Дәріс. Ирригациялық эрозия және онымен күрес жүргізу
Су эрозиясының топырақ құнарлылығына және ауыл шаруашылығы экономикасьша өте зиянды екенін ескерту. Эрозияның болу себептерін анықтап, онын түрлерін белгіпеп, күресу әдістерімен және жолдарымен таныстыру.
Эрозия деп топырактың жел әсерінен ыдырап, шаңға айналу не сумен жуылып, кұнарлы заттардан айырылу үрдістерін айтады. Сол себепті топырак эрозиясы жел және су эрозиялары болып, екі үлкен түрге бөлінеді.
Эрозияның пайда болу кезеңіне қарай, оның екі түрі бар. Олар өте ертеден геологиялык кұбылыс ретінде және тез жетілген осы кездегі эрозиялар.
Өте ертедегі эрозиялар адам баласы жаратылмай тұрғанда, жер қабатындағы техникалық үрдіс әсерінен, мәнгі мұз кабаттары жылжуынан және олардың еруінен, судың жыныстарды мүжілунен, тау жыныстарынын жел әсерінен бұзылып, ұшуынан пайда болған. Бұл эрозия үрдісі ете баяу өтеді де сумен шайылып кеткен топырақ бөлшектері топырақ құрамын жасап кайтадан құралады.
Тез жетілген эрозия - адамдардың жұмыс істеу кезінде егістік жерді дұрыс пайдаланбауы салдарынан пайда болады. Су эрозиясыньщ ауыл шаруашылығына тигізетін зияны өте үлкен. В.Д.Панников деректеріне карағанда (1974) оңтүстіктегі қара топырактын 1 мм қалындығының шайылуынан 1 га жерден 76 кг азот, 24 кг фосфор, 800 кг калий жоғалады екен. Ғалым Беннеттидің айтуынша, топыракгын 2,5 см табиғи қабатын бұрынғы қалпына кайта келтіру үшін, 300-1000 жыл қажет.
Бұрынғы Одак бойынша сумен шайылу нәтижесінде құнарлы жер жыл сайын 5,4 млн тонна азот, 1,8 млн тонна фосфор және басқа элементтер мен микроэлементтерден айырылады екен. Осы көлемдегі құнарлы элементтер пайдаға асса 180 млн тонна қосымша дәнді дақыл алуға болатыны есептелінген. Осы деректерге сүйенсек, су эрозиясын кеміту және мүлдем болдырмау бүкілхалыктық іс екенін түсіну киын емес. Ол үшін су эрозиясы түрлерін және олардың қыр-сырларын білу керек.
Су эрозиясы барысында топырақгын ең жоғары құнарлы кабатындағы көптеген жылдар бойы жиналған қарашірік пен өсімдікке қажетті қоректік заттар сумен жуылып шайылып кетеді. Нәтижесінде топырак кұнарлылығы күрт төмендейді.
Су эрозиясы өзінің байқалу орнына және болу себептеріне байланысты екіге бөлінеді: табиғи жағдайдағы "су эрозиясы" және "суару эрозиясы ".
Табиги жағдайдагы су эрозиясы негізінен жанбыр және қар сулары әсерінен болады. Бұл эрозияның үш түрі болады: жазыкпык, ағыншалы және жыралы.
Жазыктық эрозия - топырақ беті бөлшектері бұзылуы және сол бөлшектердін өте көп ағыншалы судан пайда болған шұқанақтармен ағуы. Бүл қазыншалар терендігі бірнешс миллиметрге жетеді. Жер өңдеген кезде ешқандай зиянсып тегістеліп, жердін жалпы бедерін өзгертпейді.
Ағыншалы эрозия дегеніміз, өте жіңішке-жұқа ағыншалардың бір-біріне қосылып, ірі ағынға айналып, жер терендігін 10-20 см жыраға айналдыруын айтамыз. Ол жерді тегістегеннен кейін, бәрібір орны жылға болып калады да, топырак құнарлылығы және жер тегістігі әзгереді. Бұдан ары дер кезінде тиісті шаралар жүргізілмесе. кайта ағын әсерінен кішкентай жылғалар терең жыраларға, орларға айналып кетеді. Ол жыралар тегістеуге келмейді, сонымен мұндай жерлср пайдаланудан шығып қалады.
