Мен жауапкершіліктіҢ Өзара байланысы

Қандай да бір стильді дұрыс таңдау басқарушылардың оларға тән қасиеттері мен жеке ерекшеліктері, бағыныштылардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері сияқты көптеген факторларға байланысты. Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде басқарушының әр түрлі бағыныштылармен өзара қарым-қатынас орнату барысында бірнеше басқару стильдерін ұстанатындығы анықталған. Ал ол басқару ісіндегі бағыныштылардың жауапкершілігіне байланысты болған.

Жалпы түрде жауапкершілік өзара байланысты жақтардың мүдделері мен бостандықтарын қамтамасыз ететін қатынасты, адам бойындағы қасиетті білдіреді. Ол үш құрамдас бөліктердің өзара байланысының нәтижесінде қалыптасады: а) борыштық сезім; б) іс-әрекетті бағалау; в) шектеу қою, жазалау шараларын қолдану.

Жауапкершілік алғышарттардан, обектіден, мазмұн мен өлшемнен тұрады. Алғышарттар қоғамдық қатынастардың, адамдардың жүріс-тұрысының және қызметінің нақты деңгейін және сапасын қамтамасыз етуге деген қоғамның (мемлекеттің), азаматтардың қажеттіліктерінен туындайды. Мұндай қажеттіліктер қоғамның нормативтік жүйесінде көрініс тауып, бекітіледі. Жауапкершіліктің маңызды элементін оның объектісі құрайды, себебі үнемі бір нәрсеге жауап беруге тура келеді, мысалы, материалдық, моральдық, құқықтық, саяси, жеке, ұжымдық жауапкершілік болады. Жауапкершіліктің мазмұны міндетті және мақсатты әлеуметтік байланыстарды қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерде көрініс табады. Осыдан жауапкершілікті барлық аспектісі тұрғысынан жүзеге асырмайынша азамат та, қоғам да, мемлекет те қанағаттана алмайтынын білдіретін оның кешенді сипаты туындайды. Жауапкершіліктің өлшемі субъектінің өз іс-әрекетінің әлеуметтік салдарларын немесе нәтижесін түсінумен байланысты. Ол қорғалатын қоғамдық қатынастардың әлеуметтік мәнділігіне, қоғамның адамға артатын сеніміне, тұлғаның даму деңгейіне, өзінің жасаған іс-әрекеттерінің әлеуметтік маңыздылығын сезінумен анықталады. Басқару ісіндегі жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін мәжбүр ету, шара қолдану, жазалау, ынталандыру шаралары қолданылып, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі басқару стилін айқындайды.

Осыған байлансты өткен ғасырдың 60-шы жылдары американдық профессор Дуглас Мак Грегор адамдардың тұрпатын ажырататын “Х” теориясы мен “У” теориясына негізделген, басқаруды ұйымдастырудың екі тұжырымдамасын ұсынған.

“Х” теориясы бойынша қатардағы адамның жұмыс істеуге ынтасының болмауы және одан жалтару жолдарын іздеуі тән, сондықтан белгіленген мақсаттарға жету үшін адамдардың көпшілігін мәжбүр ету, бақылау, бағыттау қажет; қатардағы адам көбінесе оны бақылап отыруды қалайды, жауапкершіліктен аулақ болуға, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады, атаққұмарлыққа талпынбайды; адамдар көбінесе қауіпсіздікті қажет етеді. Д. Мак Грегордың пікірінше мұндай адамдарға қатысты басшы авторитарлық стильді және формальды емес әдістерді қолдануды ұйғарады. Ол осыларды ескере отырып, қарамағындағыларға психологиялық әсер етеді, өкілеттіктерді орталықтандырып, бір жерден шешім қабылдайды. Авторитарлық лидер билік арқылы өзінің еркін қарамағындағыларға жүктейді, мойындатады.

“У” теориясы бойынша қатардағы адамға атқаратын жұмысынан жалтару міндет емес, себебі ол еңбек белгілі жағдайларға байланысты тиісті жаза алу немесе табыс көзі болуы мүмкін; қызметкерлердің қызметіне сыртқы бақылау орнату олардың күш-жігерін жұмылдырудың жалғыз құралы емес, егер адам мақсатының орындалуына мүдделі болса өзін-өзі басқару мен бақылауды жүзеге асыра алады; ынталы қызметкер үшін ең жоғары марапат – оның өзін-өзі көрсетуін жүзеге асыру; қызметкердің өзін-өзі көрсетуін жүзеге асыру барысында ұжымның мақсаттарына қол жеткізіледі; қатардағы адам тиісті жағдайларда жауапкершілікті өз мойнына алуға үйренеді; көптеген адамдар ұйымның мәселелерін шешуге елеулі үлестерін қоса алады. Осындай қызметкерлерге қатысты басшы басқарудың демократиялық стилін және формальды емес әдістерін қолданады. Басшы-демократ өз еркін қол астындағыларға міндеттемейді, орындаушылардың өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылыстарын жоғары мақсаттарға жету жолының басты кепілі деп біледі. Ол ұйымның мақсаты мен топ мақсаты арасында байланыс орнатып, кейін атқарылған жұмыстарға баға береді. Бұл басқару стилінің ашық түрі, мұнда сенімділік орын алып, адамдар мәселені өздері шешіп, басшыға тек керек кезде ғана барады.

