Сабақтас құқықтардың объектiлерi 1 страница

САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР

34-бап. Сабақтас құқықтардың объектiлерi

Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады.

35-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi

1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектiлерi болып табылады.

2. Фонограмма жасаушы, эфир және кәбіл бойынша хабар таратушы ұйымдар осы тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе кабель бойынша берiлетiн туындыны орындаушымен, сондай-ақ оның авторымен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегiнде жүзеге асырады.

3. Орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарын орындалатын туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда жүзеге асырады.

4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:

1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р;

2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);

3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.

5. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.
Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. № 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.10. № 179-IV Заңдарымен.

36-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу аясы

1. Орындаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:

1) орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса;

2) орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса;

3) орындаушылық, қойылым осы баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес қорғалатын фонограммаға жазылса;

4) фонограммаға жазылмаған орындаушылық, қойылым осы баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес қорғалатын эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарына енгiзiлген болса, танылады.

2. Фонограмманы жасаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:
1) фонограмма жасаушы Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында ресми тұрғылықты жерi бар заңды тұлға болса;

2) фонограмма тұңғыш рет Қазақстан Республикасының аумағында жарық көрсе, танылады. Егер фонограмма Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған күннен кейiн отыз күн iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында жарияланса, ол да Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет жарияланды деп саналады.

3. Эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының құқықтары осы Заңға сәйкес, егер ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында ресми тұрғылықты жерi бар болса және хабарларын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан хабар таратқыштар көмегiмен жүзеге асырса, танылады.

4. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың сабақтас құқықтары, егер тиiстi орындаушылық, фонограмма, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабары Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын олардың шыққан елiнде, сабақтас құқықтардың сол елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң өтуi салдарынан қоғам игiлiгіне айналмаған болса және сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты Қазақстан Республикасында қоғам игiлiгiне айналмаған болса, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес танылады.

2. Біріншіден, БАҚ қо­ғамда пікір қалыптастырушы құрал, екіншіден, азаматтардың санасының дұрыс қалыптасуына бағдар беруші, үшіншіден, «БАҚ» деген сөздің өзі «бақыт» сөзінің қысқа нұсқасы болып, еліміздің бағы мен бағасын арттырушы күш болып отыр емес пе, деді. Бүгінгі басқосуымыздың негізгі себебі – білгенімізбен бөлісіп, үлгі боларын үйреніп, қоғамды алға бастыруға жаңа әдістер табу, деп жалғастырды өзінің сөзін ол. Бүгінгі Қазақстан халқымыздың этностық, мәдени және діни айырмашылықтарын елдің мызғымас бірлігінің ресурсы­на айналдыра білді. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стра­­тегиясында этносаясаттың не­гізгі бағдарын былай деп ай­қындаған еді: біріншіден, әрбір қазақстандық өзінің этностық, діни ерекшеліктеріне қарамай, елдің тең құқылы азаматы; екіншіден, қазақ халқы және қазақ тілі қазақстандық азаматтық қоғамның мызғымас ядросы; үшіншіден, біз бәріміз – бір ел, бір – халықпыз. Осы бағдар біздің мәңгілік ұстанымымыз.

Ұсынысқа халықаралық деңгейдегі ұлттық бірлестіктің және қоғамдық ұйымдасудың қарқынын жеделдету, өлкелік бетбұрыстардың адамдық өзгерістерін қалыптастыру және бағалау қажеттілігі себеп болды. Осы бағытта БАҚ-ң атқарар қызметі қыруар. Әсіресе жаһандану сарынында, әлемдік дағдарыс иірімінде БАҚ-а деген талап күшеюде. Халық а) қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы объективті мәліметтерді дер кезінде есіткісі келеді; ә) БАҚ-н ендігі адресті кеңістікте жүйелі әрі тиімді қызмет етуін күтуде. Тіпті ақпарат жүйесіне, оның басты ұғымдары мен қағидаларына деген субъективті (қауымдастық, қоғамдық, партиялық, тіпті индивидуальды) көзқарастар мен талғамдар кең таралуда, әрқалай өрбуде.

Байланыстың қазіргі жаңа құралдары әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтардың мәдени құндылықтарын жан-жақты және жедел айырбастауға нақты мүмкіндіктерді кеңейтуде. Информациялық айырбастың салдары әрқалай. Байыбына барсақ, информациялық айырбас а) жеке адамның дүниеге деген өзіңдік түсінігің басқа дәуір мен халықтардың тәжірибесі арқылы тыңайтады; ә) индивид пен бұқаралық топтардың мәдени кескінін қалыптастырудың мүмкіндігін кеңейтеді; б) қоғамдық дамудың заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік тудырады, көмектеседі.

