Азақ тіліндегі дыбыстар тіркесімі
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестері жайлы жазылған еңбектердің ішінде ғалым С.Мырзабековтың зерттеулерін ерекше бөліп қарауға болады. Өйткені ғалым өзінің фонетикалық еңбектерінің бәрінде дыбыс тіркестеріне соқпай кетпейді. Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерін зерттеуге көп еңбек сіңіріп, арнайы еңбектер жазған проф. С.Мырзабеков дыбыс тіркесіне «Дыбыстар тіркесі - тілдегі дыбыстардың бірімен-бірінің қатар тұру мүмкіндігі, тарихи қалыптасқан орны. Бұл - халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетілген, жүйеленген сөйлеу өнерінің (қаруының) жемісі, нәтижесі» [1,б.81] деген ереже ұсынады. Дыбыс тіркесі әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын болды.
Қазақ сөзінің айтылым үлгілерін сақтап қағазға түсірген проф.В.В.Радлов еңбектерінде (сөздігінде) қазақ тілінің дыбыс тіркестеріне қатысты мол материал табылды [2]. Түркі тілінің дыбыс құрамын өте дәл анықтаған ғалым қазақ сөздерінің жазылымын айтылымына сәйкестендіріп берген. Сондықтан да В.В.Радлов қалдырған жазба нұсқаларды қазақ сөзінің сол кездегі айтылымының таза көрінісі десе де болады.
Қазақ тіліндегі жуысыңқы үнді дауыссыздардың (й, у) дауыстылармен тіркесін бір дауысты дыбыс ретінде қарастыру болған. Жалпы орфоэпиялық тіркестердің ескерілмей, өзгеше жазылып кетуі байқалады. Зерттеушілер еңбегіндегі айтылымынан өзгеше жазу тәсілі негізінен жарты дауыстылардың дауыстылармен тіркесіне байланысты кездесіп отырады. Оның себебін қазақ тілінің қысаң дауыстыларының айтылымы мен жарты дауыстылардың айтылымының бір-біріне өте ұқсас келетінінен болса керек деп ойлаймыз. Біріншіден, олардың артикуляциясы өзара жақын, екіншіден, артикуляциясы жақын болған соң, олардың естілімі де өзара жақын болады. Сондықтан олардың тіркес құрамындағы дыбыстардың жігін ажырату өзге тілді зерттеушілер үшін қиындық туғызатыны сөзсіз. Соның нәтижесінде аралық дыбыстарды аңғармай қалып, айтылымын сәйкес келмейтін қайшы тіркестер құрастырып жатады.
Қазақ жазуын қалыптастыру мақсатында өткен ғасырдың 20-30 жылдарында еңбек еткен қазақ зиялыларының еңбектерінің бүгінгі қазақ тіл білімі үшін маңызы зор. Е.Омаров қосымшалардың түбір сөзге жалғану ерекшеліктерін кестелеп көрсеткен, негізгі заңдылықтардың бәрін қамтып түсіндірген: қатаң мен ұяң тіркесі кездеспейтінін, ал кездесе қалған жағдайда біріеуінің екіншісіне икемделіп (қатаңдап/ұяңдап) барып тіркесетінін айтады [3,б.27]. А.Байтұрсынұлы қатаң мен ұяңның дыбыс тіркесін құрай алмайтынын атай келіп, дауыстымен дауыстының тіркесімі қазақ тіліне тән емес екенін көрсетсе: «Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың қатарынан бір сөздің ішінде келуі тіпті болмайды» [4.б.178], Х.Досмұхамедұлы түбір сөз ішінде бір дыбыстың қосақталып келмейтін баса көрсетеді, бұл әсіресе кірме сөздерге қатысты: «Қазақ/қырғыздың түбір сөзінде бір дыбыс екіленіп... келмейді... жат сөздердегі екіленіп айтылатын дыбыстарды қазақ/қырығыз не бір дыбыс қылып айтады, не соңғысын бөтен дыбысқа аударады. Молла/молда, үммет/үмбет...» дей келіп, «Тіліміздің заңы осылай болған соң жат сөздерді алғанда ішіндегі дыбысты екілетіп айту, жазу керек емес» [5,б.97] деген қорытынды жасайды.
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестері жайлы бірнеше мақала және диссертация бар. Алайда ол еңбектердің бәріне ортақ нәрсе - жазба мәтінге сүйеніп, айтылым тіркестерге мән берілмеген. Сондықтан да әріп тұрқы тіркес болғанымен, айтылым тұрқы тіркес болмай шығады. Нәтижесінде бүкіл ғылыми талданым жазба тіркестің талданымы болып шығады.
Профессорлар Б.Қалиев пен Ә.Жүнісбек пікірлеріне сүйенетін болсақ, онда дауыстының нөлдік редукциясына қарамай, оның фонологиялық орны мен естілімі сақталады екен. Сөйтіп олар қазақ тілінде сөз басында дауыссыздар тіркесі кездеседі деген пікірдің жаңсақ екенінің дәлелдейді.
Қазақ тілінің дыбыс тіркестерін олардың тілдегі қызметі (функциясы) тұрғысынан талдап шыққан проф.А.Айғабылов болды: «Дыбыс (фонема) тіркесті, негізінен, сөйлеу тілінің нормасымен қарастырылғанда ғана оң нәтижесін таппақ. Жазбаша текстер мен сөздіктерді пайдаланғанда әріп тіркесінің өзгешелігін ажырата алмасақ, көп тіркесімнен қателесеміз. Әсіресе, морфологиялық принциппен жазылатын сөздер айтылуымен сәйкес келе бермейді» дейді. Күнделікті сөйлеу үстінде, оқу-әдістеме барысында қазақ сөзінің жазылымы мен айтылымы қатар келе жатыр. Қазіргі кезде сөздің жазылым-айтылым үлгілерінің ара жігін ажыратып отырудың өзі қиындап барады. Ендеше сөздің айтылымы оның жазылымының жетегінде кетіп қалмау үшін мезгіл-мезгіл орфоэпиялық сөздіктер шығып тұрады. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздіктерін құрастыру ісі үнемі даму үстінде, бірте-бірте жетіліп келе жатқанын көрсетеді.
