Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда тыңайтқыш маңызды рөл атқаратыны белгілі. Мәселен, минералдық тыңайтқыш пайдаланудан көпшілік ақылдардың түсімі орта есеппен 50 – 80 % -ға дейін жоғарылайды. Демек тыңайтқыш қолданудан түбегейлі түрде бас тарту өнім өндіруді күрт төмендетуге әкеп соғады. Алайда тыңайтқыш ққолдану технологиясын сақтамау оның құрамында өсімдікке зиянды әсер ететін улы қоспалардың кездесуі, сапасына нашар тыңайтқышты пайдалану топырақтың, атмосфераның, жер асты суының тағы басқа бізді қоршаған обьектілердің ластануына ықпал етеді.

Сондықтан тыңайтқышты қолдануда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуіне тиіс.

Табиғи ортаның тыңайтқыштардың әсерінен ластануына мына жағдайлар себепші болады:

1. Тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау, қоспа дайындау және оларды топыраққа енгізу технологиясын сақтамау. Зауытта өндірілген минералдық тыңайтқыштардың егістікке жеткенше 10 – 15 % ысырап болады.

Әсерлі заты жоғары тыңайтқыштарды пайдалануда егістікке біркелкі шашпаса өнім төмендейді.

2. Ғылыми жағынан негізделген тыңайтқыш қолданудың агрономиялық технологиясының бұзылуы. Сондықтан тыңайтқыштардың беру мерзімін, мөлшерін, әдісін дұрыс орындауға жете көңіл аудару өсімдіктің қоректенуін ластануын төмендетеді.

3. Қоршаған ортаның ластануына эрозия құбылысы да әсерін тигізеді.

Қазақстанда эрозияға бейім жерлер көлемі 70 млн. га- дан астам. Оның 52 млн.га-дан астамы жел эрозиясына, ал 17 млн.га-дан астамы су эрозиясына ұшыраған [10].

Дүние жүзі бойынша күніне 100- 200 га жер эрозияға ұшырайды. Эрозияның тигізетін зиянды әсерін еептеп жеткізу қиын. Мәселен 1 га егістік жел эрозиясына ұшырағанда, ол 600 кг жалпы азот, 108 кг жылжымалы фосфор және 105 кг алмаспалы калий жоғалтады. Ал су эрозиясының зардабына душар болған жердің әрбір га-ны 2 тоннаға дейін жалпы азотты, 230 кг фосфор мен 215 кг калийден айырылады. Профессор Д.Я.Михайловтың мәліметтері бойынша, жер бетінің көлбеуі 1,5 – 2 болған жағдайда су эрозиясына ұшыраған әрбір га жер 400 – 800 кг азоттан, 100 – 150 фосордан, 3- 5 тонна калийден және 10 – 12 тонна органикалық заттардан айырылады. Тыңайтқыш қолдану эрозия құбылысының топырақтағы қоректік қаттардың шайылуы азаяды. Мұнда тыңайтқыш берілген танаптың өсімдігінің тамыр жүйесі өсіп жетімді, топырақтың физикалық қасиетін жақсартады, ақырында топырақты эрозияға қшырауынан қорғайды.

4. тыңайтқыш құрамында кездесетін іліспе (бөгде) қосылыстар мен элементтер қоршаған ортаға зиянды әсер етеді. Көпшілік минералдық тыңайтқыштар құрамында фтор, хлор, натрий және улы ауыр металлдар (кадмий, сынап, қорғасын және т.б) болады. әрине бұл элементтердің біразы аз мөлшерде өсімдікке пайдалы. Ал тыңайтқыштың ұдайы жоғары мөлшерін қолданғанда топыраққа улы заттар мен бөгде қоспалар көп мөлшерде шоғырланады. Олар топырақ қасиеті мен құнарлылығын, дақылдың өнімі мен сапасына теріс әсер етеді және жер асты суының нашарлайды.

Мысалы; фосфорит ұнының құрамында 2 – 3 % фтор және 1,2 – 1,7 % стронций болса, суперфосфатта 1,2 – 2,7 % фтор мен 1% стронций кездеседі. Минералдық тыңайтыштар құрамында улы заттардан (мысалы, апатит, фосфорит, калий кендері) ауысады. Мысалы; фосфатты руда құрамындағы фтордың 50 – 80 % тыңайтқышта қалады.

Сондықтан егістікке бір тонна фосфор бергенде онымен бірге шамамен 160 кг фтор түседі. Бұл топырақтың қасиеті мен құнарлылығының нашарлауына, биологиялық құбылыстардың баяу өтуіне өсімдіктегі биохимиялық процестердің бұзылуына әкеп соғады. Фтор фотосинтез және белок синтездеуін, амилаза, фосфорглукомутаза, фосфортаза ферменттерінің қызметін баяулатады. Ауыл шаруашылығы дақылдары ауыр металлдармен ластанған топырақ құрамындағы қоректік элементтерді бірдей дәрежеде сіңірмейді. Көкөністер техникалық және дәнді дақылдарға қарағанда ауыр металлдарды көбірек сіңіреді. өсімдік кадмий, мырыш, калий металдарын қорғасын, хром және сынапқа қарағанда көбірек қабылдайды. Мыс пен никель элементтері өсімдікке зиянды болып келеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарына көң, қорда, түрлі өндіріс қалдықтарын ұдайы жоғары мөлшерде қолдану топырақ құрамында мироэлементтердің (оның ішінде ауыр металлдар) шектен тыс жиналуына әкеп соғады. Олардың топырақтағы конентраиясының өте жоғарлауы тірі организмдердің улануына себепші болды.

