Дәріс тақырыбы 13. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар

Негізгі сұрақтар:

1. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.

2. Әділсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары.

3. Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары.

1. Жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдануына байланысты бұрынғы Кодекс бойынша қылмыс болып келген кейбір құрамдар: жер аударылған орыннан, еңбекпен емдеу немесе еңбекпен тәрбиелеу профилакторийінен қашып кету (бұрынғы Кодекстің 198-бабы), еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторында, тәрбие-еңбек профилакторийлерінде отырған адамдарға тыйым салынған заттарды заңсыз беру (ескі Кодекстің 199-бабының 3-тармағы) қылмыс қатарынан мүлдем шығарылды.

Бұрынғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-тармағы істі тергеуге немесе қарауға заңсыз араласқаны үшін Жауаптылық белгіленген қылмыс құрамы енді жаңа Қылмыстық кодекстің 339-бабында көрсетілген сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау құрамымен қамтылатын болды. Анықтама жүргізуші адамды, тергеушіні, прокурорды, судьяны немесе халық заседателін Қорлау (Қазақ КСР ҚК-тің 191-бабының 3-тармағы) құрамы ішінара жаңа Кодекстегі сотты құрметтемеу (342-бап) және өкімет өкілін қорлау (320-бап) құрамдарына қосылады.

Жаңа Кылмыстык кодекстің 340-бабындағы — сот төрелігіц немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту неме-се күш көрсету әрекеттері үшін жауаптылык көзделген қүрам-ға ҚазақКСР Қылмыстықкодекстің 173-бабының 1-тармағың, дағы ішкі істер органы кызметкері, халық жасақшысы, анық-тама жүргізуші адам, тергеуші, судья, прокурор және хальіқ заседателі еміріне кастық әрекет жасау қүрамы ішін ара қосьь лып кеткен.

Жаңа Қылмыстық кодекстің осы тарауында сот төрелігінің тиімді жүзеге асырылуын камтамасыз ететін көптеген жаңа нормалар бар (343, 345, 348, 356, 365-баптар).

Жаңа Қылмыстық кодексте сот төрелігіне карсы қылмыстардың анықтамасы берілмеген.

Қылмыстық құқық теориясы бойынша сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар деп осы міндеттерді жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдардың, жекелеген азаматтардың бірқалыпты, заңды қызметіне қол сұғатын қасақана іс-әрекеттерді айтамыз.

Қылмыстық топтың объектісі — сот төрелігін және жазалардың орындалуын қамтамасыз ететін органдардың дұрыс қызметі болып табылады.

Объективтік жағынан бұл тұрғыдағы қылмыстар әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Заңдылық құрылысы жөнінен барлық құрамдар (тек қана КК-тің 357-бабында көрсетілген — хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер құрамынан басқасы) формальдық құрамға жатады. Осыған орай осы тараудағы қылмыстар нақты қылмыс құрамы диспозициясында көрсетілген әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген сәттен бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан алғанда бүл тараудағы қылмыстар тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет және мақсат көптеген қылмыс құрамы үшін қажетті элемент болып саналмайды.

Қылмыстың субъектісі жай немесе лауазымды адамдар болады.

Қылмыстың субъектісіне қарай талданып отырған қылмыстар мына төменде көрсетілген 5 топқа белінеді:

1) Әділ соттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының жасайтын қылмыстары көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-бап). Қылмыстьік жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап). Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда үстау (346-бап). Жауап беруге мәжбүр ету (347-бап). Қинау (347-1 бап). Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (350-бап).

2) Заң бойынша әділ соттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған адамдардың жасайтын қылмыстары, көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап). Көрінеу жалған жауап
беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару (352-бап). Куәгердің немесе жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап). Алдын ала анықтаудың
немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (355-бап). Судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (356-бап). Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер
(357-бап).

3) Сотталғандар мен басқадай қылмыстық-құкықтық күштеу шараларын өтейтіндердің жасайтын қылмыстары: Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-бап). Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару (359-бап). Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау (360-бап). Қоғамнан окшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу (361-бап).

4) Сот әділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары: Сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (339-бап). Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу (340-бап). Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-бап). Сотты құрметтемеу (342-бап). Судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, соттың атқарушысына жала жабу (343-бап). Айғақтарды бұрмалау (348-бап). Пара немесе коммерциялық сатып алуға арандату (349-бап). Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-бап). Сот үкімін, сот
шешімін өзге де сот актісін орындамау (362-бап). Қылмысты жасыру (363-бап). Қылмыс туралы хабарламау (364-бап). Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және
оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау (365-бап).

Наши рекомендации