Кеден органдарында
Сотта.
Сотта өндірістік практиканы өту кезінде студент:
- сот қызметінің ерекшелігін, оның құрылымын және атқаратын қызметтерін зерттеуге;
- азаматтарды қабылдауды жүзеге асыратын судьяның жұмыс тәртібімен танысу, азаматтар шешу үшін сотқа жүгінетін сұрақтарды талдау, мүмкін болса судьялардың азаматтарды қабылдауына қатысуға;
- істі сот мәжілісіне дайындауға қатысу, сот процесінің тиісті сатысында қабылданатын құжаттардың жобаларын дайындау бойынша судьяның тапсырмаларын орындауға;
- азаматтық, қылмыстық істер бойынша сот процесіне қатысуға, сот отырысы хаттамасын рәсімдеу және жүргізу дағдыларын игеру;
- іс бойынша дәлелдемелерді беру тәртібімен танысуға, өтініштерді рәсімдеу дағдыларын игеру;
- апелляциялық сот қаулыларын қайта қарау тәртібін оқып үйренуге;
- кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстары үшін қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін оқып үйренуге;
- сырттай іс жүргізудің ерекшеліктерімен және тәртібін оқып үйренуге;
- ерекше және ерекше талап қою өндірісі тәртібімен қаралатын азаматтық істердің ерекшеліктерін зерттеуге;
- талап арыз қою дағдыларын игеруі қажет, кері қайтару туралы арыздар, сот мәжілісінің хаттамасын жүргізу, сот қаулыларын толтыру (анықтамалар, шешімдер, сот шақырулары және сотпен орындалатын басқа да құжаттар) - құжаттардың жобасын есепке тіркеуге;
- сот шешімдерін орындауға бақылау жүргізу тәртібімен танысуға тиіс;
3.3. Құқық қорғау органдарында.
Студент ішкі істер органдары мен прокуратурада практика өту кезінде:
- органның құрылымы мен, оның мақсаттары, міндеттері және қызметтерін оқып үйренуге;
- қылмыстық істерді қозғау негіздерімен және тәртібімен, қылмыстық іс жүргізу құжаттарын жүргізуге, оларды сақтауға қойылатын талаптарды оқып үйренуге;
- тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысуы (жауап алу, беттестіруді жүргізу, тергеу сараптамасын жүргізу және т.б.);
- әртүрлі тергеу әрекеттері хаттамаларын дұрыс және толық қарастырып үйренуі;
- тергеуші этикасымен танысуы;
- іздеу әрекеттерінің ережелері мен тәжірибесімен танысуы;
- жауап алу тәртібін меңгеруі және жауап алу хаттамасының жобасын құрастыруы;
- қылмыстық істер бойынша болжамдар жасап үйренуі;
- қылмыскерді іздеу үшін мәліметтерді пайдалану дағдыларын меңгеруі;
- сараптық зерттеу үшін жобаларды алу, сараптама тағайындау тәртібін игеруі;
- алдын ала тергеуді тоқтата түру, қайта қарау және тоқтату ережелерін оқып үйренуге;
- сот процесіне прокурордың қатысу тәртібімен, оның процессуалдық жағдайы мен құқықтарымен оқып үйренуге;
- орындау өндірісінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру ережелерімен танысуы тиіс;
Студент есепке қылмыстық іс құрайтын құжаттардың үлгілерін тіркеуі қажет.
3.4. Әділет министрлігінің органдарында.
