Ақша қаражаттары есебі бойынша операциялар аудитін жүргізу
Кассадағы ақша қаражаттарының есеп беруінің аудиті
Касса операцияларына аудиторлық тексеруді объектіге қатысты төмендегі реттілікпен жүргізуге болады.
- кассаға түгелдеу жүргізу және ақша қаражаттарының сақталу жағдайын тексеру;
- операциялардың құжаттық рәсімделуінің дұрыстығын тексеру;
- Ақшаның толық және өз уақытында кіріске алынуын тексеру;
- Ақшаның шығысқы есептеп шығарылуының дұрыстығына аудиторлық тексеру жүргізу;
- Операцияладың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуінің дұрыстығын тексеру.
Тексеру жүргізу жоспарын құру кезінде ақша қаражаттарының және кәсіпорын кассасындағы басқа құндылықтардың қозғалысы мен сақталуына ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау керек. Тестілеудің көмегімен аудитор кәсіпорынның касса операцияларын жүргізуіне алдын-ала баға береді, осалырақ участоктарды анықтайды, негізгі бақылау процедураларының құрамын жоспарлайды, есеп жүргізу ерекшеліктерін анықтайды. Аудиторға мүмкіндігіне қарай касса операцияларына ішщкі бақылаудың жағдайы туралы толық ақпарат алуы қажет. Ол үшін ең бірінші оған алдын-ала дайындалған сұраунама тест жүргізуі тиіс.
Банктік операциялар аудиті
Ақшалар қаражат аудитінде банктік операцияларын тексеруге көп назар аударуды талап етеді. Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес кәсіпорындар өзінің ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен есеп айырысу ағымдағы, кореспонденттік, жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта ресімдеумен, шоттарда жаңылыс жазулар жөніндегі талап-тілекпен байланысты туындайды. Кәсіпорындар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.
Аудит процедуралары:
1. Кәсіпорынның банктегі есептік, ағымдағы, валюталық және басқа да шоттар бар екендігін айқындау;
2. Банктегі ақша шоттарындағы операциялардың заңдылығын, анықтығын және шаруашылық мақсатқа сәйкесиілігін тексеру;
3. Шотқа түскен ақшаны кіріске алудың дұрыстығын, уақтылығын және толықтығын тексеру;
4. Ұсынылған шоттарға төленген қаржының дұрыстығын, толықтығын және сәйкестігін тексеру;
5. Бюджетке салық және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер аударудың уақтылығын тексеру;
6. Банктен алынған және кассаға кіріске алынған, сондай-ақ оларды мақсатты пайдалануын тексеру;
7. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және әртүрлі кредиторлармен, соның ішінде банкпен несиелер бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың мерзімін өткізіп алу себептерін анықтау;
8. Кәсіпорындармен әрбір қолма-қол ақшасыз есептесу бойынша шарттық өзара қарым-қатынастардың сәйкестігін тексеру;
9. Құжаттар мен жазбаларда көрсетілген ақшаның бар екендігі мен қозғалысы туралы мәліметтердің сәйкестігін тексеру;
10. Банк операциялары бойынша шот корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру.
Ақша қаражаттар қозғалысы есептігінің аудиті
Ақша қозғалысы циклінің жергілікті аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:
- касса – банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдардың сапалы және сандық құрамы;
- бұл жұмыс учаскесі қызметкерлері кімге есеп береді;
- касса-банк және басқа да ақшалай операциялардың дұрыстығын кім, қашан және қалай тексереді?
- кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма?
- бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру актілері бар мажәне олардың мазмұны қандай?
- аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау жолға қалай қойылған?
Төлем циклін аудиторлық тексеру мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сараптау іс тәжірибесін талдау есептеуді жүргізудегі типтік бұрмалаулар туралы тұжырым жасауға және олардың ақшасын басқаруда ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
1. Ақшаның есеп шот бойынша қозғалысын төлеу циклін тексеру үшін кәсіпорын банк көшірмелері мен бастапқы құжаттардың мәліметтерін салыстыруы қажет. Сонымен бірге көшірмелердің өнделетіндігін (шот корреспонденциялары жазыла ма), құжаттардың нөмірленетін, ақшаны есептен шығару толық, жеткілікті расталғанын тексеру керек.
2. Сол уақытта қолма-қол есем ақшалай қаражаттың қозғалысы бойынша операцияларды көрсетудің ұсынылған тәртібінен айырмашылықтарды айқындау қажет.
3. Тағы бір өрескел қате ақшаны кәсіпорын кассасына кіріске алмау. Тексеру кезінде аудитор бар ақшаның қозғалысын талдауы, іс-жүзінде жасалған төлемді дебиторлық борышты өтеу сомасы мен касса есебіне алынған сома арасындағы айырмашылықты анықтауы керек.
4. Тексерудің жеке объектісі – нақты мақсаттарға, сонымен бірге еңбекақы төлеуге, іссапар шығыстарын жабуға, шаруашылық қажеттіліктерге және т.б. чек кітапшасы бойынша банктен алынған ақша қозғалысы.
5. Кәсіпорынның кассадағы ақшасы қозғалысын анықтап, оларды кіріске және шығысқа алудың уақтылығы мен толықтылығын тексеру керек.
6. Кассалық тәртіпті сақтау мен төлем циклі функционалды аудит бағдарламасын түгел орындау үшін тестілеу өткізуге болады. Сұрақтар тізбесін тексеруші аудит кәсіпорындағы нақтылы жағдай мен көлем циклі функционалды аудиттің қойған мақсаттарына сәйкес қалыптастырады. Тестілеу ішкі бақылаудың жағдайын анықтауға, ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, бухгалтерлік есепте кассалық операцияларды түгел және анық сенімді көрсету үшін талдауға мүмкіндік береді.
Мұндай төлеу циклі мен ақша басқарудың тиімділігі бағалаудың балдық, индекстік, немесе процедуралық тәсілдері қолданылуы мүмкін. Мысалы, бағалаудың балдық тәсілінде «иә» жауабы үшін ақша қозғалысын ұйымдастыру деңгейіне байланысты бірден үш балға дейін қойылады, ал «жоққа» 0 балл қойылады. Субъектінің ақшасын аудару жағдайын тестілеу қорытындыларын жалпы бағалауда қойылған баллдар сомасы бойынша жүргізу ұсынылады: 50 баллға дейін өте төмен, 51-65 дейін төмен, 66-88 – орта, 81-90 жоғары, 91 баллдан жоғары өте жоғары.