Жеке дербес тапсырма : « Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі » мемлекеттік мекемесінің қызметін жетілдіру
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметін жетілдіру үшін бөлім қызметшілері келесі стратегиялық қызметтерді жүзеге асырады:
· инфляциялық процестерге бақылауды, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының сала аралық және аймақ аралық үйлестігін әзірлеуді жүзеге асыру;
· стратегиялық, ортамерзімді экономикалық, бюджеттік жоспарландыру жүйелерін жетілдіру;
· мониторингтің орындалуын жүзеге асыру, олардың іске асырылуы бойынша шаралар жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен құрастыру;
· бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) басымдылық тізбесін қалыптастыру;
· бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тұрғысында жалпы бақылауды жүзеге асыру;
· Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімдік жоспар жобасын әзірлеу;
· Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының атқарушы органдарының ортамерзімді фискальді саясат жобасын әзірлеу;
· тиісті қаржы жылына бюджетті бекіту бойынша мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және оны қала әкімінің аппаратында қарауға ұсыну;
· тиісті қаржы жылында қаланың бюджетін түзету, нақтылау бойынша ұсыныс енгізу;
· тиісті қаржы жылында бюджетті бекіту жөніндегі мәслихат шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің шешім жобасын іске асыру;
· тиісті қаржы жылында бюджетті қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;
· әлеуметтік-экономикалық дамудың ортамерзімді жоспарларын, бюджеттік жоспарландыруды және бағдарламаландыруды, мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды, информатизациялық және ИСО халықаралық стандартар сапасын енгізуді іске асыру және әзірлеуді методологиялық қамтамасыз ету;
· бюджеттік инвестиция мониторингін іске асыру және әзірлеуді ұйымдастыру, жоспарландыру, методологиялық қамтамасыз ету;
· мемлекеттік бағдарламалар және басымдықты инвестициялық жобаларды іске асыруға әсер ету және инвестициялық ахуалын (климатын) арттыру бойынша шараларды әзірлеуге қатысу;
· мемлекеттік меншік және мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақұсаттары мен басымдықтарын анықтау;
· жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, бюджеттік инвестициялық іске асыру тұрғысында жиынтық ақпаратты құрастыру;
· мемлекеттік басқару жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды құрастыру;
· әкімшілік реформалардың методологиялық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
· жергілікті мемлекеттік органдар функцияларын талдауды жүзеге асыру;
· мемлекеттік бюджет есебін ұсталатын, жұмысшылар еңбегінің төлемақы жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
· Бөлім құзырына жататын бағыт бойынша мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлеу;
· өз қызметі саласында нормативтік-құқықтық актілер жобаларын сараптауды жүзеге асыру
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметін жетілдіру үшін келесі шараларды ескерген жөн:
- біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысуға тілек білдірген жеке тұлғаларға жол ашып, патенттік нысанды жетілдіру. өйткені, патентте салықтардың тұрақты сомасы көрсетілген, бұл салық органдарының тексеру жүргізілуіне ғана емес, бюджет кірісін жоспарлауға да оңай;
- екіншіден, салық кодексіне түзетулер мен өзгертулер енгізуді салық жылының ортасында жүзеге асыруға болмайды. бұл жоспарланған бюджеттің орындалуына кедергілерін келтіреді;
- үшіншіден, бюджеттік мекемелердің жұмыскерлеріне бөлінетін еңбек ақыдан салық алынбауы керек. өйткені, мемлекет өзі бөлген қаражатының төлем көзінен табыс салығын ұстап, салық жүгін ауырлата түседі;
- төртіншіден, шетелдік инвестицияларды ұтымды және тиімді пайдалану керек. «алашақтың да берешегі бар» демекші, инвестицияны өз орнына жұмсамау мемлекеттік борыштың өсуіне әкеледі;
- бесіншіден, бюджеттік жоспарлауды әрі қарай жетілдіру баланстық әдістің дамуына, экономика - математикалык әдістерді қолдануға және автоматтандырылған басқару жүйесін құруға байланысты. Экономика-математикалық әдістерді жоспарлауда қолдану, бюджеттік көрсеткіштерге әсер ететін факторларға қарамастан ұтымды шешімдер қабылдауға жол ашады. Ал есептеуіш машиналарды қолдану қабылдаған шешімдерді салыстыра отырып, жоспардың көптеген есептік жобаларын дайындауға мүмкіндік береді.
