Аржыландырылған және ағымдағы жалдау бойынша операциялар есебі
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уакытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін. Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал акысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардьщ міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі жәнет.б. қарастырылады.
Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім-шартгың жағдайы есепте көрсетілетін операцияға да әсер етеді.
Жалгерлік есеп №7-ші "Жалгерлік есеп" деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және сонымен сәйкес жал мерзіміне байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Жал мерзімі - көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен рәсімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін.
Ағымдағы жалгерлік. Ағымдағы деп қаржыландырылатын жалгерліктен басқа, кез келген жалгерліктің тұрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы болып табылады. Ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құқымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушінің өзінде қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы табысқа енгізіледі. Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уакытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал, жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2410"Негізгі құралдар" бөлімшесінің тиесілі субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.
Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 1280 "Басқа да" шоттың дебетінде және 6160 (жалға субъектінің негізгі қызметі болса) шоттарының кредитінде көрініс табады.
Жалға берілген мүліктер жалға берушінің балансында көрініс табатын болғандықтан, олар бойынша есептелген тозу сомасына 7410 шоты дебеттеліп 2420 бәлімше шоттары кредиттеледі.
Жал ақысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының шоттары дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі.
Жал ақысы тиесілі өндіріс шоттарында, яғни келесі шоттардың дебетінде:
8400 — егер де негізгі құралдар әлеуметтік сферада пайдаланылса;
7110 — егер де негізгі құралдар тауарды сатумен байланысты болса;
7210 - егер де негізгі құралдар жалпы шаруашылық қажеттілігі үшін пайдаланылса, 3390 шоттың кредитінде көрініс табады.
Жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондықтан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жүмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады.
Жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жүмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді. Егер де жал акысы келешектегі есеп кезендеріне жатқызылатын болса, онда 1620 "Жалға ақысы" шоты дебеттеліп және тиісті ақша каражаттарының шоты кредиттеледі. Олардың есептік кезеңі жеткен кезде, тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына (8-ші бөлімдегі) немесе 7-ші бөлімдегі шоттарына ауыстырылады.
Қаржыландырылатын жалгерлік. Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушынын, есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудін нысаны болып табылады.
Қаржыландырылатын жал — мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуекелділіктіңде үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады. Бүл кезде жалға алушы алынған мүліктерді өз балансында керсетеді. Ал жалгерлік кезендегі құқықтың өзі берілуі немесе берілмеуі мүмкін.
Жалға алушының қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс: каржыландырылатын жалгерлікке алынған мүліктің жалпы құны; мүлікті жалға алу бойынша ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелер; қаржыландырылатын жалгерлік және мерзімі бір жылдан артық біртұтас (кері кайтарымсыз) ағымдағы жалгерлік кезіндегі ең төмен жалгерлік төлемдер (төлемдердің жүзеге асырылу мерзімі мен сомалары қысқаша формада керсетілуі тиіс) бойынша міндеттемелер; жалгерлікті немесе мүлікті сатып алу уақытын ұзартуды тандау құқығы, келісім-шарттардан туындайтын күтпеген жалгерлік төлемдер жөне басқа да күтпеген жағдайлар.
Жалға берушінің қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс: қаржыландырылатын жалгерлікке жалпы капитал салымы (ақша қаражатын жұмсау); жалға берілген мүліктен түскен пайдаланбаған табыс; активтердің құны, сондай-ақ осыған байланысты есепті кезең ішіндегі активтердің түрлері бойынша жинақталып қалған амортизациялық аударымдар.
Жалға берілген мүліктің пайдалану құқының басым бөлігі мынадай жағдайда берілуі мүмкін:
- жалға алынған мүлікті тұрақталған (тіркелген) бағасы бойынша немесе жал соңында анықталған бағасы бойынша жалға алушының сатып алу құқығы бар болса;
- егер де жалға берілген мүліктің пайдалану қызметінің мсрзімі 80%-ке жетсе;
- егер де негізгі құралдың жал мерзімі біткен кезде бастапқы құны оның 20%-тін ғана құраса;
- бүкіл жал кезеңінде оның дисконтталған құны төленетін жал ақысының 90% құраса;
- жал мерзімі біткен соң жалға алушы жалға берушіден негізгі құрал объектісін сатып алуға немесе алмауға құқы бар болса.
Қаржыландырылатын жал мерзімінің ішінде жалға берілген мүлік баланста бір ғана баға бойынша көрініс табады.