Студент нотариатта, адвокатурада, жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығында практика өту кезінде:
- органдардың құзыреті мен құрылымымен және олардың қызметін реттейтін актілерімен танысуы;
- нотариалдық әрекеттерді жасау тәртібін үйренуі;
- нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру дағдыларын игеру;
- нотариуспен нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың тізімін, сондай –ақ оларды рәсімдеу талаптарын оқып үйренуі;
- басқа нотариалдық конторада қайтыс болған адамның өсиеті бар немесе екендігі туралы мәліметтері алу, қайтыс болған немесе хабар – ошарсыз кеткен азаматтың мүлкін қорғаудың қамтамассыз ету тәртібімен танысуы;
- нотариуспен орындалатын құжаттарды құрастыру дағдыларын иегру (өсиетті, сенімхатты, мәмілелерді және т.б. құрастыру және куәландыру);
- жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді және оларға құқықтарды тіркеу тәртібін үйрену, сонымен қатар, осы операцияларды жүзеге асыру кезінде талап етілетін құжаттардың негізін оқып үйренуі;
- мүлікке кепілді тіркеу тәртібімен, мүлікке билік етуге басқа да шектеулерді салу және оларды алып тастау тәртібін оқып үйренуі;
- жылжымайтын мүлікті есепке алу тәртібін оқып үйренуі;
- ХҚКО (ЦОН) қызметкерлерінің өкілеттіктерін оқып үйренуі, оларды орындау дағдыларын игеру;
- тіркеуші органдардың құжаттарды орындау дағдыларын оқып үйренуі;
- азаматтарды жеке және мүлікті мүдделерін қорғау бойынша процессуалдық әрекеттерге адвокаттың қатысуына ұйымдастыру тәртібін оқып үйренуі;
- азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру бойынша адвокаттардың құқықтары және міндеттерін оқып үйренуі;
- адвокаттық сұранысқа құжаттарды жинау тәсілін оқып үйренуі, бұл әрекеттерді өз бетімен жүзеге асыруды үйренуі;
- сот жарыссөздерінде адвокаттың қорғау сөзінің мазмұнын дайындау дағдыларын игеруі;
- сот мәжілістеріне қатысу, қорғауды жүзеге асыру бойынша адвокаттың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібімен танысуы;
- аппеляциялық және қадағалау инстанцияларына сот шешімдеріне, үкімдеріне шағымдану дағдыларын игеру, бұл инстанцияларға жіберілген талап арыздарды негіздеу дағдыларын үйренуі;
- қылмыстық және азаматтық істерді құрайтын құжаттарды, азаматтардың атынан және олардың мүдделерін қорғау үшін берілген шығымдар мен арыздарды құрастыру ережелерін білуі (есепке құжаттардың жобалары тіркелу тиіс);
- АХАЖ органдары қызметкерлерінің өкілеттіктерімен танысу;
- АХАЖ органдарымен жүзеге асырылатын фактілерді есепке алу дағдыларын игеру;
- Фактілерді куәландыру үшін қажетті құжаттарды орындау ережелерін оқып үйренуі;
- АХАЖ органдарымен жүзегет асырылатын бала асырап алу тәртібін игеру;
- құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойлатын талаптарды игеруі тиіс: аты-жөнін, тегін, туу уақытын өзгерту және т.б. (есепке құжаттардың жобалары тіркелуі тиіс).
3.5.Салық органдарында, қаржы полициясында.
Студент салық органдары мен қаржы полицияларына практика өту кезінде:
- органдардың құзыреттілігі, міндеттері және құрылымымен, сонымен қатар, оның қызметін реттейтін нормативтік құжаттарын оқып үйренуі;
- салық төлеушілерді есепке алу, оларға тіркеу нәмірін беру тәртібімен танысуы;
- нұсқауларды шығару және оларды орындауды бақылау тәртібімен танысуы;
- қаржы полициясы мен салық органдары қолданатын санкциялар түрлерімен және олардың нысаны мен мазмұнына қойлатын талаптарын оқып үйренуі;
- салық заңдарын бұзушылықтардан мәжбүрлі түрде айып өндіріп алу туралы арызды құрастыру дағдыларын игеруі;
- сотта салық заңдарын жүзеге асырумен байланысты істерді қарауға қатысуы;
- салық төлеушінің мүлкіне өндіріп алуды жүргізу тәртібін оқып үйренуі;
- салық органдарының заң қызметінің дағдыларын игеруі;
- заң қызметтері дайындайтын құжаттардың жобаларын дайындауға қатысуы тиіс (есепке құжаттардың жобалары тіркелуі тиіс).