Көптеген әр түрлі қаржы байланыстарында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін айрықша сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мысалы, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Яғни, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттік бюджетке қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретінде жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының ақша нысанында жүзеге асырылып, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайда ланумен бірге жүретін бөлгіштік сипаты бар. Сонымен қатар, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, бірақ ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің ерекше сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Кез келген экономикалық катего рия сияқты, мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты нақты материалдық-заттай көрініс табады: бюджет қаты настары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады.
Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қыз мет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қана ғаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны.
Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды
бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді. мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жал пы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашы лық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда:
· ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу;
· экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру;
· әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
· ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.
Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан
ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджетті тек экономикалық категория және мемлекеттің орталық тандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық
процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мысалы, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі ерекше рөлін айқындайды. негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика парламентінің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады. мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.Мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң). Осылайша, бюджетті жоғарыда аталғандардың жиынтығы ретінде қарауға болады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларды) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет бар лық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене байланысқан.
Бюджеттік жоспарлау жүйесі және оны ұйымдастыру. бюджет кодексіне сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердi және қазақстан республикасының ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерiн жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджет түсiмдерiнiң көлемiн және стратегиялық мiндеттердi, басымдықты ескере отырып әрi мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес олардың пайдаланылу бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу процесi болып табылады .Бюджеттік жоспарлаудың негізі республиканың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен болжамдары және оның мақсатты бағдарламаларының көрсеткіштері мен болжамдары.
Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. кезектi қаржы жылына арналған бюджеттiң обасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiң болжамы жасалады.
Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртiбiн қазақстан республикасының президентi айқындайды. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн қазақстан республикасының үкiметi айқындайды.Бюджеттік жоспарлауға тегінде оның кең мағынасында тек бюджетті жоспарлау ғана емес, сонымен қатар оның атқарылуы да жатады. өйткені бюджеттің құрылуы мен орындалуы бір принципке негізделгендіктен, бірін - бірі толықтырады, белгілі бір процестің өзара байланысты екі бұтағы. Алдағы жылға тікелей бюджет құрау ағымдағы жылдағы орындалу барысына қарай және шаруашылық органдарға жіберілген қаржы нормалары мен нормативтері негізінде жүргізіледі.
Бюджеттік жоспарлауды бюджет процесінен айыра білген жөн. Бюджет процесі бюджеттің сан алуан жұмыстары кезеңінде құрылып, орындалу тәртібі, бұл жұмыстың орталық пен жергілікті жерлерде ұйымдастырылуының нақты формалары хақында, республиканың бүкіл аумағындағы мемлекеттің шаруашылық, басқару органдары, жоспарлау - қаржы органдары, банкілері, бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында бюджет құрау мен барлық қаржы жоспарларының теориясы мен әдістемелік мәселелері енеді. мемлекеттік бюджетті құраудың екі кезеңі бар:
1. жиынтық бюджеттік жоспарлау. оның барысында жоспарлы жұмыстың негізгі бағыттары, қаржы ресурстарын жинаудың жолдары мен әдістері анықталып, мемлекеттің алдағы жылдағы белгіленген кірістері мен шығыстарын байланыстыру мүмкіндіктері іздестіріледі. Оның негізінде жиынтық қаржы балансы жасалады. Негізінен жиынтық бюджеттік жоспарлау мемлекеттік бюджет жобасын алдын ала әзірлеу кезеңінде жүзеге асырылады. Жиынтық бюджеттік жоспарлау қаржы жүйесінің орталық буынында қолданылады.
2. екінші кезеңде бюджеттік жоспарлау нақтыланады, яғни халық шаруашылығындағы барлық қаржы жоспарының бюджетпен нақты байланыстары орнатылады. Содан соң қаржы міндеттемелері формасын қабылдайды.