Мак Грегордың пайымдауынша “Х” теориясына сәйкес әкімшілік қызметкерлер тек “сызықтық” қызметкерлерді бақылау үшін қолданылса, онда олардың өзара байланыстарында түсінбеушілік туындауы мүмкін. Ал “У” теориясына байланысты әкімшілік қызметкерлердің рөлі қалған басқару деңгейлеріне тек қана кәсіби көмек көрсетумен шектеледі.

Қазіргі кезде басшыға қабылданған стильдердің тек біреуін ғана ұстану міндет емес, әр уақытта оның әрекеті нақты қалыптасқан жағдайға қарай анықталады. Орын алып отырған жағдайды дұрыс қолдана алса ғана ол жақсы көшбасшы бола алады. Ол үшін қарамағындағылардың қабілетін, олардың қойылған мәселені шешу мүмкіндігін, өз өкілеттігін жақсы білуі қажет.

Міндеттерді атқару барысында қалыптасқан жағдай өзгеруі мүмкін, ал бұл қол астындағыларға ықпал ету тәсілдерін, яғни басқару стилін өзгертуді талап етеді. Жалпы басқару сияқты көшбасшылық та (лидерлік) өнер, сондықтан керек кезінде басқару стилін өзгерте алатын, яғни өндіріс пен сыртқы ортада орын алған жағдайға бейімделе алатын адам тиімді басшы болып табылады. Ал бұл өз кезегінде бейімделген басқару стилі туралы сөз етуге мүмкіндік береді. Ол көп жағдайда басқару стилін жетілдіру қажеттілігін тудырады.

Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру көптеген мәселелерді талдап, шешуді көздейді. Бірақ осы мәселелерді жинақтай, зерделей келе ең алдымен, қызметтің дұрыс, тиімді ұйымдастырылуына басты мән берілуі қажет екендігін аңғаруға болады. Себебі басқару жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы мен тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіні мәлім. Бұл процесс біріншіден, билік органдарындағы мемлекеттік лауазым мен жұмыс орнын ұйымдастырудан басталады. Лауазымның мемлекеттік орган құрылымындағы орны мен рөлі анықталып, ол атқаратын жұмыстың мазмұны (қызмет ауқымы, нысаны, әдістері, өкілеттігі, ынталандыру мен санкция және т.б) көрсетіледі, басқа лауазымдармен сыртқы өзара байланысы ( қарым-қатынас тәртібі, ақпараттық, техникалық және тағы басқа қызмет көрсету) ұйымдастырылады. Осыған қоса мемлекеттік органдағы әрбір лауазым праксеологиялық (кабинетпен, жұмыс орнына қажет құрал-жабдықпен, жарықпен жабдықтау және т.б.) және эргономикалық (байланыс құралдары, қол астындағылармен байланыс жүйесі, компьютер және т.б.) тұрғыдан жабдықтауды қажет етеді. Қазіргі таңда әрбір адамның өзін толықтай көрсете білуіне, қабілет мүмкіндігін қолдана алуына жағдай жасау арқылы лауазымдық қызметтің тиімділігін арттыруға көңіл бөлінуде. Келесі атқаратын міндет органдардың звенолары мен құрылымдарын ұйымдастырумен байланысты. Бұл жерде сөз басқару функцияларын көлденеңнен құрылымдық бөлімшелерге шоғырландыру туралы болып отыр. Мұндай шоғырландырудың өзіндік артықшылықтары бар: басқару ісіне мазмұнды, мәнді сипат береді, ақпараттармен өзара алмасуға мүмкіндік береді, басқарушылар мен орындаушылардың арасында байланысты нығайтады, мемлекеттік басқару стилін жетілдірудің көптеген мәселелерін шешуге ықпалын тигізеді. Бұдан кейін жетекші қызметін атқару барысын ұйымдық қамтамасыз ету міндеті туындайды. Жетекшінің қызметін ұйымдастыру басқарылатын органның қызмет ету стилін қалыптастыруда шешуші рөль атқарады және ол басқару қызметінің стратегиясын әзірлеуге, қарастырылатын мәселелердің тәртібін белгілеуге, қоршаған ортамен байланыс орнатуға, жиналыс, пікір алмасулар өткізуге мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылуы қажет.

