Мемлекет механизмі және аппараты. Түсінігі, құрылымы, қызмет ету қағидалары

Мемлекеттік аппарат дегеніміз билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдар жүйесі.

Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.

Құрылымы.

Президент – ҚР Конституциясы бойынша Президент Мемлекет басшысы және қарулы күштердің бас қолбасшысы болып саналады және «халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны мен кепілі»Республика азаматтарының тікелей қатысуымен, сайлау арқылы 7 жыл мерзіміне сайланады. (Жасы 40-қа толған мемлекеттік білді еркін меңгерген, Республика аумағында 15 жылдан кем тұрмаған ҚР азаматы болуы керек)

Ешкімге есеп бермейді және мемлекеттік органдарға тәуелді емес.

Президент Парламенттің келісімімен Премьер-министрді және премьер министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін тағайындайды және қызметтерінен босатады. Парламент сенатының келісімімен Баспрокурорды, ҰҚК төрағасын тағайындайды және босатады.

Президент қажет болған жағдайда Республика аумағына төиенше және әскери жағдай енгізуге құқы бар.

Конституцияның 47-бабы бойынша ПРезидент халық алдында опасыздық жасағаны үшін жауап береді және парламентке оны кетіруге құқық берілген.

Заң шығару және өкілетті органдар. Конституцияның 49-бабы бойынша ҚР парламенті көпшілік заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы болып табылады.Парламент сенат және мәжілістен тұрады. Көптеген мемлекеттерде парламент ең жоғарғы орган болып табылады, оның құзыры барлық салаға билік жүргізуге кеңейтілген. ҚР конституциясында парламенттің мәртебесі заң шығарумен шектелген, оның бақылау, тексеру құқығы жоқ. Бұл «рационализацияланған парламен» теориясына үндес.

Атқарушы органдар

ҚР конституциясы бойынша атқарушы билікті үкімет іс жүзіне асырады. Оның негізгі функциясы басқару. Құрамына Премьер-министр, оның орынбасарлары және министрлер кіреді. (конституцияның 66-бабы)

Сот билігі

Сот билігі билікті бөлу теориясының негізінде жеке, дербес орган болып табылады. Негізгі функциясы ҚР аумағында әділ сотты жүзеге асыру болып табылады және бұл қызметте судьялар ешкімге тәелді емес, тек қана консиутцияға және заңға бағынады. ҚР кЖағарғы сотының төрағасын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесінің негізінде Президенттің ұсынуымен сенат сайлайды.

Конституциялық кеңес. ҚР мемлекеттік аппаратында ерекше орынға ие.

ҚР президентін, парламент депутаттарын сайлау және референдумның дұрыс екендігін шешеді.

Парламент қабылдаған заңдарды президент қол қойғанға дейін оның мазмұнын ҚР Конституциясына сйкес екендігін қарайды.

Халықаралық шарттарды парламент ратификацияланғаннға дейін олардың конституцияға сәйкестігін қарайды.

Конституциялы нормаларға ресми түрде түсініктеме береді.

Конституциялы кеңес 7 мүшеден тұрады.

Прокуратура органдары. ҚР аумағында заңдардың ҚР президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің қатаң сақталуын және бұлжытпай орындалуын қадағалайтын орган. Прокуратура өзінің құзырын жергілікті органдардың ешқайсысына бағынбай атқарады және сот процесінде мемлекет мүддесін білдіреді. ҚР прокуроры өзінің қызметі туралы тек президент алдында ғана есеп береді. Аудандық, облыстық прокурорлар бір жүйені құрайды және бас прокурорға ғана бағынады.

Мемлекеттік аппаратыың қызмет ету қағидалары.

Демократизм. (конституцияның 3-бабы)

Ұлттарлың тең құқылығы. (конституцияның 14-бабы)

Адам және азамат құқытарының тиімді қорғалуын мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қамтамасыз етуі. (конституцияның 1 бабы)

Мемлекеттік билікті бөлу. (мемлекеттік аппарат органдарының оз құзыры шегінде ғана қызметін жүзеге асыруы)

Кәсіптілік (мемлекеттік органдар қазметіне тек қана арнайы дайындықтан өткен білікті мамандардың алынуы.)

Мемлекеттік қызметкерлердің қабылданған шешімдерінің орындалуы немесе орындалмауы үшін қатаң жауап беруі.

Заңдылық.

Наши рекомендации