Майдалау бөлімінің сипаттамасы
Қатты денені бөлшектерге бөлу үрдісін майдалау үрдісі деп атайды. Майдалау 2 түрге бөлінеді:
- Қарапайым
- Таңдамалы
Қарапайым майдалау – біркелкі бөлшектерге ұсақтау үшін қолданылады. Бұл майдалауға қарапайым ұн тартулар жатады.
Құрамы әртүрлі болатын қатты денені оның бір бөлігін ажыратып алу үшін қолданылатын майдалау түрін таңдамалы майдалау деп атайды. Бұл майдалау көрсортты ұн тартуларда қолданылады.
Ұн зауытындағы майдалау үрдісінің мақсаты – жарма мен жармашықтың сапалы максимал түрін алу.
Бидайды көпсортты ұн тарту кезінде майдалау үрдісі келесі 3 кезеңнен тұрады:
1. Жармалау үрдісі
2. Аралық өнімдерді байыту үрдісі
3. Байытылған аралық өнімдерді ұнтақтау үрдісі
Майдалау үрдісінің тиімділігін бір мезгілде келесі 2 көрсеткіш анықтайды:
1. Сандық – илеп алу коэффициенті арқылы;
2. Сапалық – күлділігі арқылы анықтау.
Ұн өндірісінде дәнді негізгі майдалау үшін біліктер, ал қосымша майдалау үшін энтолейторлар мен детошорлар қолданылады.
Білікті станоктардың негізгі жұмыс органы ретінде жұптасып жұмыс істейтін біліктер қабылданған. Олар бір-біріне қарама – қарсы әр түрлі жылдамдықта айналмалы қозғалыста болады. Біліктер цилиндр пішінді болып, негізінен шойыннан жасалынады.
Астықты майдалау үрдісіне әсер ететін негізгі факторлар:
1) дәннің құрылымдық – механикалық және технологиялық қасиеттері;
2) біліктердің геометриялық және кинематикалық параметрлері;
3) машинаға түсетін жүктеме;
Майдалау үрдісіне ең көп әсер ететін факторлар астық массасының шынылығы мен ылғалдылығы.
Кинематикалық параметірлеріне жататындар:
1. жылдамдығы тез айналатын – U тез;
2. баяу айналатын – U баяу;
3. Олардың қатынасы - U тез/ U тбаяу = k;
Геометриялық параметрлері жұпталып істейтін біліктін ұзындығы мен диаметрі 1000х250мм, ені біліктін арасындағы саңылау өлшемі В мм, біліктін беті тісті және жылтыр, біліктің шеңбері бойынша 1см келетін тістер саны р, тістердің көлбеуі у, білік бетінде тістер орналасады.
Аптау бөлімі
Астық массасын ұнға және жармаға өнделген кезде тағамдық мақсатта қолданылмайтын білақ фуражды технологиялық және де басқа да мақсатта пайданылатын аралық өнімдер пайда болады. Аралық өнімдерге кебек, жемдік ұнтақтау, лузга және де басқада қалдықтар жатады.
Кебек көп жағдайда тарасыз сақтайды және үйінді түрінде тасмалдайды. Кей жағдайда кебекті су транспортымен тамалдаған кезде 4-ші категориялы қапшықтарға қаптайды. Жемдік ұнтақты кебекті сақтағандай етіп сақтайды.
Лузганы сақтау үшін жеңіл конструкциялы немесе автомобиль, темір жол транспортына жүктеу үшін арналған.
Лузганың жоғары өрт қауіптілік болғандықтан қоймаларды негізгі өндірістік 50м-ден кем емес қашықтықта орналастырады. Лузганы түйіршіктеген кезде оның көлемдік массасы 0,5-0,3 тен 0,6-0,9-ға дейін өседі (т/м3).
Комплекті қондырғылары бар зауыттардың тарасыз сақтау қоймалары бар. Жаңадан ұн зауытын жобалаған кезде тарасыз ұн сақтау қоймаларының жұмысы принципиялды түрде жүзеге асады. Ұнды тарасыз сақтау үшін өнімділігі 100т болатын силос құрастырылған.
Силостар 6х6-дан 5 қатар болып орналасады. Ұнды тарасыз сақтау бөлімінің жалпы сыйымдылығы 2600т. Барлық силостар вибро түсіргіштерімен жабдықталған.
Әр бір вибро түсіргіш астына У2-БПВ-20 винтті қоректендіргіштер орналасады.
Әр шнектін өнімділігі 36т/сағ. Мұндай силостарда кезекпен түсіреді. Силостардан шыққан ұн көп компонетті таразыларға қаптағыш аппаратына немесе автомобиль және темір жол транспортына беретін жіберу қондырғысына жіберіледі.
Түйіршіктелген кебекті салқындатқыштан кейін нориялар мен конвейерлерге ары қарай сыйымдылығы 400т, 4 силосқа беріледі және пневматикалық жетекпен жабдықталады. Кебекті вагондарға 4 силостан бір мезетте береді.
Транспорт сипаттамалары
Автомобиль транспортының астықты қабылдаудың негізгі параметлері. Автомобиль транспортынан астықты қабылдау кезінде негізгі параметрлерге қабылдау қондырғысының өнімділігі және силосьардың көлемі жатады. Келіп түскен астықтын массасына байланысты және қабылдау көнфейерінің тұру уақытына байланысты қабылдау қондырғысының өнімділігін келесідей болады:
Q= A/(tm-t3)*Kp (3)
A- қабылданып жатқан астық массасы;
tm – қабылдау конвейерінің жұмыс істеу уақыты;
t3– автомобиль транспортының кәсіпорныңда бөгелу уақыты;
Kp – қабылдау қондырғысының пайдалану коэфициенті.
Темір жол транспортынан астықты қабылдау қондырғылары.Біздің елімізде астықтың үлкен көлемін осы транспортпен тасмалданады. 1 жыл ішінде темір жол транспортымен 100 млн тоннадан артық астық тасмалданады. Бұл транспоттардың механикаландырылған дәрежесі 96% құрайды. Темір жол транспортының қабылдау қондырғылары кәсіпорыннан алшақтау жерде бөлек ғимарат ретінде орналастырады.
Технологиясы келесідей болады: қабылдау бункері – конфейер – элеватордың жұмыс мұнарасы.
Вагондарды стационарлы немесе жылжымалы механикаландырылған ТМЛ арқылы инерционды вагон түсіргіштер арқылы немесе пневматикалық сорғыш құрылғыларымен түсіруге болады.
Су транспортынан қабылдау қондырғылары. Астықты су транспортынан қабылдау, түсіру жұмыстарының көлемі жалпы жұмысының көлемінің 10-12% құрайды. Су транспортынан қабылдау қондырғыларының есебі мына формуламен анықталады:
C=A*Km*Kc/ 30*m (4)
Cу транспортынан қабылдау қондырғыларын жергілікті жағдайларға байланысты қабылдайды. Оларға жататындар: су транспортынан әртүрлігі, судың әр жерде әр түрлі болуы және элеватордың су жағалауына қаншалықты жақын орналасуына байланысты. Астықты багаждан түсіруге екі әдіс қолданылады:
- механикалық;
- пневматикалық;
Механикалық тәсіл арқылы бұл жерде грейферлі крандар қолданылады. Олар астықты трюмнан тікелей шығарады.
Пневматикалық әдіс арқылы астықты түсіру стационарлы жылжымалы немесе жүзгіш қондырғылары арқылы жүзеге асады.