Басқару қызметімен айналысатын жеке адамдардың бойынан ынталандыру мен жауапкершілік іспетті қасиеттердің үнемі табылуы бұл процесте қажетті нәтижелерге қол жеткізудің басты негізін құрайды. Дегенмен тек жеке адамдардың ізденгіштігіне, өзін-өзі дамытуға ұмтылыс жасауына ғана үміт артпай, басқару тәжірибесін игеру ұйымдасқан түрде жүргізіліп, ол өз кезегінде басқару стилінің ажырағысыз бөлігіне айналғаны дұрыс. Осыған байланысты мемлекеттік басқару стилін жетілдірудің төменгідей негізгі бағыттарына тоқталып өткен жөн. Алдымен басқару қызметінің басқару әсеріне бағытталуын қарастырайық. Басқарудың нақты сипаты, болмысы тек тиісті үрдістерге оның тигізетін ықпалында көрініс табады. Басқару ықпалы қоғамдық даму үрдістерінде бір қалыпты, тиімді жағдайды қалыптастырып, дамытқан, өзгерткен жағдайда ғана орын алады. Егер басқару ықпалы қабылданған шешімдерге, жүргізілген ұйымдастырушылық шараларға, басшының жұмсаған күш-жігеріне қарамастан объектіге жетіп, жүзеге асырылмаса, онда басқау да болмайды. Бұл жерде әңгіме мемлекеттік басқару стилін дамыту бағыты ретіндегі басқару ісінің нәтижелілігі жөнінде болып отыр.

Басқару қызметімен айналысатын адамдардың еңбегін бекітілген нормалар арқылы өлшеу мүмкін емес, себебі бұл үрдісте жұмсалатын күш-жігер интеллектуалдық, шығармашылық (творчестволық), коммуникациялық сипатта болады. Бірақ аталмыш қызмет ой мен істің бір жерден шығуын сипаттайтын, нақты тәжірибе жүзінде іске асатын жасампаздық, шығармашылық (творчестволық) қызмет. Сондықтан басқару әсерін қамтамасыз етудің келесідей: “ой-пікір (идея) - әрекет - әсер – нәтиже” жүйесін қалыптастыру орынды. Бұл жүйе тиісті лауазымды тұлғалар қызметінің жасампаздық, тәжірибелік тұстарын үнемі талдап және бағалап отыруға мүмкіндік береді. Басқару қызметінің нәтижелілігі қолданылатын әдістерге, процедураларға, нысандарға, лауазымды тұлғалардың білім-біліктілігіне, қабілетіне, талантына байланысты екені белгілі. Практикалық қызмет талданып, ой елегінен өткізілмесе, оны жетілдіру қиындық тудырады және керісінше, теориялық ой-пікірлер тәжірибе жүзінде туындап және онда жүзеге аспаса, онда олар тек тілек түрінде ешбір нәтижесіз қалып қояды. Сондықтан басқару қызметінің шығармашылық (творчестволық), ізденгіштік, практикалық тұстарын бірге қарастырған жөн.

Басқару қызметін ұйымдастыруда ұжымдық (коллегиялық) нысан кеңінен қолданылуы тиіс. Басқару ақпаратының күрделілігі және көп түрлі болуы, басқару үрдістерінің өзгермелілігі, шешілуін күтетін мәселелердің кешенділігі, жүйелік өзара байланыстылығы жағдайында басқару қызметінің аталмыш нысаны оның ұтымдылығының негізгі алғашарты болып табылады. Тек мазмұны жағынан әр түрлі білімнің, біліктіліктің, тәжірибенің бірігуі, сан қилы мақсаттарды, мүдделер мен құндылықтарды, себеп –салдарларды жан-жақты ескерудің нәтижесінде ғана тиімді басқару шешімдерін немесе іс-әрекеттерін әзірлеп, жүзеге асыруға болады.

Басқару қызметінің жағдайы мен сапасын талдау және бағалау басқару стилін жетілдірудің келесі бағытын құрайды. Оның басты мақсаты - басқарылатын үрдістер жөнінде шындыққа жанасатын мәліметтер алу негізінде қабылданатын басқару шешімдері мен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету.

Басқару қызметкерлерінің қоғаммен, әр түрлі ұйымдармен, топтармен, бірлестіктермен байланыстарын күшейтудің де басқару стилін жетілдіруде маңызы зор. Лауазымды тұлғалардың азаматтармен өзара байланыстар, қарым-қатынастар орнатуы арқылы басқару тікелей қабылданып, кездесу барысында алған әсер негізінде басқарудың мән-мағынасы айқындалады.

Басқару қызметкерлерінің саяси, басқару және құқықтық мәдениетін арттыру да басқару қызметінің стиліне өзінің әсерін тигізеді.

UI-тарау. МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ

Наши рекомендации