерниясының құрамында болған Бөкей ордасында Кеңес үкіметі 1917 жылғы желтоқсанда жарияланған болатын.Жетісуда таптық күштердің тең еместігінен соғыс жағдайы туындады. 1918 жылғы наурыздың 2-сінен 3-іне қараған түнде жұмысшылар , майдангерлер және солдаттар және екінші Жетісу казак полкінің революциялық пиылдағы жауынгерлері көтеріліс жасады. Көтерілісшілер бекіністі, қарі қоймасын басп алды, банкті, поштаны, телеграфты қолына қаратып, юнкерлер мен Алашорда милициясын қарусыздандырды. Верныйда Кеңес өкіметі жеңіске жетті. 1918 жылғы наурыз айының ішінде бүкіл Жетісу облысында Кеңес өкіметі толық орнады. Кеңестер билігі Сырдарияда 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде билік бейбіт жағдайда жұмысшы солдат депутаттарының қолына көшті. 1917 жылы 1 қарашада 4 күнге созылған шайқас негізінде Ташкентте Кеңес өкіметі орнады. Кеңестер билігі 1917 жылы қарашада Шымкентте (бейбіт түрде), 1917 жылы 7 қарашада Түркістанда орнады. Кеңестер билігі Торғай облысында Торғай облысында атаман Дутов бастаған қазақтар мен Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда және эсерлер Кеңес өкіметіне қарсы күресті. Бірақ олар жеңіліске ұшырады. 1917 жылы 25 желтоқсанда Қостанайда күрес нәтижесінде кеңестер билігі орнады. (басшысы В. М. Чекшаров).1918 жылы 8 қаңтарда Кеңестер Ақтөбеде билікке келді (басшысы В. Ф. Зинченко).1918 жылы қаңтарда Торғай, Ырғыз уездерінде Кеңес өкіметі орнады.1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда Кеңес өкіметі орнады. Кеңестер билігі Солтүстік және Шығыс ҚазақстандаБұл өңірлерде Кеңес өкіметі күрес нәтижесінде орнады.1917 жылы 22 қарашада Петропавлда Кеңестер билігін қолына алған Уақытша Революциялық Комитет билікке келді (басшысы И. Д. Дубинин).1917 жылы 25 желтоқсанда Ақмолада Кеңес өкіметі орнады.1917 жылы желтоқсанда Кеңес өкіметі Көкшетауда орнады.1918 жылы 2 қаңтарда Атбасарда Кеңес өкіметі орнады.1918 жылы 18 қаңтарда Өскеменде билік Кеңестердің қолына көшті.1918 жылы 19 қаңтарда Павлодарда күрес нәтижесінде билік Кеңестердің қолына көшті.1918 жылы 17 ақпанда Семейде Кеңестер билігі үкімет басына келді. Кеңестер билігі Батыс Қазақстанда 1918 жылы 15 қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі орнады. Бірақ осы жылдың наурызында ақ гвардияшылар контрреволюциялық төңкеріс жасап, Кеңестерді биліктен тайдырды. Оралда Кеңес өкіметі азамат соғысы жылдарында ғана орнады.1917 жылы 2 желтоқсанда Бөкей ордасында Кеңес өкіметі орнады. Кеңестер билігі Жетісуда 1918 жылы 3 наурызда Верныйда Кеңес өкіметі қарулы көтеріліс нәтижесінде орнады. 1918 жылы наурыз айында Жетісу облысының барлық өлкесінде Кеңестер билігі орнады. Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін орнату жолында Ж. Бабаев, А. Розыбакиев, Т. Боткин, Т. Өтепов т. б. революционерлер аянбай күресті
16. Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және “Алаш” қозғалысының тарихи мәнін талдаңызҚазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы - тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз.Өйткені ол Қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы - қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылык пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол түста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұл тартпас мысалы - тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы.Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты - ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі - тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек.Алаш қозғалысы - бір жылдың немесе екі-үш жылдың жемісі емес, өзінің бастау көздерін 1917 жылдан әлдеқайда бұрын алатын ішкі эволюциялык жолы бар дайындалған, пісіп-жетілген ұлы қозғалыс еді. Оны Алаш тарихын зерттеген зиялы қауым өкілдері айтып жүр. Алаш қозғалысының басталу кезеңі жөнінде әңгіме болғанда, көбінесе, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарқаралы құзырхаты айтылады. Біздің ойымызша да, Алаш қозғалысының өріс алуы осы тұстан басталады. Оның саяси-тарихи себептері ретінде, ең алдымен, осы тарихи кезеңде ұлт мәселесін көтере алатын, оны қалың бұқараға жеткізе алатын ұлттық зиялы қауымның қалыптаса бастағандығын айтамыз. Сондай-ақ оған Ресейдегі буржуазиялық төңкерісті, патша манифесін қосып айтуға болады. Ал жалпы Қазақтың басын қосу, сол үшін сиез ашу, белгілі бір ұйым құру мәселесіне келеек, онда бұл мәселеде қазақ өкілдері қатысқан 1905-1906 жылдардағы Бүкілресейлік бірінші-үшінші мұсылман сьездерін, 1906-1907 жылдары Реcейдің бірінші-екінші мемлекеттік думаларына Ә.Бөкейханның, А.Бірімжановтың, А.Қалменовтың, Б.Қаратаевтың, Мұхаметжан Тынышбаевтың, Б.Құлмановтың, Ш.Қосшығұлұлының т.б. қазақтардың сайланғандығын айтуға болады. Міне, осы топ жәш оған қосылған алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары қауымдасып, ортақ мүдде төңірегіне шоғырланды. Осы арада 1905 жылдың желтоқсан айында Орал қаласында Ә.Бөкейхан, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Х.Досмұхамедұлы , М.Тынышбаевтардың қатысуымен болған бес облыс қазақтарының сиезін айтып өткен жөн. Әрине бұл сиез кейінірек өткен сиездер сияқты, іргелі мәселелер көтермесе де, қазақ зиялыларының топтаса алатын мүмкіндігін көрсете алған ең алғашкы басқосу болатын. Ал елдің басын қосып, халықтың мұң-мұқтажын айтуға тиісті және оны шешудің жолдарын айқындамақ сиез ашу мәселесі әсіресе 1913 жылдан бастап жүйелі түрде көтеріле бастағандығын байқаймыз. Тарихи деректерге сүйенсек, патша жандармериясының ақпарат хаттарында сиез өткізудің бастамашылары ретінде Жанша Сейдалин, Райымжан Марееков, Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сыртанов көрсетіледі. Осындай бірнеше құжатта сиезді ұйымдастырушы ретінде Жанша Сейдалиннің есімі жиі кездеседі. 1913 жылы «Айқап» журналында сиез шақыру жөнінде Ж.Сейдалин «Азып-тозып кетпееке не амал бар?» атты үндеу іспетті хатын жариялайды. Бұл хатта сиез шакыру мәселесінде Б.Қаратаевтан, Б.Құлмановтан, Ә.Бөкейханнан, А.Байтұрсынұлынан, Р.Марсековтен, М.Тынышбаевтан, С.Лагиннен, Х.Досмұхамедұлынан, Ә.Алдияровтан, М.Сералиннен, Жанайдаровтан, М.Дулатовтан, Б.Есмахановтан, З.Сейдалиннен, Б.Сыртановтан, Ж.Ақпаевтан хат күтетінін жазады.Ж.Сейдалиннің бұл хатына Ә.