У кекіре арамшөбі, күресу шаралары

1.Жатаған у кекіренің морфологиялық ерекшеліктері

2. У кекіремен күресу негіздері

3.Жаңа технология бойынша күресу жолдары

Жатаған у кекіре( Acroptilon repens L)-көпжылдық, атпатамырлы, шөп күрделі гүлдер туысына жатады. Қуатты тамыр жүйесі, топырақта 10 м тереңдікке жетеді, жатаған у кекіренің ерекшеліктері; ол қордағы ќоректік зат – инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына, жинақтауы және ќоректік заттарын (инулинді) топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде, жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізуі арқылы өсіп жер бетіне шығуы фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы сондықтан көптеген агротехникалық әдістерге төзімді болады, қайтадан өсіп жетіледі. Көбейуі негізінен жеке тамыр бөлшектері және тұқым арқылы. Тұқым арқылы у кекіре жаңа аудандарға тарайды. Ауыл шаруашылық министірлігінің өсімдік қорғау және өсімдік карантині департаментінің мәліметі бойынша жатаған у кекіре республикада 3 млн гектар жерге тараған. Жатаған у кекіре басқан егіндіктерде өңім 30-50 пайызға төмендейді, ал құрғақшылық жылдары өнім 60-70 пайызға төмендейді . Жатаған у кекіренін тұқымдары басқа аудандарға суармалы жерлерде су аркылы, жануарлар, құстар, азық түлік және техника т.б. арқылы таралады.

Тұқымның іс жүзінде табиғи жағдайда таралуын тоқтату мүмкін емес. Сондықтан жатаған у кекіре бар ошақты уақытында тұқымы басқа жерлерге тарамай тұрғанда құрту керек.

Бір өсімдікте жатаған у кекіренің тұқым беру түсімділігі 3 мың дәнге дейін . жетеді, оның ішінде 50 пайызы өңгіштік қасиетін сақтайды. Толық піскен тұқым топырақта өңгіштік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды және 25градус жылылықта, ылғалдылық 20 пайыз болғанда топырақтың механикалақ құрамына байланысты 2-5 см терендіктен өсіп шығады. Тұқымнан өсіп шыққан көгі 1,5-2 айдан ішінде 5-7 жапырақтан тұратын өсімдік құрайды. Одан әрі тік және көптеген көлденен тамырлар пайда болып топырақ қабатына сіңіп тарайды. Бірінші жылы у кекіре тұқым бермейді, тек екінші жылы тұқым береді. Өсімдіктің өсіп өңу кезенінде сабақ жуандайды, тамыр сабаққа айналады, бұл тамыр сабақтарда 35-60 см терендікте қысқы кезенге кету алдында көптеген қызғылт түсті бүршіктер салынады. Бір өсімдік бірінші жылы диаметрі 3-3,5 метр квадрат жерде шоғыр құрайды, ал тік тамырлары 1,5-2,0 м терендікке жетеді. Кекіре негізінен вегетативтік жолмен өздігінен көбейеді. Тамыр жүйесі тік және көлденен тамырлардан тұрады.

Ал негізгі аналық тік тамырлардан әртүрлі терендікте көлденен тамырлар қалыптасады, бұл тамырларда өсіп-өңу бүршіктері пайда болады. Бұл бүршіктерден тамыр өркен /побег/ сабақтары өседі. Осылайша жатаған у кекіренің ошақтары пайда болады, ощақтар бір мың квадрат метрге дейін тіпті егістікті жаппай басуға дейін жетеді. Кекіренің қаптау себептері – карантин ережесінің сақталмауы, ең негізгісі – кекіремен күресу жүйесі агротехникамен гербицидтерді арамшөптің биологиялық ерекшеліктерімен байланысты Қазақстанның әртүрлі климат аймақтарында дұрыс біріктіре қолдану қажет.

Агротехникалық әдістердің мақсаты тамырды ұсақ бөлшектерге бөліп, тамырдағы қөректік органикалық зат-инулиннін көбейуін азайту арқылы тамырдан қайтадан өсуіне жол бермеу.

