Шетелдік банктердің депозиттерді сақтандыру жүйесінің тәжірибесі

Шетелдік банк тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шотты және куәләндырылған чектер сияқты депозиттер Америка банктерінде кеңінен қолданылады.

Нау – шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер.

Нау шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар:

- бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;

- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;

- салым иелерінің бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.

Куәләндырылған чектер шоттары – бұл куәләндырылған чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттарды білдіреді. Куәләндырылған чектер – бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы куәләндырылуы.

Депозиттер  
Транзакциялық шоттар     Талап еткенге дейінгі салымдар   Жинақ және мерзімді салымдар
Куәләндыратын чектер
  Жинақтық салымдар   Мерзімді салымдар
Нау шоттары және басқа да шоттар      
  Кәдімгі жинақ салымдар   Ақша нарығының депозиттік шоты   Ұсақ мерзімді салымдар   Ірі мерзімді салымдар
                     

Сурет 1.-АҚШ-тың банкілеріндегі депозиттердің жіктелуі

Американдық банктік тәжірибелерде (сурет-1) жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады. Оның мынадай ерекшелігі бар:

- ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;

- шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;

- салымдардың сақтандырылуы;

- иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады .

Депозиттерді қорғау саясаты Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі сақтандыру институттарына 600 жылдан асты. Салымдары да кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты жұмыс істейді.

Шетелдерде салымдарды сақтандыру негізінде банктер депозиттерді жалпылама қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасына сүйенеді. Яғни, егер депозиттер сақтандырылмаса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшыраған жағдайда да, үкімет салымшыларға олардың ақшаларын қайтарады немесе тұлғаларға олардың салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы ұсыныс жасайды. Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға болады, бір немесе бірнеше банктерде қиын жағдай болғанның өзінде, банктік жүйеге түгелдей қауіпті жолдан шығуға болады.

Коммерциялық банктер ұжымдық сақтандыруға қатысуға тырысады, өйткенi сақтандыру жүйесіне қатыспайтын банктер, өздерiнің жарғылық капиталы көлемінен аспайтын депозиттер тарта алады. Ал сақтандырылған банктерге мұндай шектеу қойылмайды. Кез келген банк өз қалауы бойынша депозиттердi ұжымдық сақтандыру жүйесінен еркiн шыға алады.

Шетелдiк тәжiрибеде елде тұрақты жұмыс iстейтiн банктiк жүйе қалыптасқанда ғана депозиттердi сақтандыру жүйесінің кызмет ету мәнi бар екенiн көрсетедi [5].

Барлық дамыған елде депозиттердi сақтандыру жүйесінің бiр немесе бірнеше нысандары қолданылады. Швейцария банктiк ассоцияциясы ассоцияциясының қатысушы-банктердің клиенттерiне жинақ салымдарын және 30 мың швейцария франкiне дейiнгі мөлшерде клиенттердің есеп шығару шоттарын төлеуге кепiлдiк бередi. Егер банкке қарсы күйзелiс процедурасы басталса, аталған сома салымшыға бiрден төленедi .

Францияда бiр салымшыға кепiлдiк 400 мың француз франкiн құрайды. Бұл кезде шетел валютасындағы мерзiмдiк аманаттар кепiлдiкке жатқызылмайды. Сонымен қатар бiр банкке қатысты депозиттi 200 млн франктен аспайтын жалпы кепiлдiк шегі бар. Франция банктерiнiң ассоцияциясы сақтандыру төлемi түрінен қалыпты жарналарды ұстамайды. Нақты төлем сомасы ассоцияция мүшелерiмен Франция банктiк жүйесіден олардың менiшiктi депозиттерiнің мөлшеріне үйлесiмдi жүргізiледi. Германияда немiс банктерiнің федералдық ассоцияциясы ережесінде депозиттi қорғау қорына кiру ерiктi. Аталған қорға қабылданудың мiндеттi шарты немiс коммерциялық банктерiнің аудиторлық ассоцияциясына мүше болуы керек. Ол банктердi жиi аудиторлық тексеруден өтуге және капиталға, кадрларды басқару бiлiктiлiгіне және пайдаға қатысты талаптарды сақтауға мiндеттейдi. Жыл iшiнде қорға аударулар, банкаралық салымдарды қоспағанда банктің сомалық мiндеттемелерiнің 0,03 пайыз құрайды деп мәліметтейді.

Ұлыбритания, Испания, Канада, Жапония және Америкада депозиттерді сақтандыру бағдарламалары мемлекет бақылауында болады. Сонымен қатар Испания, Голландия және Ұлыбританияда қалыпты жарна төлеу қарастырылмаған, ақша шығындарды жабу қажеттiлiгіне және қор көлемiнің жоспарлы деңгейiне жеткенге дейiн енгізу қарастырылған. Канада, Жапония және АҚШ-та банктер қалыпты жылдық жарнаны төлейдi.

Канада банктерiнің депозиттердi сақтандыру бойынша Канада қорпорациясына төлейтiн сақтандыру жарнасы банкте орналастырылған депозиттердің 0,1 пайызын құрайды. Бұл кезде салымшыға 60 мың Канада долларына дейiнгі көлемде сақтандыру есебiнен клиенттердің барлық салымдары өтеледi.