Кеден органдарында
Студент кеден органдарында практика өту кезінде:
- кеден органдарының міндеттерін, құрылымын, құзыретін және оның қызметін реттейтін нормативтік актілерін оқып үйренуі;
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан көлік құралдары мен тауарлардың жылжу тәртібі және жағдайларын оқып үйренуі;
- кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың тізбегімен және оларды толтыру және беру тәртібі және нысандарын оқып үйренуі;
- кедендік төлемдер мен салықтарды алу тәртібін оқып үйренуі;
- Қазақстан Республикасы аумағындағы кедендік режиммін оқып үйренуі;
- тауардың шыққан елін және бұл фактіні дәлелдейтін құжаттардың мазмұнын анықтау тәртібін үйренуі;
- кеден органдарында валюталық бақылауды жүзеге асыру дағдыларын игеруі;
- жеке тұлғалардың заттарын, ақшаларын, валюталарын кедендік шекарадан өткізу тәртібін оқып үйренуі;
- кедендік ережелерді бұзудың түрлері және оларды есепке алу тәртібін үйренуі;
- контрабанда және кеден ережелерін бұзу фактілерінің алдын алу және анықтау үшін кедендік органдардың жүзеге асыратын шараларын оқып үйренуі;
- кеден ережелерін бұзу туралы істер бойынша іс жүргізу дағдыларын игеру, санкциялар қолдану және бұзушылықты жоюмен байланысты құжаттардың жоюасын құрастыруды үйренуі тиіс (есепке құжаттардың жобалары тіркелуі тиіс).
3.7 Басқа органдарда
Студент басқа органдарда (жер ресурстары бойынша агенттік, биоресурстар және қоршаған ортаны қорғау комитеті) практика өту кезінде:
- органдардың құзыреттілігі, міндеттері және құрылымымен, сонымен қатар, оның қызметін реттейтін нормативтік құжататрын оқып үйренуі;
- олардың негізгі қызметтерін орындау бойынша органдарға берілетін құжаттардың мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарын оқып үйренуі (ақылы және ақысыз пайдалануға жер учаскелерін беру туралы, жер учаскесіне меншік құқығын бекіту туралы шарттар), оларды рәсімдеу бойынша дағдыларды игеру;
- жерді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік актілерді және нормативтерді азаматтар мен ұйымдардың орындауына бақылауды жүзеге асыру тәртібін игеру;
- сот тәртібімен шешілетін даулардың ерекшелігімен танысу, талап арызды толтыру және қойылған талапты негіздейтін құжаттардың тізбегін анықтау дағдыларын игеруге;
- студент практика өтіп жатқан орган тарабы болып табылатын дауларды қарау және шешуге байланысты сот мәжілістеріне қатысуға;
- органдардың заң қызметімен танысуға, заң қызметтері дайындайтын құжаттардың жобаларын дайындауға қатысуға міндетті (есепке құжаттардың жобаларын тіркелуі тиіс).
ІV. Практика жетекшілігі
Студенттердің практикасына жетекшілікті кафедраның тәжірибелі оқытушылары мен жоғары мамандандырылған практика қызметкерлері жүзеге асырады.
Университет атынан практиканы ұйымдастыру мен өткізуге жалпы жетекшілік пен бақылауды университеттің оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторинг және бақылау департаменті жүзеге асырады.
Тікелей жетекшілікті сол органдардағы жоғары мамандандырылған мамандар жүзеге асырады.
Практика өту орны бойынша жетекшілері студенттерге өндірістік практика тапсырмаларын уақытында орындау үшін көмек көрсетулері тиіс.
Университеттен практика жетекшісі міндетті:
1. жүйелі түрде практиканың өтуіне қадағалау жасауға және студентке кеңестер беруге;
2. Кәсіпорыннан практика жетекшісімен бірлесе отыра практиканың күнтізбелік-тақырыптық жоспарын дайындау, практика базасының басшысы арқылы студенттерге қажетті жағдайларды жасау бойынша шаралар қолдану;
3. Күнделіктің толтырылуын және есептің жазылуын тексеруге;
4. Кафедраға практика өту бойынша жазбаша пікір ұсынуға;
5. Студенттің практика оту бойынша күнделігін тексеруді жүзеге асыру;
6. Комиссиямен бірлесе отырып өндірістік практика өту туралы студенттің есебін қорғауды қабылдау.
