Несиелік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістері

Несиелік тәуекелді басқару – несие қызмет түріне байланысты тәуекелді төмендетуге бағытталған әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.

Банктің несиелік тәуекелін басқару функциясы келесі жоспар бойынша жүрізіледі:

1. Несиелік портфельді басқару.

Несиелік портфельді басқарудың ортақ шарттары келесідей:

1)Қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктің лимиттерін белгілеу;

2)несиелік рейтингпен байланысты болатын жекелеген қарыз алушының тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекел талдау формасын жасау;

3)Әртүрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

4)төменгі тәуекел деңгейі бар маңызды салаларды анықтау;

5)жоғары тәуекелі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

6)несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Тәуекел дәрежесіне қарай несиелер былай жіктелініп, оларға қарсы провизиялар құрылады :

1. Стандартты несиелер – қайтарылу уақыты жетпеген, қайтарылымында ешқандай күмән жоқ несиелер;

2. Күмәнді несиелер – қайтарылу мерзімі ұзартылған, қайтарылуында күмән бар несиелер: А) күмәнді 1-категория ¾ қайтарылу мерзімі 30 күнге дейін кешіктірілген, қайтарылу мерзімі бір рет ұзартылған, банкке біршама тәуекел әкелетін несиені білдіреді. Мұндай несиенің түрі бойынша негізгі қарыз сомасынан 5% мөлшерінде провизия құрылады;

Б) күмәнді 2-категория¾ қайтарылу мерзімі 30-60 күнге кешіктірілген, мерзімі бір реттен ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді, мұндағы провизия сомасы 20% мөлшерінде;

В) күмәнді 3-категория ¾ қайтарылу мерзімі 60-90 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бірнеше рет ұзартылған, банк үшін тәуекелі жоғары несиені айтамыз, провизия сомасы 20% көлемінде;

Г) күмәнді 4-категория ¾ қайтарылу мерзімі 90-120 күнге кешіктірілген, мерзімі бірнеше рет ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел тудыратын несие, провизия сомасы 25% сомасында;

Д) күмәнді 5- категория ¾ қайтарылу мерзімі 120-150 күнге кешіктірілген, қайтарылу мерзімі бірнеше рет ұзартылған, тәуекелі банкке жоғары болып келетін, провизия 50% көлемінде құрылған несиелер. [1]

3. Үмітсіз несиелер – қайтару мерзімі 180 күнге дейін және одан жоғары мерзімге кешіктірілген, банк үшін өте қауіпті, яғни пайдасы есебінен жабылатын, 100% мөлшерде провизия құрылатын несиені айтамыз.

Екінші деңгейдегі банктердің несие бойынша провизияларды құру мен заңды және жеке тұлғаларға ұсынылған несиелердің жіктелінуі 1-кестеде көрсетілген

Несиелердің жіктелінуі Негізгі қарыз сомасы Соның ішінде несие бойынша негізгі қарыз сомасы Негізгі қарыз сомасынан провизялар мөлшері (%)
       
Стандартты      
2.Күмәнді: 1 категория 2 категория 3 категория 4 категория 5 категория      
3.Үмітсіз      

Банк салымшылар мен акционерлер алдындағы міндеттерін орындай отырып банктің несиелеу фукциясы келесідей үш міндетке бағытталуы керек:

- ссудаларды оның қайтарымдылығына сенімді болған жағдайда ғана беру керек;

- ақша қаражаттарын тиімді инвестициялау, яғни акционерлер мен салымшылардың қызығушылығын оятатындай;

- несиеге деген экономикалық сұранысты қанағаттандыру.

2. Несиелік процесті талдау.

Несиелік процесті талдаудың басты мақсаты несиелеу процесі мен оның шарттарына дәйекті түрде бағалау жасау. Басқа сөзбен айтқанда несиелік процестің қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанын, жүргізіліп жатқан процеске басшылықтың қаншалықты дәрежеде қатыстылығын, банк персоналдарының процеске қатысуын, несиелік процеске қатысушылардың ақпаратты уақытылы және толық көлемде алынуын анықтау.

3. Несиелік портфелдің сапалығы.

Несиелік портфель банктің нарықтағы позициясын, бизнес стратегиясын, тәуекел бойынша стратегиясын, банктің мүмкіндіктерін білдіреді. Несие портфелінің сапалығы банк қызметіне толық суреттеме береді десек болады.

