Негізгі құралдарды түгелдеу, кайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
Негізгі құралдарды түгелдеу. Негізгі құралдардын нақты бар-жоғын анықтау және олардың сакталуына бақьглау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, зандарды және басқа да актілерді, сондай-ак есеп саясатын басшылыкқа ала отырып оқтын-оқтын негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.
Бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру" деп аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгелдеу жүмысын жүргізіп отыруды белгілейді.
Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және баска жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоксанында) түгелдеу жүргізіледі,
Мүліктік түгелдеу міндетіне негізгі құралдардың нақты барлығы, техникалык жағдайы туралы дәл, толык мәліметтерді алумен катар бухгалтерлік есепке алу, мәліметтермен салыстыру шаралары да жатады. Негізгі құралдардың накты бар-жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер "Негізгі құрал-жабдықтарды мүліктік түгелдеу тізіміне" жазылып, мүліктік түгелдеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізіледі. Тізімдемеде объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары берілуі тиіс. Жалға берілген немесе алынған, сақтауға немесе уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа құжаттардың накты бар-жоғы және заңдылығы тексеріледі. Мүліктік тізім төменде көрсетілген.
Мүліктік түгелдеу тізімдерін жасамастан бұрын мүліктік карточкалардың мүліктік түгелдеу бар-жоғын және олардын қандай күйде екенін; техникалык паспорттар мен басқа техникалык құжаттардың бар-жоғын және оларда қандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттарын тексеру қажет. Егер де құжаттары жоқ болса, оларды алдыртуды және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалык құжаттардың бір-бірімен сәйкестігін тексереді.
Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу кезінде комиссия міндетті түрде объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мұліктік түгендеу тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану көрсеткіштерін мүліктік тізімдеріне енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын мүлікті мүліктік түгелдеу кезінде, көрсетілген объектілердің субъектіге тиісті екендігін растайтын құжаттардың бар-жоғын тексереді.
Сондай-ақ, субъектінің пайдалануындағы (меншігіндегі) жер телімдерін, су тоғандарын және басқа табиғи ресурстарды иелену (қолдану) құқын растайтын қүжаттардың да бар-жоғы тексеріледі.
Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің регистрлеріне алынған мәліметтердің дұрыс еместігі айқындалса, комиссия мүліктік түгелдеу тізіміне және мүліктік түгелдеу карточкаларына осы объектілер жөніндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дүрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді - енгізуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша - олардың қандай материалдардан (қандай мақсатқа пайдаланылатынын) салынғанын және сол материалдардың көлемін (іштей және сырттай өлшеу арқылы), көлемі (жалпы, пайдалы көлемін), қабаттар (этаждар) саны (подвалсыз, подвалымен) салынған жылы; каналдардың ұзындығы, тереңдігі және ені (түбі мен беті бойынша), жасанды құрылыстар, түбі мен енісін (құлама бетін) бекіту материалдары; көпірдің тұрған жерін, негізгі материалдардың тұрі мен мөлшері; жолдар бойынша – жолдардың түрлері (шоссе, арнайы), қашықтығы, төселген материалдар, жолдың ені т.б. көрсетіледі.
Есепке алынбаған объектілерді мүліктік түгелдеу кезінде бағалау әрекет етіп тұрған баға мен ұдайы өндіріс жағдайларын ескеріп есепке алынуы тиіс,
Есепке алынбаған объектілердің қашан салынғанын немесе алынғанын, жасалған шығындардың қаржыландырылған көзін мүліктік түгелдеу комиссиясы белгілеп, оны хаттамада көрсетуі керек.
Негізгі құралдар өзінін негізгі мақсатына сай мүліктік түгелдеу тізімдеріне тіркеледі. Егер объект қайта жаңғыртылып, өзгертілсе, кеңейтілсе немесе кайта жарактандырылып, өз колдану мақсатын өзгертсе, онда ол жанадан белгіленген мақсатына сай тізімге тіркеледі.
