Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс

Кадр жұмысы дегеніміз – бұл халық шаруашылығының ондағы салаларды іскерлік қабілеті бар қызметшілермен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қағидалар және осыдан туындайтын факторлар, әдістер жиынтығы. Кадрларды басқару және ұйымдастыру жүйесі - іс-әрекеттің функционалды ортасы, оның негізі – кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрлармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру. Кәсіпорын персоналы бір мезетте басқарудың объектісі де, субъектісі де бола алады. Кәсіпорын қызметкерлерінің объект болуының себебі: олар өндірістік процестің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан, өндірісте адам ресурстарын жоспарлау, қалыптастыру, қайта бөлу және тиімді пайдалану персоналдарды басқарудың негізгі мәні болып табылады және осы тұрғыдан қарағанда өндірістің материалдық-заттай элементтерін басқаруға ұқсас келеді.

"Кадрлар", "персонал", және "кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсініктері де әр түрлі.

"Кәсіпорынның еңбек ресурстары" түсінігі оның потенциалды жұмыс күші, "персонал" – тұрақты және уақытша жұмыс жасайтын біліктілігі бар және біліктілігі жоқ қызметкерлердің барлық жеке құрамы. "Кадрлар" деп кәсіпорынның көп жағдайда біліктілігі бар негізгі (штаттық, тұрақты) қызметкерлер құрамы.

Кәсіпорын кадрлары – бұл кәсіпорында қызмет ететін және тізімдікқұрамына енетін түрлі кәсіби-біліктілік топтар қызметкерлерінің жиынтығы. Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке құрамы мен категорияларының құрамдық және сандық ара қатынасы кадрлар құрылымын сипаттайды.

Негізінен кәсіпорын кадрлары келесідей бөлінеді: өндірістік персонал және персонал, өндірістік емес бөлімшелердегі жұмысбастылар.

Өндірістік персонал – өндірісте жұмысбасты және оған қызмет көрсететін жұмысшылар, олар кәсіпорынның еңбек ресурстарының ең негізгі бөліктерін құрайды.

Өндірістік персоналдың ең көп және негізгі категориясы – бұл кәсіпорынның (фирманың) жұмысшылары – бұлар материалдық құндылықтарды қалыптастырумен немесе өндірістік қызмет жұмыстарын жүргізумен және де жүктерді жайғастырумен тікелей айналысатын тұлғалар.

Көмекші жұмысшылар функционалдық топтарға бөлінуі мүмкін: көлік және жүк тиейтін, бақылайтын, жөндейтін, құрал-саймандық, шаруашылық, қоймалық және т.б.

Басшылар – кәсіпорында басқарушылық қызметімен (директор, шебер, бас маман жәнет.б.) айналысатын жұмысшылар.

Мамандар – жоғары немесе орта кәсіпкерлік білімі бар жұмысшылар және де арнайы білімі жоқ бірақ қандай да бір лауазымды атқарып жүрген жұмысшылар.

 
  кәсіпорындағы кадрлық жұмыс - student2.ru

Сурет 13 – Кәсіпорын жұмысшыларынң түрлері

Қызметкер - құжаттарды дайындау және толтырумен, еспке алу және бақылаумен, шаруашылық бойынша қызметпен (агенттер, кассирлер, іс-қааздарын жүргізушілер, хатшылар, статистиктер және т.б.) айналысатын жұмысшылар.

Кіші қызмет көрсетуші персонал – қызмет бөлмесін күтумен (аула сыпырушылар, бөлме тазалаушылар және т.б.) тұлғалар және де мен қызметкерлерге қызмет көрсетуші (іс қағаздарын тасушылар және т.б.) тұлғалар.

Жұмысшылардың әртүрлі категорияларының жалпы санына арақатынасы кәсіпорынның, цехтың, бөлімшенің кадрларының құрылымын көрсетеді. Персоналдың құрылымы тағы да жасы, жынысы, білім деңгейі, жұмыс өтілі, біліктілігі және мөлшерді орындай алу деңгейі сияқты белгілерімен анықталуы мүмкін.

Кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымы еңбекті кәсіби және білікті тұрғыдан бөлу негізінде қалыптасады. Кәсіп дегеніміздің өзін қандайда бір дайындықты қажет ететін еңбек әрекеті деп түсінуге болады. Ал біліктілік жұмысшының таңдап алған кәсібін меңгере алу деңгейі және ол біліктілік мөлшерімен (санатымен) көрсетіледі. Біліктілік мөлшері және санат атқарылған жұмыстың ауыртпалық деңгейінің көрсеткіші ретінде көрінеді.

Жұмысшының кәсіптік дайындығына қарай атқаратын жұмысының арнайы бір кәсіп ішінде түрін ашып көрсететін (мысалы кәсіп – қырнаушы, мамандығы – жонып-қырнаушы, айналдырып қырнаушы т.б.) мамандық термині қолданылады.

Кәсіпорында негізінен персоналдық келу және тізімдік құрамы бөліп көрсетіледі.

Келу құрамы – бір тәулік бойы нақты жұмысқа келген жұмысшылар саны.

Тізімдік құрамы – барлық тұрақты және уақытша жұмыскерлер және де оның ішіне әс сапардағылар, кезекті демалыстағылар, әскери жиындағылар.

Жұмыскерлердің келу құрамы есептеледі, ал тізімдік құрамының саны келу санына жоапарланған жұмысқа келмейтіндерді ескеру коэффициенттің көмегімен түзету жасау жолымен анықталады.

Қызметкерлердің орташа тізімдік саны (Р) көрсеткіші келесі формуламен анықталады:

Р= 1/2Р12+…+Р11+1/2Р12/12

мұндағы, Р1,Р2,...Р11,Р12 - ай бойынша жұмысшылардың саны.

Кәсіпорынның ұжымының санының құрамы, біліктілік деңгейі орнықты мөлшер болып саналмайды, ол әруақытта жұмысшылардың жұмыстан босатылуы мен қабылдануына байланысты өзгеріп отырады. Кадрлар қозғалысын талдау үшін әртүрлі көрсеткіштер қолданылады.

Кадрларды қабылдау (Кп) коэффициенті қандайда бер мерзім уақытында қабылданған жұмысшылар санымен осы кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санына арақатынасымен анықталады:

Кп=Pп/Р*100

мұндағы, Рп – қабылданған жұмысшылар саны, адам;

Р - қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам.

Кадрларды шығару (тұрақсыздық) коэффициенті (Кв) белгіленген мерзім аралығында қандайда бір себептермен жұмыстан шығарылған жұмыскерлер санымен осы кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік санына арақатынасымен анықталады:

Кв=Pув/Р*100

мұндағы, Рув – шығарылған жұмысшылар саны, адам;

Р – қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам.

Кадрлардың тұрақтылық (Кс) коэффициентін қолдануда бүтіндей кәсіпорында және де оның әрбір бөлімшелерінде өндірісті басқару ұйымның деңгейін бағалауда ұсынылады. Ол қабылданған мен шығарылғандардың аз мөлшерімен қызметкерлердің орташа тізімдік санына арқатынасы негізінде есептеледі.

Наши рекомендации