Парламент 1 страница
1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз.
Парламент– заң шығарушы өкілді орган
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың Заң Парламенттің тұтас құзыреті, Сенаттың ерекше құзыретін және Қазақстан Республикасы Парламенті өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге Палаталардың бірлескен отырысы әр палатадан депутаттардың жалпы санының Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында қаралатын мәселелер ҚР Конституциясында Палаталардың бірлескен отырысында мынадай мәселелер қаралады: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы.
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тек Президент қана Парламент конституциялық заңдар қабылдайды, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Конституциялық заңның жобасы, сондай-ақ оған Парламент Палататаларының бірлескен отырысында республикалық бюджет, Үкіметтің және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп Конституцияға сәйкес Палаталардың бірлескен отырысында Үкіметтің бағдарламасы қаралады.
2-тапсырма. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыздар.
- ?
- Конституция – заң шығару ісінің қайнар көзі.
- ?
- Әрине, нормативтік актілер де Конституцияның ережелеріне бағынады.
- ?
- Жоқ, Ата заңға өзгерістер енгізу өте қатаң және жиі қайталанбайды.
- ?
- Өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін халық шешеді.
- ?
- Азаматтардың құқығы мен міндетін айқындайды.
3-тапсырма. А) сұхбатты рольге бөліп оқыңыздар; ә) әрі қарай жалғастырыңыз; б) мазмұндаңыз.
А. – Сіз білесіз бе, Конституцияның ІІІ бөлімі қандай мәселеге арналған?
Б. - Әрине, білемін. Бұл бөлімде Президент мәртебесі туралы айтылады.
А. – Ол бөлім неше баптан тұрады, есіңізде ме?
Б. – ІІІ бөлім 9 баптан тұрады, яғни 40-48 баптарда Елбасының атқаратын қызметі мен міндеттері, мәртебесі туралы баяндалады. Олар жайлы, сізге айтып бере аламын.
А. – Бәрекелді! Айтыңызшы!
Б. – Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды...
А. – Тамаша! Біліміңіз кең екен. Енді мен жалғастырайын.
Б. – Иә, рұқсат, рұқсат...
А. – Президент – ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді, Ол – ең жоғары лауазымды тұлға...
А. – ...
Б. – ...
4-тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырыңыз.
Қазақстан, қорғау -, қасиетті, әрбір, парызы және, оның, міндеті, Республикасын. (36-бап, 1-тармақ).
5-тапсырма. Сөйлемді аяқтап, ойды кеңейтіңіз.
1. 16-бап “Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды”, сондықтан .....
2. 17-бап “Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар”, өйткені ...
3. 14-бап “Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең”, сондықтан ...
6-тапсырма. Мына схема бойынша сөйлем құрыңыз (бап мәтінін негізге алыңыз).
1. “----------”, бірақ ...
2. “----------”, дегенмен ...
3. “----------”, сонда да...
Үлгі: “Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі”, бірақ әркім шектен шықпауы керек.
7-тапсырма.Мәтіннен мына формадағы сөздерді теріп жазыңыз.
-лық, -лік
-дық, -дік жұрнақтары әрі зат есім, әрі сын есім тудырады
-тық, -тік
Үлгі: азамат+тық алды, азамат+тық қоғам.
8-тапсырма.Жақшаны ашып, етістіктерді аударыңыз. Мазмұнына назар аударыңыз.
Президенттің құзыреті:
- премьер-министр лауазымына адам (предложить)
- үкіметтің құрылымын (определяет)
- министрлерді қызметке (назначает) және қызметтен (освобождает)
- үкімет мүшелерінен (присягу принимает)
- үкімет шешімдерінің күшін (жою), немесе (приостановить)
9-тапсырма. Бірінші қатардағы ойдың жалғасын екінші қатардан анықтаңыз.
1. Мемлекет Қазақстан халқының А. құқықтарға ие болып,
тілдерін үйрену мен дамыту үшін міндеттер атқарады.
2. Әркімнің өзінің жеке басының Ә. Құрметтеуге міндетті.
3. Республиканың азаматы өзінің Б. Бостандығына құқығы бар.
Азаматтығына орай
4. Әркім Республиканың мемлекеттік В. Жағдай туғызуға қамқор-
нышандарын лық жасайды.
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Үкімет, Сот.
1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз
Үкімет
Үкiмет алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.
Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi.
Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.
Республика Президентi өз бастамасымен Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, кауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады
2-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз
СОТ.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында Қазақстан Республикасының Әскери соттары болады.
Республиканың тәуелсіздік алуына байланысты 1993 жылы қабылданған Республикалық Конституцияда сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені көрсетіліп, сот билігінің өзге мемлекеттік биліктердің қатарында екендігіне кепілдік берілді. Аталған Конституция судьялардың сайлануы мерзімін 10 жылға дейін ұзартты.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
3-тапсырма. Қазақстан республикасының басқару жүйесі: Үкімет, Сот туралы баяндама дайындау.
3-сабақ
Лексикалық тақырып: Ұлттық қауіпсіздік.
Сұрау мәнді сөйлем.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма.Мәтінді мазмұндаңыз және аударыңыз.
