Кәсіпорынның негізгі капиталының (қорының) экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы

Кәсіпорында өндірістік қызметті орындау үшін шектеулі экономикалық ресурстар қолданылады және де оларды келесідей топтарға ажыратуға болады:

· материалдық ресурстар (жер мен капитал);

· еңбек ресурстары (еңбек пен кәсіпкерлік қабілет).

Микроэкономикада қолданылатын «экономикалық ресурстар» терминінің орнына кәсіпорын экономикасында «өндіріс факторлары» термині қолданылады.

Капитал (қор) – қосымша құн әкелетін кез келген құндылық. Кәсіпорын қорлары – экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді.

Кесте 3 – Капиталдың құрылымы

Кәсіпорынның капиталы
Кәсіпорынның жалпы капиталы Оның ішінде
  Оның ішінде     Меншікті капитал Негізгі капитал Айналым капиталы
    Негізгі құралдар Оның ішінде
Айналымдағы өндірістік қорлар Айналымдағы қорлар
Жалға алынған капитал Ұзақмерзімді міндеттемелер   Қысқамерзімді міндеттемелер
Материалдық емес активтер

Негізгі капитал деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.

Негізгі капиталға жататындар: жылжымайтын мүлік (жер телімдері, ғимараттар, құрылымдар, көпжылдық екпе ағаштары және басқа да жермен тығыз байланысқан және оларды оның міндетіне залал келтірусіз жылжыту мүмкін болмайтын нысандар), машина мен құрал-жабдықтар, өткізгіш тетіктер, өлшеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдармалық құралдары, тасымалдау құралдары, аспаптар, аулау құралы, өндірістік және шаруашылық құрал – саймандары, жұмыскер және өнім беретін мал басы, арнайы саймандар және өзге негізгі капитал.

Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарды.

Қолданылып жүрген топтастырылуларға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар – өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, байланыстың, сауданың және басқа да матераилдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары, өндірістік емес негізгі қорлар – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.

Натуралды-заттық құрамы принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады- ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары, жабдықтар, өндірістік – шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.

Кесте 4 – Қорлардың түрлері

1. Материалдық қорлар. 1.1. Капитал, негізгі және айналым. 1.2. Жер қорлары. 1.3. Энергетикалық қорлар.   2. Материалдық емес қорлар – өнім өңдіруге қатысатын, бірақ материалдық-заттық формасы жоқ қорлар. 2.1. Авторлық құқық. 2.2. Патент. 2.3. Сауда маркалары. 2.4. Бағдарламалар, ноу-хау және т.с.с.
3. Еңбек қорлары. 3.1. Еңбек 3.2. Кәсіпкерлік қабілет.   4. Қаржы қорлары (экономикалық емес) – кәсіпорында бар ақша: 4.1. өзіндіке – жарғылық капитал, пайда, амортизациялық қор және т.с.с. 4.2. келтірілген. 4.3. қарызды. 4.4. Басқа түсімдер – сақтық төлемдер, мемлекеттік бюджеттен түскен ақша, дивидендтер және с.с.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына ықпал етеді. Пассивтік элементтер өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.

Көлеміне немесе бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі қордың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі қордың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын өнімдер (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін құрастыруды қажет ететін жабдықтар да жатпайды.

Негізгі қорлардың 2 түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.

Кесте 5 – Негізгі қорлардың түрлері

Өндірістік негізгі қорлар Бейөндірістік негізгі қорлар
Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар Бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорлар

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына келесідей факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары және т.б.

Негізгі қорлар – ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет.

Кесте 6 - Негізгі қорлардың сыныптамасы

Топтардың аттары Қолданылуы және қысқаша мінездемесі
I. Ғимараттар өндірістік архитектура және құрылыс объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.)
II. Құрылыстар өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік-құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары, автомобиль және темір жолдары, т.б.)
III. Берілістік құрылғы энегияны, сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйелері)
IV. Машина мен құралдар 1. Күш машиналары мен құралдары (генераторлар, электр бөлшектер, бу машиналары, турбиналар, т.б.)
2. Жұмыс машиналары мен құралдар технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, прессмашиналар, терминалық пештер, көтеру тасымалдау механизмдері, т.б.)
3. Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабораториялық құралдар өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық процестердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетті құралдар
4. Есептеу техникасы математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы
5. Басқа да машиналар мен құралдар (өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.)
V. Құрал-сайман өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар т.б.)
VI. Өндірістік түгендеме (инвентарь) өндірістік операцияларды орындауды жеділдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті құралдар (жұмыс столы, қорап т.б.)
VII. Шаруашылық түгендеме (инвентарь) көбейту және қайта түсіру аппараттары (сейф, шкаф т.б.)

Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

· негізгі өндірістік қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері

· негізгі өндірістік қорларды интенсивті қолдану көрсеткіштері

· негізгі өндірістік қорларды интегральды қолдану көрсеткіштері

1 топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.

2 топ өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы анықталады:

Кинт = Bфи

мұндағы Bф – негізгі қорлардың нақты өнімділігі

Ви – негізгі қорлардың нормативтік өнімділігі

Құралдарды интегралдық қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттерін көбейту арқылы анықталады, және ол құралдардың уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.

Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып – қор қайтарылымы есептеледі. Қор қайтарылымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептелгендігі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігініғ аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

T/Ф

мұндағы Т – товар өнімінің көлемі

Ф – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны.

Қор қайтарымын ұлғайту – бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді. Қор қайтарымына кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы.

Қор сыйымдылығы – бұл негізгі өндірістік қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.

Өндірістің негізгі қорларының көлемі және олардың қолданылу дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анықтайды.

Өндірістік қуат – саланың, цехтың, агрегаттың, жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілігі (мүмкіндігі).

Өндірістік қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, агрегаттық өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, құрал-жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілікті айтамыз.

Наши рекомендации