Жал төлемі екі төлемнен тұрады: қаржыландырудан (яғни, пайыз бойынша төленетін шығысынан) және жалгерлік міндеттемесінен, демек объектінің баланстық құнын азайтатын төлемнен (негізгі міндеттемесін өтеуден).
Жалгерлік төлем: ағымдағы бағасы бойынша немесе дисконтталған құн бойынша (активті пайдаланғаны үшін төленетін пайызын ескере отырып) есептелінуі мүмкін.
Дисконтталған құн бойынша есептеген кезде жал ақысының өте аз (минималды) деңгейін анықтау үшін қарастырылган пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлемесін қолданады.
Қарастырылған пайыздық мөлшерлемесі акша ағынының болашақтағы құнын анықтайтын арнайы кестесінен алынып анықталады және ол келесідей формула бойынша есептелінеді:
Мүндағы, FV — п жылдарынан кейін ақша ағынының болашақтағы құны; PV — есептеу кезінде салынған сомасы; г — пайыздык мөлшерлемесі; п — есептеу кезеңіне алынған жылдар саны.
Жалға алушының қарыз капиталына өсіп (артып) отыратын пайыздық, мөлшерлеме - бұл пайыз мәлшерлемесі, оны осы тәріздес жал үшін жалға алушы төлейді немесе бұл мөлшерлемені жалға алушы жал басында басшылыққа алады.
Жалгерлік мерзімінің барысында келісім-шартқа сәйкес жалға берушіге минималды жал ақысын төлейді.
Минималды жал ақысы — бұл төлем түрі, оны жалгерлік мерзімінің барысында, жалға алушы жұзеге асырады (кәрсетілген қызмет құны мен салық сомасы шегеріледі, негізінде олар жалға берушіге өтелуі керек).
Қаржыландырылатын жал жағдайында қабылданған жалгерлік актив, 2410 бөлімшенің тиесілі шоттарының дебеті бойынша жөне "Жалгерлік міндеттемесі" шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Жалгерлікке берілген активтер үшін төленетін пайыздар сомасына 7310 "Пайыздар бойынша шығыстар" шоты дебеттеліп және 3360 "Төленуі тиіс пайыздар" шоты кредиттеледі. Ал олар етелген кезде 3360 шоты дебеттеледі де, акша қаражаттарының 1010-1070 шоттар бөлімшесі кредиттеледі.
Қаржыландырылатын жалдың жағдайы бойынша жалға алушы жалға алынған активтердің тозуын есептеуді жүзеге асырады.
Активтердің пайдалану аясына байланысты мына шоттар дебеттеледі:
84150 — егер де негізгі құралдар мен материалдык емес активтер өндіріс аясында пайдаланылса;
7110 — егер де негізгі құрал тауарды (жұмысты, қызметті) сату процесімен байланысты болса;
7210 - егер де негізгі құрал жалпы шаруашылық қажеттілігі не арналған болса S3 бөлімше шоттары кредиттеледі.
Жал мерзімінің барысында жалға алушы жалға алынған активтерді мерзімінен бұрын сатып алуына болады. Ол кезде ақша қаражаттарының шоттары кредиттеліп, 3360 шоты дебеттеледі. Бұл кезде 3360 шоты 2410 бөлімше шоттарының тиісті аналитикалық шоттарымен жабылады. Қаржыландырылатын жал бойынша операцияларды есепке алу үшін жалға беруші мынадай синтетикалык шоттарды пайдаланады:
- 1280 "Басқа да" шоты, "Түсетін жал міндеттемесі" субшоты;
- 1270 "Есептелген пайыздар";
- 6110-6120 "Акция бойынша дивидендтер мен пайыз түріндегі табыстар"
"Қаржыландырылатын жал келісім-шарты бойынша пайыздары" субшоты.
Жалға берілген мүліктің құны есепке түсетін жал міндеттемесі ретінде дисконтталған құн бойынша көрініс табады/ яғни активті пайдаланғаны үшін төленетін пайыз сомасы коса есептелінеді. Қаржыландырылатын жал бойынша төлем жалға беруші инвестицияланған капиталдың қайтарылғаны ретінде қарастырады және табыс алған болып есептелінеді. Ал минималды жал төлемі жалға салған күрделі салымдарынан түскен табыс ретінде танылады. Әрекет етіп тұрған негізгі құралды қаржыландырылған жалға берген кезде 7010 шоты - активтің қалдық құнына дебеттеледі; сол берілген активтің жинақталған тозу сомасына 2420 бәлімшенің шоттары дебеттеліп, 2410 бөлімшенің шоттары кредиттеледі. Ал келісім шартта қаралған (ескертілген) активтің құны 1280 дебетінде және 6010 кредитінде көрініс табады.
