Инвестициялар есебі мен аудиті
Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
1100”Қаржылық инвестициялар “ бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. 1100-1150 шоттарында « Акциялар», « Облигациялар», « Басқа да қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.
1100-1150 шоттар активті, күрделі,негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады. Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді. Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Қаржы инвестициялары бойынша операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
1110 «Қысқа мерзімді берілген қарыздар»;
1120 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»;
1130 «Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв»;
2110 «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар»;
2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары»;
2130 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв»;
85. Қаржы міндеттемелерімен жасалатын операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
3010 «Қысқа мерзімді алынған қарыздар»;
3020 «Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер»;
4010 «Ұзақ мерзімді алынған қарыздар»;
4020 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер»;
Аудит бағдарламасы:
Инвестициялар аудиті | Тексеру: а) Негізгі құралдардың құнынан аспайтын шығындар сомасын есептен шығару; б) Негізгі құралды сатып алуға кеткен шығындардың есебінің дұрыстығын тексеру; в) Инвестициялар бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын тексеру; г) Мәліметтердің бухгалтерлік бас кітапта дұрыс жазылуын тексеру. |
Орлар есебі мен аудиті
Қорлар құрылыс материалдарын, оқу, ғылыми зерттеулер және басқа мақсаттар үшін материалдарды, дәрі-дәрмектер мен байлау құралдарын, тамақ өнімдерін, отын және жағу, шаруашылық материалдары мен кеңсе құралдарын, арнайы киім-кешекті және басқа жеке пайдаланудағы құралдарды, қосалқы бөлшектерді, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді, тауарларды, жолдағы қорларды қамтиды.
Қорларды есепке алу материалдардың атауы мен жауапты тұлғалар бойынша сандық және сома түрінде жүргізіледі.
Қорларды есепке алудың негізгі міндеттері барлық материалдық құндылықтардың дұрыс қолданылуы мен қозғалысын бақылау және сақталуын қамтамасыз ету; қорлар мен шығыстардың белгіленген нормаларын сақтау, белгіленген тәртіппен сатуға жататын, қолданылмайтын материалдарды уақытылы анықтау; мемлекеттік мекемелердің қоймасындағы қалдықтар туралы нақты мәліметтерді алу болып табылады.
Бухгалтерлік қызмет жүйелі түрде қоймадағы материалдық құндылықтардың түсімі мен жұмсалуына бақылауды жүргізеді, сондай-ақ қоймада (қамбада) жүргізілген жазбалармен материалдарды есепке алу жөніндегі өз жазбаларымен салыстырады.
Мемлекеттік мекеменің қорларын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
1310 «Материалдар»;
1320 «Аяқталмаған өндіріс»;
1330 «Дайын өнім»;
1340 «Тауарлар»;
1350 «Жолдағы қорлар»;
1360 «Қорлардың құнсыздануына арналған резерв».
Қорларды сатып алу мынадай корреспонденциялармен көрсетіледі: сатып алу:
Дт 1310 «Материалдар», 1340 «Тауарлар» шоты тиісті қосалқы шоты Кт 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты.
Басқа мемлекеттік мекемеден түсім:
Дт 1310 «Материалдар», 1340 «Тауарлар» шоты тиісті қосалқы шоты
Кт 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» (баланстық құны бойынша) шоты
Демеушілік, қайырымдылық көмек немесе гранттар түрінде түсім:
Дт1310 «Материалдар», 1340 «Тауарлар» шоты тиісті қосалқы шоты
Кт «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» (әділ құн бойынша) шоты
Жолдағы қорларды тану мынадай жазбамен көрсетіледі:
Дт1350 «Жолдағы қорлар» қосалқы шоты
Кт 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты.
Қорлар мемлекеттік мекемеге түскенде мынадай жазба жүргізіледі:
Дт «Қорлар» шотының тиісті қосалқы шоты
Кт 1350 «Жолдағы қорлар» шотының кредиті.