Азақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері, тенденциялары
Еңбек нарығында мамандардың сұранысы мен ұсынысын реттеу, олардың өзгеруін болжау Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрліктерімен, және одан бұрын экономика және бюжетті жоспарлау Министрлігімен, себебі мамандарды дайындау экономиканың даму тенденциясымен тығыз үйлесіп іске асу керек.
Бюджетаралық қатынас проблемелары сақталуда. Әлеуметтік трансферттер мен мекен жайы әлеуметтік көмектің көздері - жергілікті бюджеттердің қаражаттары. Оңтүстік аймақтағы облыстарда халықтың әр түрлі саны, экономикалық дамудың бірдей емес деңгейі бір тұрғынға кеткен жергілікті бюджет шығындарының саралануын тудырады.
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту саласындағы үдерістер әрқашан әлеуметтік-экономикалық даму аспектілерінің орталық мәселелері болып табылады. Өйткені елдің тұрақты дамуы тікелей тұрақты жұмыспен қамтылу және еңбек нарығы саласындағы әртүрлі қолайсыз жағдайлардың алдын алумен байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшу мен экономикалық реформалауға байланысты жаңа тәуелсіз елдерде жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық мәселелері пайда болады. Еліміздегі нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық және экономикалық тұтқалардың, нарықтық инфрақұрылымының жетілдірілуі көптеген әлеуметтік мәселелерді, әсіресе еңбекке және жұмыспен қамтылу саласындағы мәселелерді өте маңызды ете түсті.
Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақстандық еңбек нарығы аймақтық еңбек нарықтарының қарама-қайшылықтарын бойына жинақтаған. Сондықтан да жұмыс күші еңбек нарығын саралау үшін және сол негізде макродеңгейде біртұтас стратегия құру үшін республикадағы жұмыспен қамту мәселесіне толық талдау жасау қажет.
Қарағанды облысы Қазақстан экономикасындағы халықты жұмыспен қамту үдерісінің ерекше жетекші индустриалдық орталықтарының бірі болуына байланысты, осы аймақты мысалға алдым . Аймақ экономикасында өтпелі кезеңде құрылымдық диспропорциялар күшейе түсті, нәтижесінде 2010 жыл металлургиялық кешеннің үлесіне өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 78,3 пайызы тиесілі болды. Бұл сектордың негізгі шаруашылық субъектілері шет ел компаниялары: “Испат-Кармет және “Қазмыс” корпарациясы” болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылы экономикалық белсенді 7657,3 мың халқының 726,2 мың халқы Қарағанды облысында шоғырланған. Оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны Республикада 6985,2 мың адам, ал Қарғанды облысында 671,5 мың адамды құрайды. Республикалық жұмыспен қамту деңгейі 91,2 пайыз болса, Қарағанды облысындағы жұмыспен қамту деңгейі Республикалық деңгейден 1,3 пайызға жоғары, яғни 92,5 пайыз облыстағы жұмыспен қамтылған халықтың 477,9 мың адамды (71,1%) жалдамалы жұмысшы күші категориясын құраса, 193,6 мың адамды (28,9%) өзіндік жұмыспен қамтылғандар қатарына жатады.
Қарағанды облысының статистика басқармасының мәліметтері бойынша,
2010 жылы орташа республикалықпен салыстырғанда экономикалық ынталылық біраз жоғары – 70,1 пайыз (республика бойынша 69,7). 2008 жылы экономикалық ынталы халық саны 3,4 мың адамға артты және 740,7 мың адамды құрады (2009 жылы – 737,3 мың адам).
2010 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,9 пайыз шегінде болды, бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен. Республика облыстарының ішінде бұл ең төмен.
Жұмыссыз халық санының ақырындап азайғаны байқалады. 2010 жылы бұл көрсеткіш 0,3 мың адамға төмендеген және 51,1 мың адамды құрады (2009 жылы – 51,4 мың адам).
Облыс экономикасында 689,6 мың адам жұмыс істейді, бұл 2010 жылғы – 685,9 мың адамнан 0,5 пайызға көп. Облыстың еңбек ресурстары көбіне жалдамалы еңбекпен жұмыс істеушілерде. Осылайша, 2010 жылы жұмыс істеушілер саны үлесінен 73,4 пайызды (505,6 мың адамды) құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа көп. Қалған бөлігі 26,7 пайыз (184,0 мың адам) өздерін-өздері жұмыспен қамтушылар, олардың үлесі жұмыс істеушілер санынан 0,2 пайыздық тармаққа азайған (2009 жылы 26,9 пайыз).
