Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау әдістері
Негізгі қорларды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады.
Негізгі қорлардың қызмет ету мерзімінің ұзақтығына, оның біртіндеп тозуына және ұдайы өндірістің өзгеріп тұруына байланысты негізгі қорлардың құнын бағалаудың келесі әдістері қолданылады:
Сурет 5 – Негізгі қорлардың құнын бағалаудың әдістері
Негізгі қорлардың бастапқы құны дегеніміз – бұл негізгі капиталды салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмысын қалпына келтіру жағдайына тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығы.
Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны - бұл қорларды жасақтауға немесе сатып алуға шығындалған сома. Ол амортизация нормасын, амортизациялық есеп көлемін, кәсіпорын активінің пайдасы мен рентабельділігін, олардың пайдалану көрсеткішін анықтау үшін қолданылады.
- Негізгі қорларды пайдалану процесінде олар тозып, біртіндеп бастапқы құнын жояды. Олардың шын өлшемінен тозған құнын алып тастау керек. Міне, осы негізгі қордың қалдық құны болып табылады, яғни қалдық құн - негізгі қордың бастапқы құны мен тозу сомасының айырмашылығы болып табылады.
Негізгі капиталдың ағымдағы құны – бұл негізгі қорлардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Негізгі капиталдың қалпына келтіру құны ұдайы өндіріс жағдайында қызмет жасап жатқан ұқсас негізгі капиталдың нысанның құнымен анықталады, яғни сәйкес негізгі капитал түрлері үшін осы күні анықталған нарықтық баға бойынша қайта бағалау жолымен табылады.
Негізгі қордың қалпына келтіру құны - ісжүзіндегі еңбек құралдарының сол периодтағы бағадағы құны. Бұл қазіргі кездегі негізгі қорды өндіруге шығындалған сома, ол қорларды қайта бағалау кезінде қойылады. Негізгі қордың қалпына келтіру құнын бағалау шешімі тез өсіп, кәсіпорындардың қаржылық-экономикалық көрсеткішін төмендетеді.
Негізгі қорларды қайта бағалау (индексациялау) кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні жасауға кететін құнына байланысты анықталады. Бұл негізгі капиталдың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі капиталды тиісті түрде қайта бағаланғаннан бастап оларды теңдестікте қалпына келтіру құнымен есептейді.
Негізгі капиталдың теңдестік құны –негізгі капиталдың бастапқы немесе ағымдағы құнынан жинақталған амортизация мөлшерін алып тастағандағы қалған құн.
Амортизацияны есептеу әдістері. Амортизация мөлшерлері амортизация көлеміне қарай ерекшеленуі мүмкін:
· ол уақыт бірлігіне (бір жылға) – негізгі қор құнының пайыздық бөлігі (%);
· шығарылатын өнім бірлігіне - теңге;
· жұмыс бірлігіне (тонна – км. жүріс жолы, ұшу сағатына) сәйкес белгіленеді.
Өнеркәсіпте амортизация мөлшерлерін белгілеудің алдыңғы екі әдісі қолданылады.
Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәсілі түсініледі.
Амортизацияны есептеуде келесі әдістер қолданылуы мүмкін:
· құнды бірқалыпты (түзу сызықты) есептеп шығару әдісі;
· құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлемінетепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс);
· жылдамдатып есептен шығару әдістері: қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі; сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (кумулятивтік әдіс).
Әртүрлі негізгі капиталға әр түрлі әдіс қолдануға болады. Субъектінің таңдап алған амортизациялық аударымын анықтау әдісі есептік саясатқа сәйкес және бір есептік кезеңнен екіншісіне өтерде бір ізділігін сақтауы тиіс.
Амортизацияны бірқалыпты есептен шығару (түзу сызықты) әдісі. Ең қарапайым болып табылатын бұл әдісте нысанның амортизацияланатын құны негізгі капиталдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана нысанның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделінген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі капиталының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын нысанның пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады.
