Мұсылман құқығы және оның ерекшеліктері
Дүние жүзі мемлекеттерінде ислам діні кең тараған елдерде қалыптасқан жүйе ретінде Сауд Арабиясында кең көлемде және барлық талаптарға сай орныққан. Ливия, Тунис, Йемен, Біріккен Араб Эмираттары, Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Индонезия сияқты мемлекеттерде қалыптасқан. Мұсылман құқының пайда болуы ислам дінінің негізін салушы, Мұсылмандық сеніммен Құранның уағызы бойынша, Алланың жердегі елшісі, ұлы пайғамбар Мұхаммедтің (570-632) есімімен тікелей байланысты. Алланың сөзі өлмес ретінде Қасиетті Құран пайғамбарымызға аян беру арқылы түсірілген. Онда мұсылмандардың барлық мінез – құлықтары реттелген.
Мұсылман құқықна тән мынандай ерекшеліктер бар:
1. Құқықты жасаушы жаратушы болып табылады, оны қабылдау, орындау бәріне міндетті. Құқық бұзушылыққа бару Алла қойған талаптарға қарсы шығу болып саналады, құдай алдында кешірілмейтін күнә.
2. Мұсылман құқының қайнар көздері ретінде құран, хадис, иджма, тәфсир, қыяс танылады.
а) Құран адамдарға Мұхаммед пайғамбар арқылы түсірілген алла сөзі «жәннәттан барлығың түсіндер,-деді, сендерге менен тура жол (кітап, расул) келеді. Кімде кім сол жолмен жүрсе, оған қауіп-қатер жоқ және олар ешқашан өкінбейді (38).Ал, аяттарымызға күпірлік келтірушілердің және орны тозақ»(39). Құран адамдарға жазылған заңдар.
б) Хадистер (сунна)- жаңалық, хабар Мұхаммед пайғамбарымыздың өз аузымен айтқан ұлағатты сөздері мен істерін баяндайтын, сунниттер аса құрмет тұтатын, ереже, қағидалардың жиынтығы.
в) Иджма (келісім, бір ауыздан пікір білдіру)- қаралған, талқыланған іс бойынша беделді мұсылман құқының белгілері шығарған, қабылданған қорытынды пікірлері.
г) Тәфсир – құранда оқу барысында оның мазмұнына, аяттарына берілген доктриналық түсініктемелер жиынтығы.
д) Қыяс (ұқсастық)- қаралатын, шешілетін мәселелерді бұрын шешімін тапқан істермен салыстыру арқылы құран, хадистер негізінде шешім қабылдау, прецедент жасау.
3. Мұсылман құқықтық шариат заңдары құқықты жариялық және жеке деп бөліп қарамайды, реттеу жүйесі біртұтастық мағына ретінде танылады.
4. Адам құқықтарында Алла алдында міндеттіліктің басымдылық танытуы, тыйым салынған әрекеттерді бұлжытпай орындау.
5. Мұсылман құқы дін, өмір, сана, ар-ождан және тұқым жалғастыру, меншік сияқты бес құндылықтарды қорғауға бағытталган
Рекеттегі заңнаманы жүйелендіру және оның түрлері
Заңнаманы жүйелеу - бұл нормативік актілерді реттеу, оларды белгілі бір жүйеге келтіру. Ол заңнаманы қолдану ыңғайлығын арттыру үшін, көпшілікке түсінікті болуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Жүйелеудің түрлері:
Инкорпорация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жійелеу нысаны. Мұндай жинақта әрбір акт өзінің дербес мәнін сақтап қалады. Инкорпорацияның қағидалары: хронологиялық (оларды қабылдау уақыты бойынша), тақырыптық (белгілі бір тақырып бойынша) және т.б.
Инкорпорацияны кім жүзеге асырғанына байланысты жинақтардың үш түрін бөліп қарастырады: ресми, жартылай ресми және бейресми. Ресми жинақ құқықшығарушы орган өзі жинақты дайындап, жариялаған кезде орын алады. Жартылай ресми жинақ болып құқықшығарушы органның тапсырмасы бойынша, бірақ оның ресми көрініс таппаған қолдауы арқылы шығарылған жинақтар табылады. Бейресми жинақ болып ғылыми мекемелердің, баспалардың өз ынтасы бойынша, құқықшығарушы органның арнайы өкілеттіктерсіз шығарған заңнама жинақтары табылады.
Консолидация – бұл нормативтік актіледің мазмұнын өзгертпестн бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Инкорпорациядан айырмашылығы – мұндай жинақта әрбір акт өзінің дербес мәнін жоғалтады. Мұнда нормативтік актілер олардың белгілі бір қызмет түріне қатыстылығы белгісі бойынша біріктіріледі.
Кодификация– бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің нәтижесінде оларды біртұтас актілерге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Кодификация процесінде ескірген материалдар мен нормалардағы қайшылықтар жойылады, жаңа ережелер қалыптасады, олардың өзара келәсуі мен логикалығы қамтамасыз етіледі. Кодификациялық актінің дәстүрлі қалыптасқан түрі болып кодекс табылады