Бөкейхан ашық хат түрінде жауап жазады. Ол хатын: ««Айқапқа» Жиһанша мырза хат жазып отыр. Қазақ баласы бас қосса, Қазақ жұмысы жақсы орынға барар еді дейді. Қазақ баласы бас қосып, шаруа, жұрт пайдасын сөйлеп, іс қылып тырбанса, бірте-бірте қазақ баласы ілгері басуға басқыш табылар еді деп біз де ойлаймыз» - деп бастап, сиездің қажеттілігін дәлелдей келе: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сертті сөздерімен хатын аяқтайды. Міне, осы жылдан бастап пікір жүзінде көтеріле бастаған жалпықазақ сиезін ашу мәселесі 1917 жылға дейін жалғасты. Өйткені патшалық Ресейдің отаршылдық қатал саясаты қазақ зиялыларының бұл мақсатын іске асырмай келді. Оны жүзеге асырудың сәті Ақпан төңкерісінен кейін ғана мүмкін болды. Орыс патшасы тағынан түскен төңкерістен кейін Қазақстанның әр түкпірінде қазақ азаматтық комитеттері құрыла бастады. Оның жұмыс істеуіне Уақытша үкімет комиссарларының оң ықпалы тиді. Мәселен, Ә.Бөкейханның Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары болуы, М.Тынышбаевтың Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болуы. Аталған жылдың сәуір-мамыр айларында Торғай, Жетісу, Орал, Омбы, Семей қалаларында облыстық қазақ сиездері өтті. Бұл облыстық сиездер ұлт-азаттық қозғалыстың қарқын алуына ықпал ете отырып, шілде айында өткен бірінші жалпықазақ сиезін дайындады. 1917 жылдың 21- 26 шілдесі аралығында өткен бұл сиез мемлекеттік құрылыс, саяси партия, Құрылтай жиналысына, Мұсылмандар кеңесіне депутаттар сайлау, партия бағдарламасын дайындау мәселелерін көтерді. Біздің ойымызша, сиездің басты маңыздылығы - хандық дәуірден кейін барша қазақтың бас көтерер көрнекті тұлғаларын біріктіріп, ірі елдік мәселелерді шешуде олардың бірлік жолынан табылатындығын дәлелдеген сенім шарасы болуында да еді.Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары - бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет.
28.Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңызСемей ядролық сынақ полигонын құру туралы шешім 1947 жылы 21 тамызда қабылданған. Ядролық сынақ 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында өтті.ҚР Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар үш облыс аумағында орналасқан, сынақ алаңы 18500 км, периметрі шамамен 600 км алып жатыр. Бұрынғы Семей облысы бойынша полигон алаңы 10 000 км жерді алып жатыр.1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонындағы ресми деректерге сәйкес 456 ядролық сынақ, соның ішінде 8-і – ауада, 30-ы – жердің үстінде және 340-ы – жер астында болды. Қоршаған ортаға атмосферада сыналған және 1949–1962 жылдар аралығында жүргізілген ядролық сынақтар орасан шығын әкелді.Семей полигонынан басқа, Батыс Қазақстан және Атырау облысы шекарасында Нарын өңірінде 3 сынақ полигоны болды: Азғыр атом полигоны, Мемлекеттік Жазғы-сынақ орталығы және Мемлекеттік орталық полигоны (соңғы екеуі Ресей кешеніндегі Капустин Ярға тиесілі, қазіргі уақытта да қолданыста). Осы полигондар аумағында 29 ядролық жарылыс жүргізілді (18 жер асты, 11 атмосфералық). Зерттеулер мақсатында тағы да 10 ядролық жарылыс жүргізілді: 6 — Қарашығанақта, 3 – Маңғыстау облысында және 1- Ақтөбе облысында.1966-1979 жж. аралығында Азғыр атом полигонында 10 алаңда 17 ядролық жарылыс жүргізілді. Жарылыстар нәтижесінде жалпы көлемі 1,2 млн.м болатын 9 жер асты жолағы және диаметрі 600 метр бір жасанды көл пайда болды. Бірінші жарылыс 300 тұрғыны бар Азғыр кентінен 1,5 км жерде 165 метр тереңдікте жүргізілді. Жарылыс ұңғымасынан 20 күн бойы қосынды радиоактивтілігі 190 мың Ku болатын газ шықты.Келесі жарылыстар кезінде газ шығарындысы 11 айға дейін жалғасты.Полигон 80-жылдардың өзінде де жабық болатын. Алайда Азғыр полигоны аймағындағы радиациялық ахуал тұрақты емес, ластануы жеткілікті биік.