Болашақта алынатын жал пайызына 1270 дебеттеліп және 3520 шоты кредиттеледі. Егер сол сомасы алынса, онда 3520 шоты дебеттеліп және 6120 шоты кредиттеледі.
Егер де жалға алушы жалға берілген активті ез мерзімінен бұрын сатып алса, онда одан алдағы кезеңдерде түсетін табысты жалға беруші қызыл жазумен жазады, ол кезде 1270 дебеттеліп 3520 шотыкредиттеледі.
Мысал. Жал төлемінің аз (минималды) дисконтталған құнын есептеу үшін қарастырылған пайыздың мөлшерлемесін қолдану арқылы қаржыландырылған жал операцияларын көрсету жолын қарастырып көрейік. Шаруашылық жүргізуші субъектілер құрал-жабдықты жалға беру үші н, өзара мынадай жағдайлар бойынша келісім-шартқа отырды делік, онда; құрал-жабдық бес жылға берілетін болып шешілді; жал төлемі әр жылдың соңында төленетін болды; құрал-жабдықтың ағымдағы қүны, яғни жалға бергенге дейінгі құны 220000 теңге, ал бастапқы құны 230000 теңге; жинақталған тозу сомасы 10000 теңге; жал берушінің қойған пайыздық мөлшерлемесі 8%; жал мерзімінің соңында оның дисконтталған құны 250000 теңге құрайды деп болжаған, демек құрал-жабдықтың кепілденбеген сомасы 20000 теңге құраған; жал мерзімі біткен соң құрал-жабдық иесіне қайтарылатын болып келісілген; есептік саясатта оның тозуы бірқалыпты әдіс бойынша есептелінетін болып қарастырылған.
Енді осы келісілген екі тараптың жағдайы бойынша жал төлемінің сомасын есептеп көрейік.
Кезең | Өтелмеген жалгерлік міндеттемелер | Минималды жапгерлік төлемі | Қарастырылған пайыздық мөлшерлемесі бойынша мпрапапау сомасы (8%) | Жалгерлік міндетгемені өтеу үшін жасалатын төлем | Амортизацияны есептеу |
Бірінші ЖЫЛ | |||||
Екінші жыл | |||||
Үшінші жыл | |||||
Төртінші жыл | 7 170 | ||||
Бссінші жыл | |||||
Жиыны |
Келісілген келісім шартка сәйкес жалға алынған мүлік үшін жыл сайын 50000 теңге деңгейінде төлем жасап тұруға кепілдік берілген..
Қаржылық лизингісі. Қаржылық лизинг — бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және лайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:
- лизинг беруші (жалға беруші);
- лизинг алушылар (жалға алушылар) болып табылады.
Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг - бұл инвестициялық қызметтің біртүрі; онда:
- лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім-шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уакытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;
- лизинг алушы келісім-шартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп түруды өз міндетіне алады. Келісім-шарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.
Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдыктар, транспорт қүралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.
Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:
- қайтарылатын лизинг — лизингтің бір түрі, онда сатушы осы бүйымды (нәрсені) кері қайтарып ала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;
- банкі лизингі— лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;
- толық лизинг - лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына (нәрсесіне) техникалык қызмет көрсету жұмысын атқарады;
- таза лизинг — лизингтіңбіртүрі,онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына (нәрсесіне) техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.
Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралык лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісім-шартымен, сатып алу-сату келісім-шартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісім-шарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп санапмайды: келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны тандауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің мерзімділігі мен мәлшері; лизинг нәрсесінің құны; келісім-шарттың әрекет ету мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг нәрсесін суреттеу (сипаттау); лизинг нәрсесін ұстау мен жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жактың біріне жүктеу; лизинг келісім-шарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей -лизинг-алушынын алдында сатып алу-сату келісім-шарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының койған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да, лизинг берушінін де сатушымен қарым-қатынасы, ынтымактаскан кредиторлар ретінде жүреді.
Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісті пайдаланады: не өсіп (артып) отыратын пайыздык мөлшерлемесін, немесе алдын-ала карастырылған пайыздық мөлшерлемесін.
Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциядар онда карастырылған келісім-шарттың жағдайына байланысты көрініс табады.