Мысалы: Амортизация сомасын қызмет ету мерзімі бойынша анықтау мысалын қарастырайық. Субъектінің сатып алған көшірме құрал-жабдығының бастапқы құны – 30 000 000 теңге, бес жылдық қызмет жасағаннан кейін болжамдық қалдық құны 3 000 000 теңгені құрайды. Осы мәліметтерге сүйене отырып, бір жылдық амортизациялық аударым былайша анықталады:
(30 000 000 теңге – 3 000 000 теңге) / 5 =5 400 000 теңге.
Бұл көшірме құрал-жабдығының барлық амортизацияланатын сомасы 27 000 000 теңгеге (30 000 000 – 3 000 000) тең, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл көшірме құрал-жабдығының пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100 пайыз деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін сол соманың 20 пайыз деп те табуға болады (100/5=20%). Осы амортизация мөлшерін пайдалана отырып, жоғарыдағы көрсеткішке тең соманы табуға болады.
27 000 000´20/100 = 5 400 000
Осыған сәкес ай сайынғы амортизация сомасы 450 000 теңге тең болады (5400000:12).
Кесте 8 - Негізгі капиталдың амортизациясын бірқалыпты есептеп шығару әдісі
Мерзімі | Бастапқы құны | Амортизацияның бір жылдық сомасы (теңге) | Жинақталған тозу сомасы (теңге) | Қалдық құны (теңге) |
Сатып алынған кездегі: | 30 000 000 | 30 000 000 | ||
1-ші жылдың соңында | 30 000 000 | 5 400 000 | 5 400 000 | 24 600 000 |
2-ші жылдың соңында | 30 000 000 | 5 400 000 | 10 800 000 | 19 200 000 |
3-ші жылдың соңында | 30 000 000 | 5 400 000 | 16 200 000 | 13 800 000 |
4-ші жылдың соңында | 30 000 000 | 5 400 000 | 21 600 000 | 8 400 000 |
5-ші жылдың соңында | 30 000 000 | 5 400 000 | 27 000 000 | 3 000 000 |
Бұл кестеден үш жағдайды көруге болады:
· негізгі капиталдың пайдалану мерзімі ішінде оған есептелетін амортизациялық аударым сомасы өзгермейді (тұрақты);
· жинақталған тозу сомасы бірқалыпты өсіп (көбейіп) отырады;
· негізгі капиталдың қалдық құны бірқалыпты азайып отырады.
Негізгі капиталды пайдалану барысында бірқалыпты табыс алынатын болып топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланады, яғни ол нысанның пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.
Бірқалыптық әдістердің бірқатар кемшіліктері де бар. Оларды пайдалану кезінде негізгі капитал толық амортизацияланбайды, сондықтан құнын жоғалту, шығынға ұшырау қаупі төнеді.
Өндірістік әдісті пайдалану мерзімі субъектінің шаруашылық қызметіндегі өзгерістермен немесе техникалық көрсеткіштермен шектелген жағдайда өте оңтайлы әдіс болып табылады.
Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісінің екі түрі болады:
· сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісін (кумулятивтік);
· қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісін.
Кумулятивтік әдіс – латын тілінен аударғанда - өсу, жинау деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосу арқылы тозу сомасы есептелінеді, демек нысанның қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.
Негізгі капитал (негізгі қорлар) бірнеше бағыттарда талданады. Инфляцияны есепке алғандағы негізгі қорлардың нарық бағасындағы динамикасы. Бұл динамиканы тұрақты бағадағы шығарылған қніммен салыстырып, негізгі қорлардан қайтарым өсуде ме, жоқ па екендігін анықтауға болады.
Негізгі капиталдың құрылымын талдау: оның ішінде:
· өндірістік (салалық) құрылымды, себебі ол негізгі қорлардың өндіріс (сала) бойынша бөлінуін көрсетеді;
· технологиялық құрылымды, өйткені негізгі қорлардың активтік бөлігі (өнім шығаруға тікелей қатысатын жұмыс машиналары, жабдықтар) мен пассивтік бөлігінің (ғимараттар, салынымдар, т.б.) арақатынасын көрсетеді;
· жастық құрылымын, негізгі қорларды қызмет ету уақытына байланысты сипаттайды. Машиналар мен жабдықтар бойынша Қазақстан өнеркәсібінде орташа қызмет ету уақыты – 25 жыл.