Кәспорыннан практика жетекшісі міндетті:
- білікті басшылықты жүзеге асыру және әрбір практикантты жұмыс орнымен қамтамасыз ету;
- практиканттарға еңбек қауіпсіздігін қорғау бойынша инструктаждар жүргізу;
- студенттерге қажетті түсініктемелер беруге және олардан жұмысты сапалы және уақытында орындауын талап етуге;
- практикаға жетекшілікті бағдарламаға немесе студенттің жеке жоспарына сәйкес жүзеге асыруға;
- студентті практика бағдарламасын орындау үшін қажетті құжаттармен, ведомствалық нормативтік актілермен және басқа да материалдармен қамтамасыз етуге;
- күнделіктердің толтырылуын және практика бойынша есептің жасалуын тексеру;
- практиканттарға мінездеме беру;
- практика бойынша есепті тексеру және қол қою;
- № 4 қосымшаны басшылыққа алып, меншікті салмағы қорытынды бағадан 40% құрайтын бағаны қою.
V. Студенттің міндеттері:
1. практика өтетін органға уақытында келуге міндетті;
2. ұйымдағы практика жетекшісімен бірлесіп практиканың жеке күнтізбелік – тақырыптық жоспарын құрастыруға тиіс;
3. студент ұйымдағы ішкі еңбек тәртіп ережелеріне бағынуға міндетті. Егер ережелерді бұзған жағдайда ұйым басшысы студентке жазалау шараларын қолданып, университет ректорына хабарлауы мүмкін;
4. еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерін білуге және қатаң түрде сақтауға міндетті;
5. өз мамандығы бойынша практикалық дағдыларды алуға талпынып, бағдарламада көрсетілген жұмыстарды толық жүзеге асыруға міндетті;
6. ұйым қызметіне қатысты арнайы материалдармен, қаулылармен, нұсқаулармен танысуға міндетті, егер олармен азаматтық тұлғалардың танысуына мүмкіндік берілсе;
7. атқарылған жұмыстар және олардың нәтижелері үшін штаттық қызметкерлермен бірдей жауапқа тартылады;
8. жоғарғы оқу орны студентінің жоғары мәдени деңгейін сақтауға міндеті;
9. белгіленген тәртіпке сәйкес күнделік жүргізуге және практика нәтижесі бойынша кафедраға есеп тапсыруға міндетті.
10. Материалдарды ары-қарай дипломдық жұмыста қолдану мақсатымен жинау.
VI. Өндірістік практиканың есебін рәсімдеу
1. Студент өндірістік практиканың нәтижелерін жазбаша есеп нысанында келтіруі тиіс.
2. Есеп екі бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша. Есептің негізгі бөлімінің көлемі қолжазба текстпен 15-20 (10-15 баспа текстпен) бет құрайды. Есептің негізгі бөлімі бір біріне жақын тең екі бөлімге бөлінеді: теоретикалық және тәжірибелік.
3. Студент теоретикалық бөлімінде практика базасының қызметінің құқықтық негіздерін көрсетеді, практика базасы-органның құрылымын, оның міндеттері мен қызметтерін сипаттайды.
4. Студент есептің практикалық бөлімін практика өту кезеңінде атқарылған жұмысын көрсететін күнделікке күн сайынғы жазбалары негізінде құрайды. Берілген бөлімнің мазмұнында практика бағдарламасын және студентпен практикалық дағдыларды және құзыреттерді игергенін білдіретін атқарған жұмысы сипатталады, сондай-ақ студентпен жасалған қорытындылар және ұсыныстар.
5. Есептің қосымша бөлімі бағдарламамен сәйкес практика кезеңінде студентпен орындалған іс жүргізу құжаттарының жобаларынан тұрады, сондай-ақ толтырылған бланктерді, өңделген құжаттарды, нақты ұйымның есептік статистикалық ақпараттарын және есептің негізгі бөлімін көрсететін құжаттарды тіркеуге болады.