Бюджеттi жоспарлау принциптерi:
1) сабақтастық принципi – республикалық және жергiлiктi бюджеттердi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерiн өткен және ағымдағы қаржы жылдары бағдарламаларының iске асырылуы мен бюджетi атқарылуының тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн ескерiп, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының, өткен кезеңде негiзге алынған орта мерзiмдi фискалдық саясаттың бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
2) басымдық принципi – республикалық және жергiлiктi бюджеттердi республиканың немесе өңiрдiң алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған стратегиялық және әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
3) негiздiлiк принципi – бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгi;
4) шығыстардың мұнайдан түсетiн түсiмдерге тәуелдiлiгiн азайту принципi – мұнайға қатысты емес секторды нысаналы дамыту есебiнен мұнайға қатысты емес тапшылықтың мөлшерiн азайту бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін жетілдіру мақсатында бекітілген міндеттер:
- өндіріс өсімі мен қаржы қорларын көбейту резервтерін ескеріп, әрбір көзі бойынша бюджет кірістері көлемін айқындау;
- жалпы мемлекеттік мүдделерге сәйкес үнем тәртібін сақтап салалар, ведомстволар, шығындар түрлері бойынша бюджет шығындары көлемін айқындау;
- қарастырылған шараларды уақтылы қаржыландыру мақсатымен әрбір жеке бюджетті теңестіріп, кірістер мен шығыстарды бөлу;
- мемлекеттік бюджет жиынтығын құрау және оны әлеуметтік-экономикалық дамудың бағдарламалары, болжамдарымен байланыстыру;
- материалдық және ақшалай-мемлекеттік резервтер құру;
- бюджет алдында міндеттемелер орындау және қаржы ресурстарын мақсатты, ұтымды пайдалануға қаржы бақылауын жүзеге асыру.
Жиынтық бюджеттік жоспарлау - бюджеттік жоспарлаудың құрамдас бөлігі, мемлекеттің экономиканы басқарудағы қызметінің айрықша түрі.жиынтық бюджеттік жоспарлау процесінде қаржы және бюджет ресурстарының жиынтығы анықталып, халық шаруашылығындағы бөлу және қайта бөлу процестерін реттеу, экономиканың теңдестіріле дамуын қамтамасыз ету мақсатымен оларды пайдалану бағыттары айқындалады. Бұл ұғым бюджетті құрау және орындау процесін білдіреді. ол жоспарлаудың екі кезеңінен тұрады: біріншісінде жиынтық қаржы балансы әзірленеді, екіншісінде бюджет құрылып, орындау белгіленеді. Мұнда жиынтық бюджеттік жоспарлау жиынтық қаржы балансынан тікелей бюджетке көшудің үздік процесі ретінде экономиканы басқарудың барлық деңгейіне тән.
Жиынтық қаржы балансы халық шаруашылығындағы тұтас және мемлекеттік сектордағы барлық қаржы ресурстарын ескеріп, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының ақшалай көрінісі.Мемлекеттік бюджет бұл бағдарламаны нақтылайды. Бұл құжаттар өзара тығыз байланысты, бір-бірін толықтыратын бір процестің екі қыры.Жиынтық қаржы балансында ақпарат мол. өйткені республиканың барлық бюджеттерінің және оның аумағындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржы ресурстарын, сондай-ақ бюджетке түсетін халықтың қаражаттарын қамтиды.
Жиынтық қаржы баланстың сызбасы бүкіл республикада және төменгі әкімшілік-территориалдық бірлестерде кең таралып, дамуы тиіс. Нарық қатынастары жағдайында жиынтық бюджеттік жоспарлаудың алдында косымша міндет пайда болады: нарық экономикасының талаптарынан туындайтын материалдық-қаржы теңдестіру, халықты әлеуметтік қорғау барысын қаржымен қамтамасыз ету, басқарудың экономикалық тұтқаларын пайдалану, қаржы саясатын әзірлеу мақсаттарымен тиісті аумақта қаржы шығындарының көлемін анықтау.
Мемлекеттік бюджет барлық дербес бюджеттердің сомасы ретінде соңғы кезеңде бюджеттік жоспарлау үшін экономикалық талдау мақсатымен жинақталады. Әрбір басқару деңгейіндегі бюджеттер шынайы дербес сипат алады.
Бюджеттік жоспарлаудың теориялық жағынан жеткіліксіз зерттелуі еліміздің келешек бюджеттік жоспарларын құруға кедергілер келтіруде. Оның негізгі әсерлерінің бірі - бюджеттік жоспарлауды жүргізудің тиімді әдістерінің ғылыми жобасының жоқтығы. Бюджеттік жоспарлауға арналған әдебиеттерде жоспарлаудың барлық тәсілдері ашылмай, тек онда баланстық әдіске көңіл аударылады.
