Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері

Электр қабылдағыштың номиналды қуаты – қозғалтқыштың, күштік немесе арнайы трансформатордың зауыт кестесінде немесе куәлігінде, не болмаса жарық көзінің сауыты (цоколь) немесе бөлігінде (колба) белгіленген қуат. Электр қозғалтқышытың номиналды деп номиналды кернеу кезінде қозғалтқыштың білігінде үдететін қуат Рн, ал энергияның басқа қабылдағышының номиналды қуаты деп номиналды кернеу кезінде ортаның белгіленген шарттары кезінде және олар арналған жұмыс режимі кезінде жүйеден тұтынатын қуат.

Қабылдағыштың номиналды қуаты әрқашан жүктеменің ұзақ жұмыс режиміне келтіріледі.

Қайталанбалы қысқа мерзімді режимінде істейтін қабылдағыштың куәліктік қуаты қосылу ұзақтығы ПВ-100% кезіндегі номиналды ұзақ қуатқа формулалар арқылы келтіріледі.

Электр қозғалтқыш үшін Рномпасп. Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru ;

трансформатор үшін Sном=Sпасп. Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru

мұндағы Рпасп, (кВт); Sпасп, (кВА) – паспортта көрсетілген активті және толық қуаттар;

ПВпасп - қабылдағыштың салыстырмалы қосылу ұзақтығы.

Электр пештерінің трансформаторлары үшін Рном= Sпасп.cos Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru пасп,

мұндағы cos Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru пасп - электр пеш трансформаторының номиналды қуат коэффициенті.

Балқыту машинасының трансформаторы мен қолдық балқыту трансформаторының номиналды активті қуат - ПВ-100%-ға келтірілген белгілі бір шартты қуат.

Көп қозғалтқышты жетекті агрегат үшін (кран қондырғысынан басқа), электр энергияның қабылдағышы ретінде бүкіл агрегатты түсіну қажет, ал оның номиналды қуаты деген ПВ-100% келтірілген агрегатының барлық қозғалтқыштарының номиналды қуаттарының қосындысы.

Крандық қондырғылар үшін «электрэнергия қабылдағышы» термині ретінде әр механизмнің электр жетегін түсіну қажет, сонымен қатар қуаттары қосылатын екі қозғалтқыштарда.

Топтық номиналды активті қуат – бұл жеке жұмыс қабылдағыштарының номиналды активті қуаттарының қосындысы

Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru .

Қабылдағыштың номиналды реактивті қуаты дегеніміз - номиналды активті қуат және номиналды кернеу кезінде желіден тұтылатын (таңбасы оң) немесе желіге берілетін (таңбасы теріс) реактивті қуат, ал синхронды қозғалтқыштар үшін номиналды қуат коэффициенті номиналды қоздыру тоғы кезіндегі реактивті қуат.

Топтық номиналды реактивті қуат - бұл жеке жұмысшы қабылдағыштардың номиналды реактивті қуаттарының реактивті алгебралық қосындысы

Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru .

Орташа жүктемелер.

Өзгермелі шаманың орташа мәні - бұл оның негізгі статикалық сиппаттамасы. Сондықтан жүктеменің айнымалы графигімен сипатталады. Электр энергия топтарының қабылдағыштарының орташа жүктемелерінің қосындысы есептік жүктеме мәнінің төменгі шегін бағалауға мүмкіндік береді. Кез келген уақыт интервалында қабылдағыштың орташа активті және орташа реактивті қуатын жалпы мына формуламен анықтайды

Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru ; Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru .

Қабылдағыштар тобының орташа активті (немесе рективті) қуаты осы топқа кіретін жеке жұмысшы қабылдағыштарының орташа активті (немесе реактивті) қуаттарының қосындысына тең

Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru ; Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru .

Максималды жүктелген ауысымында орташа жүктеме былай белгіленеді: Рсм және Qсм жылдың ішінде Рсг және Qсг, мұнда Рсм=Wсмсм ; Qсм=Vсмсм; Рсг=Wгг; Qсг=Vгг.

Қабылдағыштар тобының жүктемесін есептеген кезде негізгі шамалар Рсм және Qсм болып табылады. Ең жүктелген ауысымға берілген қабылдағыштар тобы, цех немесе өндіріс орындары белгілеген сипаттамалық тәуліктерге байланысты электр энергияны ең көп тұтынатын ауысыға (22 маусым мен 22 желтоқсан - электр энергиясын ең аз және көп тұтынатын тәуліктер) жатады.

Орташа квадратты жүктемелер

Кез келген уақыт интервалында орташа квадраттық жүктемелер Рск, Qск, Iск жалпы түрде келесі формула арқылы анықталады

Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru ; Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru ; Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері - student2.ru

мұндағы Т –қарастырылған уақыт периоды.

Наши рекомендации