Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
1. Кәсіпорынынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай-ақ олардың пайда болу, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен жинақталған, қорытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен алады.
Баланс - сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.
Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы – шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі 1 күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.
Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі 1 сәтке 2 топпен орналасуы мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.
Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни баланс пассиві көрініс табады.
Баланс - бухгалтерлік есептің екі бөлімнен тұратын тәсілдегі элементтерінің бірі. Біріншісі «Актив» деп, ал екіншісі – «Пассив» - «Меншікті капитал және міндеттемелер» деп аталады.
Актив | Пассив |
І. ¦зақ мерзімді активтер 1. Материалдық емес активтер 2. Негізгі құралдар 3. Ұзак мерзімдік дебиторлык берешек 4. Инвестициялар ІІ. Ағымдағы активтер 1. Тауарлық-материалдык қорлар (материалдар, дайын өнім, тауарлар) 2. Ақшалай қаражат (касса, есепшот, валюталык шот) 3. Дебиторлық берешек (есеп беретін адамдар- мен есептесу) 4. Қаржылық инвестициялар Келешек кезең шығындары | I. Меншікті капитал І. Жарғы капиталы 1. Резервтік капитал 2. Қосымша төленген капитал 3. Қосымша төленбеген капитал 4. Төленбеген табыс (жабылмаған шығын) II. Ұзак мерзімдік міндетемелер 1. Ұзак мерзімді қарыздар 2. " ¥зақ мерзімді кредиторлық берешек 3. Салыктар Ш. Ағымдык міндетемелер 1. Қыска мерзімдік қарыздар 2. Бюджетпен есептесулер 3. Алынған аванстар 4. Жалақы бойынша есептесулер 5. Жабдықтаушылармен және есептесулер |
Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол 1 ғана жиынтығын 2 түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі.
Бухгалтерлік баланс құжаттармен расталған, тексерілген бухгалтерлік жазбалар негізінде жасалады. Баланс жасау ушін Бас кітап, журнал-ордерлер, сондай-ақ талдау есептерінің регистрлері пайдаланылады.
Салыстыру үшін баланс кестесінде жылдың басында және соңындағы көрсеткіштер келтіріледі. Балансты механикалық өндеу үшін кестенің әрбір баптары кодталады. МКМ мен активтің әрбір бөлігі бойынша жиыны есептеледі. Активтер МКМ (пассивтеріне) тең болуы тиіс.
Баланс негізінде ұйымның қаржылық жағдайы, ягни қарсы қойылып салыстырылатын капиталдағы, ұйымға тиеселі экономикалық ресурстардың бар-жоқтыгы жайлы пікір айтылып, талкыланады, Қаржылық жағдайды уақыттың қайсыбір сәтінде ғана (заңнамаға сәйкес - есепті жылдың 31 желтоқсанында) анықтауға болады.
Шаруашылық жургізуші субъектінін қаржылық жағдайын мынандай теңеуді пайдаланьш, есептеп шығаруға болады;
активтер = міндеттемелер + меншікті капитал.
Бухгалтерлік есептің халықаральж жүйесінде бұл теңдеу баланстың теңдеу дсп аталады. Оның екі бөлігі де өзара тең болуы тиіс.
Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді. Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші (жолы) бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кезде бұл баптар топқа, топтар – бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына орай жүзеге асырылады.
Баптардың ерекшеліктері :
- активтік баптар шаруашылық қорларын құрамы, орналасу және пайдаланылуы бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;
- активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар – меншікті капиталды, кәсіпорынның қарыздарын көрсетеді.
Баланс – брутто және баланс – нетто деген бар. Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген баланс нысаны пайдаланылады, мұның өзі – баланс неттоға сай келеді.
Баланс – брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік баланс – неттоның активтінде 2 бөлім, пассивінде 3 бөлім бар.
Актив:
1. Ұзақ мерзімді активтер
2. Ағымдағы активтер
Пассив:
1. Меншікті капитал (Акционерлік капитал)
2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
3. Ағымдағы міндеттемелер
Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті баптар болады.
Баланс – неттода бірқатар баптар ашық түрде көрсетіледі. Мысалы: ``Материалдық емес активтер``, ``Негізгі құралдар`` баптары бойынша бастапқы құны, тозу және қалдық құн көрсетіледі.
Баланс – неттоның актив валютасына материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың қалдық құндары ғана енгізіледі.
2.Экономикалық мағынасы бойынша баланстың біртектес баптары топтарға, ал топтар – бөлімдерге бірігеді. Бөлімдердің мазмұны шаруашылық қорлары мен олардың көздерінің жіктемесіне сәйкес келеді.
1 бөлім. Бұл бөлімде ұзақ мерзімді активтер көрсетіледі.
Материалдық емес активтер – бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы (бір жылдан астам) шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі. Бұл орайда түсіндірме жазуларда амортизация есептеудің әдісі, есептеу мерзімі, сондай-ақ есепті кезеңдегі: гудвилл – патенттердің, тауар таңбаларының және басқалардың есептен шығарылуы көрсетіледі.
Негізгі құралдар - бұл материалдық салада, сондай-ақ өндірістен тыс салада қызмет мерзімі 1 жылдан аспайтын материалдық активтер (жер, үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, аяқталмаған күрделі құрылыс).
Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінге қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді инвестициялар кәсіпорындардың табысты активтеріне (бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар) жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ мерзімді (1 жылдан астам мерзімге) инвестициялары, өзге кәсіпорынға берілген қарыздар көрсетіледі.
Мұнда мынадай баптар ашылады:
а) еншілес серіктестіктерге берілген инвестициялар;
б) тәуелді заңды ұйымдарға берілетін инвестициялар
в) ағымдағы құнды көрсетілген өзге де инвестициялар, бұл олардың баланстық құнынан ерекшеленеді.