Негізгі қорлардың жаңартылуын, шығуын және тозуын талдау:
Кжан = Фкір /Фс
Кш = Фж/Фб
мұндағы Фкір, Фж – бір жыл ішінде кіргізілген және жойылған негізгі қорлардың құны, теңге
Кжан, Кш – жаңарту және шығу коэффициенттері
Фб, Фс – негізгі қорлардың жылдың басындағы және жылдың соңындағы құны, теңге
Негізгі капиталдың технологиялық деңгейі. Ол ішкі және сыртқы нарықтағы фирманың бас бәсекелестерімен салыстыру арқылы анықталады
Негізгі қорларды қолданудың тиімділігі әртүрлі коэффициенттермен анықталады:
· негізгі қорларды уақыт өлшемінде қолданудың жеделдету коэффициентімен, оның ішінде жабдықтардың сменалық жұмысының коэффициентімен
· өндірістік қуатты қолданудың коэффициентімен, яғни жабдықтың нақты қуатын құжаттағы қуатқа бөлу арқылы
Негізгі өндірістік қорлардың қорқайтарымы және өнімнің қорсыйымдылығы. Негізгі өндірістік қорлар жиынтығын пайдалану деңгейін сипаттайтын неғұрлым жалпылама көрсеткіш – қорқайтарымы көрсеткіші, ол сала, кәсіпорын немесе нысанның негізгі өндірістік қорлардың бір теңгесіне өндірілген өнім ҚҚ деңгейін білдіреді. Бұл көрсеткіш белгілі бір кезеңде (жылда) ақшалай (немесе табиғи) шығарылған өнім көлемінің ӨК кәсіпорынның, негізгі өндіріс қорларының жалпы орташа жылдық теңдестік құнына НҚ (тозуды есептеп шығармай ) қатынасымен анықталады:
ҚҚ = ӨК / НҚ
мұндағы: ҚҚ –қорқайтарымы;
ӨК- өндіріс көлемі;
НҚ – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны.
Қорқайтарымына кері көрсеткіш - өнімнің қорсыйымдылығы негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құныныңбелгілі бір кезеңде (жылда) ақшалай немесе табиғи түрде шығарылған өнім (тауарлық, жалпы) көлеміне қатынасымен анықталады:
ҚС = НҚ /ӨК
Өнімнің қорсыйымдылығы- қорқайтарымына кері шама. Ол шығарылатын өнімнің әрбір теңгесіне келетін қор үлесін көрсетеді. Егер қорқайтарымы жоғарылауға бейім болса, онда қорсыйымдылығы – төмендеуге бейім келеді.
Кәсіпорын жұмысының тиімділігі, көбінесе, негізгі өндірістік қорлар құнының жұмыскерлер санына (жұмыскерлер, өнеркәсіптік-өндірістік персонал) қатынасымен анықталатын қормен жабдықталудеңгейімен анықталады. Бұл шама әрдайым жоғарылап отыруға тиіс, себебі оған техникалық жарақтану, демек еңбек өнімділігі тәуелді болады.
Өндірістік негізгі қордың құрылымы қоғам арасында салынатын қаражат салмағының айырмашылығын көрсетеді. Яғни актив бөлігінде негізінен өндірістің айнымалы қаржыларының жұмсалуы көзделеді. Сондай-ақ өндіріске қызмет ететін шешуші бөлімнің және өндірісте сипатталуға мүмкін болатын кәсіпорын шығарған бұйым, сонымен қатар құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Пассив бөлігіне ғимараттар, транспорттар, беріліс қондырғылар жатады. Олар өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып өндірістің актив бөлігінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Жоғарғы көрсеткішті қор қайтарымынан шығарылған басқа да өнім шарты, өндірістік негізгі қор айналымының үлес құнына тең. Сондықтан кәсіпорынның ақшалай жинағын көбейту, өзіндік құнды төмендету, өндіріс шартын өсіру, негізгі қор құрылымын жақсартуды қарау. Негізгі қор есеп және жоспарын ақшалай немесе заттай үлгіде жүргізеді. Негізгі қорлар бағасы амортизациялық есеп көлемі, тозу деңгейі үшін қажет.
