Тақырыбын талқылау
Мазмұны:
Берілген тақырып бойынша қарастырылған және өзіндік жұмысқа берілген сұрақтарға жазбаша жауап беру:
- басқарудағы ақпараттың ролі;
- ақпараттық менеджмент мәні
- ұйым ішіндегі мәліметтер жүйесінің негізгі қағидалары, мәселелері мен функциялары.
Студенттер өздеріне берілген сұрақтарға жауап жазады. Бұл тапсырманы топ үшке бөлініп орындайды.
Олардың жауаптары негізгі теориялық материалдарға, деректерге, қағидаларға, формалар мен терминдерге негізделеді.
Жұмыс барысы 30 минут көлемінде болуы тиіс.
Сабақ бойынша қорытындылау әрекеттері негізгі мәселелерді талқылау арқылы іске асады.
Келесідей шарттар бағалау баллдарына әсер етеді:
- өз ойыңды нақты жеткізе білу (1 балл);
- ойыңдағыларды тиянақты, әрі ықшамды қалыптастыру (1 балл);
- ұсыныстарды негіздеу (1 балл);
- қосымша жаңа әдебиеттерді пайдалану (1 балл).
Тапсырма №5 (тәжірибе сабағы)
Тапсыру мерзімі: күндізгі бөлім -бесінші апта
XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНЫН ӨТКІЗУ
Тақырыбы: Менеджмент – әрі ғылым, әрі өнер
Мақсаты:студенттердің менеджмент пәнін оқуда теорияны жетік меңгеруін интеллектуалды ойын арқылы жетілдіру; ақпаратпен және коммуникацияны меңгеруін қамтамасыз ету.
Қатысушы топтар:Топ екі командаға бөлінеді және топ менеджерлері сайланады. Мысалы: «Болашақ» тобы; «Жастар» тобы
Интеллектуалды олимпиада ойыны 4 кезеңнен тұрады:
Ø 1 кезеңБәйге
Ø 2 кезеңЖорға
Ø 3 кезеңҒажайып ұяшықтар
Ø 4 кезеңІзденген жетер мұратқ
1 кезең «Бәйгеде» әр топтың басшыларына менеджмент пәні бойынша сұрақтар қойылады. Сұрақтар саны 15 және әр дұрыс жауапқа 10 балл. Сұрақтар 1,5 минут ішінде қойылады.Яғни осы уақыт аралығында ғана сұрақтар қойылады.
2 кезең «Жорғада» екі топқа сұрақтар бірдей оқылады және сұрақтарға екі топ та жауап беруге құқылы. Жауаптар жазбаша түрде көрсетіледі. Ойлануға уақыт 30 секунд беріледі. Дұрыс жауап 20 балдық жүйемен есептеледі. Сұрақтар саны 10.
3 кезең «Ғажайып ұяшықтарда» әр топ кезекпен төрт тақырып бойынша қалаған ұяшықтарын таңдап, ұяшықта жасырынған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап таңдалған ұяшыққа сәйкес балдық жүйемен есептеледі. Ойлануға уақыт 30 секунд.
Ажайып ұяшықтар
АЛЫМДАР ЖЫЛДАР СТИЛЬДЕР ӘР ТҮРЛІ
Мысалы: ҒАЛЫМДАР – 10
“Менеджмент – бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-өрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер” деп анықтама берген ғалымды атаңыз!
АЛЫМДАР – 20
“Менеджер арнайы екі міндетті атқарады,бірі – нағыз тұтас өндірістік бірлік құру, екіншісі – шешім қабылдап, іс-әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса болашақты ойлау керек” деген пікірді айтқан ғалым кім?
АЛЫМДАР – 30
Ф.Тейлор алғашқы өзінің басқаруға қатысты көзқарастарын “Фабриканы басқару” еңбегінен бұрын 1895 жылы қандай мақалада жазды?
4 кезең «Ізденген жетер мұратқа» кезеңінде топтарға жеке-жеке сұрақтар қойылады. Сұрақтарға жауап беру ізденісті, алғырлықты талап ететіндіктен, әр дұрыс жауап 150 балдық жүйемен есептеледі. Сұрақтар саны әр топқа 2-еуден болады. Сұрақтар қиындық туғызған жағдайда сілтеме алуға болады, сілтеме үшін 50 балл шегеріледі. Ойлануға уақыт 1 минут.
Жоғары ұпай жинап жеңіске жеткен команда «Алғыс» хатпен марапатталып, жоғары балл иеленеді. Тапсырма № 6 (тәжірибе сабағы)