Азақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының тарихнамасы
Қазақстанның тарихи өткенін зерделеу үшін тарих ғылымында дереккөздер пайдаланады:
1. Заттай – археологиялық көздер;
2. Этнографиялық;
3. Лингвистикалық;
4. Ауызша;
5. Жазбаша;
Археологиялық – еңбек қарулары, көне заттар, үй тұрмысындағы заттар, қару, теңгелер, киім, қала қирандылары, зындандар, көне заман адамдарының сүйек – мүрделері.
Археологиялық көздер – барлау және қазба жұмыстарын жүргізу арқылы анықталады. Олар көне заманның әрқилы дәуіріне жатады және сол дәуірдегі адамдардың мәдениетін білдіреді. Заттай көздерге: сондай ақ орта ғасырда салынған мавзолейлер, молалар, архитектура ескерткіштері жатады.
Лингвистикалық көздерге – қазақ тілі жатады. Ол қоғамның дамуына сай қалыптасып, этностың тарихи элементтерін сақтап қалған.
Ауызша көздерге, көшпелі халықтарда басым дамыған, халық ауыз әдебиеті жатады. Негізінен ол жазбаша тарихты алмастырды. Шежіре, эпос, мақал – мәтелдер, ертегі, жұмбақтар.
Жазбаша-деректер; жылнамалар, кітаптар қалдырған тарихи дәуірлер туғанға дейін, ең басты куәгерлер – археологиялық материалдар болған. Олар: елді мекендердегі қазба іздеу жұмыстары нәтижесінде табылған: еңбек қаруы, ескі теңгелер, тау-тастардағы суреттер, сүйек қалдықтары.
Ең көп тараған көздер түрі – жазбаша деректер, олар негізінен сол дәуірдің тарихи жай күйін білдіреді, бірақ олар терең зерттеуді қажет етеді.
Көне жазба көздеріне: көне жазушы, ғалымдардың қазіргі Қазақстан аймағында өмір сүрген тайпалар өмірі сипатталған еңбектері жатады.
Ол көне грек көздері – Геродоттың «Тарихы» (біздің дәуірге дейін 430-434 жылғы), Стробонның еңбегі «Жағрафия» (64 ж. біздің дәуірге дейін), Птолемейдің ең ертедегі жазбаша еңбектерінде, Авестада (Уағыз) - Зараостризмнің қасиетті кітабында (І мың жыл біздің дәуірге дейін).
Парсы дереккөздері – сына жазба мәтіні, Бехистун жазуы Дәрий І (522-486 жж.), Қытай дереккөздері Чжань Цянь, Сыма Цянь (145-86 жж.), Бань Гу (б.д. І ғ) авторлардын еңбектері.
Тарихнамалықта І-ші орынды: түрік жылнамалары ерекше орын алады. Йоллық-Тегін ( VIII ғасыр) Більге-қаган, Күлтегін құрметіне жазылған, Тоныкөк жазулары Орхон және Енисей өзендерін алқабында табылып, Орхон - Енисей руна жазуы деп аталған. Бүл жазулар ежелгі түрік дәуір туралы маңызды ақпаратын береді және ежелгі түрік әдебиеттін бағалы үлгісі болып табылады.
Орта ғасырлық Қазақстан туралы араб тарихшылары Ибн аль Факих, саяхатшылар Плано Карпини, Марко Поло, Гильом Рубрук, еңбектерінен білуіне болады.
Араб саяхатшысы Ибн Батут қыпшақтардың көшпелі мемлекеті туралы, Қазақ хандығының қалыптасуы туралы Мухамед Қайдар Дулатидың “Тарихи және Рашиди” еңбегінде, Ибн Рузбиханның “Бұхар қонағы естеліктерінде”, Қадырғали Жалайырдың “Жылнама жинақтарында”, айтылған.
Қазақстан тарихының тарихнамасы 18 ғасырдан, Қазқстан Ресей империяның қүрамына кіргізілген кезеңінен басталады. Қазақстан жерінің, этникалық қүрамын, әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайын орыс ғалымдары ғылыми тұрғысынан зерттелеу бастады. Бірақ, айтып кетуге керек, осы зерттеулердін, экспедициялырдын мақсаттары Ресей империяның отарлау саясатымен байланысты болды.