Өн беретін ірі маддар мен жұмыс көліктері мүліктік түгелдеу тізімдеріне тіркелгенде, олардын: малдың нөмірі (биржасы, ен-таңбасы); малдың аты, туған жылы, (жасы) тұқымы, қоңдылығы, тірідей салмағы (жылқы, түйе, қашар, бұғыдан басқалары) жөне алғашқы (қалпына келтірілген) құны көрсетіледі. Мал тұқымын (тегін) сапасы туралы мәліметтеріне қарап анықтайды. Ірі қара мал, жұмыс көлігі, шошқа (мегежін және аталық) және асыл тұқымды қой мен басқа мал түрлері (тұқымдық) тізімге бөлек жазылады. Негізгі табындағы мал топтық ретімен есепке алынып, тізімге жасы мен жынысына қарай бөлініп, әр топ бойынша тірідей салмағы мен мал басы көрсетіліп тіркеледі.
Егер де комиссия күрделі сипаттағы жұмыстар (этажға этажды қосу, жаңа бәлмелерді салу) немесе ішінара құрылыстар мен құрылымдардың жойылуы (конструкциялық элементтерінің кейбір қабаттарын жою) бухгалтерлік есепте көрсетілмегенін байқаса, онда оларды арнайы құжаттар арқылы объектінің баланстық құнының өсу немесе кему сомасын анықтап, тізімге езгерістерді енгізуі тиіс. Сонымен катар, комиссия кейбір объектілердің күрделі өзгертілгенін анықтап, олардың себептері мен кінәлі тұлғаларын тауып және бухгалтерлік есептің регистрлерінде көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Машиналар, құрал-жабдықтар мен көлік құралдары мүліктік түгелдеу тізімінде заводтардың, дайындаушы кәсіпорындардың мүліктік нөмірі, шыгарылған мерзімі, арналымы, қуаты және т.б- көрсеткіштері жеке керсетіледі.
Бір тектес шаруашылық заттарының, саймаңдардың, станоктардың құндары бірдей болса, бір цехқа немесе кәсіпорынның құрылымдық бөліміне бір уакытта түссе, мүліктік түгелдеу тізімдеріне осы заттардың атауы мен саны бойынша көрсетіледі.
Мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорыннан тыс жерде тұрған немесе негізгі құралдар (алыс рейстерге шыққан теңіз және өзен кемелері, теміржолдың жылжымалы құрамы, автокөліктер, күрделі жөндеуге жіберілген машиналар мен жабдықтар және т.б.) кәсіпорыннан уакытша сырт жерге шығар алдында мүліктік тізімдеуден өтеді.
Пайдалануға жарамайтын және жөндеуге келмейтін негізгі құрал-жабдықтар мүліктік түгелдеу тізімдеріне енгізілмейді. Мүліктік түгелдеу комиссиясы бұл объектілердің пайдалануға қосылған мерзімі мен мардымсыз болып қалуының себептерін (бүлінген, әбден тозған т.б.) көрсетіп, арнайы тізім жасайды,
Өз меншігіндегі негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу кезінде жалға немесе жауапты сақтауға алынған негізгі құралдарда тексеріледі. Бұл объектілердің жалға немесе жауапты сактауға алынғандығын растайтын құжаттарға сілтеме жасалады. Ол тізімдерде расталған мәліметтерден басқа кәсіпорынның аты; жалдау немесе сактау мерзіадері көрсетіледі. Мүліктік тізімнің бір данасы кәсіпорындарға жіберіледі.
Мүліктік түгелдеу кезінде есепке алынбаған объектілердің бағасы сараптау жолымен анықталады. Бұл объектілердің тозуын нақты техникалык жағдайына қарап белгілейді.
Негізгі құралдардың есепке алынбаған объектілерінің баланстық құнына 2410 "Негізгі құралдар" белімінің шоттары дебеттеледі де, "Негізгі қүралдарды сатудан түскен табыс" шоты кредитгеледі; тозу сомасына 2410 шотгары дебеттеледі және 2420"Негізгі құралдардың тозуы" бөліміндегі 2412-2416 шотгары кредиттеледі.