Ұлттық қауіпсіздік-жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын түпқазық мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі.
Қауіпсіздік ұғымының өзі әр түрлі елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.
Ұлттық қауіпсіздік түрлері:
1) қоғамдық қауiпсiздiк – қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуы
2) әскери қауіпсіздік – әскери күштерді қолданумен немесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерінің қорғалуы.
3) саяси қауіпсіздік – азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы
4) экономикалық қауiпсiздiк – экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілуі
5) ақпараттық қауiпсiздiк – елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі;
6) экологиялық қауiпсiздiк – қоршаған ортаға табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі.
Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер:
1) ұлттық мүдделердің қорғалу дәрежесінің төмендеуiне ықпал ететiн заңдылық пен құқықтық тәртiп деңгейінің төмендеуі
2) демографиялық ахуалдың және халық денсаулығының нашарлауы, оның iшiнде бала туудың күрт төмендеуi, өлiм-жiтiмнiң көбеюі;
3) бақылаусыз көшi-қон процестері;
4) елдiң денсаулық сақтау, бiлiм және зияткерлік әлеуетi деңгейі мен сапасының төмендеуі;
5) Қазақстан Республикасы халқының мәдени және рухани мұрасынан айырылуы;
6) ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардан, жаппай тәртiпсiздiктерден көрінетін әлеуметтік және саяси жағдайдың ушығуы;
7) конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет,
8) кез келген нысандардағы және көріністердегі терроризм, экстремизм мен сепаратизм;
9) қаржы жүйесі орнықтылығының төмендеуі;
2. Ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатерлер Қазақстан Республикасының заңнамасымен, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарымен толықтырылуы және нақтылануы мүмкін.
2-тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерің дәптерге жазып, жаттап алыңыздар.
Ұлттық қауіпсіздік | Национальная безопасность |
құндылықтар | ценности |
заңнама | законодательство |
мүдде | интерес |
зияткерлік | интеллектуальный |
қақтығыс | противоречие |
3-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтар әзірлеңіз. Жауаптарды жазыңыз.
4-тапсырма.Мәтіндегі ойды бірнеше сөйлеммен білдіріңіз.
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз.
Тапсырманы уақытында орында... үшін оған риза болдық. Тыныштықты қорға... үшін жауынгер марапатталды. Қылмыскерді ұста... үшін полиция қызметкері алғыс алды.
6-тапсырма. Мына схема бойынша сөйлем құрыңыз (ұлттық қауіпсіздік мәтінін негізге алыңыз).
1. “----------”, бірақ ...
2. “----------”, дегенмен ...
3. “----------”, сонда да...
Үлгі: “Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі”, бірақ әркім шектен шықпауы керек.
7-тапсырма.Мәтін бойынша диалог-сұхбат құрыңыз.
8-тапсырма.Тақырып мазмұнын қысқаша баяндаңыздар (жазбаша).
9-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашып, есіңізге сақтаңыз.
1. Өз елің – алтын бесік.
2. Әркімнің өз жұрты – ұжмақ.
3. Отан – елдің анасы.
Ел – ердің анасы.
10-тапсырма.Жағдаят. Сіз шетелге ресми іс-сапармен бардыңыз. Қазақстанды қалай таныстырар едіңіз? Яғни, «Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру» тақырыбы бойынша өз ойыңызды жазыңыз.
11-тапсырма.Сіз ірі шетел компаниясымен бірлескен кәсіпорынның басшысысыз. Осы компанияның қызметі, жоспарлары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз өткізіңіз. Шараның толық жоспарын құрып тапсырыңыз.
СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Қарулы күштер.
1-тапсырма.Мәтінді мазмұндау және аудару.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының басты шарты. Ұлттық қауіпсіздік сыртқы қауіпсіздік, әскери қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, экологиялық және экономикалық қауіпсіздік болып жіктеледі.
Ұлттык қауіпсіздік объектілеріне жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам және оның материалдық-рухани құндылықтары, мемлекет және оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы жатады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштер бар. Оларға:
§ ҚР Қарулы Күштері,
§ ұлттық қауіпсіздік,
§ ішкі істер,
§ сыртқы барлау,
§ әскери және салық полициясы органдары,
§ ҚР Президентінің күзет қызметі,
§ салық және кеден қызметтері,
§ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою қызметтері жатады. ҚР Президентінің жанынан құрылған кеңесші орган — Қауіпсіздік Кеңесі бар.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі төмендегідей негізгі міндеттерді атқарады:
§ ұлттық мемлекетке төнуі мүмкін қауіпті болжайды және анықтайды;
§ олардың алдын алу және залалсыздандыру шараларын жасайды;
§ ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерді құрып, оларды үнемі әзірлікте ұстайды;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жалпыға бірдей және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады.
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Құқық қорғау органдары.
1-тапсырма.Мәтінді мазмұндау және аудару.
Кез келген мемлекетте өзінің Конституциясын, заңдарын, мемлекет басшысы тарапынан берілетін жарлықтар мен басқа нормативтік актілері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары болады. Құқық қорғау органдарына жататындар:
§ прокуратура,
§ ішкі істер органдары,
§ ұлттық қауіпсіздік органдары.
