К«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының тарихы
КСРО Темір жол министрлігінің тапсырмасына сәйкес 1980 жылы 1 сәуір күні Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының іргетасы қаланды.
Жобалау құрылысын Новосибирск қаласының «Гипротранспуть» филиалы жүргізді.Алматы темір жолының «Дорстройтрест» мердігері құрылыс бойынша бас мердігер болды.
1988 жылы 1 тамызда,өндірістік қуаты жылына 500км темір жол рельстерін жөндеуге және дәнекерлеуге жететін «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны» іске қосылды.
*Кәсіпорнынның мақсаты-іске жарамды ескі рельстерді жөндеу және дәнекерлеу,ұзындығы 800 метр плеттерді дәнекерлеу. * Кәсіпорнынның жалпы ауданы-3,6га *Меншік түрі-мемлекеттік
КСРО №Г-1886 Темір жол министрлігінің 1988 жылдың 24 мамырындағы нұсқауына сәйкес және Алматы темір жол басшысының №40-Н бұйрығы бойынша Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының басшысы болып Ахметжанов Қадыр Жумасеитовичтағайындалды.Ахметжанов Қ.Ж. зейнетке шыққанға дейін,яғни 1996 жылдың сәуір айына дейін басшы қызметін атқарған. Ахметжанов Қ.Ж. «Құрметті теміржолшы»,«Луговой ауылының құрметті азаматы» белгілерімен марапатталған.
1996-1998 жылдар аралығында Алматы темір жол басшысының №НОК-108 бұйрығы бойынша Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының басшысы болып Аденов Турғынбек Қожабековичқызмет атқарды.
«Қазақстан темір жолы» бас директорының №1330-Ц бұйрығы бойынша Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының басшысы болып Бидайшиев Досымбек Джолшыбековичтағайындалып,1998 жылдың шілде айынан 2007 жылға дейін жұмыс істеді.Бидайшиев Д.Д. «Құрметті теміржолшы» белгісін алып,ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына медальмен марапатталған.
№365-ЦЖС 2007 жылдың 5 сәуірдегі өкіміне сәйкес Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының басшысы болып Терликбаев Қайрат Абдикеримовичтағайындалып, қазіргі таңға дейін басшы қызметін атқарып келеді.2007 жылдың нәтижесі бойынша «Үздік басшы» орденімен марапатталға
Материал б/ша бухгалтер / |
РСЦ |
ПТО |
Есеп айырысу бухгалтері |
РВС |
ТБ инженері |
ПРСМ |
НҚ б/ша бухгалтер |
Бас механик |
Экономист |
ПО мастері |
НК |
Құрылыс |
Энергетик |
Нормалаушы |
Сурет 1. «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының ұйымдық құрылымы.
Қазіргі уақытта, компания негізгі өндірістік қызметі мыналар болып табылады:
1.Дәнекерленген жаңа рельс плеттерін дәнекерлеу, 2.Іске жарамды ескі рельстерді жөндеу және дәнекерлеу, 3.25 метрлік іске жарамды ескі рельстерді жөндеу және дәнекерлеу, 4.800 метрлік плеттерді дайындау, 5.Теңестіргіш рельстерді өндіру, 6.Рельс соңын және бұрмаларын дәнекерлеу,
7.ПРСМ-4 машинасымен темір жолдагы рельстерді дәнекерлеу, 8.Рельс тасымалдау құрамы.
2014 жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша қызметкерлердің саны 298 адамды құрайды.
Еңбек және жұмыс істеу режимі ҚР заңымен қабылданған және Еңбек шартында толығымен көрсетілген.Кәсіпорын жарғысы бойынша жұмы күні 5 күндік болып бекітілген.Қызметкерлер таңғы 9:00-ден кешкі 18:00 дейәе толық жұмыс істеуге міндетті. Кәсіпорында қолданылатын заңдар:
1.ҚР Еңбек кодексі
2.ҚР Салық кодексі
3. ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңы
«ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорын жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігіне көп көңіл аударады.
Еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
· жұмыс орнын аттестациялау жүргізіледі, осы аттестацияның негізінде зауыттың жұмысшыларына (зиянды жұмыстарда істейтіндерге) бекітілген нормаларға сай сүт беріледі;
· зауыттың жұмысшылары арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жеке сақтану құралдарымен қамтамасыз етілген;
· әрбір жұмыс орнында аптечкалар бар, зауыт здравпунктінің медициналық қызметкерлер штатына дәрігер-реаниматологтар енгізілді;
· реанимациялық жабдықтармен жабдықталған медициналық жедел көмек көрсету машинасы сатып алынды;
· зауыттың барлық жұмысшылары, қызметкерлері, ИТЖ-ы ППФ-95 маркалы жеке сүзгі противогаздарымен қамтамасыз етілген, газдан сақтау жұмыстарын қауіпсіз орындау үшін, негізгі технологиялық цехтардың қызметкерлері қосымша оқшаулау аппараттарымен қамтамасыз етілген. Технологиялық аппараттардың ішінде газдан сақтау жұмыстарын қауіпсіз орындау үшін, цехтардың технологиялық қызметкерлері ПШ-1, ПШ-2 маркалы шлангты противогаздарын пайдаланады. Технологиялық жабдықтардың герметикалық қалпынан шығаруға байланысты жұмыстар - ИВА-24М, АСВ-2 маркалы оқшаулау аппараттарында жүргізіледі. Цехтардың технологиялық қызметкерлері бұл аппараттарда жұмыс істеуі үшін, зауыттың газдан сақтау қызметінде арнайы дайындықтан өтеді.
Блок 1.2. Жарғылық капитал. Оперативті экономикалық жұмыс.
1.2.1. Ұйымның жарғылық капиталы, құрылтай құжаттары.
Жарғылық капитал дегеніміз – бұл, кәсіпорынның жарғысында тіркелген капиталдың ең аз шамасы. Нарық жағдайында жарғылық капитал бір жағынан кәсіпорын мүлкінің құнын, екінші жақтан құрылтайшылардың инвесторлардың алдындағы міндеттемелердің сомасын көрсетеді. Ол әрбір акционердің қатысу үлесін анықтайды және акционерлік қоғамның үшінші жақтың (тұлғаның) алдындағы міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді. Сондықтан оның ең төменгі шамасы заңмен белгіленеді.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» заңымен тиісті қаржылық жылға белгіленген 50000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Кәсіпорынның жарғылық капиталына жарнаның нақты келіп түсу сәті: ақша қаражаттары үшін – ақшаның банктегі ағымдағы шотқа есепке алыну немесе кассаға салыну мерзімі; негізгі құралдар, материаддық құндылықтар үшін – негізгі құралдарды, материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсыру актісінің немесе аталған объектілердің кәсіпорынға келіп түсуін растаушы басқа құжаттардың жасалу мерзімі.
Жарғылық капитал кәсіпорын мүліктерінің басқа құралу көздеріне қарағанда тұрақты шама болып табылады. Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша акциялардың номиналдық құнын өсіру немесе қосымша акциялар шығару жолымен жарғылық капиталдың мөлшерін көбейтуге құқылы.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын көбейту тек толық төлем жасалынғаннан кейін мүмкін болатындығын аудитор назарда ұстауға тиісті. Кәсіпорынның шеккен зиянының орнын толтыру үшін қосымша акциялар шығаруға және олардың номиналдық құнын өсіруге тыйым салынады.
Жарғылық капиталды көбейту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында акция иелерінің жалпы санының 2/3-нен кем емес дауыспен қабылданады.
Қолданыстағы заңға сәйкес акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша акциялардың номиналдық. құнын азайту жолымен немесе жою мақсатымен акциялардың бір бөлігін сатып алу арқылы жарғылық капиталды азайтуға.құқылы Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын акциялардың бір бөлігін қайта сатып алу және оларды жою жолымен азайту тек ондай мүмкіндік қоғамның жарғысында қарастырылса ғана мүмкін болады. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын азайту туралы шешім оны көбейту туралы тәртіппен бірдей қабылданады.
Құрылтай құжаттары
Құрылтай құжаттары – Заңды тұлғаның іскерлік үшiн негiздеу қызмет ететiн құжаттары.
Құрылтай құжаттарына жатады: жарғы немесе жарғы және құрылтайшылық келiсiм-шарт, немесе (1 шiлдесiнен 2009 жыл құрылтай шарт құрылтай құжаттарына жатқызбайтын болған), құрылтайшылық келiсiм-шарты ғана. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарындағы болуы керек:
• Заңды тұлғаның атауы;
• Заңды тұлғаның табуын орыны;
• Заңды тұлғаның қызметтiң басқаруын тәртiбі, тағы басқа мәлiметтер.