Жапонияда банктің депозиттер бойынша сақтандыру сомасы бiр салымшыға 10 миллион жапон йенiне дейiнгі көлемде өтеледi. Сақтандыру қорының бастапқы жарнасы Қаржы министрлiгінен, Жапон банкiнен және жеке меншiк банктерден енгізiлген. Банктердiң қорға жарнасы басында өте төмен болған депозит сомасының — 0,012 пайыз мөлшерінде, алайда соңғы кездері жапон банктiк секторы проблемаларының қорытындысында олар ұдайы көтерiлген. Депозиттердi сақтандырудың федералдық бағдарламасы бойынша АҚШ-та банк шығындары жоғары. Басында жылдық жарна салымдардың жалпы сомасынан 0,083 пайыз құраған, 1990 жылы ол 0,12 пайызға дейiн ал 1991 жылы — 0,15 пайызға дейiн өстi. Заң бойынша жарналардың жоғары шегі банктiк салымдардың жалпы сомасынан 0,325 пайыз құрауы тиiс.

Салымның жоғары сақтандырылатын жарнасына шек кою себептерiн түсіндірсек. Бiрiншiден, депозиттердi сақтандыру бағдарламасы мемлекеттiк больп табылатын елдерде сақтандыру жағдайлары бойынша бюджеттің әр түрлi мүмкін болатын қосымша шығындарын төмендету мақсатында, банктердiң кепiлденген мідеттемелерiне шектеу қойылады. Мысалы, АКШ-та депозиттердi сақтандыру жүйесінде депозиттер әр жеке шотта 100 мың АҚIШ долларына дейiн сақтандырылады, алайда бiр салымшы көрсетiлген сақтау сомасы көлеміндегі бiрнеше шоттың иесi болуы мүмкін. Екiншiден, депозиттердi сақтандыру бағдарламасы мемлекеттiк емес елдерде сақтандыру төлемдерiнің үлкен болуынан банктер өздері күйзелiске түскен банктердің барлық қарыздарын өтеуге қабiлетті болмауы мүмкін. Банкті жүйеде ақша қаржыларын жинақтауға ынталандырудың келесi механизмi банктiк құпияны қатаң сақтау. Дамыған елдерде банктiк құпия —құқықтың жеке объектiсi, жасырын ақпараттың жеке түрі. Бiздің республикамызда банктiк құпияны сақтау үшін заң негіздерi бойынша шаралар қарастырылған.

Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларының одан әрi дамуына әсер етушi келесi факторларды атап өткен жөн. Бұл факторларды шартты түрде екi топқа бөлуге болады. Бiрiншi топты Қазақстан Республикасының Ұлттық банк жүргізiп отырған ақша несиелiк саясатынан шығатын факторлар құрайды. Оған резервтеу мөлшерін (депозиттер бойынша), қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн және басқаларды жатқызуға болады.

Резервтеу мөлшерi факторының ерекшелiгі банк операциялары сияқты депозиттерді тарту құнын ұлғайтады. Бүгінгі таңда салым және депозиттермен жұмыс iстеуде Ұлттық банк қажетті нормативтiк талаптар қойып отыр. Резервтiк қорға депозиттер бойынша аударым мөлшері өсуi несиелер бойынша да мөлшерлеменің өсуiне, сондай-ақ депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің азаюына әкеледi. Несиелер және депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме айырмасының көлемiне банктің тиiстi шығындары мен қажеттi табыстылығы кiрмейдi. Сондықтан қолданылып жүрген нормативтер банк белсендiлігін сақтайды, оның қызметiн депозиттер нарығында әлеуеттi инвесторлар үшін тартымды етедi. Қазақстанда резервтеу мөлшерi депозит түріне байланысты емес, сол себептi мерзiмдiк депозиттердi тарту тиiмдiлігін төмендетедi, елімізде резервтеу механизмiн жетілдіру жолдары қарастырылуда, сол себептi аталған кезеңде дамыған елдердің банктiк жүйе тәжiрибесiн қолдану өте орынды.

Кез келген коммерциялық банктер жүргізетiн депозиттік саясаттында оған әсер етушi факторлардың бiрi ҚР-ның Ұлттық банкпен бекітілген қайта қаржыландыру мөлшерлемесi болып табылады.

Депозиттік операциялардың дамуына әсер етушi факторлардың келесі тобына депозиттік саясатта, ұзақ мерзiмдi жинақтау қорларын енгізудi және солармен қатар пайда болатын салымдар индексациясы мәселесiн, банк беделiн арттыруды және басқаларды жатқызуға болады. Маңызды тежегіш факторлардың бiрi — салымдарды индексациялаудың тиiмді және шынайы механизмнің болмауында. Осы мәселе банктердің iрi жинақ жобаларын жүзеге асыруда өте орынды. Ұзақ мерзiмдi жинақтау тәжірибелерiн енгізу бағдарламасы, инфляция жылдық есеппен 12-15 пайыз деңгейiнде болғанда ғана тиiмдi болып саналады. Қазіргі кезде банктердің депозиттік қаржыны талап ету және қысқа мерзiмдi депозиттер құрағанына қарамастан, алдағы уақытта коммерциялық банктер салымшылар қаржыларын неғұрлым ұзақтау мерзiмге қосуға болатын жинақ, сенімді және тиімді жобаларды ұсына алады.

Сонымен депозиттер нарығын одан әрi жетiлдiру мен кеңейтудің маңызды факторларын анықтау және банктің басқа қаржылық инструменттерімен салыстырғанда беделдi, тиімді, салымшылар мүддесiн қорғауда барлық факторларды ескеру, сонымен қатар басқа салым түрлерiмен салыстырғанда пайыздық мөлшерлердің ыңғайлы, қолайлы және бәсекеге қабiлеттiлiгін ескере отырып, ұсыну болып табылады.

Наши рекомендации