Ядролық жарылыстардан кейін қалған жер асты қуыстары қатты ластанған биологиялық қауіпті радиоактивті заттарды сақтау үшін «зираттар» ретінде пайдаланылады. Олардың кейбіреуі су деңгей жиектерінен тұз ерітіндісімен толтырылды және осы уақытқа дейін өз радиоактивтілігін сақтайды. Бұл ретте ластанған топырақ көлемі 24000 м құрайды.Капустин Яр ракеталық-ғарыштық полигон Ресейде Астрахан облысында орналасқан және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына жазғы сынақ полигоны түрінде енеді, бұл 3 млн.га астам жерді алып жатыр. Атмосферада 11 ядролық жарылыс жүргізілді, 24000 зенитті-басқарылатын ракета іске қосылды және жарылды, 177 қару үлгісі сыналды. Әрқайсысының массасы 50 тонна болатын СС-20 типтес 619 ракета жер үсті жою барысында атмосфераға улылығы жоғары шамамен 30 мың тонна заттар шығарылғанРадиациялық және улы ластануға мына аудан аумақтары ұшырады: Қызылқоға, Қаратөбе, Тайпақ. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары және табиғат кешені бірнеше жылдар бойы Азғыр және Тайсойған полигондарының қиылысқан әсерлеріне ұшырады (жер үсті ядролық жарылыстар әсері және алыстығы орташа лақтырылатын ракеталардың гептил шлейфтері). Сағыз өзенінде және Миялы кентіндегі құдық суларының ауыр металдармен ластануы ШРК асып кетеді: таллий бойынша – мың рет, кадмий – 20 есе, қорғасын – 10 есе, мыс – 10-15 есе артық, фтор – 1,5-4 есе артық.Радиациялық ластану – иондаушы сәуле шығару әсерін тудыратын физикалық ластану түрлерінің бірі, оның көздері осындай сәуле шығару құрылғылары немесе радиоактивтілікті меңгерген кейбір химиялық заттар болуы мүмкін, яғни осы химиялық элементтердің атомдық ядроларының қабілеттілігі, иондаушы сәуле шығаруды шығара отырып, олардың изотоптарының өздігінен еркін ыдырауы мүмкін.Қазіргі уақытта мамандардың ұйғарымы бойынша Қазақстан аумағындағы радиоактивті ластанудың жалпы деңгейі Чернобыль АЭС апаты нәтижесінде зардап шеккен аумақтарға қарағанда 1,5 есе жоғары.Жер үсті ядролық жарылыстары ауада жарылған жарылыстарға қарағанда үлкен әсерін тигізді.Атмосфералық сынақтар нәтижесінде радиоактивті материалдың бір бөлігі сынақ алаңынан алыс емес жерге түседі, қандай да бір бөлігі атмосфераның, төменгі қабатында кідіріп қалады да желмен бірге ұшады, үлкен ара қашықтыққа орналасады. Ауада орташа алғанда бір ай шамасында бола отырып, радиоактивті заттар осы орын ауыстырулар кезінде жерге біртіндеп түседі. Алайда радиоактивті заттардың бір бөлігі атмосфераға шығарылады (10-15 км биіктікте жатқан атмосфераның қабаты), сол жерде көптеген айларға дейін қалып қояды, жер шарының барлық бетіне баяу түсіп, шашырап тарайды.18.12.1992 жылғы азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңда полигонның қызмет ету нәтижесінде радиациялық әсерге 1,2 млн. адам ұшырады. Олардың бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысында – 1,1 млн., 0,048 млн. – Қарағанды облысында және 0,052 млн. – Павлодар облысында тұрады.Шығыс Қазақстан облысының Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңа семей аудандары тұрғындарында қан аздығы жағдайының жоғары жиілігі белгіленген. Қан аздылыққа көбінесе кішкене сәби балалар, соның ішінде жасы үшке дейінгі сәбилер барынша жиі ұшырайды.Семей өңірінде жүйкенің тозуы және басқа психикалық ауру түрлерінің жиілігі тым жоғары.