Ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу (289-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі — жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ететін коғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты — жануарлар дүниесі.
Жануарлар дүниесі мемлекетіміздің табиғи байлықтарының ең басты бөлігі, оған Республика аумағында құрғақта, суда, аспанда және жер астында еркін өмір сүретін жануарлардың барлығы жатады.
Жануарлар түріне: сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер кіреді.
Жануарлар дүниесін құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 21 қазанда қабылданған "Айналадағы табиғи ортаны корғау туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" заңдарында баянды етілген.
Осыған орай жануарлар дүниесін құқықтық корғау, өсімін молайту, оларды сақтауға мемлекет айрықша мән беріп, оларды қорғау ережелерін елеулі түрде бұзған жағдайда кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту шаралары көзделген.
Қылмыстық кодекстің 289-бабында көрсетілген қылмыс (жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу) объективтік жағынан: а) өндіріс процестерін жүзеге асыру мен көлік құралдарын пайдалану, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезіндегі жануарлар дүниесін корғау ережелерінің бұзылуы. Бұларға: қазылған шұңқырларға жаппай жөңкілген жануарлардың құлап мертігуі, өлуі, көлік құралдарын жүргізушілердің жануарларды қағып, басып өлтіруі, зақымдауы, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қараусыз қалдырудан — оны жануарлардың пайдаланып, ауруға, өлім-жітімге ұшырауы сияқты фактілер жатады.
б) Аңшылық алаптары мен балық шаруашылығы тоғандарын пайдалану мен қорғау тәртібін бұзу. Бұл жерде жануарлардың осы түрін қорғау ережелерін бұзу туралы сөз болып отыр. Арнаулы нормативтік актілерде ол туралы нақты көрсетілген.
Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстың зардабы — ірі шығынға соқтырған жануарлар дүниесінің ойылуы немесе қырылуы болып табылады. Жойылу деп жануарлардын жеке түрінің мүлдем жок болып кетуі, ал қырылуы деп оның белгілі бір бөлігінің өлім-жітімге ұшырауы болып табылады. Жойылу немесе қырылу ірі залал көлемінде болуы керек. Ірі көлемдегі залалдың түсінігі Қылмыстық кодекстің 288-бабының ескертуінде берілген.
Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу мен одан болған зардаптын арасындағы себепті байланыс анықталуы кажет. Қылмыс материалдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген зардап көрініс алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан алғанда қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істелуі мүмкін.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған жай немесе лауазымды адам.
Жануарлар мен өсімдіктердін сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу (290-бап)
Қылмыстың объектісі — құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктердің қорғалуын қамтамасыз ететін қоғамдык қатынастар.
Қылмыстың заты — Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері және олар мекендейтін жерлер.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін немесе олар мекендейтін орындарды заңсыз олжалап алу, өткізу, сондай-ақ оларды жою арқылы сипатталады.
Қазақстан Республикасының қызыл кітабына жануарлар мен өсімдіктердін сирек кездесетін, кұрып кету қаупі төнген түрлері жазылады. Оларды заңсыз олжалауға, алуға, өткізуге, сондай-ақ жоюға заң мүлдем тыйым салады.
Қызыл кітапқа жазылған жануарлармен өсімдіктердің мекендейтін орындарына — жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерінің өсіп-өнуіне бөлінген жер, су үсті бөліктері жатады. Мысалы Қорғалжын аумағы аққулар мекендейтін орын. Каспий жағалауы ерекше сирек құстар мен балықтар өсетін орын. Өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері өсетін - Тянь-Шань шыңы т.б.
Қылмыс құрамы құрылысы жөнінен материалдық. Ол заңда көрсетілген зардаптың сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесін заңсыз олжалау, алу, өткізу немесе әрекеттерінің біреуін істеген уақыттан аяқталған деп танылады
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы (293-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі — ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің қорғалуы мен сақталуын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты — мемлекет корғауына алынған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (қорықтар, ұлттық, тарихи-табиғи және мемориалдық парктер, заказниктер, табиғат ескерткіштері, қорық аймақтары, ботаникалық және зоологиялық бақтар, дендарийлер, курортты және демалыс, туризмге арналған аймақтар).
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізімі және оларды пайдалану тәртібі "Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтары" туралы арнаулы заңында көрсетілген.
Қылмыстың (293-баптың 1-тармағы) объективтік жағы:
а) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзу;
б) осы режимді бұзудан елеулі зиян келтіру арқылы сипатталады.
Ережелерді бұзуға (мемлекеттік табиғи қорықтардан басқа) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды бүлдіру, жою, өрт кою, су жіберу аркылы оларды қирату, ластау, осы аумақтардағы ағаштар мен бұталарды кесу сияқты қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жатады. Заңның бабы бланкеттік диспозицияға негізделген. Осыған байланысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардын режимін реттейтін, қолданылып жүрген арнаулы құқыктық-нормативтік актілерді дәл анықтап, оның қайсы талаптарынын бұзылғанын анықтау кажет.
Елеулі зиянның түсінігі Қылмыстық кодекстің 288-бабының түсінігінде берілген.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субеъктісі — 16-ға толған адам.
Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-тармағында осы Қылмыстың ауырлататын түрі — ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін елеулі зиян келтіре отырып қасақана зақымдағаны немесе бұзғаны үшін жауаптылық белгіленген.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық қылмыстардың топтық обьектісіне не жатады?
2. Жануарларды заңсыз атудың обьектісі не?
3. Ормандарды жою немесе зақымдау қылмысының құрамы
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу дегеніміз не?