6. Есепті А-4 форматты қағаздың бір жақ бетіне, қара сиямен немесе шариктік қаламмен жазу керек. Есеп беттері және оның қосымшалары нөмірленуі тиіс.
7. Практика кезінде штаттық лауазымда жұмыс істейтін студент атқарылған жұмыс туралы қосымшаларымен бірге есеп дайындайды және ұйым басшысының қолы қойылған және мөрі басылған жұмыс туралы анықтама тапсырады.
8. Сырттай-қашықтықтан технологиясы бойынша оқитын және штаттық лауазымда „Юриспруденция“ мамандығы бойынша қызмет атқаратын студент практиканы жұмыс орны бойынша өтеді. Берілген жағдайда ол кафедраға жеңілдетілген нысандағы есепті ұсынады. Оларға: жұмыс орны бойынша анықтама, оның кәсіби қызметін сипаттайтын мінездеме, оның лауазымдық қызметтік міндеттерінің көшірмесі, сондай-ақ практиканттың жұмыс орны бойынша орындаған құжаттарының жобалары тіркеледі.
9. Есептің мұқабасы көрсетілген үлгі (1 қосымша) бойынша рәсімделеді.
Есеп келесі тәртіппен рәсімделуі тиіс:
1. Мұқаба (1 қосымша).
2. Практикаға келуін растау құжаты (бағыттаманың түбіртегі)
3. Практиканың жеке күнтізбелік жоспары (2 қосымша).
4. Күнделік (3 қосымша).
5. Практика базасы жетекшісінің қолы қойылған және кәсіпорын мөрімен бекітілген студент мінездемесі.
6. Қол және мөр қойылып расталған практика жетекшісінің практиканы бағалауы;
7. Практика туралы есеп.
8. Практикада орындалған құжаттар жобалары түріндегі қосымшалар.
VII. Практика қорытындыларын шығару және есепті қорғау.
Практика аяқталғаннан кейін жетекшілер практика бойынша студент есептерін дайындауды және қорғауды ұйымдастырады.
Практика аяқталғаннан кейін 7 күннен кешіктірмей студент міндетті түрде өндірістік практиканың есебін жетекшіге тапсыру тиіс. Практика бойынша есеп практика кезіндегі студент қызметін сипаттайтын негізгі құжат болып табылады.
Практика есебін қорғау кафедрамен бекітілген, оның бітуі мерзімінен кейін 10 күн ішінде жүргізіледі.
Есепті қорғау кезінде практика жетекшілері келесі мәселелерге көңіл аударуы керек:
- жиналған материалдардың практика өту бағдарламасына сәйкес болуы, олардың толықтығы және дұрыстығы;
- студенттердің мінездемелерінде және күнделіктерінде органның бірінші басшыларының қолдарының және мөрлерінің болуы;
- студент-практиканттардың күнделіктерінде атқарылған жұмыс туралы апталық жазбаларының астында қолдардың болуы;
- есепте атқарылған жұмыс түрлерінің толық көрсетілуі, олардың практика өту бағдарламасына сәйкес болуы;
- жиналған материалдар мерзімінің практика өту мерзіміне сәйкес келуі;
- студенттердің практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша берілген қорытындыларының, ескертулерінің және ұсыныстарының дұрыстығы.
Қорытынды бағаны анықтау кезінде жұмыс берушінің бағасы (40%) және кафедра комиссиясы алдында есепті қорғау бағасы (60%) жиынтығы ескеріледі.
Дәлелді себепсіз практикаға келмеген немесе белгіленген мерзімде практика есебін қорғамаған немесе қорытынды бақылау бойынша „F“ бағасын алған студенттер академиялық үлгерімсіздер қатарында саналады және олар дипломдық жұмысты қорғауға және мемлекеттік емтихандар тапсыруға жіберілмейді.
Қосымша №1
_________________________ практикадан өту
ЕСЕБІ
ОТЧЕТ