Егістік танабын суғару барысында болатын топырак эрозиясы -суғару эрозиясы деп аталады. Оған қарсы күресу шараларын қолдану үшін онын танаптык және желілік болып бөлінетінін ескеру керек.
Танаптык эрозия - танап топырағынын суғару барысында жуылып-шайылуы. Оның болу себептері мыналар: 1. Өсірілетін дақыл танап егістігінщ еңістігі мен топырағын ескермей тандап алынады. Мысалы: еңістігі 0,008 және одан да үлкен жерлерде арнайы ауыспалы егістікті колданбай, кен катарлап егілетін дакылдарды өсірумен көп әуестену, яғни олардың үлесін шамадан тыс арттыру.
2. Суғару тәсілі мен техникасы дұрыс таңдап алынбайды.
3. Суғару технологиясының элементтері (қарық немесе тақта ұзындыктары, суғару ұзактығы, қарыққа немесе тақтаға берілетін су мөлшері) жер жағдайын ескермей, белгіленген шамадан жоғары кабылданады.
4. Суғару өзінің мерзімінен кешіктіріліп, топырак өте құрғап кеткен кезде жүргізіледі.
5. Нақты суғару нормасы топырактың су сіңіргіштігі мен сыйымдылығынан артық беріледі.
Желілік эрозия көбінесе гидротехникалық құрылыстар маңында жөне судын өте үлкен жылдамдыкден ағу нәтижесінде, уакытша арыктардын жьтрьыып жыраға айналып кету түрінде болады. Эрозияның бүл түрі төмендегі себептерге де тікелей байланътсты:
1. Гидрокұрылыстар мезгілімен жөнделмей, нәтижесінде су сыздықтап ағып, топырақты жыралап кейін ол жарға айналады.
2. Уақытша арықтар тарту бағыттарын танап еңістігін ескермей кабылдау.
3. Уакытша арыкқа суды шамадан тътс, есепсіз көп беру.
Негізінен осы үш кемшілік салдарынан судың ағу жылдамдығы өзінің эрозия туғызу деңгейіне жетіп, уакытша арыктардың бірте-бірте жыраға айналуына әкеліп соғады. Қазіргі кезде суару эрозиясы нәтижесінде әр гектар танаптан маусым бойында, яғни мамыр-тамыз айлары кезенінде 30-50 тонна ең құнарлы деген топырак түйіршіктері танап сыртына жуылып кетеді.
Суғару эрозиясы нәтижесінде егістік танабы сыртына кашкан сумен жуылған топырақ және қоректік заттар мөлшері
Танап еңістігі | Топырақ массасы,т/га | Оның ішінде, кг: | |
қарашірік, г | азот, фосфор | ||
0,006 | 25,2 | 22,0 | |
0,01 | 72,2 57,6 | 73,5 | |
0,02 | 90,0 | 97,7 |
Осы мәліметтер су эрозиясының қаншалықты зиян келтіретініне дәлел болып табылады. Соны мен катар осы кесте мөліметтері негізінде су эрозиясының танап еңістігі артқан сайын өршелене (арта) түсетінін аңғаруға болады.