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған халық құрылымы 2008 жылы қызмет көрсету салаларының көбірек алуымен сипатталады (сауда, автомобиль жөндеу, тұрмыстық заттар мен бұйымдар; мейманханалар мен ресторандар; көлік және байланыс және басқа қызмет көрсету түрлері) – 53,6 пайыз. Құрылыс саласында жұмыс істеушілердің 2,5 пайызға көбейгені байқалады және олардың саны 2010 жылы 28,7 мың адамды құраған (2009 жылы 28 мың адам). Ауылдық, ормандық және балық шаруашлыығындағы жұмыс істеушілер саны 2010 жылмен салыстырғанда 1,1 пайыздық тармаққа төмендеген және 2009 жылы 26,8 мың адамды құраған. Өнеркәсіпте жұмыс істеушілердің үлес салмағы 2010 жылы 26,1 пайызды құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға төмен. Облыстың еңбек нарығында көрсеткіштердің жақсаруына Халықты жұмыспен қамту облыстық бағдарламасын іске асыру көп ықпал еткен.
Осылайша, облыс бойынша тіркелген жұмыссыздар саны үлесінің азаю тенденциясы байқалады. 2009 жылмен салыстырғанда олардың саны 39,7 пайызға азайған және 3292 адамды құраған (2008 жылы – 5466 адам). Тіркелген жұмыссыздардың 70,4 пайызын әйелдер құрайды, 22,3 пайызын ауыл тұрғындар, 11,4 – жастар құрайды.
2010 жылыдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда белгіленген жұмыссыздар деңгейі 0,3 пайыздық тармаққа төмендеген және 0,4 пайызды құраған.
Облыста 21,1 мың жаңа жұмыс орны немесе жоспарда қарастырылғаннан 128,9 пайыз. Жаңа жұмыс орындарына орналасқандар 12,3 мың жұмыссыз немесе 58,6 пайыз, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 1,3 пайыздық тармаққа жоғары.
2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыс берушілер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне 4132 бос жұмыс орнына тапсырыс берген.
Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2009 жылы 37,5 мың жұмыссызды жұмысқа орналастырған. 2010 жылы жұмыспен қамту мәселесі бойынша келген азаматтар санынан жұмысқа орналасқан жұмыссыздар үлесі 90,8 пайызды құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 3,1 тармаққа жоғары (88,1 пайыз).
2010 жылы кәсіптік оқыту мен қайта дайындауға 4144 жұмыссыз жіберілген. 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 4106 адам оқуын бітірген, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 4013 жұмыссыз немесе 97,7 пайызы жұмысқа орналасқан. Оқуларын аяқтаған соң жұмысқа орналасушылар үлесі 3 пайыздық тармаққа 2009 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда – 94,8 пайыз артқаны байқалады.
Қоғамдық жұмыстарға 13,1 мың жұмыссыз қатысқан, оның ішінде 3287 адам ауылдық жерлерде тұратын адамдар, бұл қоғамдық жұмысқа қатысушылардың жалпы санынан 25,1 пайызды құрайды. Облыста қоғамдық жұмысқа қатысқаннан кейін жұмысқа орналастыру мониторингі өткізіледі. 2010 жылы жұмыспен қамту органдары қоғамдық жұмыстан кейін жұмысқа 8,8 мың немесе 67,7 пайыз жұмыссызды орналастырған. 2009 жылы қоғамдық жұмыстан кейін жұмысқа орналасқандардың үлесі 55,7 пайызды құрады.
Жастар мен оралмандарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. 2009 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері 16 дан 29 жасқа дейінгі 17,4 мың жас адамды жұмысқа орналастырған, бұл өтінішпен келген жастардың 92,9 пайызын құрайды. Қоғамдық жұмыстарға 4,2 мың адам қатысты, кәсіптік оқытуға 2,8 мың адам жіберілді, өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуға 206 жас адам материалдық көмек алған.
2010 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келген оралмандар саны 968 адамды құрады (2009 жылы -793 адам). Жұмысқа 829 адам немесе өтінішпен келген адамдардың 85,7 пайызы орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 301 адам қатысты, кәсіптік оқытуға 90 адам жіберілді, өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуға 70 оралман материалдық көмек алды.
Жұмыспен қамту саласында халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша іс-шаралар көрсетілуде. Өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуға 772 жұмыссызға материалдық көмек берілді. Нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін 268 әлеуметтік жұмыс орны құрылды.