Азғыр кентінің тұрғындары арасында орташа облыстықпен салыстырғанда ауру түрлері жоғары: туберкулез бойынша – 608 есе артық, эндокринді ауру – 19 есе, асқазан жарасы ауруы – 16 есе жоғары. Өмір сүру ұзақтығы өте қысқа, ауру санының жалпы өсімі өршу үстінде.Осылайша, Қазақстан өз аумағындағы геологиялық құрылыс ерекшеліктерінің күшімен, табиғи уран және көмірсутекті ресурстарымен, сондай-ақ бұрынғы КСРО жүйесінде ядролық сынақтарға арналған әскери өнеркәсіптік кешендер мен полигондардың шикізат базасы ретінде әлемдегі бірде бір мемлекет ХХ ғасырдың ұлы жаңалығы – радиоактивтілік қатынасында бай және қайғылы тәжірибе жинақтады. Еліміз аумағының бір бөлігі ластанған табиғи және жасанды радионуклидтер болып табылады
29.Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б ғалымдардың еңбектерінен <қылмыстық> істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңызКеңестік идеологияның негізгі функциясы - бір таптың мүддесіне қызмет етіп оны қорғау, оның әлеуметтік базасын кеңейту, өздерінің жолын ұстаушыларға билік жүргізетін құрылымдарға жол ашу және солар арқылы билік жүргізуге өкілеттілік жасау болып табылады. Сол құрылымдардың бірі - саяси цензура органдары. Сол кездегі цензуралық қызметтің нақты заңды негіздерінің болмауы, төрешілдік ортада билік жүргізген партияның үстемдік етуі кез келген шығарманың идеологиялық жағынан зиянды деп есептеуге мүмкіндік берді. Баспа немесе басқа да шығармашылық өнімдерді қадағалау және бақылаудың әдістері, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың тәсілдері көп түрлілігіне байланысты бір-бірінен ерекшеленіп отырылды. Сондықтан тарихи жағынан кеңестік нұсқада қалыптасқан «саяси цензура» термині, мағынасы жағынан өте жақын және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік мәдени - саясатты жүзеге асыратын, қоғамдағы саяси жүйенің бір бөлігі болып табылатын идеологиялық билік жүйесі екенін көрсетті. Сондай-ақ ол әдебиеттің, мәдениеттің қоғам дамуының шынайылылғын көрсететін басым бағыттарын бақылауға алатын, олардың қызметі мен шығармашылығын ресми үстем ұстаным қалпында ұстап отыратын, шығармашылық ұжымдарға дегенін істететін қарсы келген жекелеген мәдениет өкілдерінің шығармашылығына шектеу қойып, тыйым салатын құдіретке ие болды. Идеологияның осындай үстемдігі халықтың барлық ісіне, оның ішінде ғылым мен мәдениетке, әдебиеттің әрқайсысына қатаң бақылау жасап отырды. Адамдардың ақыл- ойы, рухани жан дүниесі заттар ретінде бағаланды. Еркін ой, еркін еңбек, сөз бостандығы деген жоғалды. Шындықты іздеушілікке тыйым салынды. Ғылым мен өнер идеологияландырылды. Цензура адамдардың әлеуметтік, рухани, саяси, қоғамдық өмірінің барлық саласына сұғына ене отырып, халықтың бір қалыпта даму мүмкіндігінен айыратын жағдай туғызды. Брежневтік билік тұсында бүкіл әдебиет, өнер, шығармашылық туындылары, саясаттандырыла бастады, оларды бір қалыпқа түсіріп, бір бағытпен жүргізді. Жоғарыдан бұйрық неғұрлым көп болған сайын, төменнен соғұрлым белсенділік азайды. Барлық салаға тыйым салынғандықтан, халықтың рухани дамуы, бостандығы шектелді. Шығармашылық өнімдерін цензурадан өткізу қиямет болған кезеңде, сол рухани азық арқылы халық санасына адамгершілік құндылықтарды сіңіру мүмкіндігі де шектелді.