Тарихты зерделеуге орыс ғалымдары елеулі үлес қосты. Қазақстан территориясы 18 ғасырдан бастап Ресей империясының құрамына колония ретінде кіре бастады. Ресейдін империялық мүдделерін орнату үшін қазақ өлкесіне зерттеу экспедициялар ұйымдастырылды. Бірінші экспедициялардын ішінде П.С.Паллас басқарған Ресей ғылым академияның экспедициясы болған (1768-1774 жж.). Экспедиция мүшелері тарихшылар И.П.Фальк, И.Г.Георги өздерінің еңбектерін қалдырған. Қазақстанда және Орта Азияда тұрған халықтардын этникалық, әлеуметтік, саяси тарихынан маңызды еңбек жазған И.Я.Бичурин (1777-1853жж.) “Ежелгі дәуірде Орта Азияны қоныстаған халықтар туралы деректер жинағы” (3 томдық). Қазақстан тарихына зор үлес қосқан Левшин А.И. (1799-1879жж.) “Қырғыз қайсақ ордалары мен далаларын суреттеу” 1832ж. Қазақстан тарихының маңызды мәселелеріне арналған шығыстанушы-ғалымдардын В.В.Вельяминов-Зерновтың “Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер” (1830-1904 жж.), В.В.Бартольдтің (1869-1930жж.) “Түркістан тарихы”, “Жетісу тарихынан очерктер” арналған.
Тарих, этногенез, көшпенділердің өмірінің әлеуметтік жағдайы Ш.Уәлихановтың “Абылай”, “Қырғыз тегі”, “Даладағы мұсылмандық туралы” т.б. еңбектерінде зерттелген. Ш.Уәлиханов қазақ халқының атақты тұңғыш ғалымы үлкен, бағалы тарихи мұрасын қалдырды. Қазақ халқының жаңа заманның өкілдері – қазақ ұлттық интеллигенциясы Қазақстан тарихының зерттеуіне үлкен үлес қоскан. Қазақ зиялы қауымның өкілдері қазақ халқының сана сезімін оятуына үмтылған, сондықтан еңбектері қазақ тарихына арналған. Қазақ зиялысы Ә.Бөкейханов (1866-1937жж.) тарихи этнографиялық “Қазіргі заманғы мемлекеттердегі ұлттық қозғалыс түрлері” атты очерк, т.б. еңбектер жазды. Аса құнды материалдарға сондай-ақ “Қазақ”, “Дала уалаяты”, “Айқап” мерзімді басылымдары жатады. Шәкәрім Құдайбердиевтің (1858-1931жж.) “Шежіресі”- этногенез, тарихи ақпаратты береді. М.Тынышпаев жазған (1879-1937жж.) “Қырғыз қазақ халқы тарихына материалдары” (1925 ж.) қазақ тарихының маңызды мәселелерін анықтайды.
Кеңес дәуірінде С.Асфендиаров “Көне дәуірдегі Қазақстан тарихы” (1935ж.), А.Панкратова, Н.Дружинин, М.Вяткин “Қазақ КСР тарихы” көне дәуірінен (1943ж.) дайындалған, 1977жылы “Қазақ ССР” тарихының 5 томдығы жарыққа шықты. Белгілі қазақ ғалымдары Бекмаханов Е.Б., Дахшлейгер Г.Ф., Сүлейменов Р., Галузо П.Г., Марғүлан А.Х, Шахматов В.Ф., Зиманов С.З., және басқ. Олардың еңбектері және оқулықтары партия совет цензурасы қысымымен жазылған, сондықтан бұл еңбектерде тарихты зерделеу таптық- идеялық тұрғысы сақталған.
Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, тарихшылар Қазақстан тарихын зерделеуге жаңа ғылыми тұрғыдан қарауына, ұлттық тарихты жаңғыртуға, Қазақстан тарихында белгісіз, бұрмаланған деректер мен оқиғаларды кеңінен ашуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, Қазақстан тарихы жаңа тұрғыдан, шындық тұрғысынан қайта қаралуда.
Дәрістің негізгі ұғымдары:палеолит, мезолит, неолит, неолититтік төңкеріс, энеолит, нуклеус.