Негізгі құралдардың кем болып шығуына байланысты операциялар жоғарыда көрсетілген.
Мүліктік түгелдеу нәтижелері сол мүліктік түгелдеу аяқталған айдың есебіне жазылуы тиіс. Есепке алынбаған негізгі құралдарға жаңа мүліктік түгелдеу карточкалары толтырылады; кем шыккан негізгі құралдар баланстан есептен шығарылады, ал оның карточкасы "Мұражай" ("архив") бөліміне орналастырылады. Мүліктік түгелдеудің мәліметтері "Негізгі құралдардың мүліктік түгелдеу нәтижелерінің салыстыру тізімдемелеріне" енгізіледі, бірақ тек есепке алынған мәліметтерде алшақтықтар болған кезде. Салыстыру ведомосы төменде келтірілген (89-бетге).
Кем немесе артық шықкандардың кінәлілері және себептері туралы мәліметтері жан-жақты келтірілген, сондай-ақ болашақта жағымсыз құбылыстардың алдын алу және кінәлілерге қатысты қолданатын шаралар бойынша көрсетілген мүліктік түгелдеу комиссиясының жасаған хаттамасы - ең басты құжат болып табылады.
Негізгі құралдарды қайта бағалау. 16 ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдың бастапқы құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі, содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады. Әрекет етіп түрған нормативтік актілерге сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъектілер заңмен ұштастырылған негізгі құралдардың индексациялауының ережесі мен тәртібі туралы дербес шешім қабылдай алады. Қайта бағалаудың барысында негізгі құралдардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты ағымдағы (нарықтық) құны мен тозу дәрежесі туралы дәл және толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға енімнін, өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды роль атқарады. Және ол негізгі құралдарды белсенді түрде жаңартуға қажетті инвестициялық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Негізгі құралдарды қайта бағалау техникалық прогресстің дамуын есепке ала отырып, амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заман талабына сай ұдайы өндірісті жетілдіруге қажетті жағдайларды жасап, негізгі құралдарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.
Негізгі құралды қайта бағалауды жүргізу үшін түгелдеу комиссиясы сияқты комиссия құрады және кәсіптенген бағалаушыларды шақырады, ал олар сол бағалау күніне сәйкес келетін бағасын шығарады. Қайта бағаламастан бүрын, сол негізгі құралдардын белгіленген тәртіпте түгелдеуін жургізеді. Негізгі құралдарды қайта бағалау үшін, олардың бастапқы құны, қызмет ету мерзімі, техникалық жағдайы қайта бағалаудың ен негізгі мәліметі болып табылады, яғни қайта бағалау кезінде оларды негізге алады.
Шаруашылык жүргізуші субъекті қалауы бойынша өз меншігіне жататын негізгі құралдарын; қоймада тұрған қондыруға арналған құрал-жабдықтарын; аяқталмаған күрделі құрылыстарын қайта бағалауы мүмкін.
Қайта бағаланған сомасына негізгі құралдардың ағымдағы немесе бастапкы кұны артқан кезде, олардың құнына 2410 "Негізгі кұралдар" бөлімшесінің тиісті шоттары дебеттеледі де және сонымен коса арткан меншік капиталының сомасына 5320 шоты кредиттеледі. Осымен қатар, есептелген тозу сомасына да түзетулер жасалады. Мысал. Кәсіпорын өзінің негізгі құралын қайта бағалады делік:
Негізгі құралдың бастапқы (ағымдағы) кұнының қайта бағаланған сомасына, яғни 24 000 тенгеге 2410 "Негізгі құралдар" бөлімшесінің шоттары дебетгеліп және 5320 "Негізгі құралдарды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капиталы" шоты кредиттеледі. Ал негізгі құралдардың қайта бағаланған тозу сомасына, яғни 13041теңгеге 5320 шоты дебеттеліп, 2420 "Негізгі құралдардың тозуы" бөлімшесінің шоттары кредиттеледі.