Еңбектің ішкі нарығын қорғауды реттеу үшін департамент шет ел жұмыс күшін әкелуге рұқсат береді. 2008 жылы 339 шет ел мамандарын Қарағанды облысына әкелуге 33 рұқсат берілген. 01.01.2009 жылғы жағдай бойынша облыс аумағында 24 ұйымда 84 шет ел маманы өз еңбектерін іске асырды. Шет ел жұмыс күшін әкелетін ұйымдарда 49528 қазақстан азаматтары жұмыс істейді, қазақстан азаматтары үшін 554 қосымша жұмыс орны құрылды, 138 қазақстандық жұмыскер қайта оқытылды.
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын игеру 223,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 178,9 млн. теңге, жұмыссыз азаматтарды оқыту мен қайта оқытуға 16,6 млн. теңге, жұмыспен қамту саласында халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларға – 27,8 млн. теңге жіберілген.
2009 жылдың 1 тоқсанында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 7414 жұмыссыз адам жұмысқа орналасқан, жұмысқа орналастыру мәселесімен келген адамнан 89,7 пайыз. Қоғамдық жұмыстарға 2734 жұмыссыз қатысқан, оның ішінде тұрақты жұмысқа 911 адам немесе 33,3 пайызы орналасқан. Жыл басынан бері кәсіптік оқыту мен қайта оқытуға 655 жұмыссыз азамат жіберілген. 2009 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша оның ішінде 368 адам оқуын аяқтаған, 366 немесе 99,5 пайызы жұмысқа орналасқан.
Нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін облыстың жұмыс берушілері 145 әлеуметтік жұмыс орнын құрған.
Өз істерін ашуға және өздерін-өздері жұмыспен қамтулары үшін 30 жұмыссызға, оның ішінде 22 әйел мен 29 жасқа дейінгі 6 жұмыссыз адамға материалдық көмек берілді.
Жастар арасынан 3655 адам немесе өтінішпен барған жастардың 91,7 пайызы, оралмандардың – 140 немесе өтінішпен барғандардың 97,9 пайызы жұмысқа орналастырылған.
Жалпы облыс бойынша белгіленген жұмыссыздық деңгейі экономикалық ынталы халықтың 0,5 пайызын құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 0,6 пайыздық тармаққа төмен (2008 жылдың 1 сәуіріне – 1,1 пайыз). [ 15 ]
Бірақта аталған кәсіпорындардың шеңбері бойынша жұмыспен қамтылғандар санының өсу қарқыны 2004 жылғы қарқынмен салыстырғанда- 1,8 пайыз, 2007 ж. салыстырғанда 2,4 пайыз кеміді. (сурет 1).
Келтірілген деректер жұмыскерлер санының 2008 жылы алдыңғы жылмен салыстырғандағы өсімі негізінен қызмет көрсету саласының есебінен болғанын көрсетеді. Жұмысшы күшінің айтарлықтай өсімі сауда, автомобильдер мен үй тұрмысында пайдаланылатын бұйымдарды жөндеу ұйымдарында (мұнда 2007 ж. салыстырғанда 12,5 пайызға өскен), сондай-ақ жылжымайтын мүлік операциялары мен, жалға беру және кәсіпорындарға қызмет көрсетумен айналысатьын ұйымдарда да (10,1%) байқалады. Сонымен бірге жұмысшылар санының өсуі білім беруде (5,7%), денсаулық сақтауда (2,2%), сондай-ақ мемлекеттік басқару (4,1%), мейманхана мен мейрамханаға (2,7%), қаржылық қызмет саласында да (2,0%) байқалған.
Сурет 1 - 2005-2010 жж. кәсіпорындарда жұмыс жасайтындар санының динамикасы
Негізгі экономикалық қызмет бойынша жұмысшылар санының 2010 жылғы өзгеруі сурет-1 де келтірілген. [26, 56-58 б]
Кесте 1 - Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы жұмыс жасайтындардың саны (ірі, орта және шағын кәсіпорындарда)
Экономикалық Қызмет түрлері | 2008 ж. | 2009 ж. | 2010 ж. | Алдыңғы жылға % | жиынға % |
Облыс бойынша | 320 313 | 328 782 | 329 680 | 100,3 | |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 8 717 | 8 822 | 8 718 | 98,8 | 2,6 |
Өнеркәсіп, құрылыс | 160 634 | 160 043 | 155 125 | 96,9 | 47,1 |
Қызмет саласы | 150 962 | 59 917 | 165 837 | 103,7 | 50,3 |
Аталған қызмет түрлеріндегі жұмысшылар саны өсуі білім беру мекемелерінің, оқушылар топтары мен сыныптары санының ұлғаюы және денсаулық сақтау мекемелеріндегі штаттың көбеюіне орай мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру үдерістеріне байланысты болады.