Жоспарлаудың нақтылығы, ақиқаттығы арнайы әдістерді қолдануды талап етеді. Бюджеттік жоспарлаудағы қолданылатын әдістер құбылмалы болып келеді, өйткені ол нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өткізетін нарыққа, оның негізгі механизмдері: ақшаға, бағаға, құн заңына, сұраныс пен ұсыныс заңына тәуелді.нарықтық экономика заңдарына сәйкес бюджетті жоспарлауда мынадай әдістерді қолданған жөн:
1) экономикалық талдау;
2) нормативтік;
3) баланстық;
4) экономика-математикалық.
Бұл әдістер бір мезгілде колданылып, бірін-бірі толықтырып отырады. Енді осы әдістердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, байланыстарын ашайык.Экономикалық талдау әдісі бюджеттік жоспарлаудың барлық сатыларында қолданылады. Бұл
әдісті есеп беру нәтижелері мен жоспардың арасындағы ауытқуларды салыстырамыз деп қарауға болмайды. Талдау нәтижесінде жоспарланған ақша қаражаттарының бюджетке шоғырланып, бөлінген бюджеттік қаржыландырулардың үнемді қолдану шектері тағайындалады.
Экономикалық әдебиеттерде экономикалық талдау әдісін бюджетті жоспарлаудың әдісі емес, оның сатысы деп көрсетеді. жоспарлаудың сатылары дегеніміз жоспарды дайындаудың арнайы
кезендері, олардың әрқайсысында әр түрлі әдістер қолданылады. Бюджеттік жоспарлаудың практикасы көрсетіп жүргендей, бюджеттік жоспарды құру үшін оның бастапқы жобасын анықтау керек (экономикалық талдау әдісі), нақты түсімдері мен шығындарды есептеу керек (нормативтік әдіс), ал содан кейін жеке тапсырмалар мен баптарды біріктіріп, оларды теңестіру керек (баланстық әдіс). Сонымен, экономикалық талдау жоспарлаудың әдісі болып табылып, оның негізінде жоспардың
алғашқы жобалары ескеріліп, жоспарланатын жылғы бюджеттік көрсеткіштерді дайындауда кеңінен қолданылады. Нормативтік әдіс арнайы нормалар мен нормативтерді қолдануға негізделген. бюджеттік нормалар ұйымдар мен мекемелердің шығындарын жоспарлау кезінде қолданылады. Шығындарды ғылыми негізде дұрыс нормалау, бюджеттік қаржыландырудың көлемін анықтап қана қоймай, қаражаттарды үнемдеуге, мақсатты және тиімді қолдануға септігін тигізеді. көбінесе, нормативтік әдіс бюджеттік кірістердің көздерін жоспарлауға қолданылады. Бұл кіріс көздеріне салықтың барлық түрлері мен алым-салымдар және т.б. жатады. нормативтік әдістерді ғылыми жетілдіру бюджеттік жоспарлаудың деңгейін көтеріп, қаржы қызметкерлерінің жұмысына экономика - математикалық әдістер және автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануға жағдай жасайды.
Бюджеттік жоспарлау процесіне баланстық әдіс кеңінен қолданылады. Кез келген әкімшілік аймақ бюджетінің кірістері мен шығыстарын теңестіру оның негізгі мәні болып табылады. Баланстық әдіс арқылы республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасындағы бюджет қаражаттарының дұрыс бөлінуі қамтамасыз етіледі. бюджеттің кірістері мен шығыстарының теңдігі оның тұрақтылығын анықтап, қазақстан республикасы мемлекеттік бюджетінің табысты орындалуына алғы шарт жасайды.