3. 2010 жылдың бірінші жарты­жыл­­дығындағы есеп бойынша, рес­публикада 2697 БАҚ әрекет ете­ді. Қазақтілді БАҚ үлесі қол­да­­ныс­­тағы БАҚ жалпы санының 19,1%-ын құрайды, орыстілді – 33,4%, бұқаралық ақпараттық құ­рал­дары қазақ және орыс тілде­рін­де 35% (таратылады) басылады, 12,5% – қазақ, орыс және басқа да тіл­дерде. “Елу де елу” қағидасы қолға алынғаннан кейін тәуелсіз телеарналардағы мұндай әдіс кең таралып кетті. Бұл мысал “НТК”, “Рахат”, “Таң”, “31” сынды тәуелсіз телеарналарда да қайталанды. Бұл арналарда түнгі он екіден таңға дейін бұрын өткен концерттер жиі қайталанып беріліп отырды. Қазақтілді көрермен арасында сынға ұшыраған жоғарыда аталған телеарналар бекітілген қағидаға қайшы келмеу үшін бұдан өзге де әдістер ойлап тапқанын көзіқарақты көрермен талай мәрте көзі жетті. Ресейдің, түріктің, корейдің ұзын-сонар телесериалдарының субтитрын қазақшалау арқылы эфир уақытын толтыру үрдісі кең етек жайған, яғни отандық телеарналардың рейтингін ұстап отырған негізінен шетелдік телехикаялар болды. 3-бап. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.

5-бап. Орыс тiлiн қолдану

Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

6-бап. Мемлекеттiң тiл жөнiндегi қамқорлығы

Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар.
Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды.
Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде iс-шаралар өткiзiлген кезде олардың тiлдерi пайдаланылуы мүмкiн.

7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу

Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi.
Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

2 тарау. Тiл - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында

9 билет

1. Жарнамалық агенттіктердің атқаратын қызметтері:

— БАҚ-рымен өзара қарым-қатынас орнатады, оларда өзінің тапсырыстарын орналастырады және олардың орындалуын бақылайды;

— Жарнама берушілерден алынған тапсырыстар негізінде жарнамалық өнім жасайды, шығармашылық және техникалық мамандардың әлеуетін пайдалана отырып кешенді жарнамалық кампания жоспарын, басқа да жарнамалық шараларды жасайды;

— Жарнама берушілермен және БАҚ-мен есеп айырысады;

— Баспалармен, студиялармен, жарнамалық комбинаттармен, штаттан тыс мамандармен қызметтестік орнатады.

Жарнама және БАҚ, оның ішінде коммерциялық БАҚ бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Олар өзара тығыз байланысты, сондықтан да бизнестің осы екі саласындағы өтіп жатқан процестердің барлығы осылардың қай-қайсысы үшін де принципті маңызға ие болады. Жарнама коммуникациясының элементі ретінде БАҚ рөліне баға бере отырып, мына екі қырды атап көрсеткен орынды: 1) мазмұндық – жарнама және медиа-нарықтағы процестердің барлығы осы ауқымда өрбиді; 2) технологиялық, ол тарату арнасымен, жарнама жеткізуші ретіндегі оның артықшылықтарымен және кемшіліктерімен байланысты. Осылардың негізгі сипаттамаларына тоқталып өтелік. Қазіргі заманғы БАҚ – газеттер мен журналдар, теледидар мен радио жарнама үшін алуан түрлі мүмкіндіктер ашады.

Ал, енді жарнамаға қойылатын жалпы талаптар қандай? БАҚ редакциясы өзінің күнделікті шығармашылығында басшылыққа алатын бұл қағидалар тұжырып айтқанда, мынадай:

БАҚ арқылы жұртшылық назарына ұсынылатын жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тікелей ұсынылу сәтінде арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай нақты дерек беретіндей дәйекті әрі түсінікті болуға тиіс. Бұған қосарымыз – жарнаманың өзіндік тілі, стилі болады екен. Олардың экраннан көрінгендегі немесе басылым бетіндегі кейпі эститикалық жағынан сыйымды, тартымды, көрерменнің немесе оқырманның көңіліне қаяу салмайтын, адамгершілік жағынан тәрбиелі болуға тиіс.

Ескеретін бір нәрсе, электронды БАҚ арқылы және мерзімді баспасөз басылымдары беттерінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылу заңға қайшы келмейді.

Басылымдарда жарнамалық қызмет журналистикадан ерекше бөлінеді. Бұл – жарнама берушінің басылымның ақпараттық қызметіне ықпал етуі үшін жасалған шара. Көптеген елдерде жаңалықтар мен редакциялық хабарларда байқатпай, білдіртпей берілетін жарнамаларға тыйым салынған. Англияда мұндай жағдайларда заңмен жауапқа тартылады. Редакция қызметкерлері тапсырыс бойынша материал дайындамас үшін әкімшілік тарапынан қатаң талаптар қойылады. Бұл талапты әрбір редакция қызметкері орындауы тиіс.