Суғару эрозиясының егіншілікке келтіретін зияны экономикалық тұрғыдан алғанда әр гектар танапка 2000 теңгеден келеді. Оның үстіне қашқан су мөлшері 3000 м3 жетеді, бұған 1500-6000 теңге төлем шығынын қосыңыз. Егер егіншілік өнімділігі бойынша бағаласа. суғару эрозиясы салдарынан мүмкін болатын түсімнің 30-40% алынбай қалады. Қазір Казақстандағы суғармалы жерлердін жартысына жуығы су эрозиясына ұшырап құнарлылықтарын нашарлатқан. Сондыктан су эрозиясы осы түріне қарсы күрес кең көлемде, аса мұқият және кешенді түрде жүргізілуі қажет. Олар төмендегідей болып бөлінеді:
1. Шаруашылыктық-ұйымдык шаралар. Бұлардың негізі - жерді дұрыс игеріп мәдени пайдалану. Ол үшін игерілетін аумақ бедерін және топырағын мұқият зерттеп, эрозияға тез ұшырайтын жерлерде топырақ шайылуына төтеп бере алатын бидай, жонышка сиякты тар катарлап егілетін дақылдар үлесін арттырған жөн. Олардың мүмкіндігінше екпе қарыктар арқылы немесе жаңбыр жиілігі төмен (<0,30 мм/мин.), тамшылары өте ұсак жаңбырлатқыштармен суару қажет.
Еңістігі 0,02-0,10 болатьш жерлерде қарықтардың ұзындығы әдеттегіден едәуір қысқа, яғни 100-60 м шамасында қабылданады. Ал әр қарықка берілетін су мөлшері 0,05-0,1 л/с аспауы шарт. Себебі қарық неғұрлым үзын болса, соғұрлым су көп беріледі. Нәтижесінде карык табаны жырылып эрозия құбылысы аскынады.
2. Агротехникалык шаралар. Агротехникалык шаралардың эрозияға қарсы жүргізілетін мақсаты: эрозиялық үрдіс пайда болуын болдырмау мүмкіндіктерің іске асыру, топырақтың сумен шайьшуына, жырьшып бұзылуына тоқтау салу және топырақтың ылғал сіңіру касиетін арттыру.
Эрозияға қарсы қолданылатын агротехникалык шараларға мыналар жатады:
а). Баурайды көлденеңнен тереңдігі 25-35 см етіп сүдігер жырту. Бүл тәсілді баурайдын тік жар лығы 2° кем болғанда пайдаланады.
Құнарлы топырақ терендігі 20 см кем болса, кайырмасыз жер жырту терендігін 35 см жүргізеді. Сонымен мұнда барлык жер жырту тәсілдері (тырмалау, культивациялау, егін егу) баурай еністігіне көлденең жүргізіледі.
ә). Үймелер мен қырқасын кұру. Баурайдың жар кабақтығы 2-4° артканда жүргізіледі. Бұл үшін кәдімгі ұзын кайырмалы сока пайдаланылады, ол бір уакытта жер жыртумең қатар, баурай бойында көлденең биіктігі 20-25 см ұймелер жасайды. Сонымен қатар, сатылы жер жырту тәсілшде соқаның екі корпусы қайырмасын 12 см ұзартып пайдаланады.
б). Сыдыра жырткышпен жер өңдеу. Тереңдігі 35-40 см, арам шөпсіз, таза және жоғары кабаты қарашірігі аздау жерлерде колданылады. Мұндай топырақгы терең копсыту оның су сіңіру қабілеттілігін 50-70% арттырады. Осының әсерінен топырак бетіндегі судын ағынға айналуы және құнарлы заттар шайылуы кемиді. Бірінші пайдалану жылында 30-40, екінші жыл 20-30. үшінші жылы 10-15% болады. Бұл тәсілді әрбір үш жылда кайталау керек.
3. Тау етегіндегі эрозия кұбылысы аса ыктимал танаптарда тамшылатып суғару тәсілін және импульсті жаңбырлатуды батыл қолдану.
4. Уақытша арықтарды тек танап еністігін ескере отырып тарту.
5. Еңістігі 0,005-тен асатын жерлерді жөне жаңбырлатқыш колданылатын танаптарда әрбір 2-3 жыл сайын горизонталь бағытында терең копсыту.
6. Суғару режимдері талаптарын мұқият орындау, яғни суғаруды мезгілімен, белгіленген нормамен жүргізу. Жаңбырлату барысында суғару нормасын өзінің эрозия туғызатын шамасынан асырмау, яғни жаңбырлатып суару - танап бетінде сарқылған су ағысы басталғанға дейін ғана жүргізіледі.