Негізгі қор бағасының олардың өндіріс процесіне қатысуына байланысты бірнеше түрі бар. Олар:
1. Бастапқы құн
2. Қалдық құн
3. Қалпына келтіру құны
Сондықтан кәсіпорын үшін, қаржылық көрсеткішінің төмендетілген бағасын амортизация коэффициенті қабылдайды.
Негізгі кәсіпорынның айналымы мына сатылардан тұрады:
1. Негізгі қорлардың тозуы: табиғи және моралдық тозу.
а) табиғи және моралдық тозуы, яғни еңбек құралының тұтыну бағасын жойған кез.
Табиғи тозу мына жағдайда болады:
- Дайын өнімнің құнымен қалпына келтіретін еңбек құралының пайдалану процестері
- Еңбек құралдарының іске пайдаланылмай тұруына құралдардың құны
жойылады.
Негізгі қордың бірдей элементтері табиғи тозу теңсіздігінен шығарылған. Толық және ішінара тозудың негізгі қордағы айырмашылығы: толық тозу- үшін қорға жаңадан тарату немесе айырбастау (негізгі қордағы капиталдық құрылыстың тозуын ағымдық ауыстыру), ішінара тозу- жолдық ремонттарды өтеу.
Табиғи тозу өндірістік қызмет мерзімін процентпен белгілейді, яғни мына формуламен анықталады: (Иф)
Иф=Tф/Tн*100
Мұндағы Tф-өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл
Tн-нормативті қызмет мерзімі, жыл.
Кездейсоқ, нақты қызмет мерзімін салыстыру мөлшері немесе оның алдын-алу, табиғи тозу пайызы мына формуламен анықталады:
Иф=Тф/Тф+Тв*100
Мұндағы: Тф- өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл
Тв-өндірістік негізгі қордың қызмет мерзімінің мүмкіндігі, жол экспортын санау, жыл.
б) моралдық тозу көнеруден туады. Негізгі қаржы конструкциясы өнімділігі, тиімділігі, үнемділігі бойынша анықталады. Негізгі өндірістік қордың құнсыздануы.
Моралдық тозу көлемін бағалау:
1. Негізгі капиталдың толық және алғашқы құны = еңбек құралын оны пайдалану бағасы бойынша сатып алу.
2. Негізгі капиталдың қалдық құны - толық құны - амортизация
3. Негізгі капиталдың қалыпқа келтіретін құны - іс жүзіндегі еңбек құралдарының сол периодтағы, бағадағы құны
Моралдық тозудың алғашқы үлгісінде (ИМ1) бастапқы құнды қалпына келтіру, негізгі қордың салыстырмалы бағасы мен немесе пайызбен анықталады. Оның формуласы мынадай болады:
ИМ1=Пн - Пс / Пн * 100
Мұндағы Пс және Пн - өндірістегі жаңа және моралды көнеру машиналарының сәйкестігі.
Табиғи және моралдық тозу есебінде қорды қалпына келтіру құны, қызмет мерзімі алмастырылған және амортизация нормасы мен суммасын анықтау көзделген.
Келесі топ көрсеткіштері негізгі қордың актив бөлігін пайдалану деңгейін және өндірістік қуатты, сонымен қатар оларды пайдалануды жақсарту мүмкіншіліктерінің жасырын резервтерін сипаттайды. Оларға негізгі қорларды интенсивті, экстенсивті, және интегралды пайдалану коэффициенті кіреді.
Экстенсивті пайдалану коэффициенті (Кэ), НӨҚ актив бөлігін пайдалану деңгейін сипаттайды. Ол құрал-жабдықтардың істелген уақыттың қордың календарлық уақытына қатынасы (Тк):
Кэ =Тф/ фреж
Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициентінің мәні бірлікке жақындауы тиіс
Интенсивті пайдалану коэффициенті (Ки)- бұл көрсеткіш маштналар мен жабдықтардың пайдалану деңгейін мінездейді:
Ки = Пф / Пв
Мұндағы, Пф – машиналар мен жабдықтардың нақты өндірісі;
Пв – машиналар мен жабдықтардың өндірістік мүмкіншілігі.
