Сақтандыру: ұғымы және сыныптамасы
Халықтың тұрмыс деңгейінің қаржылық және әлеуметтік индикаторлары
Тұрмыс деңгейі - халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі.
Алуан түрлі көрсеткіштерді қамтитын интегралдық сипаттамасы: халықтың жан басына шаққандағы тұтыну қоры, нақты табыс, аса маңызды өнімдерді табиғи тұтыну мөлшері, тұрғын үймен коммуналдық және әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтамасыз етілу, білім берудің, денсаулық сақтаудың, әлеуметтік қамсыздандырылудың дамуы.
Тұрмыс деңгейін жалпы ел бойынша ұлттық-тарихи ерекшеліктерді ескере отырып, жекелеген аумақтар бойынша әлеум. топтар жағдайының өзгешеліктерін басшылыққа ала отырып, осы топтар бойынша бағалауға болады. Халықтың Тұрмыс деңгейін сипаттау үшін материалдық игіліктердің көлемін, құрамын, олардың халықтың жекелеген топтары арасында пайдаланылуы мен бөлінуін сипаттайтын статистикалық деректер негізінде қалыптасатын бірқатар әлеум-экономика көрсеткіштер (индикаторлар) қолданылады.
Халықтың Тұрмыс деңгейінің негізгі көрсеткіштері: халықтың ақшалай табысы, жалақының мөлшері, күнкөріс минимумының шамасы, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық адамзат әлеуетінің дамуы мен пайдаланылуы деңгейін кешенді түрде бағалау ретінде қарастыратын адамзаттың дамуы индексінің көрсеткіші.
Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі индикаторлары:
Үй шаруашылықтарының нақты түпкілікті тұтынуы – жеке үй шаруашылықтарымен үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардан шығыстар есебінен немесе заттай түрдегі әлеуметтік трансферттер арқылы сатып алынған тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулері.
Туған кезден күтілетін өмір ұзақтығы туған ұрпақтың бір адамының осы ұрпақтың бүкіл ғұмырының ұзақтығындағы әрбір жастағы өлім деңгейі осы көрсеткіш есептелген жылдағыдай сақталып отырған жағдайдағы күтілетін өмір сүрудің жас санын көрсетеді.
Жалақының ең төменгі мөлшері меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жалдау бойынша жұмыс істейтін адамдарға Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік етілген ең төменгі ақшалай төлемі. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
Жасы бойынша зейнетақының ең төменгі мөлшері зейнеткерлік заңнамасында қарастырылған жағдайларда халықтың алуына мемлекет кепілдік беретін ең төменгі ақшалай жиыны болып табылады.
Мемлекеттік базалық зейнетақының төлемі - Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы №1363 «Қазақстан Республикасында зейнетақыны қамтамасыз ету туралы» Заңымен белгіленген Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнеткерлік жасына жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлемі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейіне кезеңдік жақындаумен тиісті қаржы жылына белгіленеді.
Сақтандыру: ұғымы және сыныптамасы
Сақтандыру —әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі.
Сақтандырудың экономикалық мәнібарлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға үшырағанға көмек көрсетілетіндігінде.Демек,сақтандыру — қолайсыз қубылыстар мен кутпегеноқигалар болган кезде жеке жоне заңи тулгалардың муліктік мудделерін қоргау жоне оларга материалдық зиянды төлеу ушін мақсатты ақша қорларын қуру жөне пайдалану жәніндегі қайта бәлгіштік қатьшастардың айрықша сферасы. Сақ-тандыруға түрткі болатын басты себеп — бүл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан ендіріс процестерін жалгастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топ-тарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мүндай ақша қаражаттары әдетте резервжәне сақтыққорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты - қоғамдық үдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және үжымдық қорғау болып табылады.Сақтандыру категориясы үшін мына белгілероған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген
аукымда — мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе
оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері (жауапкершілікті сақтандыру).
Республикада сақтандыру ұйымдарының қаржы жөнінен тұрақты болуына қойылатын талаптарды, сақтандырудың жаңа заңдарын қалыптастыру, сақтандыру нарығының анықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. 2000 жылы ҚР Ұлттық банкі Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығына (ІAІS) толық құқылы мүше болып кірді. Сақтандыру ұйымдарының есебі мен қаржы есептілігінің жаңа стандарттары енгізілді, ІAІS ұсыныстарына сәйкес сақтандыру нарығын ұйымдастырудың жаңа қағидалары мен стандарттары әзірленді.