Егер негізгі құралдардың бастапқы құны әсетін болса, онда сонымен бірге тозу сомасы да өседі, ал керісінше болған жағдайда, олардың баланстық құны шамадан тыс артып кетеді.
Инфляция (ақшаның құнсыздануы) жағдайында негізгі құралдарды қайта бағалау, негізгі құралдардың бағасын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік кұнындағы амортизациясының үлесін реттеуді көздейді.
Егер бұрындары кайта бағалауға қатыспаған негізгі құралдардың құны арзандаса (бастапқы құны азайса), онда төмендеген құнынын сомасы шығыс ретінде танылады, ал түзетулер жасалған тозу сомасы жай табыс ретінде танылады,
Мысал. Автомобильдің бастапқы құны 900 000 теңге құрады делік, ал оның тозу сомасы 63 000 теңге болған. Қайта бағалауды жүргізудің нәтижесінде ағымдағы кұны 630 000 теңге құраған, ал түзетілген тозу сомасы 44 100 теңгеге тең болған, Бұл бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазба жазылады:
- бастапкы құнының арзандатылған сомасына (270 000 тенге) 7410 шоты
дебеттеліп, 2410 шоты кредиттеледі;
- арзандатылған тозу сомасына (18 900 тенге) 2420 шоты дебеттеліп 6160 шоты кредиттеледі.
Егер бұрындары қайта бағалауға қатысқан негізгі құралдардың құны арзандаса (бастапқы құны азайса), онда бұрындары арзандатылған соманың шегінде косымша төленбеген капиталдьщ есебінен есептен шығарылады, ал егер ол сома бүрындары қайта бағаланған сомасынан асып түссе, онда ол шығын ретінде танылады, ал түзетілген тозу сомасы жай табыс ретінде танылады. Қойма ғимаратының (жайының) бастапқы құны 700 000 теңге болсын делік. Қызмет ету мерзімі 7 жыл. Қайта бағалаудың нәтижесінде, ол 910 000 тенге құрады, бүл кезде жинакталған тозу сомасының деңгейі 49 000 теңге болған еді, бірақ бастапқы құнына пара-пар етіп қайта бағалау кезінде, түзетілген тозу сомасы 63 700 теңгеге жетті.
Қойма ғимаратын (жайын) екінші рет нарық бағасы бойынша бағалаған кезде, ол 63 700 теңге құрады, ал жинақталған тозу сомасы 95 550 болды, бірақ осы соңғы түзетуден кейін 66 884 теңгеге жеткен.
Бухгалтерлік есепте екінші рет қайта бағалаудың нәтижесі келесі жазбалар арқылы көрініс табады.
1. Бұрындары жүргізілген қайта бағалаудың шегінде құнның азаюы:
- бастапқы (ағымдағы) құнының арзандатылған сомасына (910 000 - 700 000 = 210 000) 5320 шоты дебеттеліп, 2410 шоты кредиттеледі;
- арзандатылған тозу сомасьтна (63 700 - 49 000 = 14 700) 2420 (131) шоты дебеттеліп, 5320 шоты кредиттеледі.
2. Бұрындары жүргізілген қайта бағаланған сомасынан артык құнын азайту:
- бастапқы (ағымдағы) құнының арзандатылған сомасына (273 000 - 210 000 = 63 000) 7410 шоты дебеттеліп 2410 шоты кредиттеледі;
- арзандатылған тозу сомасына (28 666- 14700— 13966) 2420 шоты дебеттеліп, 6160 шоты кредиттеледі.
Егер негізгі құралды қайта бағалау нөтижесінде оның құны азайса, ал содан соң ессе, онда негізгі құралдың алдыңғы азайған құнының сомасын орнына(калпына)келтіругетуракеледі.
Орнына келтіруге жататын, яғни негізгі құралдың қайта бағалаудан алынған сомасы табыс ретінде танылады.
