Мемлекеттік қызмет ұғымы, мәні және принциптері
Мемлекеттік қызметтің принциптері:
- Заңдылық.
- Қазақстандық патриотизм.
- Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып
бөлінуіне қарамастан мемлекеттік қызметтің бүтіндей жүйесі.
- Мемлекет мүддесі алдында республика азаматтарының құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін белгілеп, табу.
- Өзінің қабілеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызметке қатысты республика азаматтарының бірдей құқыққа ие болуы.
- Азаматтардың мемлекеттік қызметке тұру еріктілігі.
- Мемлекет қызметшілердің кәсіпқойлығы мен құзіреттігі.
- Теңдей мәнді жұмысты орындағаны үшін теңдей жалақы төлеу.
- Бағынышты мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдардың төменгі тұрған қызметкерлері үшін олардың құзыреті шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалардың орындауға міндетті шешім қабылдауы.
- Мемлекеттік қызметшілердің қадағалаумен есеп берушілігі.
- Мемлекеттік құпия мен басқада заңмен қорғалатын құпияны құрайтынды қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықтың есебі.
- Мемлекеттік қызметшілердің құқық және әлеуметтік қорғалуы.
- Мемлекет қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, бастамшылықпен және аса күрделі әрі маңызды тапсырмаларды орындағаны үшін марапаттау.
- Мемлекеттік қызметшілердің өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін және өзінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауапкершілік.
- Мемлекеттік қызметшілердің діліктілігін көтерудің үзілмеуі.
- Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың құрылуына жол берілмейді.
- Мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін орындау барысында заңдардың талаптарын
басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен органдардың шешіміне байланысты емес.
‘‘Қазақстан 2030’’ Стратегиялық бағдарламасы кәсіпқой мемлекет құруды көздейді. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің корпусын құру қажеттігі туындайды. Кәсіпқой мемлекетте оның органдары басқарушылармен құралады. Президент оларды жаңа генерация ақсүйектері деп атап және оларды ұлттар құлдары деп белгіледі. Бұл адамдардың ерекше белгісі – патриотизм. әділеттілік, өз ісіне берілушілік, кәсіпқойлық, ұзақ мерзімді мәселелерді қою қабілеттілігі, оларды жаңа талаптарға сай шеше білу және еркіндігі. Мемлекеттік қызметтің бағасы, іріктей және қызметтік жұмысшыларды жылжыту, көтеру жүйесінің критершілері жасап шығарылған. Әсіресе аумақтық деңгейде қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру қалыптастырып жатыр. Қазақстанда қазіргі мемлекеттік қызмет Академиясы әрекет етіп жатыр.
Мемлекеттік басқару әдетте адамдардың басқа адамдарға қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан мемлекеттік басқаруға талаптарға сай келетін барлық азаматтар қатысты болады. Қоғамды басқаруда адамдардың мәртебесі – оның субъект немесе объект ретінде көрінетіндігімен айқындалады.
Мемлекеттік басқарудың субъектілеріне қоғамда мемлекет атынан кәсіпқойлық қабілеті негізінде басқару міндетін жүзеге асыратын адамдар жатады. Аталған мідеттер басқа адамдарға қатысты жүхеге асырылады. Міне осы әртүрлі ұйымдық құқық нысандағы басқалардың объектісін құрайды.
Мемлекеттік қызмет – басқару персоналының әлеуметтік пайдалы, обьективті қажетті және ұйымдаса жабдықталған саналы қызмет бола отырып, өзінің еңбек құралына ие болады. Мемлекеттік қызметшінің кәсіби қызметі арнайы белгілерге ие болады.Осындай белгілердің бірі еңбек құралының арнайылығы (қызметтік міндет) болып табылады. Мемлекеттік қызмет бірде бір қызмет түріне қатысты, яғни кәсіпқойлық, мамандық, биліктік, қызметке қатысты жұмысының орындалуын болжайды. Кәсіп (профессия) – бұл адамның өзінің білімі, қабілеті мен әрекетіне сәйкес өзінің еңбектік мамандығын қолдана алатын қызметтің кең ауқымды саласы болып табылады. Мамандық (специальность) – бұл жұмысшылар мен қызметшілерге тез әрі тиімді еңбек етуге мүмкіндік беретін терең әрі жан-жақты сана мен білімге ие болатын көрсетілген кәсіп саласындағы еңбек қызметінің елеулі тар саласы. Біліктілік – жұмысшыеың қабілеттілігі еңбектің қаншалықты күрделілігін орындай алатынын көрсетеді. Әкімшілік мемлекеттік қызметтің біліктілігі біліктілік категориясымен белгіленеді.
Мемлекеттің қызметтің тағы бір түрі – органдардағы қызметке мемлекеттік қызметшінің жеке қатысуы болып табылады. Бұл азаматты мемлекеттік органның жеке құрамына (штат) қосуды және оны басқарушылық қызметке енгізуді болжайды. Қызметші тұлғаның мемлекеттік органның регламенті мен ішкі еңбек тәртібіне бағынуы мемлекеттік қызметтің келесі белгісі болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын жұмысшы ұжымның нақты және біртекті жұмысын, қызметші тұлғалар мен басқа да жұмысшылардың ортақ басқарушылық қызметін қамтамасыз ететін нормалар құрайды. Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, заңға тәуелді актілермен, ішкі еңбек тәртіп ережесімен және регламенттермен реттеледі. Мемлекеттік органдағы ішкі еңбек тәртібінің ажырамас элементі субординация жүйесі болып табылады. Бұл дегеніміз – мемлекеттік қызметшілердің төменгі тұрған қызметшілердің жоғары тұрған лауазымды тұлғаға бағынуы болып табылады. Мемлекеттік қызметтің ерекшелігі мына белгімен сипатталады, ол қызметшінің еңбек ақысы.
Еңбек ақының мынадай ерекшеліктерге ие болады:
- Бірыңғай притерий мен еңбек бағасына қарамастан (ставка және оклад) еңдек мөлшерімен сапасына қарай төленеді;
- Алдынала белгіленген нормалармен өндіріледі;
- Төлемнің негізгі бөлігі мемлекеттік органдардың штаттық кестесімен
анықталады, ал қосымшасы мемлекеттік қызметшінің біліктілік деңгейі мен басқада талаптарға байланысты болады (мемлекеттік қызметтегі істеген жылына қосылатын қосымшалар, премия және т.б);