ОРЫТЫНДЫ
Жалпы қорытындыласақ Бюджетті жоспарлау - бюджеттің жоспарлы түрде жасалуы, қаралуы, бекітілуі және атқарылуы барысы; басқарудың әрбір деңгейінде бюджеттік ресурстардың көлемін, құралу көздерін, нысаналы мақсатқа пайдаланылуын анықтауға мүмкіндік беретін қаржы жоспарлауының құрамдас бөлігі. Бюджеттік жоспарлауда бюджеттік ресурстарды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмылдыру жолдары айқындалады. Нарықтық қатынастар жағдайында Бюджеттік жоспарлаудың мазмұны, әдіснамасы мен әдістемесі түбегейлі өзгерді. Ол директивалық жоспарлаудан индикативтік жоспарлауға айналды; онда жалпы шығындық көрсеткіштердің орнына пайда алуға бағдарланған өзге өлшеуіштерді пайдалануға мүмкіндік туды.
Бұл бөлім , яғни экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің актілеріне, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық заңды тұлғасы болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау , соның ішінде инвестициялық саясат және жоспарлау секторы - қаланың өңірлік әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеудің салааралық үйлестігін жүзеге асырумен ; ауылдық елді мекенге тұру және жұмыс істеу үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын қабылдаумен ; стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз етумен ; әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік өлшемдер болжамын, аймақты және алдағы жоспарлы мерзімге жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларын дамыту бағдарламаларын әдістемелік әзірлеуді қамтамасыз етумен ; бюджеттік үрдістің әдістемелік басқарылуын қадағалаумен және тағы да басқа өз секторларына қарасты жұмыстармен айналысады.
Қазіргі уақытта экономика дифференцияциаланған территориялық даму проблемасымен сипатталады , сол себепті мемлекетке аймақтардың дамуында теңдікті қамтамасыз ету, проблемалы аумақтарды сүйемелдеу , аймақтық бәсекені жөнге салу, әлеуметтік - экономикалық дифференцацияны тегістеу үшін шаралар қабылдау қажет. Осы проблема ел үшін жеткілікті ұзақ уақыт мінездемелі, бірақ осы кезде Қазақстанның экономикалық дамуы нәтижелі аймақтық реформалар қабылдауға рұқсат етеді.
Қорыта келе аймақтық проблемаларды зерттеуде жүйелік талдауды қолдану зерттеушінің инструментарийін кеңейтіп, жасалынатын аймақтық экономиканы басқару үлгісінің нақтылық және барабарлық деңгейін көтеретіндігін, экономикалық кеңістіктің құрылуында жаңа мүмкіндіктер ашатынын айта кеткен жөн.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жергілікті басқарудың түрлері мен формаларының кең диапазоны байқалды. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, біз келесі бағыттарда реформалар жүргізуіміз қажет:
v Азаматтардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру және қызметті электронды жүйе арқылы тарату үшін мемлекеттік басқаруда ақпараттық жүйелерді қолдану.
v Мемлекеттік саясатты жасау әдістерін конъюнктуралық факторларды емес, халықаралық назар мен стратегиялық мақсаттарды ескере отырып ұштау.
v Қызметкерлерді ынталандыру жүйесін өзгерту, жұмыс көрсеткішін бағалау жүйесін жақсарту, және де осындай қызметке әйел адамның, басқа ұлт өкілдерінің, мүгедектердің кең қол жеткізе алуы арқылы мемлекттік қызметке жаңарту енгізу.
v Әр түрлі әлеуметтік топтардың назарын жақсылап бақылау арқасында мемлекеттік қызметтерді таратуда бағыттылықты күшейту.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
• Гневко В.А. Жергілікті өзін-өзі басқаруды кадрлармен қамтамасыз етудің мәселелері. СпБ, 1996ж.
• Бердалиев К. Менеджмент, Алматы. 2005
• Құрманбаев С.Қ.,Гамарник Г.Н., Тойкин С.Қ., Сұлтанов Ө.С. және т.б.Жергілікті мемлекеттік басқару. Алматы, «Экономика»,1999, 132б.
• Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.
• Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2007, 184б.
• Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.
• Ілиясов, Қ.Қ / Қаржы оқулық / - Алматы, 2005.- 355 б.
• Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет
• Кенжегузин М.Б., Исаев М.Г., Нурланова Н.К. Қазақстанның нарықтық экономикасы: қалыптасу және дамуының мәселелері. Т.2:-А., 2001ж.
• Курманбаев С.К., Гамарник Г.Н., Султанов О.С:, Тойкин С.Қ. және б. Муниципалды менеджмент. Оқу құралы. А., Экономика, 1999ж., 133б.