Стационарлық және амбулаториялы-поликлиникалық емдеу-алдыналушылық көмекті ұйымдастыру
Стационарлық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жүргізетін білікті, маманданған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек берудің түрі. Стационарлық көмекті бағыты лицензиямен анықталатын денсаулық сақтау ұйымдары атқарады. Стационарлық көмек беретін денсаулық сақтау ұйымдары жұмыстарының тәртібі, медициналық көмектің көлемі мен түрлері денсалық сақтау саласындағы өкілеттігі бар органдар анықтайды. Стационарлық көмек беретін денсаулық сақтау ұйымдары тиісті күтім беруді және тамақтануды қамтамасыз етеді.
Стационарды ауыстыратын медициналық көмек – бір күн ішінде ұзақтығы төрттен сегіз сағатқа дейінгі дәрігерге дейінгі білікті, маманданған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек берудің түрі. Стационарды ауыстыратын бөлімшелердің жұмыс тәртібін, олардың пішіні және медициналық көмек берудің көлемін денсалық сақтау саласындағы өкілеттігі бар органдар анықтайды
КАМКК стационарды ауыстыратын көмек беру түрінде күндізгі стационарларда, күндіз жататын палаталарда және үйдегі стационар есебінде өкілеттігі бар органдар анықтайды.
Күндізгі стационарларда, күндіз жататын палаталарда берілетін стационарды ауыстыратын медициналық көмек диагностикалық, емдеу шараларын, оның ішінде өкілеттігі бар органдар бекіткен тізімде көрсетілген негізгі (өміршеңді маңызды) дәрілермен медициналық көрсету бойынша қамтамасыз етеді.
Үйдегі стационарда көрсетілетін стационарды ауыстыратын көмек Днесаулық сақтау министрлігі нормативтік актілерімен қарастырылған медициналық көрсету бойынша жүргізілетін емду жолдарын және дәрілермен қамтамасыз етеді.
Стационарлы емдеу-алдыналу көмегі.
Стационарлы бағыттағы ауруханалық мекеме болып қалалық арухана болып есептеледі. Бұл халыққа медицина ғылыми мен техниканың бүгінгі жетістіктері негізінде беретін емдеу-алдыналу мекемесі.
Көрсететін медициналық көмектің түрі, көлемі мен сипаты бойынша және жұмысты ұйымдастыру бойынша қалалық аурухана мынадай болып бөлінеді:
· Мамандық қыры бойынша – көпқырлы және мамандандырылған болып.
· Ұйымдастырылу жүйесі бойынша – поликлиникамен біріккен және бірікпеген болып.
· Жұмыс көлемі бойынша – төсектік қауаты әртүрлі болып.
Қалалық аурухананың негізгі мақсаты:
1. Тұрғындарға жоғары білікті емдік-алдыналу көмегін беру.
2. Тұрғындарға қызмет жасау тәжірибесіне заманауи алдыналу, диагностика және ауруларды емдеу әдістерін кіргізу.
3. Тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуде және ауруды күту, қызметтің мәдениеті мен сапасын көтеруде олардың ұйымдастырушылық түрлерін және әдістерін дамыту және жетілдіру.
4. Тұрғындарға санитарлы-гигиеналық тәрбие жүргізу.
5. Қауымдастықты емдік-алдыналу қызметтерін өткізу шараларын жасауға және өткізуге жұмылдыру.
Арухана басшылығында бас дәрігер, бас медмейірбике, бас дәрігердің медицина бөлімі жөніндегі, поликлиниканы басқару жөніндегі, мейірбике қызметкерлерін басқару жөніндегі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарлары және басқалар басқарған әкімшілік-басқару аппараты тұрады.
Жұмыс істеу тәртібі бойынша қалалық аурухана стационары аурудың тәуліктік бойы болатын стационар, күндізгі уақытта болатын стационар және аралас режимде істейтін стационар болып бөлінеді.
Кейбір стационарлық мекемелер түрлері қуаты мен құрамы жағынан қызмет көрсетілетін тұрғындар санымен байланысты-рылады: бөлімшелер көлемі оңтайлы болуы тиіс (40-60 төсек), бір-ақ ең кемі 30 бірқырлы орыннан кем болмауы тиіс.
Стационардың негізгі құрамдық бөлімшелер: қабылдау бөлімі, бір қырлы емдік бағыттағы бөлімі, емдеудің арнаулы түрлері бөлімі, бөлек диагностикалық қызметтер және басқалар болып келеді.
Аурухананың стационарындағы қабылдау бөлімі орталықтан-дырылған (бүкіл ауруханаға бір) және орталықтандырылмаған (әр қырлардың құрамдық бөлімдеріне). Аурухананың қабылдау бөлімінің негізгі міндеттері:
1. Ауруларды қабылдау, диагноз қою және оларды жатқызу туралы шешім қабылдау.
2. Ауруларды тіркеу.
3. Ауруларды медициналық сұрыптау.
4. Қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек беру.
5. Аруларға санитарлық өңдеу жүргізу (кей жағдайларда). ).
Қабылдау бөлімінің штаты ауруқананың төсек қуатына және оның бейінніне байланысты жасалады.
Стационардың емдеу бөлімі ауруханаға жалпылама болып келетін көмекші медициналық және шаруашылық қызыметтерімен байланысты, ал ірі ауруханаларда – барлығына жалпыла болып келетін клиникалық және басқа да зертханалармен байланысты. Медициналық қызметкерлердің шататы мекеменің төсек санына, түріне және бейініне байланысты жасалады. Стационардың бөлім құрылымында негізгі штат болып бөлім меңгерушілері, дәрігер-ординатор, бас медмейірбике, мейірбикелер, шаруагер-мейірбике және басқа қызмет орындары болып саналады.