Аталған еңбектер қазақ сөзінің айтылым үлгісін сақтап сөйлеуді «заңдастырып» отырады. Осындай іс-шаралардың жиынтық қорытындысы ретінде «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі» шықты. «Сөздікте» 61 500 сөздің (75 мыңнан аса сөз оралымдары) жазылымы мен айтылымы қатар қамтылған. Дыбыс тіркестері деп айтылым тіркестерді атайтын болғандықтан, «Сөздіктің» зерттеушілер үшін орны ерекше болмақ. Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерінің нақты айтылым үлгілері осы еңбектен табылады.
«Сөздік» әріп тіркестерінің дыбыстық мәнін өз алдына көрсетуден бастап, сөз ішіндегі және екі сөз жігіндегі айтылым тіркестердің дыбыс құрамын анықтаумен аяқталған. Сонда қазірігі қазақ тілінде жазылуы мен айтылуы арасында алшақтық бар 109 сәті кездеседі екен. Оның жартысына жуығы емле жаңсақтығынан болып жатқан сәйкессіздіктер: ия, ию, ие, ру т.б. Тіптен бір ғана и әрпінің жазба тіркесі сегіз түрлі айтылым тіркеске сай келетінін құрастырушылар мысалымен көрсеткен. Ал қалған тіркестерді арнайы емле-ережелермен реттеп отыруға тура келеді. Мұның өзі қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерінің айтылым/жазылым ерекшеліктері өте күрделі фонетикалық құбылыс екенін көрсетеді. Қазақ тіліндегі жазба тіркестерді «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінен» табамыз.
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестері «...қазақша сөйлегенде (не дауыстап оқығанда) сөздерді табиғи түрде дұрыс дыбыстай білуге...» тікелей қатысты екенін проф. Р.Сыздықова «сөз сазы» деп атайды. Сөз сазы, яғни сөзді дұрыс айту (дыбыстау) заңдылықтары жайлы еңбектерінде «Сөз сазы дегеніміз - сөйлеу үстінде сөздердің дұрыс айтылып, құлаққа жағымды естілуі. Ал сөздерді дұрыс айту дегеніміз тілдің табиғи дыбыс заңдылықтарын сақтау болып табылады» деп жазады ғалым.
Қазақ тіл біліміндегі дыбыс тіркестеріне арналған зерттеулердің көп жағдайда әріп тіркестерінің зерттеуіне айналып кеткендігі жайлы проф.С.Мырзабековтың талдаулары жеткілікті мәлімет берді. Сол сипаттама түрінде жасалған қорытындыларды көрнекілеп көрсетудің тәсілін қарастырмақпыз. Ол үшін проф. Ә.Жүнісбек ұсынған қазақ тілінің артикуляциялық үлгілері мен жасалым белгілер кестесін дыбыс тіркестерінің артикуляциялық сипатын ашатындай етіп құрастырып отырамыз.
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестері «әріп тіркестері» деңгейінде зерттеліп келгеніне осы жасалған шолу нәтижесінде көз жеткіздік. Соның нәтижесінде «дыбыс тіркестері» деген атпен «әріп тіркестері» зерттеу нысанына айналып кетіп отырды. Проф.Ә.Жүнісбектің айтуынша, әріп тіркестердің нақты дыбыс құрамы ескерілмегендіктен, дыбыстардың өзара тіркесім заңдылықтарының басы ашылмай қалған. Сөйтіп қазақ тіліндегі тіркес емес тіркестер дыбыс тіркесі ретінде қабылданған. Ғалымдардың айтуынша, дыбыс тіркесі болу үшін тіркес құрамындағы дыбыстардың арасында тығыз артикуляциялық байланыс болу керек. Әрбір артикуляциялық байланыстың өзіне тән акустикалық көрінісі мен перцепциялық нәтижесі болады. Қазақ сөйлермені осы белгілерді түйсіну нәтижесінде қазақ сөзін қазақы қабылдайтын болады.
Дәстүрлі қазақ фонетикасында дауыссыздар тіркесіне қатысты ілгерінді/кейінді ықпал деген ұғым пайдаланылады. Алайда оның анықтамасы тілдік фактыны дәйектеумен ғана аяқталады. Мысалы, «с дыбысы ш дыбысының ықпалымен ш дыбысымен алмасады: басшы-башшы» т.б. деген сықылды. Бірақ сол алмасудың күрделі тілдік құбылыс екеніне қарамай, фонетикалық себептері айтылмайды. Дыбыс тіркесі жайлы еңбектерде оларды барлық уақытта әріп қрамына қарай топтастырады, ал шын мәнінде артикуляциялық түрленіміне қарай топтастыру керек болады дейді проф. Ә.Жүнісбек. Ғалым пікірінше әріп құрамына қарай топтастыру фонетикалық талданымға жатпайды. Артикуляциялық түрленіміне қарай топтастыру фонетикалық талданым болып табылады.
Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі. Мемлекеттік Тіл , мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген.
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның «Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің «Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің «Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), «Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген «Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр.
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым-қатынаста; әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.
Біздің ана тіліміз — қазақ тілі:
түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы тіл;
ежелден жазба мәдениеті бар тіл;
әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар;
демографиялық тірегі мықты ұлттық тіл;
құрылым-құрылысы кемелденген тіл;
егеменді Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған мемлекеттік тіл.