Топырақ пен өсімдіктің ауыр металлдармен ластануын төмендетудің және ауыл шаруашылығы дақылдарнының құрамындағы улы заттардың мөлшерін реттеудің басты жолы – органикалық және минералдық тыңайтқыштарды ғылыми негізде қолдану.

Азотты тыңайтқыштарды жоғары мөлшерін пайдаланған кезде гумин және фульфо қышқылдары мен кальций, магний катиондарының топырақтың төмендегі қабатына жылжуы күшейеді, өсімдіктің калий элементімен қоректенуі нашарлайды.

Ауыл шаруашылығы өнімінің құрамындағы нитраттың шектен тыс артуы адамдар мен малдардың организмін уландырады. Мал азығы үшін нитратты азоттың уландырғыш деңгейін 0,2 %. Сондықтан құрамында 0,2 % немесе одан жоғары нитратты азотты бар азықты малға беруге болмайды. Адам өз салмағының әрбір килограммына 5 кг есебінде нитрат пайдалануына болады.

Өсімдік құрамындағы нитрат мөлшерін азотты тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін бірнеше рет бөліп беру арқылы, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды бірге пайдалану арқылы, ингибиторларды тыңайтқышқа қосып беру арқылы тұқымды себу мерзімін сақтау арқылы тағы басқа агротехникалық шараларды қатаң сақтауарқылы реттеуге болады.

Фосфор тыңайтқыштарының экономикалық зардабы көбіне олардың құрамындағы ауыр металдардың мөлшеріне байланысты. Адамды фосфордың уландыру кальций және фосфор оксидтерінің арақатынасына тәуелді. Егер мен Р2О5 арақатынасы өнім құрамында 1:1 немесе 1: 1 : 5 болса фосфор адам организміне зиянды емес.

Фосфор тыңайтқыштарының шикі заттарын өңдеуді жетілдіру есебімен және эрозияға қарсы шараларды жүзеге асыру қоршаған ортаның фосфор элементтерімен ластануын төмендетуге болады. Калий тыңайтқыштарды қоршаған ортаны аз дәрежеде ластайды. Топыраққа енгізілген калий тыңайтқыштарының құрамындағы хлордан картоп , темекі, жүзім, талшықты дақылдар көп зардап шегеді. Шөп құрамындағы калий көбейіп кетсее, оны пайдаланған мал уланады.

Бір гектар егістік топырағынан орта есеппен 20 -25 калий шайылады. Топырақ ерітіндісінде калий катионының концентрациясының жоғарлауынан кальций (Са:К) және магний мен калий (Мg : K) элементтернің арақатынастары өзгереді. Ақырында топырақтың сіңіру комплексінен кальций мен магний көп мөлшерде ығыстырылады.

Органикалық тыңайтқыштар мен ағып келіп қосылатын сулардың шөгінділердің пайдаланудың өзі де топырақтығы ауыр металлдардың концентрациясын жоғарылатады. Тыңайтқыштардың беру мөлшерін, мерзімін, әдісін дұрыс таңдау дақылдан мол өнім жинауды ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар топырақпен өнімнің улы элементтерімен немесе олардың қосылыстарымен ластанудан сақтайды. Қоршаған ортаның улы заттармен ластануын төмендету үшін негізінен төмендегі шараларды жүзеге асыру керек:

1. Өсімдіктердің биологиялық талаптарына топырақ – климат жағдайларына аймақтық ерекшеліктеріне және жоспарланған өнім деңгейіне сәйкес тыңайтқыштардың қолайлы мөлшері, түрі, топыраққа енгізу әдісі көрсетілген жан – жақты дайындалған тыңайту технологиясын қатаң орындау.

2. Қышқыл және кебірленген топырақты химиялық жолмен мелиорациялау үшін әк, гипс тыңайтқыштарды қолдану.

3. Органикалық тыңайтқыштарды жинау, сақтау, пайдалану үшін агрономиялық ережелерді орындау және минералдық тыңйтқыштармен тиімді ұштастырып қолдану.

4. Ғылыми жағынан дәлелденген ауыспалы егістерді игеру.

5. Топыраққа су және жел эрозияларынан сақтауға арналған шараларды пайдалану.

6. Түрлі аураларға мен зиянкестерге төзімділігі жоғары ауылшаруашылығы дақылдарының сорттарын себу.

Наши рекомендации