Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.

Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

Өнім сапасын басқару – бұл белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілетініс-әрекет.

Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемаларын шешу нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы тахникалық деңгейге бағытталады. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларда қолданылатын шикізаттар, материялдар, жабдықтардыдың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және себептерін белгілеу кіреді.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:

· өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизімін қосу;

· тұтынушыға және барлық өнірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

· өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту;

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

· жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

· өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты табу;

· жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;

· өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу;

 
  Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі - student2.ru

Сапаны қамтамасыз ету
Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі - student2.ru

Сурет 28 – Кәсіпорынның сапа жөніндегі саясаты

Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асырған жөн:

• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы — нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді.

• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жараттуға дейін.

• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.

• Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сапауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегіен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.

• Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.

Өнімнің сапасын көтеру – кез-келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Өйткені тек өнімнің сапасын арттыру арқылы фирманың нарықтағы өмір деңгейін, ҒТП–ның қарқынын, өндіріс тиімділігін арттыруға және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды үнемдеуге қол жеткіземіз.

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты - баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:

· Өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен);

· Тіркеу әдісі - бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;

· Есептеу әдісі - өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;

· Органолептік әдіс - адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;

· Социологиялық әдіс - өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;

· Сарапшылық әдіс - мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.

Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.

Жапония, АҚШ елдері өндірушілер арасындағы бәсекені ынталандыру арқылы, бұл кәсіпорындардағы жұмыс орындарына жоғары білікті, тәжірибелі мамандардың жұмыс істеуіне қол жеткізді. Бұл мамандар кәсіпорындағы сапа мәселесін шешуде жаңа методтарды қолдану арқылы кәсіпорынның әлемдік нарықта бәсекегеқабілеттілігін арттырды.

ҚР – дағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін келесідей шаралар қолдану қажет:

· ИСО 9000 стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу;

· ИСО 9000 стандарттарына сәйкес сертификаттау процесін жүзеге асыру:

· Көпсалалы және аймақтық стандарттар жүйесінің талаптарын сәйкестендіру және ИСО 9000 стандарттары арқылы сапаны басқару жүйесіндегі талаптарды үйлестіру;

· Сапаны сертификаттау жүйесінен, тоталдық сапа менеджментіне ауысу.

Осы халықаралық стандарттардың талаптарын қанағаттандыратын жүйелер, әлемдік тәжірибеде сапаны басқарудың ең тиімді жүйесі болып табылады. Кәсіпорындағы әрекет ететін сапа жүйелерінің ИСО 9000 стандарттарына сәйкестігі, бүкіл әлемдегі тұтынушыларға кепілдік ретінде өнім сапасының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді.

Отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру – халықаралық стандарттарды енгізумен тығыз байланысты. Бұл аксиома ҚР-ның ДСҰ-на кіруіне және әлемдік нарыққа шығуына жол ашады.

Отандық және шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, өнім сапасын жетілдірудің келесідей бағыттарын ұсынуға болады:

· Өнім сапасын басқару жүйесін, өнімнің сапасын жетілдіруге, яғни тұтынушыға бағыттау. Барлық кәсіпорындардағы қызметкерлер мен жұмысшыларды «жақсы және сапалы» өнім өндіруге ынталандыру. Кәсіпорын басшылығының саясаты бірінші орында өнімнің сапасын, ал содан соң өнімнің көлеміне бағытталуы қажет;

· Жоғарыда аталған бағытты үнемі жаңа инвестициялық және инновациялық саясатпен байланыстырып отыру, дәстүрлі өндірілетін өнімнің көлемін арттырудан, өнімнің сапасын арттыруға ауысу, негізгі қорларды жарақтау және жаңарту арқылы өнімнің сапасын көтеруге қол жеткізу;

· Өнім өндірушінің өнімнің сапасы туралы ақпараттарды рационалды таңдап алу жүйесін, оны өңдеу, талдау және сақтау шараларын міндетті түрде жүзеге асыру;

· Кәсіпорындағы әрбір өнімге талап етілген сапаны қамтамасыз ету үшін, кәсіпорында өнімнің арнайы сапасын басқару жүйесін құру;

· Материалдық-техникалық жарақтануды жетілдіру. Үнемі жабдықтаушылармен тығыз байланыста болу және ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру;

· Басшылық ықпал нәтижелі және өнімнің әрбір өмірлік циклында орын алуы тиіс;

· Өнім сапасын басқару жүйесі – тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырған жағдайда ғана тиімді болып саналады;

· Өнімнің сапасын басқару жөнінде үздіксіз білім беру жүйесін құру және барлық оқушылар мен студенттерді, жұмысшылар мен шеберлерді тұтынушылар мен тапсырыс берушілерге оң көзбен қарауға тәрбиелеу. Өнім сапасын басқару жүйесі барлық адамға түсінікті болу керек;

· Мемлекеттік және аймақтық деңгейде сапа төңірегінде дәріс беру үшін БАҚ- ты, оның ішінде радио, теледидар, басылымдарды қосу керек;

· Сапа төңірегінде және өнім сапасын жетілдіру үшін білім беретін және жұмысшылардың біліктілігін арттыруда арнайы мамандандырылған орталықтарды, яғни мектептер мен сапа курстарын ашу қажет және мұнда білім беруде шет елдердің мамандарын қатыстыру. Өйткені, тек жоғары білікті мамандар, жоғары сапалы өнімді жасай алады;

· Жоғары және тұрақты өнім сапасын қамтамасыз ету үшін өндірісте ынталандыруды күшейту. Ол үшін жоғары сапа мен еңбекке марапаттау, сыйақы беруді ұйымдастыру. Сонымен қатар өнімнің белгілі бір талаптардан ауытқығаны үшін, нормативтік-технологиялық құжаттарға сәйкессіздігі үшін қатаң сөгістерді қолдану. Өнім сапасын жақсарту және жетілдіру мақсатында түрлі конкурстар өткізу;

· Өндірістік ортада әлеуметтік, адамдық факторды ескеру;

· Өнім сапасын басқару жүйесін жетілдіру. Ол үшін өнімнің сапасын басқаруда тәжірибелі мамандарды қолдану.

Қазіргі уақытта өкінішке орай, отандық кәсіпорындардың көпшілігі өндірістік техникалар мен технологиялардың артта қалуымен байланысты бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Сондықтан өнімнің сапасы төңірегіндегі сұрақтар қазіргі таңда өте күрделі экономикалық және ұйымдық мәселелердің бірі болып келед

Наши рекомендации