Ысқартулар мен белгілер
Кіріспе
Ші Бөлім. Инновациалық менеджменттің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
1.1.Инновациалық менеджментобъектісі ретіндежаңалық енгізудің пайда болуының объективті қажеттілігі
1.2. Инновациалық жоба: түсінігі, түзу мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
1.3. ҚР-да инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
Ші Бөлім. Инновациялық-инвестициялық жобаларды түзу және тиімділігін бағалау
2.1. Компания қызметінің қазіргі жағдайы және инновациялық ресурстары
2.2. Компанияның инновациялық қызметін талдау және оның қаржылық тұрақтылыққа әсері
2.3. Компания қызметінің қорытынды қаржылық коэффициенттерін талдау
Ші Бөлім. Басқарудың инновациялық әдістері негізінде компания қызметін жетілдіру шаралары
3.1. Компанияның концептуалдық бейнесі және оның эталондық жағдайына жету жолдары
3.2. Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін инновациялық факторларды енгізу
ҚОРЫТЫНДЫ
ДЕБИЕТТЕР
Аннотация
Дипломдық жұмыстың тақырыбы:Инновациялық менеджмент негізінде компанияны басқаруды жетілдіру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі: Искаков Құрман Қасымжанұлы
Орындаған: Эф 04-2к2 тобының студенті Джалпыбаев Сейітжан Жұмабекұлы
Жұмыс: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қойылған мақсатқа сәйкес жұмыстың бірінші бөлімінде инновациялық менеджменттің пайда болуының теориялық және әдістемелік негіздері және оны компаниялар мен кәсіпорындардың қызметіне енгізу қажеттілігі зерттелді.
Жұмыстың екінші бөлімінде зерттеу объектісіндегі қазіргі басқару жүесіне талдау жүргізіледі, компанияның қазіргі жоспарлау және басқару жүйесінің жақсы және теріс жақтары анықталды. Автордың өз концепциясы және зерттелуші компания үшін инновациялық менеджменттің әдістемесі құрастырылған.
Жұмыстың үшінші бөлімінде компанияның шаруашылық қызметін едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық менеджменттің механизмдерін қолдану негізінде зерттелуші объектті басқаруды жетілдіру шаралары құрастырылған.
Жұмыстың қорытындысында зерттелуші объекттің шаруашылық қызметіне енгізу үшін қорытындылыр мен ұсыныстар берілген.
Жұмыстың көлемі парақтан тұрады, әдебиеттер тізімі ... атауды құрайды.
Дипломдық жұмыстың мақсатышаруашылық субъектілердің қызметінің тиімділігін арттыруға, олардың нарықтағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және табыс көлемін көбейтуге мүмкіндік беретін прогрессивті инновациялық менеджмент әдістері негізінде зерттелуші объектті – Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген өнеркәсіптік кәсіпорындарын – басқаруды жетілдіру бойынша шараларды құрастыру болып табылады.
Зерттеу объектісі«Алекс» ЖШС.
Нормативтік сілтемелер
1.«Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарда индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы, Астана, 17 мамыр 2003 ж. № 1096.
2. Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі заңы. – Алматы, Жетi жарғы, 1995
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Егеменді Қазақстан газеті, 20 наурыз 2004 жыл.
4. Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту Концепциясы. Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының № 19 қаулысы. 20 шілде 1999 жыл.
5. Қазақстан Республикасының инновациялық даму Бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №617 қаулысы. 10 мамыр 2001 жыл.
6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 9 шілде 2001 жыл.
7. Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы» заңы. 3 шілде 2002 жыл.
8. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңы. 20 қараша 1998 жыл.
9. 2003 жылдың 18 наурызындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №263 «2003-2005 жылдарға инновациялық қызметті ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысы.
10. Қазақстан Республикасының Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығы. 26 желтоқсан 1995 жыл, №2732.
11. Қазақстан Республикасының Президентінің «ҚР-да бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» заң күші бар Жарлығы. 26 қаңтар 1998 жыл, №3838.
12. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан қаржыгерлерінің ІІІ-конгресіндегі баяндамасы. Егеменді Қазақстан газеті 15 ақпан 2003 жыл.
13. Қазақстан Республикасының Президентінің «Банк және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы. 31 тамыз 1995 жыл.
14. Қазақстан Республикасының Президентінің «ҚР Ұлттық банкі туралы» заң күші бар Жарлығы. 30 наурыз 1995 жыл.
15. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңы. 24 желтоқсан 1996 жыл.
16. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы. 5 шілде 2000 жыл.
Анықтамалар
Инновациялық менеджмент - дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б.) жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.
Инновациалық кәсіпкерлік - техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесі.