Прокуратура. Прокуратура — мемлекет атынан әрекет ететін, мемлекет аумағында заңдардың, ҚР Президенті шығарған жарлықтардың, өзге нормативтік-құқықтық актілердің нақты әрі бірыңғай қолданылуын қадағалайтын, іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару істерін жүргізудің заңдылығын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокуратура Президенттің алдында ғана есеп береді, сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды.
Прокуратура (латын. ргосиго — қамын ойлаймын, басқарамын) — заңның дәл орындалуын жоғарыдан бақылауды іске асыратын орган. Кейбір елдерде қылмысты істерді тергеу жумыстарын кадағалайтын орган. Алғаш XIII—XIV ғасырларда Францияда пайда болған.
Қазақстан Республикасьшдағы прокуратура органдары жүйесін ҚР Бас прокуроры басқарады. Жергішкті жерлерде облыстардың, қалалардың, аудандардың прокурорлары болады. Прокуратураның басты мақсаты — барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік жөне мемлекеттік емес ұйымдардың заңдар мен басқа да нормативтік актілер ережелерін бұрмалаусыз, дәл орындауын бақылап отыру.
өрбір азаматтың мүддесін қорғау.
Ішкі істер органдары.Ішкі істер министрлігі республика аумағындағы, облыстардағы, қалалардағы ішкі істер басқармаларының бірыңғай жүйесін, көлік жүйесін, қалалык, аудандық, қалалардагы аудандық түзету меке-мелерін — абақтыларды, лагерьлерді, өрттен қорғау бөлімшелерін, ішкі әскерлерді баскарады.
Азаматтардың құқықтарын, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін құқық қорғау органдарының алдына қойылатын ерекше міндеттер және оларга берілетін ерекше құқықтар болады.
Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:
§ қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
§ қылмыстардың және құқык бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу, оларды анықтап, жолын кесу;
§ анықтау жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен әкімшілік шараларды орындау;
§ кәмелетке толмаған балалардың қараусыз қалуын және олардың құқықтарының бұзылуын немесе өздерінің құқық бұзушылық әрекеттерін анықтау және болғызбау;
§ шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерінің сақталуына бақылау жасау;
§ мемлекеттік және басқа объектілерді қорғау т.б.
Ішкі істер органдары жасалған қылмыстар бойынша анықтау, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Ішкі істер өкілдері қылмыс жасаған немесе «қылмыс жасауға әзірленіп жүр» деген күдік туғызған адамдарды ұстайды. Тергеу жұмыстарының суретке түсіру, дыбыс жазу, кино-теледидар бейнелерін жасау, көтерілген қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан кідіріссіз және қайтарусыз материалдар алу, азаматтарды шақырып, олардан түсінік сұрау, құжаттар талап ету, жауап алу, қылмыстың қандай жағдайда жасалғанын анықтау максатымен жұртшылыққа хабар тарату, оларды осыған жұмылдыру үшін мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты түрлерін жүргізеді. Тергеушілер қылмыскерлерді әшкерелеп, оларды қылмыстық жауапқа тарту үшін басқа да әрекеттер жасайды.
4-сабақ
Лексикалық тақырып: Экономика.
Болымсыздық категориясы.
1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Біз күнделікті тіршілікте «үнем», «үнемдеу», «үнемшіл» деген сөздерді жиі естиміз және өзіміздің үй шаруашылығымызды басқара отырып, өз жанұямыздың экономикасын ұйымдастырып отырғанымызды байқамай да қаламыз.
Біз жанұямыздың бюджетін дұрыс бөлуге, жарықты, суды ақшаны үнемдеуге, мүлікке ұқыпты (аккуратно) қарауға тырысамыз.
Экономика – «үй шаруашылығын жүргізу өнері» деген грек сөзі.
Экономиканы білмей, үй шаруашылығынан бастап халық шаруашылығына дейін басқару мүмкін емес.
2-тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерің дәптерге жазып, жаттап алыңыздар..
айналым – оборот аумақ - территория басқару – управлять бәсеке - конкуренция жеке - личный жүргізу - водить зиян – вредный мекеме - учреждение нарық - рынок ресми - официальный қалтарыстағы - теневой тиімділік - выгода | нарықтық – рыночный үнем - экономия үнемшіл - экономный үнемдеу - экономить ұлттық - национальный ұйым - организация ұйымдастыру - организовать ерекшелік – особенность ұқыпты – аккуратный өнеркәсіп - промышленность сауда – торговля қылмыстық – криминальный шаруашылық - хозяйство |
3-тапсырма.Тірек сөздер мен сөз тіркестері
(қандай?) | (кімнің?) | ||
нарықтық (рыночный) бәсеке (конкуренция) үнемшіл (экономный) жеке (личный) ұқыпты (аккуратный) | экономика уақыты адам тұлға адам | жанұямыздың өзіміздің | экономикасы бюджеті еліміз қаражатымыз (средства, деньги) |
(нені үнемдеу?) | (не істеу?) | ||
Тірек сөздер мен сөз тіркестері