Дістемелік нұсқаулар
«Менеджмент» пәнін әдістемелік тұрғыдан оқып-игеру барысында студенттің курс мазмұнын білуі ғана емес, сонымен қатар шығармашылық белсенділіктің дамуы мен сана сезімнің қатынасын да жетілдіру қажет. Міндетті түрде білім алуға үйрету қажет, келешекте жас мамандарға өзінің біліктілік деңгейі мен білім деңгейін тереңірек жоғарылатуына мүмкіндік береді.
«Менеджмент» пәні микродеңгейде басқарудың методологиялық, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық аспектілерін логикалық тізбекте қарастырады.
Басқару процесінде қатысатын негізгі элементтер болып коммуникация, басқару шешімдері, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау функциялары табылады.
«Менеджмент» пәнінің мақсаты ретінде курстың теориялық-әдістемелік негізінің пайда болуы мен қалыптасуын, басқару теориясы мен тәжірибесінің қолданылуы мен дамуын нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайларында игеру болып табылады.
Белгіленген мақсат негізінде келесідей міндеттер қойылады:
- студенттерде менеджмент теориясы мен тәжірибесі жөнінде біртұтас білім жүйесін қалуыптастыру;
- алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибелерді оқыту және олардың Қазақстан тәжірибесінде қолданылуы;
- ұйымды шаруашылық басқарудың ерекшеліктері мен болашақтағы даму мүмкіндіктерін экономикалық тұрғыдан дұрыс бағалауды үйрету;
- қазіргі кезеңгі ұйымдардағы тиімді басқаруды қамтамасыз ететін әдістерді, формаларды және механизмдерді оқыту.
Лекциялар, дебаттар, әңгімелесулер мен периодикалық басылымдарды оқу анық, әрі тұрақты түсінушілікке әкеліп соғады. Осы негізде «Менеджмент» пәнін игерудің негізгі міндеті ретінде терең ғылыми білім алу ғана емес, сонымен қатар процестер мен құбылыстардың мәні және заңдылықтарын ашып көрсетуге жағдай туғызады.
Соныменен, экономикалық ғылымдардан сабақ берушілерге әрдайым білім деңгейлерін оқу процесіне тікелей қатысы бар басқа ғылымдар арқылы толықтырып отыру қажет.
«Менеджмент» пәні мен экономика ғылымдары бойынша сабақ берудің әдістемесі білім берудің өте жоғарғы теориялық деңгейінің, қатаң ғылымилықты, материалдарды ұғындыру барысындағы түсіндірушіліктің бар екендігін көрсетеді. Білім берудің белгілі бір әдістері мен тәсілдерінің біртұтастығы игерілетін ғылым мен оның әдістемесінің арасындағы үзіліссіз байланысын көрсетеді.
Студенттерді даярлау барысында өзіндік жұмыстың ролі өте үлкен, яғни рефераттарды, курстық жұмыстарды және басқа да зерттеу жұмыстарын орындау кезінде өзіндік ізденіс қабілеттіліктерін дамыту. Егер белгілі бір талаптардың негізінде оқу процесіне интернетті белсенді қолданса, негізгі және қосымша әдебиеттердің пайдаланудыің әсері өте үлкен болады.
Оқу процесінің формалары бір-бірімен өзара байланыста және логикалық тізбектелінген болып келеді.Білім алу барысындағы орындалатын жұмыс формаларының әдістемесі келесі формаға үлкен дәрежедегі салмақты ықпалын білдіреді.
Осы негізде «Менеджмент» курсын игеру барысында білім берудің келесідей формалары кең көлемде қолданылады:
- сөздей әдістер, оның көзі ретінде ауызша немесе жазбаша сөздердің қолданылуы қарастырылады;
- көрнекті әдіс, оның көздері ретінде бақыланып отырған құралдар, құбылыстар және көрнекті құралдар қарастырылады; иллюмрациялар мен демонстрациялар жасалынады;
- тәжірибелік әдіс, оқушылар тәжірибелік іс-әрекеттерді орындай отырып білім алады және белгілі бір қабілеттіліктерді қалыптастырады; жаттығулар, лабораториялық жұмыстар, практикалық жұмыстар жүргізіледі.
«Менеджмент» пәнінің бағдарламасы жоғары оқу орындарының экономикалық мамандықтарына арналған.
Менеджмент» пәні бойынша
Оқу-әдістемелік
Амтамасыз етілу картасы
«Менеджмент» кафедрасы
Мамандық | Пән | Негізгі оқу-әдістемелік әдебиеттің көлемі (экз.) | Студенттер контингент | Ескерту | ||||
Электронды тасымалдау ПОӘК | Ескі/жаңа әдебиет көлемі, жаңарту/ сатып алу қажеттілігі, оқу- әдістемелік әдебиеттердің басылымға дайындығы | |||||||
қ/б | о/б | қ/б | о/б | қ/б | о/б | |||
- Қаржы; - Бұх. есеп және аудит; - Маркетинг; - Мем. және жергілікті басқару; - Экология; - Әл. жұмыс - Экономика | М Е Н Е Д Ж М Е Н Т |
КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