Инновациялық жоба:
1. Қандай да бір мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қандай да бір әрекеттердің жиынтығын қарастыратын іс, іс-әрекет, шара;
2. Қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті
Өндірістік кәсіпкерлік – нарықтық экономика субъектілерінің, болашақта тұтынушыларға сатуға арналған тауар өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсетуге бағытталған экономикалық белсенді әрекеті.
Инновация – өнімнің жаңа түрлерін, жаңа технологиларды, ұйымдастыру формаларын түзу, құрастыру және таратуға бағытталған әрекет.
Инновацияның диффузиясы – уақыт бойында ол арқылы жаңалық коммуникациялық каналдар арқылы әлеуметтік жүйе мүшелері арасында жеткізілетін процесс.
ысқартулар мен белгілер
ҚР – Қазақстан Республикасы
ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
ҒТП – ғылыми-техникалық прогресс
ИП - инновациалық процесс
ЖЕ - жаңалық енгізу
ФЗ - фундаменталды зерттеу
ИСО 9004, ИСО-9000 және 14000 - сапаны басқарудың жүйелері
ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ӨСБ КЖ - өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі
ТЭН - техника-экономикалық негіздеу
ҒЗТКЖ – ғылыми-зерттеу және тәжрибелік-конструкторлық жұмыстар
ӘСҰ - әлемдік сауда ұйымы
АЭА – арнайы экономикалық аймақ
ЕврАзЭҚ – Евразиялық экономикалық қауымдастық
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
ТМҚ – тауарлық-материалдық қорлар
Кіріспе
Қазақстанда соңғы онжылдықтарда нарықтық механизмдерге негізделген экономикалық қатынастарға өтуге байланысты түпкілікті өзгерістер болды. Бірақ, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің ғылыми және экономикалық негізделген модельдің жоқтығы және реформаларды жедел жүргізу себебінен, жүргізілген шаралар елдің әлеуметтік экономикалық дамуында толық көлемде күткендей нәтиже бермеді. Мысалы, экономиканың шикізаттық тәуелділігі шикізат бағасының тұрақсыздығы кезеңіндегі белгілі макроэкономикалық эффект арқылы байқалды, яғни шикізат экспортынан түскен ауқымды тұрақты валюта түсімдері ұлттық валютаның жасанды өсуіне әкеліп соқтырады, ал отандық тауар өндірушілердің қарқындап өсуші импортпен бәсекелесуге қауқары жетпейді. Сонымен, соңғы онжылдықта ҚР-да шикізаттық емес салалардың үлесі 3-6 есеге азайды, керісінше орны толмас табиғи ресурстарды өндіру ұлғайды – мұнай, газ бен қара және түсті металл рудаларын. Елдің инвестициялық саясатының шикізаттық бағыты өнеркәсіпте қалыптасқан диспропорцияны одан ары тереңдетті.
Сонымен қатар әлемдік өңделмеген шикізат нарығы тұтынушы нарығы ретінде бағаланады, өйткені сатушы көп те, сатып алушы аз. Мамандардың есептеуі бойынша экспортерлер, орташа есеппен, экспорттаған тауарлар үшін батыс тұтынушысы төлеген соманың 25% ғана алады.
Бұл тығырықтан шығу жолы, бастапқы шикізаттан ондаған және жүздеген есе қымбат тұратын, жоғары технологиялық бұйымдарды өндіруді ұйымдастыру.
Бұл үшін өндірістік секторды алғы ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде технологиялық жаңарту (модернизациялау) керек.
Сондықтан, экономиканы дивесификациялау мен модернизациялау негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экспортқа бағытталған бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға жағдай жасау мақсатында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастауымен «2003-2015 ж.ж. елдің индустриалды-инновациалық даму стратегиясы» қабылданды, оның шеңберінде ЖҰӨ-ді 2015 жылға 3,5 есе өсіру көзделген [2].
Нарық жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындарды жетістіктерді игеруге қомақты қаржыларды салуға мәжбүр ететін негізгі себеп, тіпті нарықта монополиялық жағдайды иемдену мүмкіндігі жоқ болса да, әрине, бәсекелестік болып табылады, онымен кез-келген технология беретін, өнім шығаратын немесе қандай-да бір қызмет көрсететін кәсіпорын бетпе-бет келуге мәжбүр. Кәсіпорындар мен компаниялар өз өнімдерінің бәсекелестік қабілетін сақтауды және табыс алуды өздері ойлауы керек. Яғни, олар нарық жағдайын, негізгі және мүмкін бәсекелестердің іс-әрекетін, қалыптасқан нарықтық тепе-теңдікті өзгертуге қабілетті жаңа ғылыми және технологиялық жетістіктердің пайда болуын қадағалап және болжап отырулары керек. Соңғысы 70-ші жылдардан бастау алатын, қазіргі ҒТП кезеңінде ерекше маңызға ие болды.
