Парламент 4 страница

ҚР Конституциясындағы Азаматтық құқық туралы.

1995 жылы 30 тамызда ҚР Жоғарғы Кеңесімен қабылданған «ҚР Конституциясы » – Ата Заңы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

II бөлім «Адам және Азамат» деп аталады, оған 10-39 баптары кіреді. Аталмыш бөлімде мемлекет азаматтарының негізгі конституциялық азаматтық құқықтары талқыланады, жүзеге асырылады.

10-бап. 1. ҚР азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.

2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ, оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

3. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.

11-бап. 1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, ҚР азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.

2. Республика өзінің елден тыс жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.

29-бап. 1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

2. ҚР азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға құқылы.

30-бап. 1. ҚР азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

2. Азаматтың мемлкеттік жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

3. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

33-бап. ҚР азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзін басқару органдарында тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

34-бап. 1. ҚР азаматы ҚР Конституциясын, заңдарын ... сақтауға міндетті.

2. ҚР мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті.

35-бап. ҚР азаматы заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және де өзге де міндетті төлемдерді төлеу борышы әрі міндеті.

36-бап. 1. ҚР қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті.

2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.

37-бап. ҚР азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.

38-бап. ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті.

39-бап. Азаматтық құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылыста қорғауға құқылы және де процесс барысында Азаматтық Кодекске жүгінуге құқылы.

Басқа елден көшіп келген адамдар не оралмандар еліміздің азаматтығын алу үшін Қазақстан Республикасында кемінде 3 жыл тұру керек. Содан кейін оларға «ҚР азаматы» деген заңды күшке ие төлқұжат беріледі.

8-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. ҚР Конституциясы неше бөлімнен және неше баптан тұрады?

2. «Адам және Азамат» деген бөлім неше бап аралығын қамтиды?

3. ҚР Конституциясындағы 10-бап не туралы?

4. ҚР Конституциясының нешінші бабында мемлекет шетелде жүрген өзге азаматтарды қорғауға және қамқорлық жасауға кепілдік береді?

5. Заңмен белгіленген кепілді медициналық көлемін тегін алуға құқылы екенін көрсететін ҚР Конституциясының нешінші бабы?

6. Азаматтардың білім алу құқықтары туралы нешінші бапта айтылған және ол қандай шарттардан тұрады?

7. ҚР Конституциясының 34-бабында не туралы айтылған.

8. ҚР азаматы салық төлеуге міндетті ме? Нешінші бап?

9. Әскери қызмет атқару азаматтықтың белгісі ме? ҚР Конституциясында не жазылған?

10. Мәдени, тарихи мұраларды, ұлттық байлық пен табиғатты қорғауға, оны сақтауға ҚР азаматы міндетті ме? Неге?

9-тапсырма.Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Азаматтық құқығы, заңға сәйкес, кез-келген жағдайда тегін жоғары білім алуға құқылы, жекеменшік оқу орындарында, ақылы білім, белгіленген негіздер мен тәртіптер, өз өкілдері арқылы, мемлекет ісін басқаруға қатысу, Конституция заңдарын орындауға міндетті, мемлекеттік нышандарды құрметтеу, ұлттық мұраларды сақтауға міндетті, белгіленген салықтарды төлеу, табиғат байлықтарына ұқыпты қарау, әскери қызмет атқару.

10-тапсырма..Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін өзара байланыстырып сөйлемдер құраңыз.

А) басқа мемлекеттің азаматтығы, заңға сәйкес, беруге болмайды;

Ә) заңдарды сақтауға міндетті, мемлекеттік орындар, борышы, жүзеге асыруға құқылы;

Б) кепілдік беріледі, өтініштер жолдауға құқылы, баптары бойынша;

В) азаматтығын өзгерту, азаматтығы танылмайды, мемлекеттік салықтар;

Г) ұлттық мұра, мәдени ескерткіштерін қорғау, заңдарды сақтауға міндетті.

11-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғаулары мен шылауларды қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Мен ҚР Конституциясы... ..... өз азаматтық құқықтарымды қорғай аламын.

2. ҚР азаматы табиғатты қорғауға міндетті, ..... оны өзінің заңға қайшы келетін жеке қажеттілігі, мүддесі ..... пайдалануға құқылы емес.

3. Кәмелетке толған.... ...... ҚР әрбір азаматы әскери қызмет атқаруға міндетті, ...... оның Отан алдындағы парызы болып табылады.

4. ҚР азаматтығы заң... .... алынады ..... тоқтатылады.