Интегралды коэффициент (Кинт) - бұл көрсеткіш маштналар мен жабдықтардың уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану деңгейін мінездейді:
(Кинт) = Кэ * Ки
Негізгі қорлардың амортизациясы. «Амортизация» термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.
Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстыруын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.
Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.
Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға тұседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.
Амортизацияның негізгі функциялары – қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.
Одан басқа анықталған деңгейде негізгі қорларды толық пайдалануын қарастырып ынталандырушы қызметті де орындайды: құрал-жабдықтың қызмет ету мезгілі қанша ұзақ болса, сонша көп өнім шығарылады және сонша тез негізгі қорлардың құны ауыстырылады.
Шаруашылық практикада амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдар қолданылады, яғни аударылған құнның ақшалай көрінісі.
Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің өзіндік құнын құрайтын негізгі бір элементтері болып табылады. Амортизациялық аударымдардың сомасын көтеру немесе төмендету өндірісте шығындардың, қосылған жылдық табыстың мөлшерінің бұзылуына, сәйкесінше салық салуда қайшылықтарға алып келеді.
Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік үрдісте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың табиғи және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді.
Амортизациялық аударымдар шығып кеткен негізгі қорларды қайта өндіруге бағытталады. Сондықтан етуінің барлық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар оның бастапқы құнына тең болуы керек, олардың жоюдан түскен таза түсімінен басқа болуы керек.
Өнімге ауыстырылған құн көлемі келесіндей анықталады; біріншіден негізгі қорлардың бастапқы құнымен, бастапқы құн қанша жоғары болса, сонша негізгі қорлар құнының ауыстырылатын бөлігі көп болады.
Екіншіден, бұл мөлшер негізгі қорлар түрімен анықталады, мысалға: өнеркәсіпте ғимараттардың мөлшерлі қызмет ету уақыты 30-50 жыл (өндіріс мамандығына байланысты), ал машиналардың және құрал-жабдықтардың қызмет ету уақыты – 3-15, 15-20 жылға дейін.
Үшіншіден, өнімге ауыстырылатын негізгі қорлар құнының мөлшері өндіріс мамандығының саласымен де шартталған: бір салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісіне шығын амортизация үлесі өнеркәсіптердегі орташадан жоғары, бірінде төмен болады.
Амортизациялық аударымдардың көлемі норма амортизациясы бойынша негізгі қорлардың бастапқы құнынан олардың жұмыс уақытының мөлшерін есептеумен анықталады.
Осыған байланысты амортизация нормасы мына формула бойынша анықталады:
На = Фп (б) – Фп / Фп · tсл · 100%
Мұндағы, На – жыл ішіндегі амортизация нормасы (%);
Фп (б) – негізгі қорлардың бастапқы құны;
Фп – жойылатын құн;
tсл – негізгі қорлардың жұмыс жасау мерзімі.
Амортизация нормасы негізгі қорлар құнының жылдық процентін өтеумен байланысты. Амортизация нормасы амортизациялық аударымының жылдық мөлшерінің негізгі қорлардың ортажылдық құнына қатынасымен анықталады.
Көпшілік салаларда өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне, құрал-жабдықтар жұмысының ауыстырылуына және режиміне, жасалған жұмыстың жүктеме деңгейіне және табиғи көлеміне, сыртқы ортаның шарттарына, географиялық орналасуына (объектілердің) және т.б. факторларға байланысты амортизация мөлшері көтерілуі немесе төмендетілуі мүмкін.
Амортизация нормалары экономикалық оқшауланған және негізгі қорларды уақытында төлеуге бағытталуы қажет. Оларды есептегенде негізгі қорлардың экономикалық лайықты жұмыс жасау уақытын келесі факторлардың есебімен дұрыс анықтау маңызды болып табылады: моральдық тозуы (бірінші және екінші түрі); техникалық қайта құралдануының перспективалық жоспары; құрал-жабдық балансы; модернизация мүмкіндіктері және капиталдық жөндеу. Амортизация деңгейі капитал салымдарының және жаңа техниканың тиімді вариантын таңдауда маңызды роль ойнайды.