Сонымен қатар 2008 жылы экономиканың нақты секторындағы салаларда алдыңғы жылмен салыстырғанда жұмысшылар саны кеміді. Әсіресе ауыл шаруашылығында жұмысшыларды еңбек жағдайы, еңбекақы көлемі қанағаттандырмағандықтан, кадрлардың тұрақтамауы, сондай-ақ бірқатар ұйымдардағы (“Алтай” ЖШС, Гагарин атындағы ААҚ, “Пржевальский” атындағы ЖШС және басқалары) жұмыскерлердің келісім шарт мерзімі аяқталуына байланысты ол 1,1 пайызға кеміді. Ауыл шаруашылығындағы еңбекақы 2006 жылы ең төмендердің бірі болды (10310 теңге).
Өнеркәсіпте жұмыскерлер саны 3,1 пайызға қысқарды. Сонымен бірге тау-кен өнеркәсібінде талданып отырған кезеңде 6,8 пайызға кеміді, бұған аталған қызмет түріндегі көптеген ұйымдардағы (“Миготэкс” ЖАҚ, “УкрКазуголь” ЖШС, “Трансэнерго” ЖШС) жұмыс көлемінің қысқаруы, сондай-ақ “ГРК АБС-Балқаш” ААҚ-дағы бірқатар кендердің жабылуы әсер етті.
Өңдеуші өнеркәсібінде жұмыскерлердің саны 2,5 пайызға кеміді. Бұған РГП “Еңбек-Қарағанды” филиалдарындағы қылмыстық түзеу жүйесіндегі мекемелерде жұмыс көлемінің болмауы, “Испат-Кармет” ААҚ-дағы зейнетке шыққан жұмыскерлер орнының толмауы, “Каргормаш” ААҚ және “Қазақмыс корпорациясы” ААҚ-дарын қайта ұйымдастыру әсер етті (әлеуметтік сала объектілерін қайта ұйымдастыруға және т.б. байланысты).
Құрылыста жұмыскерлер саны 2008 ж. 5,2 пайызға кеміді, бұл Алматы-Астана жолдарының учаскесіндегі құрылыс жұмыстарының аяқталуына (“JRDO” ЖАҚ ҚФ) және “Ақшатау-Қарағанды” жолдары учаскесін жөндеудің аяқталуына (“Тодини” ҚФ), сондай-ақ “Шахтопроходка” ЖАҚ құрылыс фирмасының жойылу деңгейінде тұруына, “Шахтостроймонтаж-сервис” ЖШС және “Агат” ЖШС-да жұмыс жасайтындар санының кемуіне және басқаларға байланысты.
Сонымен, жұмыспен қамтылғандар санының өзгеру қарқыны материалдық өнімді шығаруға қарағанда қызмет көрсетуде айтарлықтай маңызды болып отыр. Экономиканың бұрынғы қызмет түрінде жұмыспен қамтылған адамдардың айтарлықтай шамасы еңбек нарығынан ығыстырылып, өзге салаға ауысып, қайта оқу немесе өз өндірісін ашу қажеттілігі туындайды.
Өткен жылы облыста жұмыскерлер санының қысқаруына әкелетін кәсіпорындарды қайта құрылымдау, қайта ұйымдастыру, банкроттық және жойылу үдерістері өтіп жатты, бірақ олар жұмысшылар санын өсірген кәсіпорындар санымен жабылды. Сонымен 2008 жылы жұмыспен қамтылғандар санын өсірген кәсіпорындар саны жұмысшылар санын қысқартқан 1026-ға қарсы 1562-ні құрады. Сонымен бірге жұмысшылар санын өсірген кәсіпорындармен бірге оны кеміткен кәсіпорындар санының өсу қарқыны байқалады, бұл жұмысшылар санын өсіру қарқынын жоғарылатуды бәсеңдететін фактор болып отыр (кесте 3).