30.Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңізКеңестік қоғамда билік мүддесінің қалтықсыз жүзеге асуын қадағалаған цензура органы Главлиттің нұсқауларының дерек ретінде берер мағұлматтары өте көп. Себебі, баспа ісіне қадағалау жүргізген Главлит (Әдебиет пен баспа ісі жөніндегі Жоғарғы Басқарма – авт.) атты мекеме – өзі құрылған алғашқы күннен бастап, қатаң тәртіпке бағына отырып, партияның шешімдеріне орай, арнайы бұйрықтармен, циркулярлармен, өкімдермен, нұсқауларды тікелей басшылаққа алып жұмыс жасаған мемлекеттік мекеме болған. Алайда бұл мекеме тек баспа ісін ғана емес, сонымен қатар қоғамдық сананы қалыптастыруда әсер ететін мәдениет ошақтары: театр, кино, музыка мен қатар телерадио мен почта саласында да қатаң идеологиялық қадағалау жүргізген.Цензорлар өз қызметтерінде – мемлекеттік құпия болып саналатын мәліметтер тізімі белгіленген «А» және «Б», «В» сынды литерлермен, арнайы циркулярлармен, сонымен қатар мемлекеттік және әскери құпияны сақтауға бағытталған арнайы тізімдермен, сондай-ақ, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде, елде орын алған соғыс жағдайына байланысты осы тізімдерге қосымша енгізілген толықтырулар негізінде – саяси-идеологиялық қадағалауды жүзеге асырып отырған. Бұл құжаттар негізінен партия шешімдеріне орай Главлиттің арнайы нұсқаулары негізінде жүргізілген.Главлит бекіткен мұндай нұсқау алғаш рет «Өте құпия» белгісімен – 1925 жылы жарияланған «КСРО-ның саяси-экономикалық мүддесін сақтау мақсатында және әскери құпия болып табылатын ақпараттардың тізімі» болып табылады. Алғашқы текст 16 беттен, 96-баптан тұрған. Аталған тізімнен бөлек тиым салынған тақырыптар атауы көрсетілген циркулярлар шығарылып отырған. Ал КСРО-ның «өмір сүруінің» соңғы жылдарында цензорлар жұмыс істеген құжаттардың саны 213 бапқа жетіп, олардың әрбіреуі 5-6, тіптен, бапты құраған 1926 жылдың 24 сәуірінде Халық комиссарлар кеңесі «Мазмұны жағынан мемлекеттік құпия болып саналатын ақпарттарды арнайы қорғау тізіміне сай, бүкіл ақпараттарды үш топқа бөліп қарастырған: әскери сипаттағы, экономикалық сипаттағы және басқа сипаттағы. Және құпиялықтың үш санаты белгіленген: «өте құпия», «құпия», «жариялауға тыйым салынған». Ал 1926 жылдың маусымында Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма жанындағы арнайы бөлім «Өте құпия, құпия және жариялауға тыйым салынған мәселелер жөніндегі тізімді» басып шығарған. Бұл тізімнің мазмұны Халық Комиссарлар Кеңесінің 24-сәуірдегі тізімін жете толықтырып, құпия ақпараттарды: әскери сипатта, қаржы-экономикалық сипатта, саяси (оның ішінде партиялық та) және жалпы сипатта , – деп 4-ке бөліп қарастырады. Сондай-ақ әскери, экономикалық және т.б. сипаттағы ақпараттар түрі қоғамда орын алып отырған өзгерістерге орай арнайы мемлекеттік құпия болып табылатын тізімдер қатарына қосылып немесе алынып отырған . Сонымен бірге, «КСР мүддесіне орай саяси және экономикалық (ішкі және сыртқы) және мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі тізімдерді» уақыт талабына сай жаңартып, толықтырып отыруда: Главлит, Ішкі істер халық комиссариаты, Жұмысшы-шаруа қызыл әскерінің Бас Штабы, Мемлекеттік жоспарлау мекемелерінің өкілдерінен құрылған комиссия жүргізіп, оны КСРО ХКК бекітетін болған . Алайда 30-жылдардың ортасына дейін, жоғарыда аталған тізімді жасау ісі тікелей Главлиттің міндеті болған . Сонымен қатар цензор қарауынан өткен кез-келген баспа өнімі, тіптен, Главлит басшыларының нұсқаулары, бұйрықтары, т.