Алынатын табыс түрі ретінде. Жер бағасы

1.Капиталдың ауыспалы айналымы және айналымы.

Әрбір фирма өз капиталының үнемі қозғалыста болуына және үздіксіз ұдайы

өндірілуіне мүдделі болады. Ұдайы өндірістің нәтижесі ретінде капиталдың шеңбер

айналымы қарастырылады. Капиталдың шеңбер айналымы белгілі бір сатылардан

өту нәтижесінде ақшалай, өндірістік, тауарлы формада болатын, өндіріс және

айналым салалары арқылы өндіріс факторларының қозғалысы.

ЖК

А – Т . . . Ө . . . Т – А

ӨҚЖ

1 саты 2 саты 3 саты

ақшалай өндірістік тауарлы

формада формада формада

А – бастапқы жұмсалған капитал

Т – тауар

ЖК – жұмыс күші

ӨҚЖ - өндіріс құрал-жабдықтары

Ө - тауарлар мен қызметтерді өндіру процесі

Т - өндірілген өнім

А – көбейген бастапқы авансыланған капитал

Капиталдың шеңбер айналымының сатылары белгілі бір қызметтер атқарады:

1. Бірінші сатысында өндіріс шарттары қалыптасады.

2. Екінші сатысында тауарлар мен қызметтер өндіріледі.

3. Үшініші сатысында тауарлар мен қызметтер сатып өткізілуі іске асырылады

және пайда алынады.

Шеңбер айналымының үздіксіз қайталанатын процесі айналым деп аталады.

Айналым уақытпен және жылдамдықпен өлшенеді. Айналым уақыты - өндіріс және

айналыс салаларын өткеннен кейін ресурстардың бастапқы ақшалай формасына

айналу мерзімі. Айналым уақыты өндіру уақытына және айналу уақытына бөлінеді.

Айналым жылдамдығы – бір жыл ішінде ресурстардың жасалған айналым санымен

өлшенеді. Айналым саны келесі формуламен анықталады:

n = O/t

n – бір жыл ішіндегі айналым саны

O – уақыт бірлігі

t – ресурстардың айналым уақыты

2.Негізгі және айналмалы капитал.Табиғи және моральдық тозу.

Айналымнан өндірістік капитал өтеді. Өндірістік капитал – жабық ұдайы

өндіріс циклында қызмет ететін немесе құндық формада көрсетілген өндіріс

факторлары. Өндірістік капитал өз құнын ауыстыру тәсілдеріне байланысты негізгі

және айнымалы болып бөлінеді. Негізгі капитал – шеңбер айналымында бірнеше

рет қолданылады және дайындалатын өнімге өзінің құнын бөлшектер енгізеді.

Негізгі капиталға құрал-жабдықтар, көлік құралдары, станоктар, ғимарат,

құрылыстар жатады. Айнымалы капитал – бір шеңбер айналымында қолданылады

және дайындалатын өнімге өзінің құнын толық енгізеді. Айнымалы капиталға

шикізат, жанар май, қосымша материалдар, электрқуаты, жұмыс күші жатады.

Негізгі капитал тозуға ұшырайды. Тозудың екі түрін қарастырады:

1. Табиғи тозу - өндіріс процесінің әсерінен, сонымен қатар табиғи-климаттық

жағдайлардың ықпал етуі саладарынан туындайды.

2. Моралдық тозу – ҒТП –ке байланысыт туындайды, яғни оның нәтижесінде

ұқсас, бірақ арзан, өнімді, үнемді құрал-жабдықтар пайдаланады.

Табиғи және моралдық тозуға кеткен шығындарды азайту үшін және жабдықтарға

жұмсалған шығындарды қысқа мерзімде қайтару үшін кәсіпкерлер амортизациялық

төлемдерді қолдануға мәжбүр болады. Амортизациялық төлемдер - өндіріс

процесінде белгілі бір қызмет ету мерзімі ішінде табиғи және моральдық тозуға

ұшыраған негізгі капиталдың құнын қалпына келтіру мақсатында жұмсалған

ақшалай төлемдер. Табиғи және моральдық тозуды есептеуде амортизация

нормасын анықтаудың маңыздылығы ерекше.

Амортизация нормасы = Жылдық амортизация шығындарының суммасы /

өндірістік капиталдың ортажылдық құны Х 100 %.

Амортизация нормасы негізгі капиталдың құны қандай мерзім ішінде

қайтарылатынын көрсетеді.

3.Инвестициялар-өндірістік қорларды қаржыландыру көзі ретінде.

Инвестиция – бұл табыс алу мақсатымен ел ішінде және шетелдегі әртүрлі

салаларға мемлекеттік және жеке капиталдың ұзақ мерзімді салымдары. Батыс

елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай түсінген:

кез-келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу.

Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтандыру және зейнеткерлік

қорға және басқаларға жұмсалған шығындар жатады.

Инвестицияның бағыттары:

1. Жаңа өндірістік ғимараттар мен мекемелердің құрылысы

2. Жаңа құрал-жабдықтар, техника және технологияны сатып алу

3. Қосымша шикізат және материалдарды сатып алу

4. Тұрғын үй және әлеуметтік мақсаттағы объектілердің құрылысы.

Аталған бағыттарға сәйкес инвестицияларды төмендегідей жіктейді:

1. Негізгі капиталға инвестициялар

2. Тауарлы-материалды запастарға инвестициялар

3. Адам капиталына инвестициялар

Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорнының көптеген пайдасы, ірі банктердің

еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай

қаржылары, яғни мемлкеттің табыстары ( салық, кеден салығы, т.б.) жатады.

Инвестициялар жалпы және таза болып бөлінеді.

Жалпы инвестициялар – ескі құрал-жабдықтардың орнын толтыруға кеткен

шығындар (амортизация) мен өндірісті кеңейтуге кеткен инвестициялардың өсімінің

сомасы. Таза инвестициялар – жалпы инвестиция және негізгі капиталдың

амортизациясы суммасының айырмашылығынан құралады.

Инвестициялық сұранысты анықтайтын факторлар:

 Пайда нормасының күтімі

 Банктің пайыздық мөлшерлемесі

Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша

жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни, жұмыссыздықты жояды. Инвестиция

тиімділігін анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелермен салыстыру қажет.

Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен нәтижесі бір

өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті

прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз. Инвестиция тиімділігін арттырудың

жолдары:

 Инвестицияның техникалық құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға

шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді

 Жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен

реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі

қаржының жеке үлеісінің артуы

 Жаңа объектілерді салудың мерзімін қысқарту

4.Өндіріс шығындарының түрлері және олардың жіктелуі.

Экономика ғылымындағы әртүрлі мектептің өкілдері шығындарды зерттеуде

қомақты үлес қосты. Шығынның маркстік тұжырымдамасы екі маңызды нәрседен

басталады: өндіріс шығындары және айналым шығындары. Өндіріс шығындары –

бұл өнімді өндіру мен сатып өткізу мақсатында пайдаланатын өндіріс

ресурстарының ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындары шикізат, материал, жанармай,

электроэнергия, амортизацияға және жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды

қамтиды. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және

өзгермелі капитал сомасына тең. Айналым шығындар категориясы тауарды

өткізу және сатып алумен байланысты. Айналым шығындары өндіріс процесінің

айналым саласында жалғасатындығын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын,

сорттауын, тасымалдануын және сақталуын қамтиды. Батыс елдері ғалым-

экономисттерінің қазіргі тұжырымдамасы бойынша өндіріс шығындары

экономикалық ресурстардың барлық түрлерінің шектеулігімен және оларды

баламалы қолдану мүмкіндіктерін ескереді. Батыс мектебі өкілдерінің есептеуінше,

өндіріс шығындар екіге бөлінеді: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты шығындар

(FC) – бұл сыртқы өндіріс факторларын тікелей қолданумен байланысты шығындар.

Тұрақты шығындарға жалгерлік ақы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер жалақысы,

салық төлеу, амортизациялық төлемдер, займ бойынша пайыз және т.б. жатады.

Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес. Өзгермелі шығындар (VC) –

бұл ішкі ресурстарды қолданумен байланысты шығындар. Өзгермелі шығындарға

шикізатты, материал мен жұмыс күшін және т.б. сатып алуға кеткен шығындар

жатады. Өзгермелі шығындар өндіріс мөлшеріне тікелей байланысты болады.

Тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы өндірістің жалпы шығындарын

(ТС) құрайды.

ТС = FC + VC

Өнімнің бірлігіне қарай шығындарды өлшеу үшін орташа шығындар(АС)

қолданылады. Орташа шығындар жалпы шығындарды (ТС)

өнімнің көлеміне (Q) бөлумен анықталады.

АС = TC/Q

Сонымен қатар, орташа тұрақты (АFC) және орташа өзгермелі (АVC)

шығындар анықталады.

АFC = FC/Q АVC = VC/Q

Орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындардың қосындысы орташа жалпы

шығындарды құрайды.

ATC = AFC + AVC

Жоғары пайда алу үшін өндіріс көлемін есептеу қажет, ол өз кезегінде шекті

шығындарды анықтау қажеттілігін тудырады.