Кесте 2 - 2008-2010 жж. жұмыскерлерлер санын өсірген және кеміткен кәсіпорындар саны
Кәсіпорындар саны | 2008 ж. | 2009 ж. | 2010 ж. | Алдыңғы жылға % - бен |
Жұмыскерлер санын өсірген кәсіпорындар саны, бірлік | 122,9 | |||
Жұмыскерлер санын кеміткен кәсіпорындар саны, бірлік | 128,7 |
Жалдамалы жұмыскерлердің айтарлықтай саны қалалық елді мекенде шоғырланған. 2008 жылы, кәсіпорындардың талданып отырған шеңбері бойынша, қалалық кенттерде 307,6 мың адам немесе жұмыс жасайтындардың жалпы санының 93,3 пайызы, ауылды елді мекендерде 22,1 мың адам (6,7%) еңбек етті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қалалық елді мекенде жұмыс жасайтындардың саны 2,4 мың адамға (0,8%) өсті, ауылда1,5 мың адамға (6,5%) кеміді [18].
2008 ж. облыстың 18 аймағының 8-інде жұмысшылар санының өсуі, 10ында төмендегені байқалады, ал 2006 және 2007 жж. Жұмысшылар санын өсірген қалалар мен аудандар саны басым болды (кәсіпорындардың қарастырылып отырған шеңбері бойынша).
Жұмыспен қамтылғандардың өсу қарқынының айтарлықтай жоғарысы 2008 жылы Осакаров ауданында байқалған (алдыңғы жылға-123,3%). Сонымен бірге серіктестер бойынша жұмыс жасайтындар саны Алматы (100,3%), Теміртау (101,2%), Сәтбаев (103,6%) қалаларында өсті. Ал жұмысшылар санының өсуі Шет (104,4%), Ұлытау (104,1%), Қарқаралы (100,6%) аудандарында байқалады. Жаңаарқа ауданында жұмыс жасайтындардың саны алдыңғы жылғы деңгейде қалды. Жұмыспен қамтылғандар санының айтарлықтай төмендеуі Ақтоғай ауданы (6,98%) мен Приозерск (5,8%) қаласында тіркелген.
2008 жылы облыстың ірі және орта кәсіпорындарында 299,2 мың дам жұмыс жасады, бұл 2007 жылға қарағанда 0,2 пайызға аз.
Жұмыскерлердің жалпы санындағы 152,7 мың адамды немесе 46,3 пайызды әйелдер құрайды (2007 ж.-45,6%). 2007 жылмен салыстырғанда олардың саны 1,8 пайызға өсті. Жұмыс жасайтын әйелдер санының айтарлықтай өсімі мемлекеттік басқармада (9,5%), ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығында (5,6%), сауда, автомобильдер мен үйде пайдаланатын заттарды жөндеуде (4,7%) байқалады (кесте 4).
Кесте 3 - Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс жасайтын әйелдердің саны (ірі, орта және шағын кәсіпорындар шеңбері бойынша), адам
Экономикалық қызмет түрлері | 2009 ж. | 2010 ж. | Алдыңғы жылға %- бен | Жұмысшылар санындағы әйелдердің үлес салмағы |
Облыс бойынша барлығы | 149 961 | 152 717 | 101,8 | 46,3 |
Ауыл, орман, балық шаруашылығы | 105,5 | 36,6 | ||
Өнеркәсіп және құрылыс | 48 999 | 48 387 | 98,6 | 28,5 |
Қызмет саласы | 98 398 | 101 625 | 103,3 | 60,6 |
Облыс бойынша 2010 ж. кәсіпорындар мен ұйымдардағы 85,4 мың адам немесе жұмысшылардың тізімдік санының 25,9 пайызы жұмысқа қабылданған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қабылданған жұмысшылардың саны 11,3 мың адамға немесе 11,7 пайызға кеміді.Оның ішінде қайта құрылған жұмыс орындарына 3892 адам қабылданған, бұл жұмысқа қабылданған жұмыскерлердің жалпы санының 4,6 пайызы (кесте 5).
Жұмыстан шығудың негізгі себебі кадрлар тұрақтамауы болып отыр. 2008 ж. 62,4 мың адам өз еркімен жұмыстан шыққан, бұл барлық жұмыстан шыққандар санының 71 пайызын құрайды. Өз еркімен жұмыстан шыққандардың айтарлықтай саны өнеркәсіпке (41,3%) келеді.
Сонымен қатар жұмыстан шығу өнеркәсіпте 87,2 пайызға, ауыл шаруашылығында-79,1, қызмет саласында 114,4 пайызға жұмыскерлерді қабылдаумен толықтырылды.