Дәріс №15. Ұйымның инновациялық және инвестициялық қызметін талдау
Дәрістің мақсаты:инновациялық және инвестициялық шешімдерді талдау
Жоспар:
1) Инвестициялар мен инвестициялық шешімдер
2) Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау
3) Инвестициялық жобаларды бағалау тәсілдері
Негізгі ұғымдар:инновациялық, инвестициялық, портфельді
Иллюстрациялық материал:схема, кесте, слайд, үлестірме материал
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің маңызды сфераларының бірі инвестициялық операциялар , ұзақ мерзімді , ортамерзімді жобаларды іске асыру үшін ақшалай қаражаттарды салумен байланысты операциялар болып табылады. Инвестициялық қызметін инвестициялау мен инвестицияларды жүзеге асыруды айтады. Осында инвестициялар дегеніміз ақша қаражаттары,мақсатты банктік салымдар, пайлар, акциялар, т.б. бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар. құрал-жабдықтар, лицензиялар,кредиттер, мүлік, интеллектуалды құндылықтар болып табылады, осы инвестицияларды салу мақсаты жоғары пайда табу және жағымды әлеуметтік әсеріне жету.
Инвестициялық қызметінің қаржыландыру көзі мыналар:
1) инвестордың жеке меншік қаржылық және ішкі шаруашылық резервтері (пайда, амортизациялық аударымдар);
2) мемлекеттік, аймақтық, жергілікті бюджеттер мен бюджеттен тыс қорлардан қайтарымсыздық негізіндегі ассигнованиялар;
3) біріккен кәсіпорындардың жарғылық капиталдарында қатысатын тікелей салымдар нысанындағы шетел инвестициялары;
4) шетел инвесторларының несиелері, облигациялық заемдары, банктер несиелері;
5) Инвестициялық қорлар мен компаниялардың қаражаттары, және вексельдер.
Инвестициялық саясат екі негізгі мүмкін салымдардықарастырады:
- портфельді – жобалар топтарына капитал салымы. Бұл қысқа мерзімді қаржылық салымдар болып табылады.
- реалды (нақты) – нақты ұзақ мерзімді жобаға қаржылық салымдар.
Салу объектілеріне байланысты мынадайболады:
- мүлікке инвестициялар
- қаржылық инвестициялар
- МЕА – кадрларды даярлау, жарнама өткізут.б.
Инвестициялық шешімдер келесілерді қарастырады:
1) Болашақ ақша қаражаттарының келуін анықтау;
2) капитал құнын анықтау;
3) ұйым үшін жоба табысты бола ма соны анықтау.
Инвестициялық шешімнің 2 түрі бар: таңдау шешімі мен айырбастау шешімі.
Инвестициялық жоба дегеніміз нақтытабысты алу мақсатында капитал салу.
Инвестициялық жобаны қаржылық талдау қаржылық пайда, не зиян әкелетін жобаны қабылдау не қабылдамау жөнінде шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтер алуға арналған.
Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе іс жүзінде келгенде әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған мәселе. Капитал салу немесе өз кәсіпорнына басқа капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу шарт.
Барлық дамыған елдер үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданылып отырған инвестициялық жобалардың тиімділігінбағалау белгілері мен жоспарлау әдістері әр түрлі елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлерінің ортақ түсінісу әдісіне, тіліне айналған. Бұларға Дүниежүзілік банк, Еуропалық банк секілді ірі халықаралық ұйымдардың, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемелерін жатқызуға болады.Олардың барлығы да ақша ағымын талдау әдісіне негізделген, инвестициялық жобаларды қаржылық талдау принциптеріне сүйенеді. Ақша ағымын талдау, инвестицияларды талдау «классикалық» әдісі Кэш –флоу болып табылады.Іс жүзінде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар:«Бухгалтерлік баланс», «Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есеп», «Ақша қозғалысының қорытынды есебі».