4. Несиелік тәуекелді басқару саясаты.

Несиелік тәуекелді дұрыс басқармау көбінесе банктердің банкроттыққа ұшырауына алып келеді. Несиелік тәуекелді басқару саясаты несиелік тәуекелдің туындайтын факторларын анықтау, оны жою немесе төмендету шараларының, несиелік портфельді басқару механизмдерінің, несиелер бойынша лимиттер құрып, провизиялық қорларды құрудың әр түрлі шараларының жиынтығы ретінде қарастырылады.

5. Активтердің сыныптамасы.

Активтерді сыныптау тәуекелдерді басқарудың басты құралы болып есептеледі. Активтерді сыныптау келісімге сәйкес несиелердің қайту қайтпау мүмкіндігін бағалау үшін қажет. Банктік қағидаға сүйенсек барлық тәуекел туындауы мүмкін активтер сыныпталуы тиіс. Банктер активтерді сыныптауды өз ережелері бойынша жүрізеді, бірақ қаржылық қадағалау органдарының белгілеген стандарттарына бағынады. Стандартты және стандарттан төмен болып сыныпталған активтер жылына екі рет тексеруден өтеді. Халықаралық стандарттар бойынша активтер келесідей жіктеледі: стандартты; қараудағы активтер; стандарттан төменгі активтер; күмәнді; шығынды.

6. Несиелік жоғалтуларға резервтер құру саясаты.

Резервтердің көлемін анықтау банктің несиелеу тарихына, яғни несиенің өтелуіне тікелей әсер ететін факторлармен анықталады. Әрдайым және жүйелі түрде активтердің құнына бағалау жасалуы тиіс және ол белгіленген құжаттарда жазылып отырылуы керек. Шығындардың орнын жабуға арналған резервтердің көлемін анықтау үшін келесі факторларға талдау жасалуы маңызды:

- банктегі резервтеу саясаты мен оның методологиясына;

- тәуекелді анықтау іс-шаралары мен оны қайта қарау процесіне;

- кез келген шығынға алып келуі мүмкін жағдайларды;

- узақ уақыт бойғы тенденцияға;

- ағымдағы саясаттың адекваттылығына.

Несиелік тәуекелдерді басқарудың негізгі элементтері:

- несиелік қызметті ұйымдастыру;

- несиелік ұсыныстарды бағалау, қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

- лимиттер белгілеу;

- несиелік тәуекелге байланысты несиелерге рейтинг қою;

- несие бойынша зияндарды еске ала отырып сыйақыны анықтау;

- несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу;

- несиелік мониторинг;

- несиелік портфельді бағалау;

- проблемалық несиелерді қалпына келтіру;

- несиеге баға белгілеу;

- берілген несие бойынша кепілдерге бақылау жасау;

- диверсификация;

- шығындардың орнын жабу үшін резервтер құру.

Несиелік тәуекелдерді басқару процесінің кезеңі:

1.Несиелік тәуекелді сәйкестендіру – тәуекелдің пайда болу факторы мен себептерін анықтау

2.несиелік тәуекелді бағалау :

- тәуекелді өткізу мүмкіндігін бағалау;

- тәуекелді өткізуден пайда болатын шығындарды бағалау;

- қабылдайтын тәуекелді бағалау.

3.несиелік стратегиясын таңдау – шешімдерді қабылдау жүйесі :

- тәуекелді бірден қабылдау туралы шешім;

- тәуекелмен байланысты әрекеттерден бас тарту туралы шешім;

- егер тәуекелді төмендету бойынша нақты шараны қолдану шарты болған жағдайда, тәуекелді қабылдау туралы шешім.

4.несиелік тәуекел деңгейін бақылау – тәуекелге мониторинг жасау, жүргізу

5.несиелік тәуекелді минимизациялау – тәуекел деңгейін төмендету әдістерін қолдану.

