Зардап шегушіні жағаға жеткізу түрлері: Мұз үстіндегі жол ерекшеліктері
Өз құрылымына қарай әр өзен, көлдер, мұз қатуы әртүрлі болады.
Тез ағатын, иірімді өзендердің жағалауынан алысырақ болу керек, себебі ортада мұз бүтін қалапта болады. Өзенге немесе жағалауға қардан таза жермен өту керек.
Қар көп жиналған жерде, жарларда, қамыс көп өскен жерде, ағаш жырғалардың қосылған жерінде, көл, өзендердің (су тез ағатын жерлерде) мұз жұқа болып қатады.
Суық күндері өзеннің, көлдің қатпай қалатын жерлерінен «бу» шығады. Көктемде мұз басқан бұталар мен қалың шөп өскен жерлер қауіпті.
Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:
· қатпаған мұз үстінде шықпаңдар;
· мұз үстінде топ болып тұрамау керек;
· мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;
· биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;
· мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;
· мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;
· өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер
Мұз үстінен жүру ережесі:Мұздың толық қатпағанын білсеңіз, сырғилап жүріп, аяғыңызды жұмсақ жерге басқанда мұз қатпағанын білсеңіз тез қимыл жасаңыз. Шаңғымен жүргенде топ бірінің артынан бірі жүре отырып, аралап 5-6 метр болуы тиіс.Топ басшысы тәжірибелі болуы тиіс.Топ басшысының құтқару жейдесі, ұзынтаяғы болуы тиіс. Жай жүрісте мұз тез сына қоймайды (секірмесең, жүгірмесең).Мұздың сынуына ондағы жарықшық, түсі бұзылуы, үстінде су пайда болуы әсер етеді. Мұндай жағдайлар байқалған жағдайда өзің келген ізбен тез артқа қайту керек.
Егер аяғыңыздың астында мұз жарылсы:Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.
Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз: Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз.Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарф т.б.
лақтыру керек.
· мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т.б.
Зардап шегуші сол заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тарт.Суға батушыға бір болмаса екі адам ғана болып көмектесе алады.
Мұз үстінде қалып қойғанда не істеу керек:Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз. Жағдайды анықтап, қасыңыздағы адамдарды тыныштық сақтауға шақырыңыз! Мүмкіндік болса 1-2 адм суға секіріп жағаға жүзіп барып, көмек шақырсын. Мұз үстінде қалғандар аспанға оқ атып, от жағып, дауыстап адамдардың көңілін өздеріне аударуы қажет.
Құтқару құралдарын ағаштан, резина камераларынан, ұйықтайтын қапшық т.б. жасауға болады.
Үсік алу.Қатты үсікті санаулы минутта алу мүмкін, көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі.
Қалай жылыну керекҚолды үсік шалғанда саусақтарыңызда жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабңызды киіңіз. Егер қолқап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз.Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз.Егер аяғыңызды үсік шалса,орныңыздан қимылдаңыз.Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды.Бетіңізді желден қатты матамен жасалған тұлша арқылы сақтауға болады.
Көкмұз –бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз – ауа температурасы 0С-ден – 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.
Мұздақ – жер үстінде пайда болатытн мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.
Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.
Асығу – көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.
Қарлы боран (дауыл)
Егер сіз боранда қалсаңыз:
Қар үстінен паналайтын орын дайында;
· ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;
· паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
· ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.
Паналайтын жерде отырып не істеу керек:
· паналаған орынды белгілеу керек;
· бір-біріңе жақын отыру керек;
· барлық киім түймелерін салып, етек-жеңін дұрыстау керек;
· Су киімді сығу керек;
· ыстық шәй, кофе ішу керек;
· басыңды, аяғыңды барынша жылы ұстау керек;
· майлы азық пен қант жеу керек
Түн уақытта не істеу керек:
· Ішімдік ішпеу;
· отты қараусыз қалдырмау;
· орынды себепсіз қалдырмау.
Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:
· машинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз;
· автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;
· қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;
· пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік ішіне кірмеуін қадағылыу керек.
Жылдың
Егер автокөлік жолда өшіп қалсы:
· даурықпаңыз, жағдайды байқаңыз, қай уақыт, қай жерде тұрғаныңызды, елді-мекенге қанша жер бар екенін анықтауға тырысыңыз;
· егер күтетін болсаңыз, ұйықтап қалмаңыз;
· егер ары қарай жүретін болсаңыз, трасса мен көшеден шығып кетпеуге тырысыңыз.
Автокөлікте кемінде 5 дөңгелек болады, қажет болса біреуін жағуға болады.
Үсіген адамды жылыту жолдары:
Ең тиімдісі:
· ваннада (40 С жооғары емес);
· ыстық суға малынған сүлгі, жаймаға орау, суысымен қайты жылысына ауыстырып орау керек.
Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап отыру керек, аяғын жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.
Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.
Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс, оған өте ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс отырғызған дұрыс.
Зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй немесе кофе, егер лоқсымаса, құспаса онда тамақтандыру қажет.
Құрғақшылық –көбінесе температураның жоғарылауынан және ауаның ылғалдығының төмендеуінен болады. Қатты ыстық – қоршаған ауа температурасының күрт жоғарылауынан және бірнеше күн ішінде жоғарылауы. Бұл адам температурасының 38,8 С жоғарылап, дене температурасының бұзылуына әкеліп соқтырады. Дененің қатты қызуы жүрек қызметінің бұзылуына жеткізеді. Дене күйюінің белгілері: терінің қызаруы, қатты шөлдеу, дененің құрғауы. Ары қарай есінен танып қалу, жүректің тоқтап қалу және демнің жетпеуі.
Құрғақшылыққа қалай дайындалу керек (қатты ыстық):
Керек болған жадғдайда сұйықтықты көбірек іші керек. Ыстыққа арналған киімдерді, электр құралдарын (желдеткіштер, салқындатқыштар) дайындау. Егер сіз ауылдық жерде тұрсаңыз – демалыс орнын, құдықты, сонымен қатартерезеге арналған шторларды дайындау керек. Мүмкіндігінше электр құралдарымен қамтамасыз ету үшін, электроэнергия автономды бастауышы алынсын. Өзіңіз және отбасыңызды жылу күшейген жағдайда дұрыс қимыл жасай біліңіз.
Құрғақшылық болған кезде не істеу керек (қатты ыстық кезде)
Табиғат апаттары турал мәлімет алып, халықтарға көметтесу үшін жергілікті билік органдарымен хабарласыңыз. Зардаптар қайталану мүмкіндігіне дайын болыңыз.
Найзағай – бұл аспандағы бұлт арасынан от тәрізді шақпақ. Қаупі.Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады.
Найзағай көбінесе қайда түседі? Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.
Найзағайға қалай дайындалу керек.Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орнатқыштарын орнату қажет.
Табиғатқа шығу алдында ауа байы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжалдаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады.
Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м.