Кекіремен күресудін негізі - топырақ өндеу жүйесі болып табылады. Егістікті орып алғаннан кейін қыршуыш арқылы қопсыту (2 немесе 3 рет 10-12 см тереңдікте) кекіре тамырың кесу арқылы ұсақ тамырлардың өсіп жер бетіне шығуына дейін қоректік заттарды пайдаланып үлгереді де, тамыр жер бетіне шықпай құрыйды. Қазақстанның Оңтүстік және Онтүстік Шыгыс жағдайында кекірені жою үшін институт ғалымдары үш ярусты культиватор жасады, культиватор бір уақытта кекірені үш түрлі тереңдікте (10-12 см; 14-16 см және 18-20 см) қыяды.

Қазақстан жағдайында егінді жинап алғаннан кейін кекіре қаптаған жерлерді КПГ-250 культиватор 10-12 см тереңдікте кекіренің тамырын қыяды. Кидришевтін Т және Баядиловтын О мәліметтері бойынша ұзындығы 8-10 см вегетативтік бүршіктері бар тамырлар күз-қыс кездерінде, тамырдағы қоректік заттардың азаюынан, неболмауынан жер бетіне шығаалмай құриды.

Егер кейбір тамыр бөлшектері жер бетіне шыққан жағдайда, үш түрлі тереңдікте культиватор КПГ-250 немесе КПЭ-3,8 А техникасымен 10-12, 14-16 және 18-20 см тереңдікте тамырды кесу керек. Пайда болған 4-5 см ұзындығы бар тамыр кесінділері жер бетіне шығып үлгірмейді, жойылады.

Кекіреде жазғы тыныштық кезендері болады, құрғақ, ыстық кезендерде, жер бетіне шыққан өскіндерде өсу және зат алмасу процесі төмендейді. Бұл кездерде гербицидтердің әсері болмайды, кекіренін жер бетіне шыққан бөлігі ғана құрайды, ал сабақ арқылы гербицидтердің тамырға жылжуы, яғни зат алмасу процесі жүрмейді. Сондықтан гербицидтерді күзге таман, кекіре қоректік заттарды тамырға жинай бастағанда беру керек.

Кекіре жарықты қалайды, көленкеде өскенде тұқым бермейді, өсу нашарлайды, бірақ тамырдағы қоректік заттар, таралу бүршіктері арқылы, жарық болған жағдайда тіпті бірнеше жылдан кейінде жанадан өскіндер өсіп шығып таралып көбейе береді.

Кекіре бар жерде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімінін төмендеу себептері-бәсекелестік ылғал мен қоректік заттарды кекіренін көп мөлшерде пайдалануы. Кекіре күздік бидаймен салыстырғанда топырақтан қоректік заттарды 2-5 есе көп алады.

Сонымен қатар кекіренін зияндылығы олардын дақылға аллепатиялық әсері, тамыр жүйесі мен кекіренің тұқымы бөліп шығарған зиянды заттары-бидай, арпа, бұршақ тұқымдарынын өсу энергиясын төмендетіп, дақылдың өсіп жетілуін бәсендетеді.

Кекіре көптеген жануарларға зиянды, әсіресе жылқы малына, ал қой мен ешкіге зиянсыз, көпшілік жағдайда шөппен араласқан кекіре малдардың улануына әсер етеді, кекіренін бидай мен араласқан тұқымдарынан алынған ұнда ащы дәм болады, нан пісіруге қолдануға болмайды.

Топырақтың төменгі қабатында таралған тамыр жүйелері, жер өңдеуді қиындатып, шығынды көбейтеді, ал жер бетінде кекіре қалын болған жағдайда, егін шықпайды, тазалауды қиындатады.

Қазақтың өсімдік қорғау ғылыми зерттеу институты ғалымдары жатаған у кекірені құрту үшін үш ярусты қыршуыш культиваторын пайдаланып, топырақты бір уақытта үш түрлі тереңдікте жырту арқылы жоюға болатыны дәлелденді.

Бұл жағдайда жатаған у кекіренің тамырлары өте ұсақ болшекткрге (2-5 см) кесіледі де, одан кекіре жер бетіне өсіп шыға алмайды. Топырақ қабатынан аздап өсіп шыққан кекірені гербицидтер қоспасын пайдаланып бүріккен кезде топырақ қабаты кекіре тамырынан тазарады.