Бұл келесі себептерге байланысты:
· өндірістің техникалық деңгейінің жоғарылауы;
· жаңа техника және технологияларды құру, игеру мерзімдерін елеулі қысқарту қажеттілігі;
· экономиканың барлық салаларында ҒТП қолдануға мүмкіндік беретін өндірісті дамытудың интенсивті факторларының күшеюі;
· жаңа техника және технологияларды құру және енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның анықтаушылық ролі;
· жаңа өнімді игеру барысында кәсіпорындардың шығындарының көбеюі және экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуі;
· техника және технологиялардың жедел моральдық ескіруі;
· жаңа техника және технологияларды өндіріске енгізуді жеделдетудің объективті қажеттілігі және т.б.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешудегі приоритет инновациалық менеджмент еншісіне тиеді.
Инновациялық менеджмент дегеніміз дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т.б.)жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.
Инновациалық менеджменттің негізгі міндеті– ғылым, техника, өндіріс және тұтынудың бірлігін, яғни инновациялық өнімге деген қожамдық қажеттілікті, қамтамасыз ететін, ұйымдастыру және басқару әдістерін қолдану нәтижесінде сандық және сапалық өзгерту арқылы, инновациялық процесстерді басқару.
Бұдан басқа инновациалық менеджменттің негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорындар мен компанилардың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ететін жаңалық енгізулерді ұдайы өндіріп және мақсаттық іздестіруді жүзеге асыратын орта қалыптастыру.
Инновациялық ортаның негізгі элементтері:
* инновациялар, яғни ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелердің немесе интеллектуалдық еңбек өнімдерінің жиынтығы;
* қандай да бір жаңалықтардың тұтынушысы болып табылатын, бәсекеге қабілетті тауар өндіруші;
* тауар өндірушіні қажетті жаңалықтармен қамтамасыз етуге байланысты барлық жұмыстар кешенін қаржыландыруды қамтамасыз ететін, инвесторлар;
* осы процесс барысында туындайтын мәселелерді шешуге мүкіндік беретін, инфроқұрылым (бизнес-инкубаторлар, технопарктер және т.б.).
Ұйымның инновациялық ортасына ерекше көңіл бөлінеді, оны қалыптастыруда, жалпыға танымал бәсекелестік қабілетті қаматамасыз ету құралымен (маркетингпен) қатар, білімді алу процесін және осы білімді, нарықта сұранысқа ие, өнімге трансформациялау ерекше ролге ие болуда.
Жоғарыда аталғандар кәсіпорындар мен компанияларда, нарық жағдайында шаруашылық субъекттердің жоғары табысты қызметін қамтамасыз ету үшін, басқарудың экономикалық механизмін жақсарту мақсатында инновациялық менеджментті енгізу және жетілдіру мәселесінің актуалдығын айқындайды. Сондықтан аталған мәселе осы дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдалды.
Жұмыста инновациялық менеджмент мәселесі компаниялар мен кәсіпорындар қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардың және олардың нәтижесінде пайда болатын өзгеріс процесстерінің алдын алу және дұрыстау әдісі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес, жұмыста инновациялық менеджмент деп нарықтық экономиканың дағдарыс алды, дағдарыс және дағдарыстан кейінгі жағдайларында кәсіпорындар мен компаниялардың қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қаржы- экономикалық және технологиялық сипаттағы шаралар жүесі түсініледі.
Нарықтағы кез келген өзгерістер әр уақытта тұрақты және оптималды жүйеге белгісіздік, айқынсыздық, тұрақсыздық енгізеді, оларды дағдарыстық жағдай деп қарастыру қалыптасқан. Ұзақ уақыт бойында басқару процесінде нарықтағы дағдарыс жағдайына осы жағдай пайда болғаннан кейін, яғни оның алдын алу мүмкін болмаған кезде, көңіл аудара бастайтын. Қазіргі кезде жетекші компаниялардың әрекетінде алдын алу стратегиясының басымдылығы байқалады.
Теориялық та, тәжрибелік те тұрғыдан инновациялық менеджмент объектісіне нақты анықтама беру өте маңызды. Мұндай қажеттілік оның жаңалық енгізуді басқару жүесінің негізгі элементі болғандығымен және, оның құрылымына, функцияларына, басқару әдістері мен құралдарына, сонымен қатар оның тиімділігін бағалау критерийлеріне негізгі әсер ететіндігімен айқындалады.
Бұл жұмыста инновациалық менеджменттің зерттеу объектісі ретінде нарықтың әлеуметтік, экономикалық және техникалық жүйелерінде жаңалықтарды енгізуді және нәтижесінде пайда болған өзгерістерді құрастыру, игеру және тарату мақсаттық бағытталған процесстері түсініледі.