Шекті шығындар әрбір өндіріс бірлігін қосымша өндіру үшін қосымша

шығындарды жұмсауды көрсетеді. Шекті шығындар жалпы шығындардың өзгеруі

мен өндіріс көлемінің өзгеруіне арақатынаспен анықталады.

MC = Δ TC/ ΔQ

Шығындарды бағалау әдісіне сәйкес бухгалтерлік және балама шығындарды

ажыратады. Бухгалтерлік шығындар – бұл белгілі бір өнім көлемін шығару үшін

өндіріс факторларының сатып алу бағасы бойынша кеткен нақты шығындар.

Балама шығындары – бұл ресурстарды пайдаланудың барлық мүмкін тәсілдерінің

ішінен ең тиімдісін таңдау жағдайында кеткен ақша суммасы. Сонымен қатар,

сыртқы (айқын) және ішкі (айқын емес) шығындарды қарастырады. Сыртқы

шығындар – бұл шикізат, құрал-жабдықтар, көлік, электрқуатын сатып алуға кеткен

фирманың ақшалай шығындары. Ішкі шығындар – бұл жеке өзінің және дербес

пайдаланылатын ресурстардың төленбеген шығындары. Мысалы, фирманың өзінің

өсірген бидай егінінің бір бөлігін өзінің жер телімдерін егуге пайдалану.

5. Пайда кәсіпкерліктің табысы ретінде. Еңбек ақы түсінігі, түрлері

Әрбір кәсіпкердің негізгі мақсаты – табыс алу болып табылады. Нарықтық

экономикада табыстың негізгі формаларының бірі пайда болып табылады. Пайда –

кәсіпкерліктен алынатын табыс ретінде қарастырылады. Пайда Дальдың айтуы

бойынша бастапқы капиталдың «өсуі, көбеюі» дегенді білдіреді. Әртүрлі

экономисттер пайданы әртүрлі тұжырымдайды. Меркантилистердің көзқарасы

бойынша пайда айналыста пайда болады және оның қайнар көзі сыртқы сауда.

Қлассиктердің пікірі бойынша пайда – жұмысшының еңбегінен алынады.

Марксизм мектебінің өкілдері пайда- жалдамалы жұмыс күшімен пайда болған

қосымша құнның өзгертілген формасы деп қарастырады. Кейнсиандықтардың

көзқарасы бойынша пайда – макроэкономика деңгейінде ұлттық табыстың бөлігі.

Инстуционализм өкілдері пайданы әлеуметтік, сыртқы факторлар тұрғысынан

зерттейді. Неоклассикалық теория бойынша пайда – жеке фирманың деңгейінде

қарастырылады. Сандық көзқарас бойынша пайда жалпы табыс пен жалпы өндіріс

шығындары арасындағы айырмашылық ретінде қарастырылады.

Капитал басты экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Капитал

нарығы дегеніміз белгілі бір ақшалай сумманы белгілі бір мерзімге белгіленген

пайызбен алу туралы қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы туындайтын

экономикалық қатынас.

Еңбек нарығы нарықтың ерекше түрі болып табылады. Еңбек нарығы - бұл

жұмыс күшін (еңбекті) тауар ретінде сату, сатып алу туралы экономикалық

қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы экономиканың жағдайын, жұмыссыздықтың

деңгейін, адамдардың кәсіби біліктілігін, елдегі демографиялық көрсеткіштердің

құрылымын көрсетеді. Еңбек нарығының ерекшеліктері: бірыңғай ұлттық нарық

ретінде қалыптасуы, еңбекке жалдаудың ерекше көрсеткіші ретінде қалыптасуы.

Еңбектің тікелей әсер етуі арқылы жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі,

әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап

күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал

таңдау жүргізіледі, нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан

аямайды. Бұл жағдай еңбектің шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен

бастамашылдықты ынталандырады. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбекке деген

сұраныс пен ұсыныс көмегімен бекітіледі.

Еңбекке сұраныс келесі факторларға байланысты:

 еңбектің шекті өнімділігі

 басқа өндіріс факторларының ұсынысы

Еңбек ұсынысына келесі факторлар ықпал етеді:

 тұрғындардың жалпы саны

 тұрғындардың жалпы санындағы экономикалық белсенді тұрғындар

 әрбір жеке жұмысшының жұмыс істеу мерзімі

 тұрғындардың кәсіби дайындығы және мамандық дәрежесі

Еңбектен факторлық табыс еңбек ақы болып табылады. Еңбек ақы дегеніміз

адамдарға белгілі бір мерзім ішінде еңбек еткені үшін төленетін ақы. Еңбек ақының

түрлері:

Номиналды еңбек ақы – жұмысшының еңбек еткені үшін алатын ақшалай сомасы.