Мысал. Ғимараттың бастапқы құнын қайта бағалау кезінде ол 1700000 құрады, ал оның бағалауға дейінгі бағасы 2000000 тенге болатын, яғни 300000 теңгеге азайған. Ал жинақталған тозу сомасы да 50000 теңгеден 42500 теңгеге жеткен. Ғимаратты екінші рет кайта бағалаған кезде, оның құны 2100000 тенге құраған және тозу сомасы да 52500 тенгеге жеткен.
Енді осы операцияларға бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жасалады.
- бірінші қайта бағалаудың нәтижесі бойынша (300000 тенгеге) 7410) шоты дебеттеліп, 2410 шоты кредиттеледі, сонымен қоса, 7500тенгеге 2420 шоты дебеттеліп 6160 (727) шоты кредиттеледі;
- екінші қайта бағалаудың нәтижесі бойынша (300000 тенгеге) 2410 шоты дебеттеліп 6160 шоты кредиттеледі, сондай-ак: 7500 тенгеге 7410 шоты дебеттеліп, 2420 шоты кредиттеледі, ал 100000 тенгеге 2410 шоты дебеттеліп 5320 шоты кредиттеледі, содан сон, яғни ең соңында 2500 тенгеге 5320 шоты дебеттеліп, 23420 шоты кредиттеледі.
Объектіні пайдалану барысында қайта бағаланған сомасына амортизацияны есептеу әдісімен анықталған сомасын таратылмаған табысқа жаткызылады. Негізгі құралды есептеп шығарган кезде, қайта бағалаудан қалған сомасы түгелдей таратылмаған табысқа жатқызылады.
Мысал. Объектінің бастапкы құны 180000 тенге құраған, амортизациясы бір қалыпты (түзу сызыкты) әдісімен есептелген, соның нәтижесінде жинақталған тозусомасы 40000 тенге құраған. 01.01.02. жылы негізгі құралы қайта бағаланған, соның нәтижесінде негізгі құралдың ағымдағы құны 234000 тенге құраған, құнына пара-пар етіп жасалған түзетудің нәтижесінде тозу сомасы - 52000 тенге болған. Қызмет ету мерзімінің соңына дейін 4 жыл қалған.
Түзетілген тозу сомасын ескере отырып, алынған қайта бағалаудың нәтижесі бухгалтерлік еселте актив құнының өсімін береді, ал ол өз кезегінде косымша теленбеген капиталды өсіреді. Өсу сомасы 42000 тенгені құраған [(234000 - 180000)-(52 000-40 000)].
Қайта бағалау сомасы объектіні пайдалану барысында қалған 4 жылына, косымша төленбеген капитал ретінде жаткызылады, яғни онын жыл сайынғы жатқызылатын сомасы 10 500 теңге құраған (42 000/4 жьгл).
Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есебінде жыл сайын 10 500 теңге сомасына жазбалар жасалады, яғни 5320 шоты дебеттеліп 5410 шоты кредиттеледі.
Бірақ екі жылдан кейін осы объектіні сату жөнінде шешім қабылданған. Бұл жағдайда, қалған екі жылдың қайта бағалау сомасы, түгелдей таратылмаған табыска жаткызылады 21 000 {42 000 -(10 500 + 10 500)].
Есеп беруде негізгі құралдың мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруінде келесі ақпараттардың мәні ашылуы тиіс: негізгі құралдың әрбір түрі бойынша бастапқы құны; пайдалануға берілген және есептен шыққан кезі; бастапқы құнының өзгеру себептері; амортизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсілі; есептік кезеңнін басына және соңына жинақталған амортизация сомасы; егер де қайта бағалау жүргізілсе: әрбір негізгі құраддардың ағымдағы құны; бағалауды жүргізудің кезені және күні, әдісі, сондай-ақ экспертгік бағалауды кімнің жүргізгені т.б.
Сондай-ақ, қаржылық есеп беруді пайдаланатындар үшін уақытша пайдаланбай тұрған негізгі құралдың бастапқы немесе ағымдағы құны, міндеттемесі үшін кепілдікке берілген негізгі құралдар, аякталмаған құрылыстың есептік кезең соңына қалған құны т.б.