5. ..... ҚР азаматында басқа мемлекеттің азаматтығы болса, ол мемлекет тарапынан танылмайды.

6. Үш жыл.... ..... ҚР аумағында тұрған адам мемлекет азаматтығына ие болады.

12-тапсырма.Төмендегі сөйлемдерге демеулік шылауларды жалғағаннан кейінгі мағыналық өзгерісті байқаңыз, түсіндіріңіз. Орыс тіліне аударып көріңіз.

Үлгі: 1. Мен ҚР азаматымын. ––– Мен тек қана ҚР азаматымын.

2. Мен жоғары мамандандырылған білім алуға құқылымын. –––

Мен жоғары мамандандырылған білім алуға құқылымын ғой!

а) Ешқандай жағдайда мемлекет азаматтық құқықты айыруға құқылы емес.

ә) Ұлттық мұраны қорғау – менің азаматтық патиоттық парызым.

б) Тыс жерде жүргенде мемлекет өз азаматтарын қорғауға, оларға қамқорлық жасауға міндетті.

в) Әр азамат өзінің азаматтық құқығын сол мемлекеттің заңнамасының негізінде қорғауға құқылы.

13-тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерің дәптерге жазып, жаттап алыңыздар.

Тұрақты тұрғындар-постоянные жители

Тұрғылықты жері-постоянное место жительства

Құқық қабілеттілігі-правоовые способности (возможности)

Заң және Әділет орындары-организации Закона и Юстиции

Ішкі істер министрлігі-Министерство внутренних дел

Қорғаныс министрлігі-Министерство обороны

Үкімет-правительство

Жүзеге асыру-осуществлять

Сүйену-опираться

Бағыну-подчиняться

Ие болу-владеть

Қалау-желать

Қаласа-если желает

Бірдей-одинаково

Дербес-независимый

Тіркелген құжат-зарегистрированный документ

Бүркеншік ат-псевдоним

Қорғаншылықтағы-под защитой

әрекет қабілеттілігі- способность к действием (работать)

некелесу-бракосочетание

келісім-соглашение

жеке тұлға-физическое лицо

заңды тұлға-юридическое лицо

мүлік-имущество

меншік-собственность

кәмелет-совершеннолетие

кәмелетке толу-достичь совершеннолетия

СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Адам құқықтары мен бостандықтары.

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндап, аударыңыз.

Конституцияда, басқа да заңдарда аталған азаматтардың құқықтары мен бостандықтары оларға заңды мүмкіндіктер береді. Ол мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін кепілдіктер қажет. Кепілдіктер мемлекет тарапынан жасалып, оның қадағалауында, бақылауында болады. Соның негізінде әр азамат заңда көрсетілген құқықтарын өзінің, халқының игілігіне пайдалана алады.

Азаматтарда сот арқылы қорғайтын құқық пен бостандықтан басқа да құқық пен бостандықтар бар. Оларға еңбек ету, білім алу, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау құқығы мен бостандығы жатады.

Қазақстан Республикасының адам және адамзат құқығындағы бірден-бір белгісі – Қазақстан аумағын мекендейтін халық мүддесінің мемлекет мүддесінен үстем тұрады. Конституцияның 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

Адам құқықтары қоғамдық қатынастарымен тығыз байланыста болады.

Соған байланысты арнайы топтарға жіктеледі.

1. Жеке құқықтар мен бостандықтар.

2. Саяси құқықтар мен бостандықтар.

3. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар.

Азаматтардың жеке құқықтары Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және адамзат» деген тарауында нақты көрсетілген.

а) Өмір сүру құқығы (15-бап) «Әркімнің өмір сүріге құқығы бар. Ешкімнің адам өмірін қиюға хақысы жоқ».

ә) Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар (13-бап).

б) Қажетті қорғану құқығы (13-бап). Әрбір адам және азамат заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерді қолданып, қорғануға құқығы бар.

в) Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар (16-бап).

г) Адамның қадір-қасиетін қорғау құқығы (17-бап). Мемлекетте ешбір азаматты азаптауға, оған қарсы қатыгездік, зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынады.

2-тапсырма.

1. Жеке құқықтар мен бостандықтар жөнінде ой бөлісіңіз.

2. ҚР Ата Заңының 15-бабындағы «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің адам өмірін қиюға хақысы жоқ» заң ережелерімен таныссыз ба?

3. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтарға қандай өзгерістер енгізер едіңіз.

3-тапсырма. Азаматтық парыз. Эссе жазу.