б. құжаттарына да, олардың маңызын көрсететін арнайы мөр белгілері қойылып отырған Негізінен кеңестік кезеңде «өте құпия», «құпия» деген құпиялық белгілерімен қатар, «қызметтік қолданысқа арналған» деген тағы бір құпиялық белгісі болған. Бұл белгімен шығарылған барлық баспа өнімдерінің құпиялығы «жариялауға тыйым салынған» деген белгімен тең болған еді. Мұндай баспа өнімдері арнайы құпия мәліметтерді басатын баспаханаларда басылып, олар цензура мекемелерінің қадағалауынан босатылған Осындай арнайы белгілермен белгіленген бұйрықтар мен нұсқаулар Орталық Главлиттен Қазглавлитке, ал Қазглавиттен аймақтық Обллиттер мен Райлиттерге жіберіліп, нәтижесінде «ЛИТО-лар» алдын-ала және кейіннен жүзеге асырылатын қадағалау арқылы мемлекеттік идеологияға «кері әсер» ететін ой-пікірлерден қоғамды «тазарту ісін» атқарғанынан байқаймыз. Жалпы 1938 жылдан бастап зиянды деп танылған, қолданыстан алынатын әрбір әдебиетке арналған бұйрықтар мен өкімдерге қоса, олардың авторлары жөнінде толық мәлімет берілу керек болған. Тыйым салынған әдебиеттер көрсеткішін құрайтын мұндай тізімде кеңес билігінің уақытында 300-400 бетті құрап, 10 000-дай атауды топтастыратын болған Оның себебі, 1937-1938 жылдары цензура қатаң сипат алып, қандайда болмасын еркін ой білдіргендер қуғын-сүргінге түсіп, тоталитарлы сипат алады. Цензураны басынан өткізген редакторлар, журналистер, жазушылардың барлығы қуғын-сүргінге тап болады. Көптеген танымал публицистер тұтқындалып, ал редакциялық алқалар тобы саяси тазартуға ұшыраған.ҚК(б)П ОК-нің 1938 жылдың 28 мамырындағы «Жаулық сипаттағы әдебиеттерді қолданыстан алу» жөніндегі қаулысына орай, кітапханалардың кітап сақтау қорлары мен кітап сауда жүйелерінен 97 әдебиет атауы қолданыстан алынады. Жау авторлар қатарында – Асфендияров, Әлібаев, Қоңыратбаев, Жансүгіров, Тоғжанов, Жүргенов, Құлымбетов, Нұрмақов, Майлин, Сейфуллин, Шанонов және т.б. болған» Сталин дүниеден қайтқаннан кейін, қоғамдық-саяси салада орын алған өзгерістерге байланысты, кезінде «Тізімдер жинағына» еніп, зиянды деп табылған бірқатар авторлардың еңбектері қайтадан көпшілік қолданысана беріле бастаған . Алайда, осы «ақталған» кітаптардың мазмұнынан саяси қуғынға ұшыраған, 50-жылдары әлі ақталмаған зиялылардың шығармалары мен хандық дәуірге қатысты мәліметтерді қамтыған беттерді жойып, содан кейін ғана көпшілік қолданысына берген «Ескірген басылымдардың библиографиялық көрсеткіші» деген атпен бекітілген бұйрықтар бойынша да әдебиеттерді қолданыстан алып отырған. Осындай тізімдердің ішінде: Х. Айдаровтың «Шоқан Уәлиханов», Омаров пен Панкратовалардың редакциялығымен жарияланған «ҚазКСР тарихы» сынды т.б. еңбектері болған Қорыта айтқанда, мемлекеттік идеологияны жүзеге асырушы, яғни цензуралық қадағалауды жүзеге асырған – Главлит атты мекеме, қоғамда жарияланатын барлық қоғамдық-саяси және әлеуметтік саладағы бүкіл әдебиеттерді партияның шешімдеріне орай қабылданған нұсқаулар негізінен шығара отырып, баспа ісін, кітапханалар мен сауда орындарын қадағалауды жүзеге асыруда, «құпия» және «өте құпия» деген арнайы белгілері бар нұсқаулары мен бұйрықтары негізінде қоғамда орын алатын «жат ойлардан» тазартып отырған арнайы мекем болған.
Наши рекомендации