Скери қызметті өтеу тәртібіне қарсы қылмыстар
Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап)
Қылмыс объективтік жағынан шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші, әскери қызметшілер жұмыс жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке екі тәуліктен ұзақ, бірақ он тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде келмеу — арқылы сипатталады.
Әскери қызметшінің бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен бастықтың рұқсатынсыз тастап кетуге құкы жоқ.
Бөлім немесе қызмет орнына әскери бөлім орналасқан жерлер, аумақтар жатады. Сондай-ақ қызмет орнына әскери бөлім орналасқан жерлерден тысқары жерлерде әскери қызметшілердің әскери міндетін етейтін орындары да (уақытша жұмыс орны: эшелон, поезд, жылжымалы маршрут т.с.с.) жатады.
Әскери қызмет өткеруші бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кетсе, сол сияқты бөлімнен рұқсат бойынша босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке екі тәуліктен ұзақ, бірақ он тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді себептерсіз келмесе онда оның әрекетінде осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген қылмыс құрамы бар. Бұл құрамның субъектілері шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші — жауынгерлер, матростар, сержанттар, старшиналар.
Қылмыстық кодекстің 372-бабының 2-тармағының субъектілері болып тәртіптік әскери бөлімде жазасын өткеріп жатқан әскери қызметшілер танылады.
Шақыру бойынша немесе келісімшарт бойынша әскери Қызмет атқарушы әскери қызметшілер жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке он тәуліктен артық, бірақ бір айдан көп емес уақытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде келмеу үшін жауаптылық ҚК-тің 372-бабының 3-тармағында көзделген. Баптың бұл бөлігінің субъектілері болып шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші — жауынгерлер, сержанттар матростар, әскери құрылысшыларды, старшиналар немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруші жауынгерлер, матростар, әскери құрылысшылар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, кәсіптік әскери білім беретін мекемелердін курсанттары, мамандар, офицерлер танылады.
Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген әрекеттер, егер өз бетімен тастап кету бір айдан астамға созылса, сол сияқты тәртіптік әскери бөлімде жазасын өткеріп жатқан әскери қызметші жасаған дәл сол әрекет, егер өз бетімен тастап кету он тәуліктен артыққа созылса кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 372-бабының 4-тармағы бойынша саралануға жатады. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасаған әрекеттер, егер өз бетімен тастап кету бір тәуліктен артыққа созылса, онда кінәлі Қылмыстық кодекстің 372-бабының 5-тармағы бойынша ауырлататын жағдайдағы қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады.
Бөлімді немесе қызмет орнын ұрыс жағдайында ұзақтығына қарамастан өз бетімен тастап кету осы құрамның өте ауырлататын түрі болып табылады. Мұндай ретте қылмыстың субъектісіне шақыру бойынша немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерушілер жатқызылады және бұл іс-әрекет үшін көтеріңкі жаза мөлшері белгіленген. Қылмыстық кодекстің 372-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші немесе үшінші бөліктерінде кезделген әрекеттерді жасаған әскери қызметші, егербөлімді өз бетімен тастап кетуі ауыр жағдаяттардың себептерінен болса және егер ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуы мүмкін.
Ауыр жағдаяттарға әскери қызметшінің ауыр науқасқа душар болуы, жақындарымен болған бақытсыздық оқиғалар, жарғылық қатынастарға байланысты емес қатынастардан пайда болған өмір мен денсаулыққа төнген кауіптің болуы, тойтарылмайтын күштердің әсер етуі т.с.с. жатады.
Қашқындық (373-бап)
Қылмыстық заңда қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап «ету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу деп белгіленген (373-баптың 1-тармағы).
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Отанды қорғау әрбір азаматтың міндеті және азаматтық борышы, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңдарға сәйкес азаматтар Қарулы күштер қатарына олардың еріктілік жағдайында шақыру бойынша немесе келісімшарт бойынша жүзеге асырылады. Заңмен белгіленген тәртіп бойынша әскери қызметші болып танылғандар өз бетімен әскери қызметтен заңсыз жалтару мақсатымен әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кетуге, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке демалыстан, іссапардан, емделіп шыққаннан кейін келмей қоюға қақысы жоқ. Бұл міндеттерді орындаудан жалтару қашкындық деп танылады. Қашқындық кұрылысы жәнінен формальдық құрамға жатады және ол созылмалы қылмыс болып табылады. Қылмыс әскери қызметшінің бөлімді немесе қызмет орнын тастап кеткен немесе белгіленген мерзімде қызметке келмеген уақыттан бастап аякталған деп танылады.
Қашқындық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен — әскери қызметтен жалтару арқылы сипатталады.
Қылмыстың субъектісі — әскери қызметші шақыру немесе келісім-шарт бойынша өтеп жүрген әскери қызметшілер.
Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (377-баптың 2-тармағы).
Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған қашқындық үшін жауаптылық Қылмыстык, кодекстің 373-бабының 3-тармағында көзделген.
Қылмыстық кодекстің 373-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметші, егер қашқындық ауыр жағдайлардың себептерімен болса және егер ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Ауыр жағдайлардың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 372-бабында талдау жасағанда токталғанбыз.
Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (374-бап)
Қылмыс объективтік жағынан әскери қызметшінің ауруды сылтау ету немесе өзіне қандай да бір болмасын зақым келтіру (дене мүшесін зақымдау), не денсаулығына өзге зиян келтіру немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтаруы арқылы сипатталады.
Ауруды сылтау етуге өтірік соқыр, керең, мылқау болып көрінулер арқылы әскер қызметі міндетін өткеруден жалтарады. Өзінің әскери қызметті міндетін өтеуден жалтару мақсатымен дене мүшесін зақымдауға кез келген затпен, құралмен, қарумен немесе улы, зәрлі нәрселерді қолдану арқылы өзіне-өзі немесе біреу арқылы зақым келтіруді айтамыз.
Жалған құжат жасауға — әскери қызметті немесе міндетті өтеуден босатуға негіз боларлық өзі немесе басқа біреу арқылы дайындалған шындыққа сай келмейтін құжаттарды жасау жатады.
Өзгеше алдауға — әскери қызметті өтеу мерзімін қысқарту үшін жоғары білімі туралы жалған құжат көрсету, әскери қызметтен жалтару мақсатымен лауазымды адамды сатып алып, өзіне қолайлы іс-әрекеттер істеткізу т.с.с. жатады.
Кылмыстық кодекстің 374-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық жауаптылық әскери қызметшінің дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен уақытша жалтарғаны (қарауыл қызметін атқарудан, әскери кезекшіліктен, қауіпті әскери операцияға қатысудан, алыс іссапарға барудан) үшін туындайды. Баптың бұл бөлімі бойынша қылмыс субъектісі болып шақыру бойынша немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүргендер танылады. Егер осы көрсетілген адамдар әскери қызмет міндеттерін атқарудан толық босану мақсатында жоғарыда көрсетілген әрекеттерді — ауруды сылтау ету, өзге де алдау жолымен жасалса, онда олардың іс-әрекеттері Қылмыстық коедкстің 374-бабының 2-тармағы бойынша сараланады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер — үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 374-бабыныН 3-тармағында көзделген.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсат әскери қызмет, міндетті атқарудан уақытша немесе толық босану арқылы жүзеге асырылады.