Тақырып. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы

Сабақтың жоспары:

1.Азаматтық iс жүргiзу құқығының ұғымы.

2.Азаматтық iс жүргiзу құқығының қайнар көздерi, Азаматтық iс жүргiзу құқығының мазмұны.

3.. Азаматтық iс жүргiзу заңының уақыт, кеңiстiк және тұлғалар бойынша қолданылуы.

4. Қылмыстық iс жүргiзу құқығының ұғымы

5.Қылмыстық іс жүргізу сатылары

6. Қылмыстық іс жүргізудің және сот төрелігінің, олардың өзара байланысы.

Сабақтың мақсаты –студенттерге азаматтық іс жүргізу құқығы саласының сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығына, және қылмыстық iс жүргiзу түсiнiгi жөнiнде айтқанда, бұл қызметтiн сот, алдын-ала тергеу және прокуратура органдары атқарумен қатар басқадай жеке тұлғалардың да (азаматтардың) мұндай iс жүргiзуге қатысатындықтары туралы негізгі мағлұматтарына жалпы сипаттама беру.

Бақылау сұрақтары:

Қылмыстық іс жүргізудің қандай сатылары болады

Сот төрелігіміз дегеніміз не

Бірінші сактыдағы сотта іс жүргізу стадиясы.

Азаматтар мен ұйымдардың субъективті құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Соттық қорғауға құқық.

Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдістері мен жүйесі.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ҚР құқығының жүйесінде.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері

Азаматтық сот өндірісінің түсінігі. Бірінші сатыдағы сот өндірісінің түрлері. Азаматтық іс жүргізу сатылары.

Азаматтық іс жүргізу нысандарының мәні, негізгі белгілері мен мәні.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні, әдістері мен жүйесі.

Глоссарий:

Азаматтық iстердi қарау мен шешу тәртiбi -азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңдармен белгiленедi. Республиканың барлық соттарында азаматтық iстердi жүргiзу тәртiбi азаматтық iс жүргiзу құқығының нормаларымен белгiленедi.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы - мемлекет белгiлеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық iстердi қарау және шешу тәртiбiн, басқаша айтқанда, азаматтық iстер бойынша сот әдiлдiгiн, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртiбiн реттейтiн жиынтығы немесе жүйесi.

Азаматтық iс жүргiзу құқық қатынастарының басты, мiндеттi субьектiсi - мемлекеттiк билiк органы (бiрiншi сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау сатысындағы) сот болып табылады, басқа субьектiлер соттан қорғау сұраған тұлға немесе iске қатысуға жауапкер ретiнде не куә, сарапшы және т.б. тұлғалар болуы мүмкiн.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының қайнар көздерi - азаматтық iстер бойынша сот әдiлдiгiн жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн нормаларда баянды етiлген нормативтiк актiлер болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы - Қоғам мен азаматтардың мүдделерiн қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртiптi нығайту үшiн мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура, алдын ала тергеу және анықтама жүргiзетiн органдар) мен сот болып табылады.

Алдын ала тергеу сатысы -Бұл әр қылмыстық iстi тез және толық ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында қолданылатын және заңмен реттелген тергеушi мен анықтама органдарының қызмет жүйесi болып табылады.

Бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзу стадиясы --Қылмыстық iс айыптауқорытындысымен прокурордың 1-сатының сотына келiп түскен соң жаңа стадия басталады, бұл кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья iстi осы сотта қарауға қабылдау мәселесiн шешедi.

Кассациялық (апелляциялық) сатыда iс жүргiзу стадиясы- бұл стадияның негiзгi мақсаты-заңды күшiне еңбеген бiрiншi сатының соттары шығарған үкiмдер мен қаулылары дұрыстығын (заңдылығын, дәлелдiгiн) екiншi саты сотының тез арада тексерiп, онда қателiктер жiберiлген болса, ол қателiктердi уақытында жою болып табылады.

Үкiмдi орындау сатысы --Үкiмдi орындау қылмыстық iс жүргiзудiң соңғы стадиясы болып саналады,үкiмдi орындау бiрнеше органдардың қатысуымен атқарылады (сот, прокуратура, iшкi iстер органдары, әдiлет министрлiгiнiң органдары). Үкiм заңды күшiне енген соң орындалуға тиiс.

Мәнжазба тақырыптары:

Азаматтың сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі.

Азаматтың сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасы.

Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі.

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар түсінігі мен ерекшеліктері.

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың алғышарттары.

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың мазмұны мен объектілері.

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың субъектілері және оларды саралау.

Қылмыстық істерді сотта талқылау.

Депуттатық қол сұқпаушылық.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары.

Блиц-тесттер:

Наши рекомендации