Енді біз бір мысал келтіріп көрейік. Бұл мысалдың шарты бойынша негізгі құрал лизинг алушының балансына берілген.
Шаруашылықты жүргізуші субъект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық (сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрьтлыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдык ұйымдарға бергенде (сатканда), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Объектілер толық немесе ішінара (объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде) жойылады. Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес, пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе баска шаруаишлық жүргізуші субъектіге беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ баска да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.
Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті құжаттарды дайындау үшін (қүрылтайшылардың немесе уәкілдіктердің жиналысында қабылданған шешімімен) басшының бұйрығымен комиссия Құрамы тағайындалады, оның кұрамында бас инженер немесе субъект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінін өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі (автокөліктерді есептен шығарғанда) бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар кұрылады. Негізгі құрал-жабдыктардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалык мамандар да қатыстырылады. Айталық, инженер-механиктер, инженер-энергетиктер, инженер-гидрологтар, инженер-жылу техниктер, инженер-технологтар, мал дәрігерлері, мал шаруашылығы мамандары және т.б. мамандар.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығарылатын қажетті объектілермен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын; есептен шығару себептерін, қажетті жағдайда объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлілі тұлғаларын; кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдың пайдаланылу мүмкіндіктерін жөне олардын бағасын анықтайды; негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптык жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатка ұшырауы жөніндегі актілерін және тағы баска қолда бар құжаттарды пайдаланады.
Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшектері тозғанда, қайта қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар — тек негізгі тетіктері, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі істен шықканда; көп жылғы ағаштар — биологиялық өсіп-өнуі біткенде, өндірістік мәнін толығымен жоғалтқанда, сондай-ақ оларды пайдаланудың экономикалык тиімсіздігіне көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бүл кезде субъектілер үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, кәлік құралдарын және басқа мүлікті қалыптық (нормативті) пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен табиғи зіл-заланың нотижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады.
Негізгі құрал-жабдықтарды (автокөлік құралдарынан басқа) толық және ішінара есептен шығару пайдаланылатын негізгі құрал-жабдыктарды жою туралы Акт арқылы жүзеге асады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп дайындайды. Актінің 1-ші данасы бухгалтерияға беріледі де, екіншісі негізгі қүрал-жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннен ксйін қалған қосалкы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады.
Есептен шығаруға жүмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан, құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық құндылықтардың бағасы актінія "Объектіні есептен шығару нөтижелерінің есебі" деген бөлімінде қарастырылады. Акт төменде көрсетілген (81-бет).
Баланстан автокөлік құралдарының барлық түрін есептен шығару "Автокөлік құралдарын есептен шығару актісінде" көрсетіледі. Актіні комиссия екі дана етіп дайындап, субъектінің басшысы немесе өкілетті уәкілі бекітеді. Бір данасы бухгалтерияға берілсе, екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты түлғаға беріледі де, ол автокөлік техникасын есептен шығарудан кейін қалған материалдық құндылықтар мен металл сынықтарын қоймаға тапсыруға негіз болып табылады.
Автокелік құралдарын жоюдан және бөлшектеуден түскен материалдық құндылықтар бағасы "Автомобильді (тіркемені, жартылай тіркемені) есептен шығару нәтижесінің есебі" деген бөлімшесінде керсетіледі.
Объектіні есептен шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама беріледі, және онын есептен шығу себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы көрсетіледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аварияның және тағы басқа да күтпеген жағдайдың салдарынан есептен шығарылатын болса, онда актіге қоса тиісті құжаттары да бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекігеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі.
Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бүзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау (жойып немесе өртеп жіберу) анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа тартьтлады.
Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды занды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.
Негізгі құрал-жабдыктарды бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға беру кезінде екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі қүрал-жабдыктардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.
Негізгі құралдар субъектінің өз ішінде (цехтан цехқа) орын ауыстьтруы кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде негізгі құрал-жабдыктардың бір орыннан екінші орынға көшуі туралы объектілердің түрған жеріндегі мүліктік түгендеу тізімдеріне және мүліктік түгендеу карточкаларына белгі соғылады. Негізгі құралдар шаруашылық ішінде орын ауыстырғанда 2410 "Негізгі құралдар" бөлімшесі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бухгалтерлік жазулар жазылады.
Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға түседі де талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады,
Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға келіп түседі, және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу ушін негіз болады, ал ол 2410 "Негізгі кұралдар" бөлімшесіндегі шотгарының кредиті бойынша жүргізіледі.