Несиелік тәуекелді басқару кезеңдерінің ерекшеліктері 2-кестеде көрсетілген

Қарыз алушы Банк
   
несиелік тәуекелді сәйкестендіру  
Мәміле бойынша қарыз алушының міндеттемені орындалмауын себептерін анықтау Несие операциясы бойынша бір немесе бірнеше қарыз алушының бір уақытта міндеттеменің орындамау салдарын анықтау.
несиелік тәуекелді бағалау  
   
Несиелік келісім-шарт бойынша міндеттемені орындамау ықтималдығын анықтаған қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау Берілген несиелерді топтастыру, яғни мүмкін шығындарды есептеуге сәйкес тәуекелді класстарға бөлу: - несиелік тәуекел деңгейі бойынша -өзара байланыстық қарыз алушылар бойынша
несиелік стратегиясын таңдау – шешімдерді қабылдау жүйесі  
Қарыз алушының несиелік тәуекел деңгейін бағалау нәтижелерін ескерту Банктегі портфельдің несиелік тәуекел деңгейін бағалау және бақылау
несиелік тәуекел деңгейін бақылау  
Қарыз алушының несиелік тәуекел деңгейін өзгеруін жедел есепке алу мақсатында мониторинг жүргізу Портфельді бақылау, тәуекел деңгейін шекті деңгейге жеткізбеу, бақылау, несие беру шартына әрекеттінің заңға сәйкес жүргізілетін мониторинг жасау
несиелік тәуекелді минимизациялау  
Банкте қарыз алушылар ақпараттар деңгейі көтерту, қарыз алушының несиелік келісімді орындауына дайындау және қаржылық Жағдайын көтеру, банкпен қарыз алушы арасында тұрақты қатынас орнату Диверсификация, лимиттеу, мүмкін шығындарды жабу мақсатында провизия құру
   
     

2-Кесте. Несиелік тәуекелді басқару кезеңдерінің ерекшеліктері

Несиелік тәуекелдерді талдаудың жалпылама түрде сандық және сапалық талдау түрінде жүргізіледі.

Сапалық талдау-несиелік тәуекелдің пайда болу аумағын, несиелік факторларды және тәуекелді анықтауда пайдаланылатын ақпарат көздеріне талдауды қамтиды. Сапалық талдау әсіресе банктің несиелік портфелінің сапасын талдау негізінде жүргізіледі және терең білімділік пен тәжірибені, сезімталдылықты талап етеді.

Сандық талдау-бұл несиелік тәуекелдің дәрежесін формалау, яғни сандық тұрғысынан талдау.

Тәуекелді басқару кезінде әрбір несиелік бөлім мына шараларды жүргізуі тиіс:

1. тәуекелді мөлшерлеу;

2. тәуекел мөлшерін анықтау;

3. тәуекелді бақылау;

4. мониторинг

Тәуекелді мөлшерлеу – лимиттер белгілеу, яғни банк жетекшілігінің өз стратегиясына сәйкес қабылдайтын тәуекелдің шекті деңгейін анықтау. Бұл лимиттер көбіне банктің несиелік саясатында көрсетіледі. Несиелік саясат банктің барлық қызметін ашық көрсетеді. Сондықтан несиелік саясатта несиелік портфел несиені саралаудан, несиеге баға белгілеуден , тәуекелді ескере отырып проценттік ставкалардан қалыптасады.

Тәуекел мөлшерін анықтаунақты операцияның тәуекел мөлшерін есептеуге негізделеді(бір қарыз алушының несиелік қабілеті).

Тәуекелді бақылау менеджерлер мен акционерлердің де міндеті болып табылады, яғни олар оперативті басқаруды жүзеге асырады. Жалпы бақылаудың міндеті жоғарғы дәрежелі мамандардың болуы, кадрлардың біліктілігі, осы мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді жұмыс уақытын белгілеу.

Банкте тәуелсіз бақылау механизмінің болуы, ал оның пәні шешім қабылдау және несие портфелінің құрамын анықтау, келісім жасау болып табылады.

Басқару бақылауының элементі:

- несиелік аудит мамандандырылуы, несиелік шешім қабылдау тәуелсіз жүргізілуі, жалпы несиелік портфелдің сапалы болуы

- несиелік ақпараттық басқару жүйесі (НАБЖ) нақты несие бойынша мониторинг жүргізуге және несие портфелінің сапасын басқару үшін несиелік бөлім қызметкерлеріне нақты және оперативті ақпаратты беруі тиіс;

- қаражат қозғалысын бақылау, яғни барлық ресмилік орындалғанға дейін, авторизация процесі біткеннен кейін қарыз алушының ақшаны алуы.

