Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеу және есепке алу
Ақша қаражаттарының сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің касссасы болады. Касса орналасқан үй-жайы кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен-сақтау сигнализация құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сәйкес оқшаулануға әрі жабдықталуға тиіс. Субъектілер басшылары ақшаның кассада, сондай-ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Белгілі бір субъектіге тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады. Субъект өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдалануы керек. Ең аз мөлшерден тыс нақты ақшаны субъект есеп айырысу шотына қоса есептеу
үшін банк мекемесіне өткізуге тиіс.
Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъект басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынды.
Кассадагы операциялар есебі:
1010«Кассадағы нақты ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
1010«Кассадағы нақты ақша» және оған келесі субшоттар ашылады:
1011«Кассадағы нақты ақша» теңгеде
1012«Кассадағы нақты ақша валютада»
Шоттың дебеті бойынша кассаға қабылданған ақша қаражаттары, кредиті бойынша жіберілген ақша қаражаттары есепке алынады.
Дебеттік қалдығы кассадағы ай басына қалдықты көрсетеді.1010шотының
кредиттік айналымы ж/о №1,ал дебеттік айналымы №1ведомісінде кассир есебі
негізінде есепке алынады.Әрбір кассир есебіне ж/о және ведоміс №1де арнайы жол бөлінеді.
Кассаны тексеру нәтижесі бойынша келесі бухгалтерлік проводкалар беріледі:
А)артық шыққан сомаға Дт1010 Кт6280
Б)Жетіспеушілік сомасына Дт1252 Кт1010
Кесте 1.Касса бойынша есеп айырысу шоттар корреспонденциясы
№ | Операция мазмұны | Дебет | Кредит |
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешетерінен түскен ақша | |||
Жауапты тұлғалардың пайдаланбаған сомасы | |||
Банктегі есеп шоттан келіп түскен ақша | |||
Еңбекақы бойынша берілген жалақы және аванс банк есебінен берілді | |||
Сатудан түскен қаржының есебінен есептік шотты толықтыру | |||
Берушілер мен мердігерлерге кассадан берілген қолма қол ақша |
Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеу мен есептеу.Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен (ККО) ресімдейді.
Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның тусуін ресімдеу үшін қолмен өңдегенде де, ақпаратты компьютерде өңдегенде де қолданылады. Кірістік кассалық ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.
Қолма-қол ақша берумен байланысты операциялар шығыстық кассалық ордермен (ШКО) № КО-2 ф. Немесе басқа құжаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) және фиксальді коды бар бақылау-кассалық аппараттар арқылы жүргізіледі.
Бухгалтерия қызметкері бір данаман жазады, оған бас бухгалтер мен ұйым басшысы немесе уәкілетті тұлға қол қояды, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
Ақша беру туралы құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. ККО, ШКО және оларды ауыстыратын құжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен (қызыл және жасыл түстен басқасымен) анық, түсінікті толтырылуға тиісті, не болмаса машинкада басылады. Бұл құжаттардың түзетілген жері, түзетуі болмауы керек. ККО, ШКО-лерінде оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін құжаттар аталады. ККО, ШКО кассаға тапсырылуға дейін бухгалтерияда кірістік және шығыстық құралдарды тіркеу журналында тіркеледі.
Кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні ғана болады. ККО, ШКО-лерді алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:
- құжаттарда бас бухгалтердің қолы бар-жоқтығын, растығын; ал ШКО-да басшының да қойылған қолы бар екендігін тексеру;
- құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын;
- құжаттарда аталған тіркемелердің бар-жоқтығын.
Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтарады.
Кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы |
ККО ШКО
Касса
Кассалық кітап Кассир есебі
Бухгалтерия
Сурет 2. «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының қолма қол ақша қаражаттары көрінісінің сызбасы.
«ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының ақша айналымы касса арқылы жүргізілмейді.Мұндай қызметтер банк шоты арқылы жүзеге асырылады.Яғни бұл кәсіпорын өзінің қызмет көрсеткені үшін,клиенттерімен банк шоты арқылы есеп айырысады.