Нақты еңбек ақы – номиналды еңбек ақыға сатып алуға болатын тауарлар мен

қызметтер көлемі, яғни нақты еңбек ақы – номиналды еңбек ақының сатып алу

қабілеттілігі

Мерзімді еңбек ақы еңбек ету уақытына байланысты төленеді.

Кесімді еңбек ақы өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты төленеді.

6. Пайыз капиталдан түсетін табыс ретінде. Экономикалық рента жерден

алынатын табыс түрі ретінде. Жер бағасы.

Капиталдан алынатын факторлық табыс - пайыз деп аталады. Пайыздық табыс

дегеніміз бизнеске салынған капиталдан түскен табыс мөлшері. Пайыздық табыс

мөлшері пайыздық мөлшерлемемен анықталады, яғни бұл банктің несие алушыға

белгіленген мерзім ішінде ақшаны пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Пайыздық

мөлшерлемеге келесі факторлар ықпал етеді:

 капитал мөлшері

 капитал өнімділігі

 капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы

Номиналды және нақты пайыздық мөлшерлеме түрлерін қарастырады.

Номиналды пайыздық мөлшерлеме - ақша бірлігінің курсы бойынша белгіленетін

мөлшерлеме.

Нақты пайыздық мөлшерлеме – инфляцияны есепке алғандағы пайыздық

мөлшерлеме. Пайыздық мөлшерлеменің диапазоны келесі факторларға байланысты

өзгеруі мүмкін:

 тәуекел

 мерзімдігі

 қарыз мөлшері

 салық салу деңгейі

 бәсеке шарттары

Пайыздық мөлшерлеме өндірістің деңгейіне және құрылымына маңызды ықпал

етеді:

1. Пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі (жоғарлауы) инвестициялардың өсуіне

(азаюына) және өндірістің кеңеюіне (қысқаруына) әкеледі.

2. Пайыздық мөлшерлеме капиталдың салынуына, орналасуына ықпал етеді,

яғни неғұрлым табысты болатын салалар арасында ақшалардың салынуын

қарастырады.

Жер нарығы дегеніміз жерді сату, сатып алу, жалдау бойынша мүдделі тараптар

арасында туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі. Жерді өндіріс факторы

ретінде талдау оның табиғатын, мәнін, ерекшеліктерін қарастыруға мүмкіндік

береді. Жердің өндіріс факторы ретінде еркшеліктері:

 жер шексіз мерзім пайдаланады және қайта өндірілмейді

 жер – табиғи фактор болып болып табылады

 жер – қозғалмайтын болып есептеледі

 жер ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану кезінде тозып қана қоймайды,

сонымен қатар, өзінің өнімділігін де жоғарлатады

Жерден алынатын факторлық табыс рента болып табылады. Жер рентасы – жер

учаскесін уақытша қолданғанғаны үшін төленетін төлем. Жер рентасы жер иегеріне

арендалық төлем түрінде төленеді.Арендалық төлем рентаға қарағанда сандық

жағынан көптеу болады. Арендалық төлемге жер рентасының өзі, жерде салынған

үй-құрылыстары мен жабдықтарының амортизациясы, жерег жұмсалған капиталдың

пайызы, ауыл шаруашылығы жұмыскерлері жалақысының бір бөлігі.

Рентаның түрлері:

1. Дифференциалдық рента – бұл сапасы жағынан жақсы және орташа жер

учаскелерін пайдалану нәтижесінде кәсіпкер- арендатормен алынатын табыс.

Дифференциалдық рента 1 - жер учаскесінің табиғи құнарлығына байланысты

болады. Дифференциалдық рента 1 жер учаскесінің нарыққа жақын-алыс

орналасуы, ауыл шаруашылық өнімін өңдеу орнының алшақтығы салдарынан пайда

болуы мүмкін. Дифференциалдық рента 2 – жер учаскесінің жасанды

құнарлығына байланысты, ол жер құнарлығын қосымша капитал жұмсау арқылы

жақсартумен түсіндіріледі.

2. Абсолюттік рента – барлық жер участкілерінде, сондай-ақ жердің сапасы нашар

участкілерінде де туындайды.

3. Монополиялық рентаның болуы монополиялық бағамен түсіндіріледі, себебі

ондай баға кейбір сирек ауыл шаруашылық өнімдеріне белгіленеді.

Нарықытқ экономикада жер сату, сатып алу объектісі болып табылады және оның

бағасы болады. Жердің бағасы төмендегідей формуламен анықталады:

Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз проценті х 100%

Наши рекомендации