Баланс активтер, пассивтер және капитал қозғалысының есебін жүргізуші синтетикалық шоттардың қалдығынан туындайды. Бухгалтерлік есептің жекелеген шоттарынан жинақталған ақпараттардың барлығы пайдаланушылар үшін әрқашанда қажет бола бермейді.Сондықтан бухгалтерлік баланс көрсеткіштерін оқып түсінудің жолдарын жеңілдету үшін жекелеген шоттарды топтастыру әдісі қолданылған.Топтастырудың нәтижесінде қаржы салымшы инвесторлар, несиелендірушілер, қаржылық қорытынды басқада пайдаланушылар топтастырылған шоттардағы мәліметтерді өзара байланыстыра отырып, зерттеу және бағалау шараларын белгілейді. Мұның үшін жалпы бағыттағы қаржылық қорытынды есеп бухгалтерлік есеп шоттары бойынша топтастырылған мәліметтер негізінде жасалынып, мұның өзін – жүйеленген қаржылық қорытынды есеп те айтуға болады.
Баланстың атқаратын міндеттерінің негізі – есепті жыл ішіндегі ұйымның қаржылық жағдайы жөніндегі өзгерістерді сипаттау болғандықтан, баланс екі бағаналы кестеден – жылдың басындағы және аяғындағы көрсеткіштерді ажырата отырады. Есепті екі жылдың көрсеткіштері жазылған аланста осы жылдың аяғындағы осы баланстың арнайы тараулары мен баптарына жазылған көрсеткіштер келесі жылдың балансын жасау үшін жылдың басындағы көрсеткіштер болып, баланс бағанасына жазылып отырады.
«Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есеп» кәсіпорынның белгілібір уақыт аралықтарындағы операциялық немесе белгілі бір уақыт аралықтарындағы операциялық немесе өндірістік қызметінің жағдайын сипаттайды , сонымен қатар, өндірістік шығындардың өнімді өткізуден түскен табыспен өтелуі тұрғысынан алғандағы оның тиімділігін көрсетеді.
Бұл екі құжатты пайдалана отырып кәсіпкер халықаралық іскерлік тәжірибеде анағұрлым жиі қолданылатын кәсіпорын тиміділігін сипаттайтын табыстылық, төлем қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік алады.Бұл құжаттардан өзгешелігі, Кэш-Флоу әдісіне негізделген , ақша қаражаттары ағымының жоспарын жасауда «Ақша қозғалысының қорытынды есебі» ақшаның қозғалысын сипаттайды және кәсіпорын қызметін кезеңнен – кезеңге қарағандағы динамикасын көрсетеді.
Негізінен бұл үлгі баланс және табыстармен жұмсалған шығындар жөніндегі қорытындының жекелеген баптарын ақшалай өлшеммен өлшеп көрсетуге арналған.Ақша қозғалысын қорытындылауға арналған қорытынды есептің осы түрінің негізгі мақсаты – сыртқы және ішкі пайдаланушыларға ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде ақпарттар даярлап беру.
Белгілі бір есепті кезең аралығындағы ұйымның ақша қаражатының жағдайымен қозғалысына ағымдағы инвестициялық және қаржылыққызмет нәтижесі тікелей әсер етеді.Осы кезең ішіндеұйымныңақшақаражатыөрісіндеболған біршама өзгерістер жан-жақты түсіндірілуі керек. Сонымен қатар ұйым әкімшілігі ақша жөніндегі қорытынды есеп көрсеткіштерін өтеушілік коэффициентін шығару және дивидендтік төлемдерді анықтау, қосымша алынған инвестициялардың ұйымның жалпы жағдайына тигізген әсерін бағалау үшін де қолданылады.
«Табыстар мен шағандар жөніндегі қорытынды есеп» кәсіпорын қызметі үш негізгі салаға бөлінген:1) операциялық;2) инвестициялық;3)қаржылық.
Кәсіпорынның операциялық қызметі «Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытындыесепте» көрініс табады.
«Инвестициялық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы» бөлімінде сатып алынған активтер үшін барлық төленген барлық төлемдер көрсетіледі, ал түсу көздері ретінде өндірісте қолданылмай тұрған ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен түсім болып табылады.