Стационарда (стационар бөлімдерінде) негізгі есептік құжаттар болып саналатындар:
1) ісшаралық кабинеттің құжаттары:
· «Ісшаралар есебінің жорналы»;
· «Дәрігерлік тағайндаулар жорналы»;
· «Биохимиялық зерделеу үшін алынған қан есебінің жорналы»;
· «RW –ға алынған қан есебінің жорналы»;
· «Трансфузионды ортаны, қанды және қан ауыстырғыштарды құюды тіркеу жорналы»;
· «Трансфузионды ортаны құюды тіркеу парағы»;
· «Құрғақты ыстық шкафтың жұмысы есбін жүргізетін жорнал»
· «зарарсындандыру алдындағы тазарту сапасының есебін жүргізетін жорнал»
2) медициналық мейірбике орнының құжаттары:
· «Кезекшілікті өткізужорналы»;
· «Шприцтерді өткізу жорналы»;
· «Ауруларды массажға, қанның биохимиялық саратамасына, қантқа және протромбиндік индекске, қанның жалпы сараптамасына, R-графияға, УЗИ-ге жіберілгендерді тіркеу жорналы»;
· «Санитарлы-ағарту жұмыстары жорналы»;
· «Аурулардың қозғалыстары жорналы»;
· «Стационарлық жорнал»;
· «Температуралық парақ»;
· «Реанимация және интенсивті терапия бөліміндегі (палатадағы) арулардың жағдайы туралы негізгі көрсеткіштер парағы»;
3) бас медмейірбикенің құжаттары:
· «Аурулардың және стационардың төсек қорының қозғалысының есптік парақшасы»;
· «Еңбекке жарамсыздығы тіралы иесептің жорналы»;
· «Дәрі-дәрмек жаздырып алу жорналы»;
· «Шприцтер есебінің жорналы»;
· «Күшті әсер ететін дәрі-дәрмектердің жорналы»;
· «Таңатын құралдар есебінің жорналы»;
· 4) дәрігердің негізгі ққұжаттары:
· «Стационарлық аурудың медициналық картасы»;
· «Жедел медициналық көмектің жолдламасы»;
· « Амбулатория-поликлиникалық мекемесінің жолдамасы»;
· «Амбулаториялық, стационарлық аурудың медициналық картасынан көшірме».
Стационарлық медицина көмегін бағалаудың көрсеткіштері:
· 10 000 тұрғынға шаққандағы төсек саны.
· 10 000 тұрғынға шаққандағы аруқанаға жатқызу деңгейі.
· 1 дәрігерге (орта медициналық қызметкерге) шаққандағы (бір ауыстырылу кезегінде) төсек саны.
· Стационардың дәрігермен (орта медициналық қызметкермен) жарақталуы.
· Бір жылда төсек қызметінің орташа саны (бір жылда төсектің қамтылуы).
· Аурудың төсекте болуының орташа ұзақтығы.
· Төсек айналымы.
· Төсектің орташа бос болу уақыты.
· Белгілі бір аурудың өлім-жітімдігі.
· Аурухана бойынша өлім-жітім көрсеткіштері және басқалар.
Стационардың терапия бөлімінде емдік-алдыналу көмегін ұйымдастыру
Стационардың терапевтика бөлімі кез келген ішкі нозологиялық (арурулық) түрлерімен ауырған науқасты қабылдайды.
Стационардың терапевтика бөлімінің негізгі орындайтын міндеттері:
· Тұрғындарды жоғары білікті маманданған көмекпен қамтамасыз ету.
· Ауруларға алғашқы және шұғыл көмек беру.
· Алдын алу, диагностика және емдеудің жаңа ұтымды әдістері мен құралдарын күнделікті жүргізілетін тәжірибеге әрқашан игеру және енгізу.
· Кешенді терапияда емдік тамақтануды, физикалық емдеу әдістерін және емдік физмәдениетін және басқа да калыпқа келтіретін емдеу әдістерін кең қолдану.
· Тұрғындардың науқастығын есептеп, оған талдау жүргізу; қызметкерлер жұмыстарының тиімділігі мен емдік-алдыналу көмектерінің сапасына талдау жасау; емдеудің шығасыларын және алыс кезеңдегі нәтижелерін зерделеу.
· Дәрігерлердің, орта медициналық қызметкерлердің біліктілін көтеру.
· Санитарлық білім тарату шараларын өткізу.
Стационардың терапевтикалық бөлімі өз құрамында ауруларды орналастыратын палаталары, меңгеруші мен бас медмейірбикенің, ординаторлық, мейірбике орнының, ісшаралар орындайтын кабинет, қызметтік диагностика кабинеті, асхана, шаруаға икемделген бөлме және с.с. болады.
Бөлім жұмысын медициналық қызметкерлерді біріңғай басқаратын және медициналық көмектің сапасы мен тиісті деңгейінде жүргізілуне жауапкершілікке жауапты бөлім меңгерушісі, және біріңғай медмейірбикелер мен кіші медициналық қызметкерлерді басқаратын бас медмейірбике атқарады.
Емдік-диагностикалық жұмыстарды біріңғай дәрігерлер мен медициналық мейірбикелер жүргізеді.
Бөлімнің шаруагер мейірбике бас медмейірбикеге бағынады, санитаркалар жұмысын басқарады, санитарлық-гигиеникалық, эпидемияға қарсы жүретін шараларды ұйымдастырады.
Терапевтикалық бөлімнің құжаттары және оның атқаратын міндеттерін бағалайтын көрсеткіштер стационардікіемен бірдей болып келеді.