Әрбір дамып келе жатқан газеттің өз ұстанымы, философиясы болады. Тұтас саяси теориясы немес тілі мен стиліне қатысты концепциясынан бастап, басылымның қоршаған ортаны қорғау, әділетсіздіктерді шешу сияқты ұстанымдары – газеттің философиясына жатады. Газет стилінен, авторлардың тақырыптарды таңдауынан, дизайнынан, шрифтінен, фотосуреттерді беруінен газет философиясы көрініс береді. Әрбір газеттің алғашқы шыққан күнінен ұстанатын философиясы болуы қажет, әйтпесе, ол жабылып қалуы мүмкін.

2.

1. Бұқаралық ақпарат құралдары қай елде болмасын, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста ашық жұмыс істеуі керек. Бұл ретте географиялық, ұлтгық шекаралар шеңбері тосқауыл болмауы қажет.
2. Әр ел өзінің тарихын, мәдениетін, тілін, ұлтын сақтай отырып, жер жүзілік цивилизацияға үлес қосуы тиіс. Адамзаттық бүкіл құнды қасиеттерге араласу керек. Әділдік, шыншылдық, достық және гуманизмді қадірлеу жөн.
3. Қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын көрсетіп отыру қажет. Жер жүзілік прогресті дамытуға ақпарат құралдарының белсенді қызметі қажет.
4. Экология, атом қарулары зардаптарын жоюға және соғысты болдырмауға баспасөз, радио, телевидение ерекше қызмет етуі тиіс.
5. Әлемдік хабарлардың оперативтілігін жақсартуға ұмтылу керек. Бұл орайда көптеген елдер бірлесе әрі тұрақты жұмыс атқаруы жөн.
6. Үкіметпен бірге, халықтық дипломатияны дамытуға ақпарат құралдары белсене араласуы қажет. «Дөңгелек үстелдер», «телекөпірлер» арқылы жер жүзілік маңызды оқиғалар мен бейбітшілік инициативаларды дер кезінде жариялап, көрсетіп, насихаттап отырған дұрыс.
Әрбір елдің ақпарат құралдары өз тәжірибесіне қоса, халықаралық журналистика тәжірибесін біліп, зерттеп, қорытып, одан әрі даму жолында пайдалана білуі керек. Әсіресе, қазір жер жүзі журналистикасында орын алып келе жатқан дамыған елдер — Американың және Еуропаның Англия, Франция, Германия мен баска да елдерінің тәжірибелік жұмыстары назар аударады.
Радио мен телевидениенің тез дамитынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Әрісін айтпағанда осыдан 20-30 жыл бұрын ғана түрлі-түсті телевизордың пайдаланылуы бүгінгідей дәрежеге жетеді деп ешкім ойламаған еді. Әрине, мұның қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен туатыны белгілі. «Бүгінде телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр. Ақ-қара түсті телевизордың орнына қазір түрлі-түсті телевизорларды пайдалану көбейіп келеді. Ал мұның өзі телехабарларды беруді жаңа бір сатыға көтеріп отыр. Түрлі-түсті телевидениені айтқанда, қазір бүкіл әлемде бұл орайда радио мен телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айту керек. Мәселен жаңадан жер серігі (спутниктік) және кабельдік телевидениенің пайда болуы соның айғағы. Бұл радио мен телевидение дамуының стратегиялық мәнін айқындайды. Әсіресе, Еуропа елдері мен Америкада қоғамдық телевидение монополиясын бұзып, жаңадан коммерциялық телевидениені еңгізу өріс алып отыр. Алайда телевизиялық ұйымдардың көбеюі телепрограммалардың көбеюіне жағдай жасай ма, жоқ па, оны өмір көрсетпек.

3. Қоршауға алынған латынша "Р" әрпі. Айрықша сабақтас құқықтар йесінің есімі. Фонограмманың алғаш жарияланған жылы.

10 билет

1. 1. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.

2. Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:
1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);

2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);

3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);

4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты);

5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);

6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.

3. Заңның осы бабының 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң атауларымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.

4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.

5. Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену құқығымен байланысты емес.
Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды.

Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын
туындылар

1. Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:

1) әдеби туындылар;

2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

3) сценарий туындылары;

4) хореография және пантомима туындылары;

5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;

6) дыбыс-бейнежазу туындылары;

7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;

8) қолданбалы өнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;

10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;

11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;

12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

13) өзге де туындылар.

2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүкiн барлық түрiне қолданылады.

3. Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);

2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.
Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.

2. . Жалпы ережелер

1. Ақпарат тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастық жүйесiне сәйкес Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық өмiрi туралы дүниежүзiлiк қауымдастықты кеңiрек хабардар ету мақсатында республика аумағында Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң жанынан тұрақты немесе уақытша тiркелген, сондай-ақ республиканың басқа да органдары мен ұйымдарының желiсi бойынша келiп жатқан шетел мемлекеттерiнiң бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлерiнiң (журналистерiнiң) қызметi жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасында шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының (соның iшiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнен) тiркелген тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кәсiптiк қызметi, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және нормативтiк актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен Халықаралық шарттармен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледi.

3. Қазақстан Республикасында шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерiн тiркеудi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.

Наши рекомендации