Жинақталған ғылыми өндірістік тәжірибе, у кекірені жою шараларын парға арналған алқаптарда жүргізу үлкен нәтиже беретінін дәлелдеді. Барлығына белгілі парды КПШ-9 және КПГ-250 құралдары арқылы 4 рет тереңдете культивациялау экономикалық көзқарас бойынша тиімсіз және топырақты көп рет өңдеу оны кептіреді, ылғалды азайтады, сондықтан құрғақшылығы көп солтүстік аудандарды әсіресе астық дақылдарының экспортқа шығарылатын болғандықтан тиімсіз болып табыладыЖатаған кекіре биологиялық ерекшеліктерін зерттеу және гербицидтердің тиімділігін анықтау, үш ярусты культиватор қыршуышты пар алқаптарында, күздік бидай егістігінде сынау нәтижесі бойынша өндіріске мына практикалық ұсыныстарды ұсынамыз:

Қазақстаннын Оңтүстік Шығысында суарылмайтын егіншілік жағдайларында жатаған у кекірені жою үшін 3 және 4 танапты ауыспалы егістіктерде топырақты үш ярусты қыршуыш кулльтиватормен айдау мамырдың 3-ші он күндігінде немесе маусым айының 1-ші он күндігінде жүргізу керек

- жатаған у кекірені жою үшін парға арналған алқаптарды жатаған у кеккіренің сабақтану және бүршіктену кездерінде мына гербицидтер қоспасын беру керек: ураган 48% с.е. + лонтрим, с.е. (1,5 л/га); ураган 48% с.е. (3,0 л/га) + бюктрил Д, 45% к.э. (1,5 л/га); раундап, 36% с.е. (4,0 л/га) + лонтрим, с.е. (1,5 л/га); раундап, 36% с.е. (4,0 л/га) + бюктрил Д, 45% к.э. (1,5 л/га) қоспаларын 100-150 литр суға ерітіп бүрку керек.

- күздік бидайды орып алғаннан кейін алқапты КПГ-250 құралымен терең қопсыту керек немесе ПН-8-35 соқасымен 23-25 см тереңдікте маусым айының 3-ші он күндігінде зябьқа жырту керек. Гербицидтер қоспасын жатаған у кекіренің сабақтану кезінде беру керек.

Жатаған у кекірені жаңа технология бойынша құртудың экономикалық бағасы республикамыздың Оңтүстік-Шығысында (ЖШС «Жолбарыс Агро», Кербұлақ ауданы, Алматы облысы) 4 танапты дәнді-пар ауыспалы егістігінде жүргізу мынаны көрсетті, пардан кейін егілген күздік бидай өнімі берілген гербицидтер қоспасы түрлеріне

. байланысты 3,3-3,7 ц/га қосымша өнім алынды, күздік бидайдан 2 алқапта егілген жаздық арпадан 4,3-4,7 ц/га; III-ші дақыл – жаздық арпа бұрынғы берілген гербицидтер әсері және арпаның түптену кезінде бюктрил Д гербицидін беру арқылы жалпы қосымша алынған дән 5,1-5,9 ц/га болды.Таза табыс ауыспалы егістік бойынша 3081-3970 тенге/га, шығынның қайтарылуы әр бір шығындалған тенге үшін 1,55-1,98 қосымша тенге алынды.

Қазіргі кезде кекірені жою және оны карантиннен шығару үшін мына шараларды іске асыру керек.

Карантин ережесін сақтау керек.

Кекіремен күресу үшін аймаќтық интеграциялық жүйе жасау және ұсыныстар беру керек Қостанайдың механизация және электрификация институтын топыраќты үш түрлі терендікте өндейтін ќұралдарды жасауға қатыстыру керек.

Ауыл шаруашылыќ министірлігінде кекіре мәселесіне байланысты ғылыми – техникалыќ кеңес ќұру керек. Кеңестін міндеті кекірегеқарсы кең көлемде жоспар, зерттеу методикасы және күрес жүйесін ғылым мен өндіріс тәжірибесіне сүйеніп қайта қарау керек.

Өсімдік қорғау және карантин департаментінде механикаландырылған отряд құрып, оларды оқыған, білімді мамандармен қамтамасыз етіп, ғылымнын жетістіктерін кең түрде өндіріске енгізу керек.

Дәріс

Наши рекомендации