Бухгалтерлік есептің 6 стандартына сәйкес амортизацияны есептеу үшін келесі әдістер қолданылады:
1. Бірқалыпты құнды тізімнен шығару;
2. Жасалған жұмыс көлеміне сәйкес құнды тізімнен шығару (өндірістік әдіс);
3. Жеделдетілген тізімнен шығару:
а) кішірейетін қалдық
б) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару (коммулятивтік әдіс).
Бір қалыпты құнды тізімнен шығару әдісі – объектінің амортизацияланатын құнын ай сайын тең сомада тізімнен шығару. Бұл әдіс негізгі қорлардың объектісін пайдаланудан түскен пайда оны пайдалану уақытының әр кезеңінде бірдей деп болжаған кезде қолданылады, яғни объектінің қалатын пайдалылығы бірқалыпты болады.
Өндірістік әдіс амортизациялық аударымдар тек қана объектіні пайдалану мерзімен анықталады, яғни амортизация сомасының және өндірістік қуаттылықтың арасында тікелей байланыс бар. Бұл кезде амортизацияны анықтау үшін жұмыс жасау мезгілі ескерілмейді. Өндірістік қауттылық өнім шығару бірлігімен, қолдану сағатымен, жүріс бірлігімен және т.б. берілуі мүмкін. Активтің қалдық құны жойылу құнына жеткенше өндіріс қуаттылығына тіке тепе-тең жыл сайын төмендей береді. Бұл әдіс қолдану уақыты техникалық көрсеткіштерге немесе субъекттің шаруашылық қызметінде өзгерулермен шектеулі болған кезде қолайлы.
Өндірістік әдісті таңдауда объектінің өндірістік қуаттылығын пайдаланудан байланысты амортизацияның ауытқу көлемі жылдан жылға амортизацияның өзгеретін тенденциялар туралы нақты анықтамалар бермейтінін және өзіндік құнды және қаржылық жағдайын анықтауда тікелей әсерін тигізетінін ескеру қажет.
Технологияны жетілдіру жағдайында құрал-жабдықтар моральды тез тозады. Сондықтан қаржылық шарттарды құру мақсатында өндіріске ғылыми техникалық жетістіктерді енгізуді тездету үшін және негізгі қорларды жаңартуда мүдделігін көтеру үшін субъектілер амортизацияның жеделтілген есептеу әдісін қолдануларына болады:
а) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару әдісі (коммулятивті);
б) кішірейетін қалдық әдісі.
Сандардың сомасы бойынша құнда тізімнен шығару әдісі есептік коэффициентін анықтаудан тұрады, коэффициент бөлімі пайдалы жұмыс істеу жылдарының сомасына тең, ал алымы кері қатардағы қызмет мезгілінің қалған жыл мөлшерінен тұрады. Бұл коэффициент әр түрлі қолдану мезгілінде әр түрлі, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты мөлшеріне қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда бірінші жылдары амортизациялық аударымдар сомасы келесі жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болады.
Кішірейетін қалдық әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнмен емес баланстық құнмен жүргізуден тұрады. Тіке сызықты әдісте амортизация нормасы екі еселенеді. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан-жылға төмендейді, алғашқы жылдары ол айтарлықтай көп болады. Амортизацияны есептеген кезде қалдық құнды жойылу құнына дейін төмендету үшін пайдаланатын амортизация сомасы мөлшерімен шектелетін соңғы жылды қоспағандағы жоспарланатын жойылу құны амортизацияны есептеген кезде ескерілмейді.
Бекітілген орнатылған тәртіптегі сәйкескен инвентарьлы объектінің амортизация нормасы өскен кезде кәсіпорынның жеделдетілген амортизациясын есептеу бірқалыпты әдіс базасында жүргізеді.
Соңғы жылдары дамыған елдерде машиналардың құнын тез тізімнен шығарудан жаңа әдісі – амортизацияның регрессивті және прогрессивті әдістер комбинациясы қолданылады.