«Қаржылық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы» бөлімінде түсімдер есебінде кәсіпорын иелерінің салымдары, акционерлік капитал, ұзақ және қысқа мерзімді қарыздар, алымдар бойынша пайыздар есептеледі. Төлемдер есебінде қарыздарды өтеу, дивиденд төлеу саналады.Бұл бөлімде,меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамымен мөлшеріндегі өзгерістер көрсетіледі.
Инвестициялық жобаларды талдауда белгілі бір өндіріске, оның дамуы мен жаңартылуына салынған капитал салымының тиімділігін есептейді.Компания зауыт ашу,жабдық сатып алу жөнінде шешім қабылдар кезде, бүгінгі күрделі салымын келешектегі табыстылық нормасымен салыстыруы тиіс.
Мұндай салыстыруды жасау үшін болашақтағы табыстың бүгін қанша тұратындығын айқындап алу қажет.Бұл үшін инвестициялардан түсетін табыс құнын есептеп,оны инвестиция мөлшерімен салыстыру қажет. Инвестициялардың болашақ құны дегеніміз – бүгін инвестицияланған ақшаның белгілі бір уақыттан соң пайыздық мөлшерлемесіне қарай айналатын сомасы.
Бүгінгі таңда, мамандар инвестициялық жобаныт ұрақты бағамен есептемейді.Бұл үлкен қателіктерге әкеліп соқтырады, өйткені тауарлар мен қызметтердің әртүрлі топтары бойынша инфляция индекстері 1 жыл ішінде елеулі мөлшерде ауытқып тұрады.Соған орай,есептеулер инфляция көрсеткіштерін ескере отырып жүргізіледі.Бүгінгі ақша бірлігінің ертеңгі ақшаға тең еместігі, тек инфляцияға ғана байланысты емес. Есептеу барысында төлемдерді кешеуілдету, өнімді өндіру және өткізу уақыты, өндірістік қорларды құру және пайдалану шарттары секілді факторларды ескеру керек.
Инвестициялық жобаларды қаржылық талдауда, әдетте болашақтағы түсімдерді, бүгінгі деңгейге келтірудің математикалық әдістері қолданылады, ол дисконттау деп аталады және де бүгінгі деңгейді болашақтағыға келтіру үшін өсіру әдісі қолданылады.Аталмыш әдістерді қолдану, қаржылық талдауда, құнды қағаздар мен несиелер бойынша пайыздар есептеуде, лизинг операцияларында, инвестицияланған капиталдан алынатын табысты анықтауда, кеңінен таралған.
Инвестициялық жобаларды бағалау тәсілдері:1) тазаәкелетін эффектті (NPV) есептеу тәсілі,егер NPV>0,онда жобаны қабылдау керек; NPV<0, онда жобаны қабылдамау керек; NPV=0, онда жоба пайдалы емес те, шығынды емес те.
2) инвестиция рентабельдігінің (РІ)индексін есептеу тәсілі, егер РІ>1, онда жобаны қабылдау керек; РІ <1, онда жобаны қабылдамау керек; РІ=1, онда жоба пайдалы емес те, шығынды емес те.
3) инвестиция рентабельдігінің нормасын (IRR) есептеу тәсіліегер IRR >СС, онда жобаны қабылдау керек; IRR <СС, онда жобаны қабылдамау керек; IRR =СС, онда жоба пайдалы емес те, шығынды емес те.МұндаСС-авансталған капитал «бағасы».
4)салынған инвестицияның қайтарымдылығының мерзімін (РР)анықтау тәсілі РР =п, мұнда , мұндағы Р-табыс, ІС-инвестициялар.
5)инвестиция тиімділігінің коэффициентін (ARR) есептеу тәсілі ARR =PN/1/2* (IC-RV), мұндағы PN-ортажылдық пайда, RV-жойылуқұны,1/2* ( IC- RV)-инвестицияның орташа көлемі.