Тәуекелге мониторинг кері байланыс арқылы тәуекелді тәуелсіз және әрдайым бақылау мен бағалау. Несиелік мониторинг — клиенттің несиелік қабілетіне тұрақты бақылау және тексеру. Мониторинг несиелік талдау, ішкі және сыртқы аудит, берілген ақпараттың есептілігі, қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау және таңдау, күмәнді несиелерді қалпына келтіру, қарыз алушының несиелік қабілеті бұзылған жағдайда жүргізіледі.

Несиелік тәуекелді басқарудың тиімді жүйесі:

- несиелік тәуекелді бағалау;

- банк пен қарыз алушының жеке қатынастарын бақылау;

- несиелік портфелді басқару.

Несиелік тәуекелді бағалау өзара байланысты факторлардың, тәуекелге әсер ететін, бағалау әдістері мен критерийлер жиынтығы. Өзара байланысты факторлар: несиенің қамтамасыз етілуі, несие мәмілесінің сипаты, қарыз алушының қаржылық тұрақтылығы. Несиелік тәуекелді бағалауға әсер ететін факторларды толығымен ашып көрсетейік. “Несиенің қамтамасыз етілуі” клиенттің ссудалық қарызын жабу деңгейі. Бұл фактормен байланысты критерий қамтамасыз етілудің өтімділігі, жеткіліктілігі, сақтандырылуы. Бұл банктің қамтамасыз етуді қалай жүзеге асыратындығын (бағасы, мерзімі, сақтау шарты) көрсетеді. “Несие мәмілесінің сипаты” несие келісімінің негізділігі мен нақтылығымен көрінеді, бұл өз кезегінде несиенің мақсатқа сәйкес болуымен, оның мерзімділігімен, несие сомасымен, қайтарымдылық және өтеу шартымен сипатталады,ақша ағымының жағдайы мен қаржылық коэффициентін есептеуге негізделген

       
    Несиелік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістері - student2.ru  
       
  Несиелік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістері - student2.ru    

Несиелік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістері - student2.ru Несиелік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістері - student2.ru

5-сызба. Әлемдік банктік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалаудың әдістері

Несиелік тәуекелді бағалау әдістерінің сипаттамасы 3-кестеде көрсетілген.

Бағалау әдістері Әдістемелік негіз Көрсеткіштер
Скоринг Жеке несие алушының несиені қайтару қабілетін анықтауға арналған математикалық және статистикалық көрсеткіштерді бағалау әдісі Әр клиенттің интегралдық көрсеткіштері: жасы, мамандығы, табысы, отбасы жағдайы, т.б
Монте-Карло әдісі Берілген мінездеме бойынша кездейсоқ жағдайларды модельдеу. Сол жағдайдың әр түрлі варианттарын талдау Мүмкін болатын несие ставкасы, лимиттер
Шешімдер ағашы Таңдалатын шешімдердің графикалық варианттарын таңдап бағалау әдісі. Несие портфелі бойынша көрсеткіштер
Рейтингтік әдіс Әр бір банк өздері қолданатын әдістер бойынша рейтингтер есептейді, бұл несие алушылардың несиелік қабілетін анықтауға көмектеседі. Несие алушылардың қаржылық жағдайы.
Таксономиялық әдіс Тәуекел пайда болуы мүмкін әр түрлі жағдайларға шаралар қолдану әдісі. Бұл талдау әдісі жиынтықтағы әрбір элементті іріктеуге мүмкіндік жасайды. Несиелік портфельдің тәуекел көрсеткіштері мен табыс көрсеткіштері.
Коэффиценттер әдісі Экономикалық коэффиценттер динамикасын сараптық бағалау, яғни несие алушының қабілеті мен экономикалық салалардың орташа экономикалық көрсеткіштерімен салыстыру. Несие алушының несиелік қабілеті мен қаржылық жағдайы көрсеткіштері.
Стресс-тест Несиелік тәуекелдің динамикалық өзгерістерінің көрсеткіштерін тестік бағдарламалар арқылы талдау Несиелік портфельдің және несиелік портфель тәуекелінің көрсеткіштері.
     
     

3-кесте.Несиелік тәуекелді бағалау әдістері.

Банктің несие бойынша тәуекелін бағалау әдістерінің әрқайсысы банктін несиелік тәуекелдерін бағалауда орны ерекше. Жоғарыда берілген кестеде әрбір бағалау әдісінің әдістемелік негіздері мен қаралатын көрсеткіштері көрсетілген.

Наши рекомендации