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Саяси, әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар

1-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

Саяси құқықтар мен бостандықтар

а) Сөз бостандығы құқығы. Әркім заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқылы (20-бап).

ә) Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығы бар (32-бап).

б) Азаматтар мемлекеттік органдарын сайлауға және сайлануға, референдумға қатысуға, мемлекеттік қызметке кіруге құқығы бар (33-бап).

в) Бірлесу бостандығы құқығы (23-бап). Азаматтар өздерінің алдына қойған мақсаттарын, мүдделерін іс жүзіне асыру үшін партиялар, кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар құруға құқылы.

Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтары

а) Жеке меншікке ие болу құқығы (26-бап). Конституция бойынша жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде қорғалады (6-бап).

ә) Әрбір азаматттың еркін кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқығы бар.

б) Қазақстан Республикасының азаматы еңбек ету бостандығына, қызметпен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар (24-бап).

в) Демалуға (24-бап), денсаулығын сақтауға (29-бап), жасы келгенде, мүгедек болғанда, жәрдемақы алуларына (28-бап), неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғалуында болуға (27-бап) құқықтары.

г) Азаматтың білім алу құқығы (30-бап).

ғ) Ана тілі мен төл мәдениетін пайдалану құқығы (19-бап).

8-сабақ

Лексикалық тақырып:Отбасы. Баспана

Көмекші есімдер қызметі.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Мәтінді оқыңыз және орыс тіліне аударыңыз.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір- бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.

Өзінің ана тілін, тарихын, мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін ұлт ғана өркендей алады. Қоғамда дәстүрге негізделген отбасы құндылықтарын нығайтқан отбасы мемлекеттің тірегі, елдің ел болып тұруына себепшісі. Екі жас бас қосып, ұрпақ жалғастыруы, жай ғана ұрпақ емес білімді саналы өкілдердерді дайындауы еліміздің ары қарай дамуына, өсуіне зор әсерін тигізетіні сөзсіз.

2-тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерің дәптерге жазып, жаттап алыңыздар.

отбасы – семья отбасы мүшелері - члены семьи діңгек – подпорка, столб, основа адамзат - человечество аса қажетті - особо необходимый салыстыруға болмайды - нельзя сравнивать рухани жақындық - духовная близость өркендеу – расцветать, развивать нығайту - укреплять мемлекеттің тірегі - опора государства ұрпақ жалғастыру - продолжение потомства мақсат ынтымақтастығы - единство цели сәт – миг өсу - рост ер жету - взрослеть тәрбие - воспитание қасиетті - священный ұрпақ - поколение ықпал, әсер - влияние бесік – колыбель дәріптеу - почитать тарих - история мәдениет - культура дәстүр - традиция саналы - сознательный нақыл сөз – изречение дәстүрге негізделген - основан на традициях өкілдер - представители

3-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Отбасы дегеніміз не?

2. Отбасылық тәрбиенің маңыздылығы неде?

3. Қандай отбасы мемлекеттің тірегі бола алады?

4. Отбасы мен мемлекеттің ұқсастығы бар ма?

5. Отбасы құндылықтары дегенді қалай түсінесіз?

4-тапсырма.Жақша ішіндегі сөздерді аударып, көшіріңіз.

1. Отбасы – адам баласының алтын (основа). 2. Өйткені (человек) ең алғаш шыр етіп дүниеге (пришел) сәтінен бастап, осында (повзрослел), отбасының (воспитание) алады. 3. Сондықтан да (семья) – (человечество) аса (необходимый), әрі қасиетті (золотая) мектебі. 4. Өзінің ана тілін, (историю), мәдениеті мен (традицию) дәріптейтін ұлт ғана (процветать) алады. 5. Қоғамда дәстүрге (основанный) отбасы (ценности) нығайтқан отбасы мемлекеттің (опора), елдің ел болып тұруына себепшісі. 6. Екі (молодой) бас қосып, ұрпақ жалғастыруы, жай ғана (потомство) емес білімді (сознательный) өкілдердерді дайындауы еліміздің ары қарай (развитию), өсуіне зор әсерін тигізетіні сөзсіз.

5-тапсырма.Қарамен берілген сөздердің қай септікте тұрғанын көрсетіңіз.

Үлгі: Отбасы атау с.

1.Отбасы – адам баласыныңалтын діңгегі. 2. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасыныңтәрбиесін алады. 3. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. 4.Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. 5.Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. 6. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? 7. Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.

Наши рекомендации